5 бөлім: Аз мөлшердегі мақсаттар, ұмтылыстар мен үміттердің жақсылығы - Өлім мен қабірдің мінәжат құпиялары
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 17:46
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:31 06:51 11:41 14:43 16:25 17:46
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-авваль 1446
Миләди
22 қараша 2024

Дәрістер топтамасы

5 бөлім: Аз мөлшердегі мақсаттар, ұмтылыстар мен үміттердің жақсылығы

5 бөлім: Аз мөлшердегі мақсаттар, ұмтылыстар мен үміттердің жақсылығы

Жарияланатын күндер Аяқталды
12 қар. 2015 8 476 0
Скачать в pdf
| A | +
Алдымен Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадистеріне жүгінейік: «Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), Омардың ұлы Абдуллаға (оларға Алла разы болсын) былай деп айтқан: «Егерде сен таңыңды аттырсаң, кеш батқанға дейін өмір сүремін деп үміттенбе, ал кешіңді батырсаң, онда таң атқанға дейін өмір сүремін деп үміттенбе. Өміріңді тірі кезіңде бағалай біл, ажал есігіңді қақпай тұрып, өміріңді жақсылап танып ал. Денсаулығыңды ауру келмей тұрып бағалай біл. Иә Абдулла! Саған ертең қандай болатыныңды білу қажет емес».
 
 
 
Әли (оған Алла разы болсын) айтқандай, Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Сендердің екі мінездеріңнен аса қауіптенемін. Біріншісі – нәпсілеріңнің қалауына еріп кетулерің, ал екіншісі болмашы қиял мен алыстағы елес үміттің артынан ерулерің. Олар Алла мен сендердің араларыңда тосқауыл болады. Ал бос қиялдар мен жалған елестер дегеніміз - шахуат пен дүниені шектен тыс сүйю».
 
Осыдан соң Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айтты: «Ақылға келіңдер! Ақиқатында Алла Тағала байлықты сүйген құлына да, сүймеген құлына да береді. Егер Алла бір құлын жақсы көрген болса, Ол оған иман береді. Ақылға келіңдер! Өйткені қалай осы дүниеге байланған адамдар бар болса, дәл солай дінге берілген адамдар да бар. Естеріңді жиыңдар! Бұл өмір сендерден кері бұрылып, арғы өмірге кетіп қалды. Мұқият болыңдар! Мәңгілік әлемдегі өмір сендерге қарай келе жатыр. Ояныңдар! Қазір сендердің бұл өмірлеріңде есеп пен жауапкершіліқ жоқ, бірақ жасауға тұратын амалдар бар. Соларды іске асырыңдар. Ояныңдар! Өйткені қазір сендер амал мен еңбегі жоқ, бірақ солар үшін есебі мен сұралуы бар күнге тым жақын тұрсыңдар».
 
Умм Мунзир айтқан: «Бірде, кешкісін,  Алланың Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) халықтың алдына шығып былай деді: «Уа халайық! Алланың алдындағы ұяттарың қайда?».
Сахабалар одан: «Уа Алланың Елшісі! Бұл сөздеріңнің мағынасы неде?»- деп сұраған кезде, ол: «Сендер өздерің жемейтін ас жинайсыңдар, қолдарың жетпейтін заттарға үміт етесіңдер, өздерің тұрмайтын ғимараттар саласыңдар».
 
Әбу Саид Худри (оған Алла разы болсын) айтады: «Усама бин Зейд, бір айлық мерзімге 100 динар қарыз алып, Зайд бин Сәбиттің бір күңін сатып алады. Алланың Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бұған былай айтты: «Усаманың бір айлық мерзімге қарыз алып, күң сатып алғандығы сендерді таңдандырмады ма? Ақиқатында Усама түкке тұрғысыз қалауының етегінде жүр. Өмірім құзырында болған Алланың атымен ант етемін! Кірпіктерімді қаққан сайын олар ашылып, қайта жұмылғанға дейін Алла менің жанымды алып қояр ма деп ойлаймын. Менің жаным, кірпіктерім ашылып, қайта жұмылғанынша шығып кетер деп ойлаймын. Немесе, қандай ба болмасын асты аузыма салған сайын, оны шәйнап үлгергенімше өлім атты мұхит мені жұтып қояды ма деп ойлаймын».   
Содан кейін Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай жалғастырды: «Уа адам! Егерде сен шын мәнінде ақыл иесі болсаң, өзіңді өлімге дайында. Өмірім құзырында болған Алланың атымен ант етемін, расында сендерге үәде етілген нәрсе міндетті түрде келеді, әрі сендердің оны тоқтатуға шамаларың келмейді».
 
Абдулла ибн Аббас (оған Алла разы болсын) айтады: «Мен Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), кіші дәрет алу үшін аулаға шығып, артынша дереу топырақпен тазаланғанын көрдім де, сұрадым: «Уа, Алланың Елшісі! Жақын жерде су тұрса да неге топырақпен тазаланып жатырсың ». Сонда Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Суға  дейін жеткенге менің уақытым бар ма, жоқ па – мен білмеймін. Мен суға жете алмай қалуым мүмкін», -деп жауап берді».
 
Алланың Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) үш шыбық алып, біреуін дәл өзінің алдына жерге қадады, екіншісін біріншінің жанына, ал үшіншісін өзінен алыс жерге қадап қойды да: «Мұның не екенін білесіңдер ме?» - деді. Сол жерде тұрған адамдар: «Алла мен Алланың Елшісі жақсырақ біледі» - деп жауап берді. Сол кезде Алланың Пайғамбары (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Бірінші шыбық – адам. Оның қасында тұрған екінші шыбық – өлім. Ал алыста тұрған – оның армандары, мақсаттары мен қиялдары. Адам баласы –арманы мен қиял-мақсаттарына қол жеткіземін деп әлекке түсіп жатқанда, өлім оны қуып жетеді» -деді.
 
Алланың Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айтады: «Адам сондай халде жаратылған, ол өлімнің 99 себептеріне салғырт қарайды. Тіпті, егерде ол осы кедергілерден өтіп кетсе де, кәріліктің құшағынан құтыла алмайды».
 
Сондай-ақ, Абдулла бин Масғуд (оған Алла разы болсын), былай айтқан: «Мынау адам, ал мынау – оның ажалы. Ол адамға тұзақ құрып, жан-жағынан қоршап алған. Үлкен қауіп-қатерлерімен ол адамға таяп келеді. Егер де адам бұл қауіптерден өтіп кетсе, кәрілік атты оқиғаға тап болады. Ал алыстағы мақсаттары, қиялдары мен қалаулары – ол кәріліктен тыс жерде жатыр. Адам әрдайым сондай алыс қиялдар мен мақсаттарды қуып жүреді. Бірақ, сонымен қатар, қауіп-қатерлер де оған қарсы келіп жатады. Олардың қайссы бірі адамға тап болған сәтте-ақ оны іліп ала кетеді. Адам егерде бұдан да аман өтіп кетсе, кәрілік атты ақиқаттан өлімін табады. Алайда, қазіргі уақытта адам алыс мақсаттарының жетегінде жүріп, олардың орындалуын күтуде. Тек олар орындалам дегенше ол өмірін қортындылап, кәріліктің есебін төлеп қойған».  
 
Абдулла бин Масғуд (оған Алла разы болсын), тағы былай айтқан: «Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бізге төртбұрыш салып, оның ортасынан тағы да бір сызық сызды. Сол сызықтың қасынан тағы да бірнеше сызықтар салып, ал бір сызықты төртбұрыштың сырт жағынан салды. Содан, бізге қарай бұрылып, бізден сұрады: «Мұның не екенін білесіңдер еме?». Біз: «Алла мен оның Елшісі жақсырақ біледі» деп жауап бердік. Сонда Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), былай деді: «Мына ортасына салынған сызық – адам. Төрт бұрыш болса – оны жан жағынан қоршап алған өлім. Ал мына басқа сызықтар – орын алып жатқан оқиғалар. Егер адам қателесіп қалса, олар оның мазасын алып, уайым-қайғы туғызады. Ал мына сыртта тұрған сызық – оның алыста көздеген мақсаттары мен ұмтылыстары».
 
Әнәс (оған Алла разы болсын) айтатын: «Алланың Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай айтқан: «Адам қартаяды, бірақ екі нәрсе күш-қуатын жоғалтпастан онымен бірге бола береді. Олардың бірі -  атаққұмарлық, ал екіншісі – алыста жатқан мақсаттары мен қалаулары».
 
Тағы бір хадисте былай айтылған: «Адамның кәрілігіне қарамастан екі нәрсе оның қасында жас болып қала береді: байлыққа құмарлығы мен ұзақ өмір сүруге құлшынысы».
 
Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай айтқан: «Бұл қауымның алғашқылары мықты иманның, шариғатқа берік болғандықтың және аскетизмнің (зухд) арқасында құтылған еді. Олардың артынан келгендер болса сараңдықтары мен алыс мақсаттарды қуғандықтарынан құрып кеткен».
 
Аңызда айтылғандай, бір күні Иса пайғамбар, оған Алланың сәлемі болсын, бір жерде отырып, бір адамның жер қазып жатқанын көреді. Осыған байланысты ол Аллаға былай дұға етеді: «Уа Аллахым! Мына адамның жүрегінен алдына қойған алыс мақсаттарын шығарып таста!». Осы кезде әлгі адам күректі тастай сала, бір нәрсеге сүйеніп, біраз уақыт осылайша отырды. Сол кезде Иса пайғамбар, оған Алланың сәлемі болсын, былай дұға жасайды: «Оның алыс мақсаттарын қайтарып бер!». Сол сәтте, ол адам орнынан тұрып, жұмысына қайта кіріседі. Иса пайғамбар оның қасына келіп, неліктен жұмысын тастап, дем алып, қайта жұмысты бастағандығын сұрайды. Сол кезде әлгі шал адам былай айтады: «Мен жұмыс жасап жатқанымда нәпсім маған: «Қашанғы жұмыс істей бересің? Әбден кәртайдың емес пе? Жұмыс істеуіңді тоқтататын ойың жоқ болар сірә?» -деді. Сондықтан мен күрегімді тастай салдым да, дем алып, біраз уақыт отырдым. Сол кезде менің нәпсім маған: «Иә, Алланың атымен ант етемін! Бұл дүниеде өмір сүргеніңше жұмыс істеуің керек!» - деді. Мен орнымнан тұрып, күрегімді қайта қолыма алдым».
 
 Хасан әл-Басридің рахматуллахи әлейһи, мына сөздері бар: «Алланың Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сұрақ қойды: «Сендердің барлықтарыңның жұмаққа кіргілерің келеді ме?». Айналасындағы адамдар: «Иә, Алланың Елшісі! Әрине!» деп жауап берді. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сонда оларға былай айтты: «Өздеріңнің алыстағы мақсаттарыңды шетке қарай ысырып қойыңдар да, өздеріңнің өлімдеріңді көз алдыларыңа елестетіңдер. Осыдан соң, Алланың алдында қалай ұялған болсаңдар, дәл сондай ұятқа келіңдер».
 
Алланың Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Аллаға мынандай дұға айтып жалбарынатын: «Уа Алла! Ақыреттің жақсылығы мен нығметтерінің алдында жүретін бұл дүниеден Сенің атыңмен сақтанамын! Иә Алла! Өлімнің пайдасы мен жақсылығына тосқауыл болатын бұл өмірден Сенің есіміңмен сақтанамын! Ең абзал болған амалды жасауға кедергі болатын алыс мақсаттар мен бос тәуекелдерден құтылу үшін Сенен жәрдем сұраймын!»

Оқырмандардың пікірі (0)

Скрыть Hide

Дәрістер тізімі

00:00
00:00
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi