6 бөлім: Ізгілердің насихаттары - Өлім мен қабірдің мінәжат құпиялары
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Күн 05:56
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
04:41 05:56 11:42 15:37 17:22 18:37
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
6 Раби-сани 1446
Миләди
09 қазан 2024

Дәрістер топтамасы

6 бөлім: Ізгілердің насихаттары
Жарияланатын күндер Аяқталды
17 қар. 2015 9 239 0
Скачать в pdf
| A | +
Мутарриф бин Абдуллах былай деген: «Егер мен қашан өлетінімді білсем, есімнен адасар едім. Алланың Өзінің құлдарына жасаған мейірімі сол – өлімін өмірінің ішіне жасырып қойғаны. Егер адамдар қашан өлетіндерін білетін болса, өмірдің тәттілігін сезіп, рахат алмайтын еді. Және де олар базарлар мен сауда үйлерін тұрғыза алмайтын еді».
 
 
Хасан Басри (оған Алланың рақымы болсын) былай деген: «Өлімнен хабарсыз болу мен қателік жасау – екі үлкен нығымет. Адам осыны білуі керек. Егер бұлар нығымет болмағанда мұсылмандар көшеде жүре алмайтын еді».
 
Ал Суфиян Сәури (оған Алла рақым етсін) былай деген: «Білгенім, адам баласы ақымақ болып жаралған екен. Егер бұлай болмағанда ол бұл өмірде бақытты болмас еді әрі қуану сезімін біле алмас еді».
 
Әбу Саид ибн Абдуррахман (оған Алланың рақымы болсын) былай деген: «Ақылыз адамдардың арқасында бұл өмір жайлы көрініс тапты».
 
Салман Фариси (оған Алла рақым етсін) былай деген: « Таңқалып, менің күлкімді келтіретін үш нәрсе бар: біріншісі – артынан ажал қуып келе жатса да, дүниенің соңына ілескен адам. Екіншісі – адам хабарсыз және зейінсіз болса да, өзі Еш нәрседен хабарсыз әрі Зейінсіз болмайтынның назарында екендігі. Үшіншісі – күлегеш адам. Раббысы одан разы ма, жоқ па – оған бәрібір. Осы үш нәрсе туралы ойлап, осындай адамдарға таңқалып, күлемін. Тағы да менің көңіл-күйімді түсіріп, ақыры мені жылтатын үш жағдай бар. Мен оларды былай деп атап беремін: Мұхаммед Пайғамбарды (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жақсы көретіндер мен жақтастарынан қалай ажырамауға болады деген ой мені мұңға батырады. Қиямет күні Алланың алдында тұрып, есеп беруді ойласам, бойымды қорқыныш билейді. Мен жайлы не айтар екен? «Жәннатқа кіргізіңдер» дей ме, әлде «Тозаққа тастаңдар» дей ме? Дәл осыны мен біле алмаймын. Осы жағдай мені мұңайтып, ақыры жылай бастаймын».
 
Бір кісі былай деген: «Түсімде дүниеден озған Зуррар бин Әбу Әуфты көрдім. Одан былай деп сұрадым: «Сіздің ойыңызша қандай амал маңызды?» Ол былай деді: «Бойұсынушылық пен Аллаға бағыныштылық және де алыс арман мен бос үміттің соңынан ермеу».
 
Суфиян Сәури (оған Алла рақым етсін) былай деген: «Адамның алыс үміттен дәмесі болмаса, дүниеден алшақ болу мен дүниені тәрк ету қасиетіне ие болады. Ол нәрсе адам дәмсіз тамақ жеп, алқам- салқам болып киінумен келмейді».
 
Муфаддал бин Фудала (оған Алланың рақымы болсын ) Алла Тағаладан оның бос үміттерін, арманын, қалауын түбімен жоқ етуді сұраған. Нәтижесінде оның сезімі мен дәм сезгіштік қасиеті жоғалып кетеді. Тіпті ол ішіп- жеуден қалады. Кейін ол Жараушыға сол қасиеттерін қайтаруды сұрап жалбарынады. Осы кезде оның ішіп- жеуге деген тәбеті қайта пайда болады.
 
Хасан Басридан (оған Алла рақым етсін) былай деп сұрайды: «Ей, Әбу Саид! Сен ешқашан өз жейдеңді жумайсың ба?». Сонда ол былай деп жауап берді: «Бұл іспен шұғылданғанша, одан да қажетті нәрсемен айналысқан жақсы».
 
Хасан Басри (оған Алланың рақымы болсын) былай деген: «Ажал сендердің маңдайларыңа жазылған. Дүние болса жұмаршақтанып арттарыңнан ілесіп келеді».
 
Біреу айтқан екен: «Мен, басын қылыштың астына тосып, қашан басымды шабады деп тосып жатқан адам секілдімін. Тосып жатып: «Қашан шабар екен?»,- деп ойлап жатамын. Сол сәтті үнемі күтем».
 
Дәуд Таи (оған Алла разы болсын) былай деген: «Егер мен шалғайдағы мақсатыма сеніп өмір сүрер болсам, үлкен күнә жасағанымды мойындайтын едім. Қалайша мен ондай жағдайда жүрем? Әр күні, әр түні апат пен бақытсыздық адамдарды титықтатып, оларды қоршап алып жатқанын көріп жүрмін».
 
Шақиқ Бәлхи (оған Алланың рақымы болсын) Әбу Хашим Руммани деген атпен танымал ұстазына келеді. Осы кезде оның қапталында киіміне бір нәрсе байланып тұрды. Мұны аңғарған ұстазы: «Өзіңмен бірге киіміңе не байлап алып келдің?»,- деп сұрайды. Ол болса: «Бұл аздаған дәндер. Бір досым берді. Мен бұлармен ауыз ашпақпын»,- деп жауап берді. Осы кезде ұстазы: «Демек, сен кешке дейін өмір сүретініңе сенімдісің, мен сенімен сөйлеспеймін»,- деп есікті тарс жапқан екен.
 
Омар бин Абдуләзиз (оған Алланың рақымы болсын) өзінің бір құтбасында былай деген: «Күдіксіз, кез келген сапар үшін дайындық қажет. Сол секілді сіздер де осы өмірден мәңгілік өмірге барар жолыңызға жақсылық пен тақуалық атты азықтарыңызды даярлап алыңыздар. Сауапты амал жасауға деген ықылас пен талпыныс болсын және де Жаратушының сізге даярлаған азабын көзіңізбен көргендей қорқыныш сезімі болсын. Узақ уақытты алатын мақсаттың соңынан көп жүріп қаламау керек, бос үмітке сеніп қалмаңыздар. Болмаған жағдайда, рухтарыңыз сөніп қалады, ақыр соңында сіз дұшпаныңыздың алдында басыңызды иесіз. Мен сіздерге Алламен ант етіп айтамын, сіздердің ешқайсыңыз таңды қарсы алып, кешті батырамын деп ойламасын. Ал кешке дейін өмір сүрсе, таңды атыратынын білмейді. Бос үміт пен алыс армандар арасында өлім қаупін тудыратыны да болады. Мен секілді, сіздер де қаншама адамдардың осы дүние бүлігіне кіріп, адасып кеткендерін көрдіңіздер! Қолында кепілдігі бар адам ғана бақытты бола алады. Өзін тозақтың үрейінен қорғалған күйде көре алатын адам ғана бақытты болып, қуана алады. Сол күні, жарлы адам мен бай адам ортаға шыққан кезде, менің қауқарсыздығым мен бейшара халім айқындалып, анықталады. Менің жағдайым сол таразы орнатылған жерде айдан анық болады. Сіздердің мойындарыңызға сондай ауыртпашылық жүктелген, егер оны жұлдызға апарып қояр болса, ол күңгір тартып кетер еді. Егер бұл ауыртпашылық тауға берілер болса, ол шөгіп, жоқ болып кетер еді. Егер бұл ауыртпашылық жерге берілер болса, оның беті шытынап, бөлініп кетер еді. Ал сіздерге Жәннат пен Тозақтың арасында ешбір тұрақтайтын жер жоқ екені белгілі. Сіз, сөзсіз, екеуінің біріне кетесіз».
 
Бір адам досына былай деп жазады: «Расын айтқада, жердегі өмір – түс. Ал мәңгілік өмір – ұйқыдан оянған сәт. Алайда бұл екі ақиқаттың арасында өлім бар. Біз қазргі уақыта түініксіз, шым-шытырық және аласапыран түспен алданып, бос үміттермен өзімізді жұбатудамыз. Осы ғана!»
 
Тағы да біреу досына мына жолдарды жазған екен: «Расында, дүниеге алаңдау, қайғыру мен мұңдану бұл – алыс әрі бос үміттің нәтижесі. Ал өлім адамға барлығынан да жақын. Сол себепті күн сайынғы күштің азаюы, өлімнің бөлшегінің барының белгісі. Оны сынап көру үшін денеде бір жаңару, белсенділік болады. Олай болса, ажал қоңырауы соғылмай тұрып, дайындал!»
 
Ал Хасан Басри (оған Алланың рақымы болсын) былай айтқан: «Адам пайғамбар қателік жасағанға дейін бос арман мен үмітті артқа тастап, өлімді үнемі есінде ұстаған. Алайда ол қателікке барып, тиым  салынған ағашқа жақындаған кезде, оған артындағы арманын есіне салды және де көзіне елестеді. Ал үнемі жадында болған өлім, артқа тасталды».  
 
Абдуллаһ бин Сумей былай деген: «Мен әкемнің былай дегенін естідім: «Ей, адам баласы, кімнің денсаулығы ұзақ уақыт бойы қалпында болып, осы үшін адасып кеткен еді. Еш ауырмастан өмірден озған адамды көрген жоқсың ба? Ей, әлі алдымда ұзақ уақыт бар деп, соған сай амал жасап жүрген адасушы адам! Бір нәрсені тегін алғанды көрдің бе? Дайындықсыз жүрген жанға ажалдың жеткенін көрмедің бе? Негізінде, егер сен ұзақ ғұмырыңда ләззаттың дәмін ұмыту жайлы ойланғаныңда, расында да тәттінің дәмін ұмытар едің. Неге денсаулығыңмен азғырылып, ақылыңнан адасқан күйге түсесің? Әлде сендерде ажалдан аман құтылуға кепілдік бар ма? Өлім періштесі келгенше жігіттік танытып, шыдай ала ма екенсіңдер? Егер ол келетін болса, сенің жағдайың мен байлығың оның жолына бөгет бола алмайды. Айналаңда адамдардың барлығы және күштілігің саған жәрдем де , пайда да бере алмайды. Ажал сағаты жеткенде зарыға әрі ащы езгіге түсесің, өкініш сезімі оянып, намыс қажап, жасаған ысырапшылық пен шектен шыққан амалдар үшін тәубеге келетініңді білмейтін бе едің? Содан соң саған былай делінетін де білесің: «Дүниеде өлімнен кейінгі өмір үшін еңбек еткен адамға Алла тағала рақымын төксін. Ажал келіп есігін қақпас бұрын өлімге даярлық жасаған адамға Алла тағала кешірім етсін».
 
Әбу Бәкір Зәкәриә Тайми былай деген: «Сүлеймен бин Абдулмәлік Харам мешітінде болған кезінде оған құлпытастағы жазуды әкеледі. Ол оны оқып беруді сұрайды. Уахб бин Мунабиха әлгіні оқи бастайды. Ол жерде былай деп жазылған еді: « Егер саған аз ғана ғұмырың қалғаны белгілі болса, онда сен бос үміттің соңынан еру әдетін тастар едің. Сен одан да жақсырақ әрі сауапты амалдың жолдарын іздер  едің. Тізгінсіз құмарлық, сараңдық, қулық, алдаушылық сезімі мүлде қалмайтын еді немесе олар азаятын еді. Алайда ертең сен тәубемен, өкініш сезімімен бетпе- бет келесің және де тіпті аяғың тайып кеткен болса да жауапқа тартыласың. Сенің отбасың, ортаң сені өлім мен қабірдің қойнына тапсырады. Сенің әкең мен шешең, жақындарың – барлығы да сені тастап, сенімен қош айтысады. Отбасың, балаларың, қалаң да сені тастап кетеді. Енді сен мына өмірге қайтып келмейсің. Осыдан соң сауапты амалдарың да көбеймейді. Тәубе ету, өкініш пен азап күні болған Қиямет күні жетпей тұрып еңбек ет». Мұны естіген Сүлеймен еңіреп, жылаған екен».
 
Бір ізгі адам былай деген: «Мен Мұхаммад бин Юсуфтың Адурахман бин Юсуфқа жазған хатын көрдім. Ол жерде былай деп жазылған: «Саған Алланың сәлемі, тыныштығы мен жақсылығы болсын! Өзінен өзге Жаратушы болмаған Алла тағалаға сансыз мадақ пен мақтауымды жеткіземін. Негізігі сұраққа келер болсам... Ең бірінші мен саған ескертіп, мына өмірден бас тартып, мәңгілік өмірге бет бұруыңды тілеймін. Мен саған сол жаққа, яғни малыңмен есептесетін өмірге бұрылуды ұсынмын. Қазыр сен осы уақытта жердесің, сен жердің астына сол жерде тұрақтау үшін және де сол жерді мекендеуге бағыт аласың. Әр қадамыңмен  сен ажалға жақындаудасың. Қабірде Мункар мен Нәкир атты екі періште келіп, сені отырғызып, жекіп, ұрады. Егер Алла сенімен болса, уайым жоқ. Ол кезде сен жалғызсырамайсың да, ешқандай нәрсеге мұқтаж болмайсың. Егер басқаша күйге түсер болсақ сені де, мені де Алла сақтасын. Өйткені, осы сәттен бастап ол жерде өте күшті күрес басталады. Сенің орның тарылып, Есеп күніне дейін айқай мен зар еңіреу болады, Исрафилдің сүрнің даусы саған да жетеді. Осыдан соң Ұлы Жаратушының алдына жиналу басталады, ол кезде барлығының құқығы қалпына келеді. Жер өзінің бетіндегі барлық жаратылыс атаулыдан босайды, ал аспандар періштелерден тыным табады. Барлық жасырын сырлар айқын болып, тозақ оты лаулай бастайды. Таразылар тартылып, пайғамбарлар, шейіт болғандар әкелінеді, әркімге өзіне тиісті сауабы беріліп, әркімге үкім беріледі. Сол мезетте былай делінеді: «Әлемдердің Раббысына мақтау мен мадақтар болсын». Осы күні абыройы төгілген қаншама жандар болады, қаншама жандардың күнәлары жасырылып қалады; азапқа салынғандар мен мейірімге бөленгендердің саны қаншама болады. Барлығы бір жерде болады. Өзімнің жағдайымның қандай болатынын білсем ғой! Осы айтылғандардың барлығында адам баласын жалығудан және де нәпсінің құмарлығы мен қиял мен үміттің соңынан бостан- босқа жүгіруден тыятын қаншама ескертулер жатыр. Бұл ескертулер дымнан хабары жоқ, селқос жандарды ұйқыларынан ояту үшін. Біздерге ақылға келіп, көзімізді ашуымыз керек. Алла Тағала маған және саған жәрдемші болсын. Алла Тағала тақуалардың жүрегіне тақуалық салғанындай менің де, сенің де жүрегімізге өмірдің қадірі жайлы және ақырет жайлы ілім дарытсын. Біз тек Исламның жолындамыз және де осы сенім мен иманды ұстанамыз. Бары осы!».
 
Омар бин Абдул Әзиз бірде уағыз айтуға шығады. Аллаға мадақ айтып болған соң, ол адамдарға былай деді: «Ей, адамдар! Сендер бекер босқа жаратылған жоқсыңдар. Сендер құры бос той тойлап жүру үшін жаралмадыңдар. Қайту күндерің мен орындарың бар. Алла тағала сендерді Өзінің үкімін беру үшін бір жерге жинайды. Араларыңда Ол жаза береді. Өзінің мейірімі барлық әлемді қамтитын Ол, сол күні бірнеше адамды өзінің мейірімінен құр қалдырады. Олар бос қолмен кетеді. Олар күйініп, жоғалтқандарына қайғырған күйде қайтады. Олар солайша мейірімсіз әрі қатал адамдардың ортасынан орын алады. Ал Жәннаттың кеңдігі жер мен көктің кеңдігіндей, олар болса бұл нығыметтен құр қалады. Шындығын айтқанда, ертең кешірімге ие болған бір адам болатын болса, ол адам осы өмірде ғұмырын тақуалықпен, ислам шариғатының заңдарымен кешкен әрі жақсы адам болған жан ғана болады. Ол күні аз нәрсеге қанағат етіп, байлыққа қол жеткізген, уақытша нәрседен бас тартып, мәңгілік бақытқа қол жеткізген, зорлықтан бас тартып бақыт пен жақсылыққа кенелген адам ғана құтылушылардан болады. Сендер құрдымға кетушілердің арасында тұрғандарыңды көрмейсіңдер ме? Ал сендерден соң, арттарыңда бала- шағаларың қалады, сендер кетесіңдер. Күнде таңда болсын, кеште болсын Жаратушының құзырына бір пендені аттандырып жатқан жоқсыңдар ма? Сендер ол адамды жердің қойнауына ешбір жұмсақ төсенішсіз және мамық жастықсыз, ал алыс армандары мен бос үміттері артта қалған әрі уақыты біткен халде тапсырасыңдар. Неге сендер осы нәрседен сабақ алмайсыңдар? Осы уақыттан бастап барлығы ақырына жетті, достар мен таныстар да қалды. Адам баласы өз есебімен жалғыз қалды. Осы нәрседен сабақ алмайсыңдар ма? Әйтсе де, мен бұл сөздерді сендердің алдыларыңда айтып тұрмын, бірақ мен өзімнің күнәмнің сендердікінен де көп екенін білемін. Яғни, мен өзімнің халімді жақсы білгендіктен, менің жағдайым сендердікінен жақсы деп айта алмаймын. Алайда, мұның барлығы да тура әрі әділ болған Алланың заңдары. Алла тағала осыған мойынсұнып, құлақ асуға бұйырады, әрі Оның заңдарына қарсы шығуға тиым салады. Алладан күнәмді кешіруін сұраймын». Осы сәтте Омар бин Абдул Әзиз екі қолымен бетін басып, еңіреп жылап жібереді. Көз жасы сақалынан тамшылап кетеді. Осы уағыздан соң Омар бин Абдул Әзиз бұл жерге қайтып келе алмады, ол ажалымен қауышты.
 
Каъка бин Хаким былай деген: «Отыз жыл бойы тынбастан өлімге әзірлендім. Егер ол кенеттен келер болса, кейбір себептермен кейінге қалғанын қаламас едім».
 
Суфиян Сәури (оған Алланың рақымы болсын) былай айтқан: «Куфа мешітінде мына сөздерді айтқан қартты көрдім: «Отыз жыл бойы осы мешітте ажалымды күтудемін. Егер маған ажал жетер болса, оған кедергі келтіретін бір нәрсе сұрамас едім. Себебі менің ешкімге қайтаратын қарызым жоқ, әрі ешкімнің маған да қайтарар қарызы жоқ».
 
Абдуллаһ бин Сәләбә былай деген: «Сен ойнап-күліп жүрсің, алайда сенің кебінің кебін сатушыда тұрған шығар».
 
Әбу Мұхаммад Әли бин Захид былай деген: «Біз жан тәсілім еткен бір адамды жерлеуге алып шыққан едік. Сол кезде Дәуд Таи да келді. Ол да жерлеу рәіміне қосылды. Бұл оқиға Куфада болған. Мәйітті жерге қойған кезде ол оқшауланып, ары жақта отырды. Мен оның қасына келіп жайғастым. Ол өзімен өзі былай деп сөйлесіп отыр екен: «Кімде кім Алланың ашуы мен қаһарынан қорқатын болса, бос арман мен үміттің соңында жүрмейді. Ол қолындағыға қалай қанағат ету керектігін біледі. Ал кімде кімде бос арман мен үміт, қиял мен заттар болатын болса, ол адам жақсылық жасауда өте әлсіз болады. Бауырым, мына нәрселерді жақсы біліп ал: Алла жолында бір нәрсе істеуіңе саған бір нәрсе кедергі жасап жатса, жүрмей тұрса я болмаса уақытыңды алатын болса, ол сен үшін жамадықтың белгісі. Осы өмірге келген әрбір адам қабірдің иесі екендігін ұмытпа. Дәл қазыр өмірден өтіп кеткендер өкініште әрі өткендегі істегендеріне тәубе етуде, ал кейбіреулер бақытты және де жақсы амалды бірінші орынға қойғандары үшін қуануда. Шындығына келгенде, қабір иелері аяусыз бір- бірлермен өкініш тудырған, намыстарын қоздырған нәрселер үшін қырылуда. Олар бір- бірімен бәсекелес болып жарысуда. Ал ертең есеп күні болғанда бұлар бір- бірімен осы үшін жауласады».
 
Мағруф Кархи (оған Алланың рақымы болсын) намаз оқымас бұрын оған шақыратын. Сол уақытта Мұхаммед бин Әбу Тәуба оның жанында еді. Мұхаммед бин Әбу Тәуба былай айтады: «Кархи маған былай деген: «Алдыға шық, намазға имамдық ет». Оған деген құрметтен аттамай мен былай дедім: «Бұл намазға сіз имамдық қылыңыз, мен келесі жолы шығармын». Менің бұл сөздерімнен соң Мағруф Кархи былай деді: «Демек, келесі намазға имамдық етуге дейін өмір сүретініңе сенімдісің ба? Алладан бос үміттерден сақтауын сұраймын. Расында олар адамды жақсы амал жасаудан тосады».
 
Омар бин Абдул Әзиз (оған Алланың рақымы болсын) өзінің бір құтбасында былай айтқан: «Жердегі өмір сендер мәңгі қалатын өмір емес. Ол – Алла тағала Өзінің үкімін берген баянсыздықтың, бықсыған әуре-сарсаңның шегі. Ал сол жердің тұрғындарына Ол өзге өмірге қоныс аударудың ақиқаттығын алын ала белгілеп қойған. Жер бетінде жайлы қоныстарға қоныс тепкен жандар қаншама, алайда олардың халі жақында былай деп сипатталады: «Ол бейшара халге түсті, қаусап, жоқ болды». Оларға қызғанышпен қарайтын қаншама адамдар бер жер бетінде. Олар да кеткен кезде олар жайлы былай деп айтылады: «Алла тағала сендерге мейірлі болсын».
 
Жақсы әрі ізгі амалдар жасаңдар. Бет алған жақтарыңа өздерің дайындаған ең жақсы азықпен сапарға шығуға аса назар аударыңдар. Сонымен қатар, азық- түліктеріңді де қамдаңдар. Азықтың ең жақсысы – ізгілік пен тақуалық. Жер бетіндегі өмір қысқарып бара жатқан көлеңке іспетті. Ақыр соңында жоқ болып кетеді. Адам баласы жер бетінде өмір сүгенде ары-бері жүгіріп әбігерге түседі, кенет қараса – Алла тағала оған жазып қойған уақыта ол адамды Өзіне шақыруда. Оның қолындағысын, өмірімен байланысты болған нәрсесінің барлығын алып қояды. Алайда оның қалған қол өнері, шығармашылығы, атқарған жұмысы мен байлығы бір қоғамға өтеді, одан соң тағы да басқа қоғамға ауысады. Шындығына келгенде, бұл жалған адам баласын қаншалықты қуанышқа бөлеген болса, соншалықты соққыға жығады. Бұл дүние адамды жиі қуанышқа бөлемейді, одан көбірек, артығымен мұңайтып, жан дүниесін қайғы мен уайымға толтырады».
 
Әбу Бәкір Сыддықтан (оған Алла разы болсын) жеткендей: «Бірде ол бір құтбада былай деді: «Жүздерінде күлкі ойнаған адамдар қайда? Өзінің жастық шағымен масаттанған жандар қайда? Зәулім қалалар мен ауылдар салдырып, өзін бұзылмайтын қабырғалармен қоршап алған патшалар қайда? Шайқас алаңында батырлық танытқандар қайда? Диірмен тасы олардың барлығын жоқ етіп жіберді. Қазірде олардың барлығы тас түнекте әрі өздерінің қараңғы қабірлерінде. Ал, енді асығыңдар. Тезірек амал жасаңдар! Құтылуға және қабірдегі қараңғылықтан құтылуға асығыңдар!»

Оқырмандардың пікірі (0)

Скрыть Hide

Дәрістер тізімі

00:00
00:00
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi