9 бөлім: Сауапты амал жасауға асығудың қажеттілігі мен оны кейінге қалдырудың қауыптілігі - Өлім мен қабірдің мінәжат құпиялары
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Күн 07:19
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:55 07:19 11:54 14:41 16:23 17:46
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024

Дәрістер топтамасы

9 бөлім: Сауапты амал жасауға асығудың қажеттілігі мен оны кейінге қалдырудың қауыптілігі

9 бөлім: Сауапты амал жасауға асығудың қажеттілігі мен оны кейінге қалдырудың қауыптілігі

Жарияланатын күндер Аяқталды
26 қар. 2015 9 296 0
Скачать в pdf
| A | +
Сауапты амал жасауға асығудың қажеттілігі мен оны кейінге қалдырудың қауыптілігі
 
 
 
Ешқашан да ақиқатты ұмытуға болмайды: адамның алыста қалған екі бауыры бар. Ол екеуінің біреуі ертең келмек болса, екіншісі бір айдан соң не болмаса бір жылдан соң келмекші. Сондықтан да ертең келмекші болған бауыры қажтте нәрселерді дайындайды. Ал бір айдан я болмаса жылдан соң келетін бауырына бүгін қамданудың қажеті жоқ. Себебі ертең келмекші болып жатқан адамның дайындығының себебі- сапарының ертең болатындығы.

Егер кімде кім ажалын бір жылдан соң келетінін білеті болса, ол осы уқытты үнемі есінде ұстайды әрі соған қарай амал етеді. Ол адам осы мезілге дейін не барын, кейін не болатынын мүлде ойламайды. Осыдан соң ол таң ертең тұрған сайын уақытының бітуін күтмен өмірі өткізеді. Және де күндер өтіп, уақыттың жақын қалғанына да мән бермейтін болады. Оған бейне бір уақыт тоқтап қалғандай көрінеді. Адамның бұл халі оны жақсылық жасауға бағыттамайды, себебі ол күн сайын алдында әлі бір жыл уақыт бар деген үмітпен жұбатып ақыреттік азықты кейінге қалдырып қояды.

Мәселен, Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Сендердің әрқайсың оны адастырмас бұрын және де қандай да бір байлық азғындатпас бұрын, жоқшылық жетпес бұрын немесе әділдік жайылы ұмыттырушы, Жартушыны ұмыттырушы кедейлік келіп жетпес бұрын ақыретке дайындық жасасын. Оны айықпас дерт меңдемес бұын, ақылынан адастырып, орынынан қозғалуын қиындатушы әрі ақыретке апаратын жолға жетелеуші кәрілік жетпес бұрын қамдансын. Я болмаса Дәжжәл келіп, Қиямет күні басталмас бұрын қамдансын».
 
Абдуллах бин Аббас (оған Алла разы болсын) Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сахабасының біріне былай деп насихат айтқанын жеткізеді: «Бес нәрседен бұрын бес нәрсенің қадірін біл! Кәріліктен бұрын жастық шақтың, аурудан бұрын денсаулықтың, уақыт тапшылығы келмей тұрып бос уақыттың, кедейліктен бұрын байлықтың және өлімнен бұрын өмірдің қадірін біл!»
Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өзге бір хадисте айтқан:«Адамдардың көбі қадір-қасиетін біле бермейтін екі нығымет бар - денсаулық пен бос уақыт». Яғни адамдар осы екі нығыметті тиісінше қолдана алмайды әрі одан пайда алмайды. Мүмкіншілігін жоғалтқан кезде ғана кеш болғанын түсінеді.
 
Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: « Кімде кім қорқынышпен өмір кешер болса, ол ертерек жолға шыққан болады. Кімде кім ерте жолға шығар болса, оны қабыл алатын жерге жетеді. Ақылға келіңдер! Алла уәде еткен нәрсе сөзсіз болады. Алла уәде еткен нәрсе – Жәннат!».
 
Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Сағат келіп жеткен кезде және де Сүр үрленген кезде жер сілкінеді, артынша тағы да бір сілкінеді осы сілкініспен бірге өлім жетеді».
 
Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларының бірі салғыртыққа, бойкүйездікке және бейғамдыққа салынғанын байқаған кезде оларға қарап, қатты дауыспен былай дейтін: «Өлім, белгіленген уақытта сендерге келіп жетеді. Ол сендерге бақытты халде я болмаса кейіпсіз халде болғандарыңда тап болады».
 
Әбу Хурайра (оған Алла разы болсын) Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәемім болсын) былай дегенін жеткізеді: «Мен – ескертушімін! Ажал ескертусіз келеді, ал Қиямет күні – бұл күн жауапқа тартылатын күн».
 
Абдуллаһ ибн Омар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), күн пальма жапырақтарының төбесіне дейін көтеріглен кезде сыртқа шығып былай дегенін жеткізеді: «Осы күннің батуына қанша уақыт қалған болса, дүние сонша уақытқа қысқарды».
 
Және де Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Дүние екіге қақ бөлінген киім секілді. Оны бір ғана тігіс ұстап тұр. Енді қалған тігісінің де тозып, үзілетін уақыты жетті».
 
Жәбир (оған Алла разы болсын) былай деген: «Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болын) Қиямет жайлы айтқан кезде даусын көтеретін еді. Осы кезде оның жүзі де қызарып салатын. Өзінің сөйлеу мәнері мен бұйыра сөйлеген даусы жақындап қалған қауіпті нұсқап тұрған қолбасшы секілді еді. Ол мынандай сөздерді айтатын: «Біз сендермен бірге таңды атырдық, кешті батырдық. Ертең және кеште не болатынын жеткіземін. Мен мен Қиямет күнінің жақындығы мына екі саусақтың арасындай». Осылай деп ол екі саусағының арасын көрсететін».
 
Абдуллаһ ибн Масғұд (оған Алла разы болсын) былай деген: «Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мына аятты оқыды: «Сонда Алла, кімді тура жолға салуды қаласа, Ислам үшін оның көңілін кеңітеді...». Осыдан соң ол былай деді: «Расында, адамның жан дүниесіне нұр кірген кезде ол кеңейеді» («әл-Анғам» 6/125). Сонда сахабалар Пайғамбарымыздан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Я, Алланың Елшісі! Оның қандай белгісі бар?»,- деп сұрайды. Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп жауап береді: «Иә! Ол – жалған, дүниеге байлап, адастыратын нәрселерден аулақ болу, ал оның орнына – ажал келмей тұрып, мәңгілік мекен болатын жаққа талпынып, сол жаққа қамдану».
 
Имам Суди: «...Ол сондай Алла, ізгі іс жүзінде қайсыларың жақсы, сынау үшін өліммен тіршілікті жаратқан. Ол, тым үстем, аса жарылқаушы» » («әл-Мүлк», 67/2), деген аятты, нақтырақ айтар болсақ оның: «...ізгі іс жүзінде қайсыларың жақсы, сынау үшін...» деген бөлігін түсіндіре келе, былай тәпсірлейді: «Қайсыларың өлімді жиі еске аласыңдар, қайсыларың өлімге және мәңгілік өмірге қалай дайындық жасайсыңдар, араларыңдағы өлімнен қорқып, қырағылық танытқандарың».
 
Хузайфа (оған Алла разы болсын) былай деген: «Әр таңда және әр кеште бір дауыс былай деп жар салады: «Ей, адамдар! Қоныс аудару басталды!» Мысалы, мына келесі аят бұған дәлел бола алады: «Ол (тозақ оты) – адамдар ғибрат алу үшін түскен жаза. Жақсылықта ілгерілеп немесе жамандыққа тайқып кететіндер үшін» («әл-Муддассир», 74/35-37).
 
Азат етілген құл Бәни Тәмимә Сухейм былай деп айтады: «Мен Әмір бин Абуллаһпен бірге отыр едім, сол кезде ол намаз оқып жатқан болатын. Ол намазын бұзды да, маған қарап былай деді: «Маған аз уақытқа тыныштық керек, өйткені менің маңызды шаруам бар, асығыс едім». Мен одан: «Ол қандай асығыс жұмыс?»,- деп сұрадым. Ал ол болса былай деп жауап берді: «Алланың мейірімділігін ұғынып, өлім періштесі жайлы сөз қозғаймын». Сухейм былай деді: «Мен онымен лезде қоштастым, ал ол тұрып, намазын жалғастырды». 
 
Дәуд Таи бір жерде жүрген кезде бір адам келіп, бір хадисті түсіндіріп беруін сұрайды. Дәуд оған былай дейді: «Кез келген нәрседе сәл күте тұру – ол жақсы. Алайда ақыретке амал етуде емес. Оған амал етуге асығу керек».
 
Мунзир былай деген: «Мәлік бин Динардың өзіне- өзі былай дегенін естідім: «Масқара, ұят емес пе саған, ей, нәпсім! Ажал келместен бұрын асығуың қажет. Қарабет болғыр нәпсім! Ажал келіп жетпейінше қимылда!». Мәлік бин Динар осы сөздерді алпыс мәрте қайталады. Ол мені көрмеді, бірақ мен оны естідім, ол өз-өзімен сөйлесіп отырған еді».
 
Хасан Басри өзінің бір насихатында былай айтқан: «Тоқтамаңдар, асығыңдар! Егер демдерің бітетін болса, жақсы амал мен ізгі істер жасайтын мүмкіншілік қалмайды. Жақсы амалдар сендерді Жаратушыға жақындатады! Сонықтан да асығыңдар! Алла Тағала нәпсісін есепке алып, күнәсінің көптігінен көз жасын төгетін жанға рақым етсін». Осыдан соң ол мына аятты оқыды: «Олар үшін асықпа. Шынайы түрде олардың күнін санаудамыз». («Мәриям» сүресі, 84 аят).
 
Одан ары қарай ол былай деп жалғастырды: «Сенің соңғы демің - соңғы есебің болады. Соңғы дем – отбасыңмен, сүйіктілеріңмен айырылысуың. Соңғы есеп сені қабірге қою болып табылады».
Әбу Мұса Әшғари (оған Алла разы болсын) өлер алдында қанша қиын болса да қайраттылық танытты. Ол үнемі құлшылық қылды. Оны шектен шыға құлшылық етіп жатқанын көргендер былай деді: «Өзіңді аясаң етті, өзіңді олай қинамасаңшы, біраз тынығып ал». Оның жауабы мынандай болды: «Бәсекелестер жарысқан кезде, діттеген мақсатқа жақындаған кезде, жарыста озып шығу үшін өзінің барлық шеберлігі мен қолынан келгенін салып бағады. Олар өздерінің барлық қабілеттері мен зеректігін көрсетеді. Олар жеткен межеден гөрі менің ажал уақытым жақынырақ». Мұны айтқан адам былай деп қосқан: «Әбу Мұса (оған Алла разы болсын) өмірінің соңына дейін осылай құлшылық етіп кеткен». Өзінің жарына Әбу Мұса былай деген: «Өз жүгіңді мықты ұста, себебі тозақтан қашып құтыла алмайсың».
 
Бір халиф мінбердің үстінде тұрып былай деген екен: «Ей, Алланың құлдары! Алладан қорқыңдар, Оның әмірін орындап, тыйғанынан тиылыңдар. Ұйқыларың Исрафил келіп Сүр үрлер ме дегендей сергек болсын. Жер әлем сендерге мәңгілік мекен болмайтынын ұмытпаңдар. Сондықтан да ана өмірде ғұмыр кешуге дайындалыңдар. Ажал көлеңкесі сендердің соңдарыңда жүр. Өлімге дайындық жасаңдар. Басқа әлемге қоныс аударуға қамданыңдар. Себебі, сапар өте ауыр болмақ. Егер дүниеде бір мақсат болар болса, онда ол сәт сайын қысқарып, адамға қарсы әрекет етуде. Расында, уақыт тым аз. Көп уақыт жоқ».
 
Екі түрлі қайталанып тұратын нәрсе бар, олар шығынға ұшыратады және алып кетеді. Оның бірі – түн, ал басқасы – күн. Олар бірін-бірі жылдам алмастырады. Ол я құтылуға қол жеткізеді немесе қайырымсыздыққа апарады. Сондықтан да сақтанудың ең тиімді шараларын жасау қажет. Тақуалықтың шыңына жеткен адам – ол Жаратушының насихатына терең ой жүгіртетін, ең бірінші тәубеге келетін, нәпсісін тізгіндейтін адам. Себебі адамның ажалы көзінен таса жерге жасырылған. Ал оның арманы мен қиялы оған үнемі тұзақ құрады. Шайтан болса, осы қызметке тағайындалған. Ол адам баласын барлығын үнемі кейінге қалдыруға мәжбүрлейді: «Кейін тәубе етерсің». Ол бүлікті, бойұсынбаушылықты және итағат етпеуді әсемдеп адам баласын үнемі күнәға итереді. Қашан ажал келген кезде ол әлгі адам толықтай надандықпен кетсін деп, ол адамның соңынан қалмауға тырысады. Сол кезде адам үшін ажал тозақ пен жәннаттың арасындағы жалғыз ғана бөгет болып тұрады. Ал жан шыққан кезде я жәннаттың я тозақтың есіктері  ашылады. Ендігі жерде уақытын надандықпен өткерген адам үшін өкініп, өкініштен бармағын тістеудің мәні жоқ. Себебі оның барлық ғұмыры оған қарсы куәлік етеді. Алла Тағаланың танытқан мейірімі мен жақсылығы нәтижесінде бетімен кеткендерден болудан Алла сақтасын! Ашуланып, қанағатсыздық танытып, қателікке ұрынғандар мен Оған бойұсынбаушылардан болудан Алла Тағала біздерді сақтасын! Әйтпесе, өлімнен соң қайғыру мен өкініп, мұңаюдың мәні жоқ. Расында Алла Тағала Оған жалбарынғанның дұғасын қабыл етеді. Барлық нығыметтер Аллаға тән. Алла не қаласа, сол болады.
 
Муфассирлердің (Құран тәпсіршілер) бірі: «...“Әрине, бірақ сендер өздеріңді сұмдыққа салдыңдар, күттіңдер, күмәндандыңдар. Сендерді құр үміттерің Алланың әмірі келгенге дейін алдады. Сондай-ақ сендерді Аллаға байланысты алдаушы (шайтан) алдады” дейді» («әл-Хадид», 57/14) деген аятты былай деп тәпсірлейді: «Сендер өздеріңді, өз нәпсілеріңді құмарлық пен ләззат алуда адастырдыңдар. Болашақта тәубе етемін деп ойладыңдар. Алланың жазмышы болмайынша шайтан сендерді адастырды әрі алдады».
 
Хасан Басри (оған Аланың рақымы болсын) былай деген: «Шыдаңдар, қарсы тұрыңдар, бекем болыңдар, қорықпаңдар! Аз ғана күн қалды. Сендер сапарға шығып, жолда аз уақытқа дем алуға тоқтаған жолаушы секілдісіңдер. Бәлкім, жақында сендердің біреуің шақырыласыңдар, ол сол сәтте- ақ артына қарамастан оны қабыл алады. Олай болса, қазырден бастап сол жаққа қоныс аударуға ең жақсы нәрселермен дайындық жасаңдар».
 
Абдулла ибн Масғұд (оған Алла разы болсын) былай деген: «Сендердің біреуің таңды қарсы алар болсаңдар ол өзінің жолаушы екендігін білсін. Оның қолындағы дүниелер – басқаға тиесілі, оған сақтай тұруға берілген заттар екенін білсін. Ол заттар өзінің иесіне қайтарылуы керек».
 
Әбу Убайда әл- Бажи айтады: «Хасан Басри сырқаттанып жатқан кезде біз оны зиярат етіп бардық. Бізге қарап ол былай деді: «Қош келдіңдер! Алла Тағала сендерге амандық берсін! Ол бізге және сіздерге мекен берсін, яғни Жәннат берсін. Егер сендер сабырлы, әділ, ұқыпты болсаңдар және де Алланың ашуынан қорқатын болсаңдар - амалдардың ең жақсысы солар. Алла Тағала зиярат етушілерге Өзінің мейірімін жаудырсын! Менің сендерге айтқандарым бір құлақтан кіріп, екіншісінен шығып кетуінен сақтаныңдар. Осы насихаттан өз үлестерің мен сабақ алыңдар! Расында, Алла Елшісін көргендер оның осы өмірге келіп, содан соң ақыретке қоныс аударғанын да көрді. Олар жердегі жақсылық оның артынан кетіп қалмағанын көрді. Ол тек Аллаға ғана талпынды. Олай болса, сендер де асығыңдар! Кідірместен қимылдаңдар! Құтылуға асығыңдар. Қандай нәрсеге тырысып, бағыт алып бара жатырсыңдар? Қағбаның иесі болған Алламен ант етемін, сендер ажалмен бірге келдіңдер. Алла Тағала осы өмірге қатысты тек азығына ғана алаңдаған жанға мейірімді болсын. Ол тек нанның ұнтағын жеп, ескі киіммен жүрген. Ол жайнамазға байланған еді. Үнемі құлшылық етіп, қателіктері үшін қатты жылайтын. Ақырының ащы сәтінен қашып, соңғы демі жеткенше үнемі Алланың мейірімін қалап жүрді».
 
Асым Әхуәл былай деген: «Мен Фудайл Раққашидан бір нәрсе жайлы сұрадым, ол маған былай деп жауап берді: «Ей, пенде! Айналаңдағы адамдардың көптігі өзіңе деген қызығушылық танытуға кедергі болмасын. Себебі өлім саған оларсыз келеді. Үнемі я ана жаққа , я мына жаққа барамын деп айтпа. Бір күні күндеріңнің босқа өткенін көресің. Себебі барлығы саған қарсы жұмыс жасауда,- тіпті ажал да. Қазірден бастап өзің жасай алатын амалдардың ең жақсысын жаса. Амалдардың ең дұрысы мен ең әдемілерін жаса!».

Оқырмандардың пікірі (0)

Скрыть Hide

Дәрістер тізімі

00:00
00:00
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi