15 бөлім: Қабірлері және ізгілердің қабір жайлы айтқандары - Өлім мен қабірдің мінәжат құпиялары
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 17:46
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:31 06:51 11:41 14:43 16:25 17:46
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-авваль 1446
Миләди
22 қараша 2024

Дәрістер топтамасы

15 бөлім: Қабірлері және ізгілердің қабір жайлы айтқандары

15 бөлім: Қабірлері және ізгілердің қабір жайлы айтқандары

Жарияланатын күндер Аяқталды
21 жел. 2015 10 176 0
Скачать в pdf
| A | +
Қабірлері және ізгілердің қабір жайлы айтқандары
 
 
 
Даххақ былай дейді: «Бір адам былай деп сұраған екен: «Иә, Алланың Елшісі! Адамдар арасында ең тақуасы қайсысы?».
 
Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), былай деп жауап береді: «Ол - ақыреттегі өмір жайлы және қабірдегі шіру жайлы еш уақытта ұмытпаған адам. Ол - жалған дүниенің жылтырынан бас тартып, бұл дүниеден гөрі ақыретті тәуір көрген, әрі келер күнді күн деместен, өзін қабірді мекен еткендерден санаған адам».
 
Мәртебелі Әлиден (оған Алла разы болсын) үйінің мазарға жақын болуының себебін сұраған кезде ол былай деп жауап береді: «Олар ең тақуа көршілер. Олар шынайы әрі айнымас дос. Себебі олар мен жайлы өсек айтпайды әрі ақыретті есіме салып тұрады».
 
Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Мен қабірдегі ғұмырдан өзге асқан қайғылы жағдайды көрмедім».
 
Мәртебелі Омар (оған Алла разы болсын) былай деген: «Алла Елшісімен (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бірге қабір басында жүрген едік. Қабірлердің біріне бет алған Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) оның бас жағына отырды. Мен де оған жақын отырдым. Ол жылай бастады. Оны көрген мен де жылай бастадым. Қасымызда болған адамдардың барлығы жылады. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бізден былай деп сұрады: «Біз не үшін жылап жатырмыз?». Біз болсақ: «Сенің жылағаныңа қарап, бізде жыладық»,- деп жауап бердік. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сонда бізге былай деді: "Бұл Уахбаның қызы, менің анам Әминаның қабірі. Мен Раббымнан оны зиярат етуді сұрадым, Раббым рұқсат еткен соң келдім. Сондай- ақ, Раббымнан анама жарылқау тілейін деп сұрадым, алайда Ол рұқсат етпеді. Баласының анасына деген нәзік сезімі мен уайымы көтеріліп кетті де, мен жылап қалдым».
 
Мәртебелі Осман бин Аффан (оған Алла разы болсын) қабір басында тұрып сақалын жас жуғанша жылады. Одан жәннат пен тозақ жайлы сөз қозғалғанда жыламай, неге қабір басына келгенде жылайтынын сұраған кезде, ол былай деп жауап берді:  «Мен Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін естідім:
 
«Қабірдегі өмір, негізінде, мәңгілік өмірге сапар жолындағы алғашқы мекен. Егер қабір иесі сол мекендегі қауіптерді жеңер болса, алдындағы қауіптері жеңіл болмақ. Егер, алғашқы мекендегі қауіптерден құтыла алмаса, онда арғы халі де ауыр әрі қатал болмақ. Менің көз жасымның себебі осы».
 
Бірде Амр бин Ас (оған Алла разы болсын) қабірдің жанынан өтіп бар жатып, атынан түсіп, екі ракағат намаз оқиды. Жанындағылар: «Мұның не? Бұрын- соңы сенің бұлай жасағаныңды көрмедік»,- деседі. Сонда ол былай деп жауап береді: «Мен Жаратушы мен қабірде жатқан адамның арасын бөлуші зат жайлы ойландым. Сол себепті осы екі ракағат намазбен Раббыма жақындамақшы болдым».

Имам Мужахид былай дейді: «Адаммен алғаш болып оның қабірі тілдеседі. Қожайыны келген кезде қабір оған былай дейді: «Мен – құрт- құмырсқаның мекенімін. Мен – жалғыздықтың шегімін. Мен – қараңғылық әлемімін. Бұларды сен үшін даярладым. Ал, енді, сен маған не даярлап, өзіңмен бірге не алып келдің?».
 
Әбу Зарр (оған Алла разы болсын) былай деген: «Менің кедейшілікке және бейшара халге түсетін күнім жайлы айтайын ба? Бұл - мені қабірге қойған күн. Себебі мен жалғыз қаламын».
 
Әбу Дарда (оған Алла разы болсын) ауық- ауық қабірге барып, арасында отыратын болған. Мұның себебін сұраған кезде ол былай деп жауап берген: «Мен барар жерімді есіме салушының қасында отырамын. Орнымнан тұрып, ол жерден кеткен кезде олар менің артымнан өсек айтпайды».
 
Жағфар бин Мұхаммад түн ішінде ұйқысынан тұрып, қабірге келіп былай дейді: «Сендерді шақырған кезде неге жауап бермейсіңдер?». Кейін былай деп жалғастырады: «Алламен ант етемін, мені мен жауаптың арасында бөгет бар. Алайда мен де осылар секілді боламын». Осыдан соң ол Құбылаға бет бұрып таң атқанша намаз оқыды.
 
Омар бин Абдулазиз (оған Алланың рақымы болсын) сұхбатына жиі келуші бір адамға былай дейді: «Ей, бәлен деген адам! Бүгін түнде менің ұйқым қашты. Үнемі қабір жайлы әрі ол жерде жатқандар жайлы ойлай бердім. Егер сен қабірде жақын адамыңды көрер болсаң, өлгеннен соң үш күннен кейін оған жақындағың келмей қалады. Одан алыс болғанды қалайсың. Себебі құрт- құмырсқа өліп жатқан жерде барлығы шіріндіге айналады. Жас тәннің шіруімен бірге және жаман иістің пайда болуымен бірге олар да пайда болады. Ол жер жаман иістердің жұпар иісті алмастыратын орны. Таза киімнің орнына шіріген кебін қалатын жер». Осы оқиғаны айтқан адам былай деді: «Омар бин Абдулазиз осылай деп еңіреп жылап, есінен танып құлап қалды».
 
Йәзид Раққаши айтады: «Ей, қабірге жалғыз жерленіп, ол жерде жалғыз жатушы адам! Жер астында амалдарымен жалғыз қалушы адам! Қандай амалыңмен бақытты болатыныңды білгеніңде ғой!».

Осыдан соң ол сәлдесі суланғанша жылады. Кейін былай деп жалғастырды: «Алламен ант етемін, қабірдегі адам өзінің жақсы әрі ізгі амалдарымен бақытқа кенеледі. Алламен ант етемін, ол өзінің тақуалыққа жол сілтеген достарына және де жолдастықта жәрдем бергендерге қызғанышпен қарайды».
 
Хатами Эсам былай деген: «Егер кімде кім қабір жанынан өтіп бара жатып өзі жайлы ойламаса, және де ол адам қабірдегілерге құрмет ретінде намаз оқымаса, онда ол өзіне және қабірдегілерге сатқындық жасаған болады».
 
Аланың тақуа құлы Бәкір былай деген: «Анашым! Мені мына дүниеге әкелмегеніңде ғой. Себебі сенің ұлыңа түрме болған қабірде жалғыз жатып, кейін өзге жерге қоныс аудару күтіп тұр».
 
Йәхя бин Муаз былай деген: «Ей, адам! Рабың сені жәннатқа шақырады. Біріншіден, Раббыңа қайдан, қалай жауап беруді ойла. Егер сен Раббыңа дүние атты терезеден жауап бермек болсаң, онда ол жаққа көшуді осы жерде баста. Сол кезде сен Дарус-Сәләм атты жәннатқа кіресің. Алайда сен Раббыңа қабір атты терезеден қарар болсаң, онда ол жаққа барар жолыңа қабір бөгет болады».
Хасан бин Салих бір мазардың жанынан өтіп бара жатып былай дейді: «Сырт келбетің қандай керемет! Бірақ ішкі әлемің қауіпке, мұңға, қиындыққа  толы!»
 
Ата әс-Суләми қараңғы батқан кезде қабірге баратын. Содан соң қабірге қарап былай дейтін: «Ей, қабірде жатқандар! Барлығың өлгенсіңдер, солай емес пе? Сендер сол жерде жасағандарыңның қарымын алдыңдар. Ал мен ше? Мен бақытсызбын, менің халім мүшкіл!». Осыны баяндаған адам кейін былай деп айтты: «Ата күн сайын қабірге келіп, осы сөздерді қайталай берді. Расында ол қабірде күнде жүретін. Кеш батқаннан таң атқанша».
 
Суфиян Саури (оған Алла рақым етсін) былай деген: «Қабір жайлы үнемі сөз қозғайтын адам өзінің қабірін жәннаттың бақшасынан табады. Қабір жайлы тіс жармайтын адам өз қабірін тозақың бір шұңқыры деп санайды».
 
Раби бин Хайсам (оған Алла рақым етсін) үйінің жанына шұңқыр қазып қойған. Жүрегінде қаттылық пен мұң пайда болғанын байқаса, дереу сол жерге барып жатады екен. Сол жерде біраз уақыт жатқаннан соң былай дейтін: «Раббым! Мені жерге қайтар, мені жер әлеміне қайтар, бос сүріп жатқан өмірдің орнынына жақсы амалдар жасауым үшін қайтар». Шұңқырда жатқан кезде ол бірнеше рет мына аятты оқитын: «Ақыр олардың әрбіріне өлім келген сәтте: “Раббым! Мені дүниеге қайтар! Мүмкін мен қалдырған дүниеде жақсы амал істермін. Әсте олай емес. Рас бұл, оның бір айтқан бос сөзі. Өйткені, олардың артында қайта тірілетін күнге дейін бөгет бар».(«әл-Му`минун», 23/99-100).
 
Осыдан соң өзіне өзі былай дейтін: «Иә, Раби! Мен сені жерге қайта жібердім. Олай болса, уәдеңде тұр. Жақсы амалдар жаса!»
 
Ал Маймун бин Махран былай деген: «Омар бин Абдуләзизбен қабірге бардық. Омар бин Абдуләзиз қабірге қарап жылай бастады. Осыдан соң маған бұрылып былай деді: «Ей, Маймун! Бұл қабірде көріп тұрғаныңдай, менің руымнан болған Умаййаның ұлы жатыр. Олар бұл дүниеде мүлде болмағандай. Бұлардан сабақ алмайсың ба? Қарашы, қазыр олардың барлығы мына жерде жатып, жасаған амалдарының есебін беріп жатыр. Барлық құрт- құмырсқалар дәл қазыр олардың тәнін жеп жатыр, олардың жан- жағынан қауып пен қорқыныш жаулап алған. Осыдан сабақ алуға болмай ма?»,- деп жылап жіберді де әрі қарай былай деп жалғады: «Алламен ант етемін! Қабірге кіргенде Алланың азабынан құтылған және ана өмірге сеніммен әрі иманмен кеткен адамнан асқан бақытты жанды білмеймін».
 
Сәбит Бунани былай деген: «Мен мазарға кірдім. Ол жерден шыға бергенімде мынандай дауыс естідім: «Ей, Сәбит! Абайла! Қабірдегілердің үнсіздіктері сені адастырмасын. Ол жерде азап пен сынақтан азапталып жатқандар қаншама».
 
Дәуд Таи (оған Алланың рақымы болсын) қабірдің жанынан өтіп бара жатқанда бір әйелді көреді. Ол әйел жылап былай деп бейіт оқып тұр еді:
 
«Қабірге салып, бетіңді жапты
Өміріңді жоғалттың сен
Оң қырыңмен жатқызғанда
Сенсіз өмір дәмін сезе алмадым мен»
 
Осыда соң әйел былай деді: «Балам! Құрт- құмырсқалар қай бетіңнен бастап жегенін білер болсам ғой! Бірақ, мен оны біле алмаймын». Осы сөздерді естіген Дәуд Таи жерге ес-түссіз құлап түседі.
Мәлік бин Динар (оған Алланың рақымы болсын) былай дейді: «Бірде мен қабір жанынан өтіп бара жатқан едім, өлең оқығым келіп кетті:
 
Мен қабірге келгенде,
ол жердегілерге бүй дедім:
«Ұлылар мен құлдар қайда?
Патшалық пен байлық қайда?
Өзінің күшіне сенгендер қайда
Өзін ақтау үшін көсемсігендер қайда?»
 
Мәлік бин Динар былай деп жалғастырды: «Осы сәтте қабір арасынан  мына дауысты естідім. Айналамда ешкім болмады. Ол былай деді:
 
«Барлығы жоқ болды, келген хабар жоқ
Барлығы өлді, олармен бірге келгендер де.
Жердің қызы – құрттар,
Күн- түн демей,
Әдемі жүздерді жеп түгеуде,
Өлілердің халін сұраған ей, жолаушы,
Бұдан неге сабақ алмақ жоқ?»
 
Мәлік бин Динар былай дейді: «Осыдан соң мен ол жерден жылап қайтым».
 
Қабір құлпытастарындағы өлеңдер
 
Бір құлпытаста мына өлең шумақтары жазылған:
 
«Қабірден сені біреу шақырса,
Қабір иелері сені күтіп жатыр,
Ей, жерден иелік ете алмасын азушы,
Кім үшін қазудасың? Өлген соң жалаңаш халде осы жерге келесің».
 
Ал бірінде былай деп жазылған:
 
«Бөтен байлықтың иесі! Қабірің кең секілді, сыртынан жақсы, сенімді көрінеді. Алайда қабірге ішкі әдемілік жетіспейді, ол жерде сенің денең өзгелердеің аяқ астында шіруде».
 
Ибн Саммақ былай дейді: «Бірде мен бір мазардың жанынан өтіп бара жатып, ол қабірдің басында былай деп жазылғанын көрдім:

«Жанымнан жақындарым мен туғандарым өтеді. Келіп, менімен амандасады. Мирасқорлар менің дүниемді бөліп алды. Алайда олар менің қарызыма еш мән бермеді. Әркім өзінің тиісін алды да өмірін жалғастырып жүр. Жаратушы Ұлы Аллам! Олар кеше ғана араларында жүрген адамды қалайша тез ұмыта салды?!» 
 
Ал бір қабірден мына жолдарды көрген:
 
«Сүйіктісін сүйгенінен алып кетеді. Ол – өзге ғашықтарға бөгет. Алайда ажалға ешбір күзетші де, сақшы да бөгет бола алмайды. Дүние мен оның рахаты бақыт әкеле алмайды, себебі әрбір сөз бен демнің есебі бар... Ей, бейғам жан! Егер бейғамдықта таң аттырсаң, ол таңың құрдымға кетеді. Ажал надандық пен білместікке кешірімді болмайды. Ажал ғалымның біліміне кешірімділік танытпайды. Ажал бұлбұлдың үніндей тәтті сөздерге кешірімділік танытпайды. Ол барлығын сөйлеу қабілетінен айырады. Сенің  сарайың жарық, құлпырған, іші адамдарға толы болды. Ал қабірің болса, тек бостық».
 
Таңы бірінде былай деп жазылған:
 
«Мен достарымның қабірін көремін. Достарымның қабірлері бәйге аттары секілді тізіліп тұр. Мен жыладым. Көздерім олардың арасындағы менің орнымды көрді».
 
Бір дәрігердің қабірінде былай деп жазылған: «Азаптан құтылуды сұрағанға мен былай дедім: Лұқман Хакім  - дәрігер, кез келген аурудан айықтырған – алайда ол қабір азабының емін таппаған. Оның емшілігі жайлы айтқандар қайда? Оны мақтағандар қайда? Лұқманның өзі қайда? Әттеген- ай! Өзін өзі емдей алмаған, өзгені аман алып қала ала ма?»
 
Тағы бір құлпыстастағы жазу:
 
«Ей, адамдар! Ажал, мне күтпеген жерден келіп жетті. Білетін адам Раббысынан қорықсын! Еңбек етсін, өмір оған мүмкіндік беріп тұрған кезде амал етсін. Ешқашан ертеңге қалдырмасын. Бұл жерге мен жалғыз кеткен жоқпын. Мен секілді әр адам келеді. Бір кезде сен де келесің».
 
Осы жолдарды оқыған адам қабірдегілердің кемшілік пен қателіктерінен өздеріне сабақ алсын. Өзге адамдардың қабіріне қарап, солардың ішінен өзінің де қабірін көру керек. Сондықтан да ондай адам  олармен кездесетін күннің дайындығын жасайды. Ол адам оларға барып қосылмайынша ол мазарлар ол жерден көшіп я болмаса жоғалып кетпейтінін де біледі.
 
Қабірді зиярт еткен саналы адам еш уақытта да мына ақиқатты ұмытпауы қажет: егер қабірдегілерге өмірден бір күн берілетін болса, олар сол күнге жету үшін барын берер еді. Алайда ол мүмкін емес. Себебі өлген адамдар амалдарының есебін беруде. Артқа жол жоқ. Олар өлгеннен соң, жер қойнауына тапсырылды, олар ақиқатты жалаңаш халде көрді. Олар жалғыздқтың мүңына шомылуда. Демек, өзін бейғамдықта ұстаған адам өткен күні үшін өкініш уын ішпес бұрын, құлшылық етіп, белсенді түрде жіберген қателіктері кешірілетіндей амал жасайды.
 
Сондықтан да адам баласы күнін ретке келіріп, қабір азабынан құтылу жолдарын қазірден бастап іздеуі қажет. Осы жолда жолы болған адам өзінің дәрежесін онда да жоғары көтеруді қалайды да күнін пайдалы өткізеді. Осылайша ол адам үлкен сауаптарға кенеледі.
 
Егер адамдар өмірлерінің құнын білгенде еді, қажетті нәрсенің барлығын жасайтын еді. Алайда бәрін өлгеннен соң түсінеді, алайда ол кезде кеш болады. Олар қысқа ғана ғұмырын бос өткізгеніне өкінеді.
 
Ей, адам баласы! Сенде қазыр сағаттар мен минуттар бар! Оларды пайдалы етіп жұмса! Оларды бос жіберіп алсаң қайтесің? Осы сәтен бастап уайым мен қайғыда болатын күнің жайлы ойлан. Аяқ асты тайқып кететін күнің жайлы ойла. Себебі сен қажет амалдарды орындамай өткізіп алдың.
 
Мысалы, бір тақуа адам былай деген: «Менің досым бар еді. Өмірден озған соң мен оны түсімде көрдім. Мен оған: «Досым! Аллаға шүкір. Сені тірі екенсің ғой!»,- дедім. Ол түсімде маған былай дейді: «Егер менің де Раббымды мадақтауға уақытым болғанда ғой, сол үшін барымды беруші едім». Осыдан соң ол былай деп жалғастырды: «Мені жерлеген жерді көрдің бе? Сол жерде бір адам екі ракағат намаз оқыды. Расында, егер менің де намаз оқуға уақытым болғанда сол жерде болуым үшін бүкіл әлем мен оның ішіндегінің барлығын берер едім».

Оқырмандардың пікірі (0)

Скрыть Hide

Дәрістер тізімі

00:00
00:00
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi