16 бөлім: Баласы өмірден озған кездегі ата- ананың айтуы тиіс сөздері - Өлім мен қабірдің мінәжат құпиялары
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 17:42

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:42 07:04 11:45 14:38 16:20 17:42
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
31 Джумада-авваль 1446
Миләди
03 желтоқсан 2024

Дәрістер топтамасы

16 бөлім: Баласы өмірден озған кездегі ата- ананың айтуы тиіс сөздері

16 бөлім: Баласы өмірден озған кездегі ата- ананың айтуы тиіс сөздері

Жарияланатын күндер Аяқталды
24 жел. 2015 41 735 0
Скачать в pdf
| A | +
Баласы өмірден озған кездегі ата- ананың айтуы тиіс сөздері
 
Егер әлдекімнің баласы немесе жақын адамы қайтыс болар болса, ол былай деп ойлауы қажет: «Расында, барлығымыз жолаушымыз. Ол бізден озып, барлығымыз баратын жаққа кетіп қалды».
 
Оның баласы я туысы негізгі отанына, әкесі мен шешесінен бұрын, отбасынан бұрын кетті. Егер жақыны қайтыс болған кезде адамдар осылай ойланар болса, оның қайғысы біршама жеңілдейді. Себебі ол да өмірден озған кезде, онымен қауышады. Олардың арасындағы жалғыз ғана айырмашылық, араларындағы бір адам барлығы баруы тиіс жерге өзгелерден ерте кетті. Осы тұрғыдан, өлім – ерте кеткен жандармен артта қалғандардың кездесуі. Егер адам баласы өмірден озған адам жайлы солай ойлар болса, ол шектен тыс қайғыға салынбайды. Уайымы азаяды. Оның үстіне, Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ата- ананың баласын жоғалтуына байланысты қуанышты хабарлар жеткізген.
 
«Мен үшін Алла жолында мың жауынгерді шайқасқа жібергеннен, шала туылған сәбиімнің менен озып кеткені жақсырақ».
 
Хадистегі келген «шала туылған» сөзін Пайғамбарымыз сәйкестендіру үшін қолданған. Яғни, егер шақалақ сондай дәрежеге ие болса, ер жеткен баласы үшін ата-анаға берілер сауап қандай болмақ? Негізінде, шынайы марапат сәбидің жан дүниеде қаншалықты із қалдырғанына байланысты.
 
Зайд бин Әсләм былай деген: «Дәуіт пайғамбардың (оған Алланың сәлемі болсын) баласы қайтыс болады. Ол қатты қайғырып қалады. Сонда одан былай деп сұрайды: «Қайтыс болған балаңның орны қандай еді?» Ол былай деп жауап берді: «Оның орны мен үшін бүкіл әлемді толтыруға тұратын алтынмен тең еді».
 
Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Қандай да бір мұсылманның үш баласы қайтыс болып, ал ол Алланың атымен барлық ауыртпалыққа сабыр етіп, Жаратушыдан марапат күтер болса, онда ол балалары Қиямет күні ата- анасына тозақтың отына қалқан болады». Осы кезде Пайғамбардың (оған Алланың иглілігі мен сәлемі болсын) жанында бір әйел болады. Ол әйел былай деп  сұрайды: «Ал егер екі баласы қайтыс болса ше? Оның да жағдайы солай болмақ па?». Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп жауап береді: «Иә, егер екі баласы қайтыс болса оның да жағдайы солай болмақ».
 
Баласы ажал аузында жатқан ата-аналар Жаратушыны шынай түрде ұлықтасын. Себебі Жаратушыға ең жақын әрі қабыл болатын нәрсе ол – ата- ананың баласына жасаған дұғасы.
 
Мысалы, Мұхаммед бин Сүлеймен (оған Алланың рақымы болсын) өзінің ұлының қабірінің басында тұрып былай деп дұға еткен: « Аллаһым! Таң ертең ояндым да балама бір нәрсе бола ма деп қорқып, Саған үміт арттым. Мен Саған қорқынышымды айтуға ояндым. Аллаһым! Менің үмітімді үзбе, әрі неден қорыққан болсам, содан Өзің сақта!».
 
Әбу Синан атты бір адам баласының қабірінде тұрып Жаратушыға былай деп жалбарынған екен: «Аллаһым! Баламның маған жасауы тиіс міндеттерінің барлығын кештім. Мен оның кемшіліктері мен қателіктерін көрмеуге тырыстым. Жаратқан Ием! Сен де менің ұлымның күнәларын кешіре гөр! Себебі, Раббым, Сен аса Мейірімді әрі Жомартсың!».
 
Бір бәдәуи баласының мазарында тұрып былай деп дұға еткен екен: «Аллаһым! Мен баламның маған жасаған қателіктерін көрмеген болдым. Мен оны кешірдім. Жаратушым! Егер оның Саған жасаған құлшылығында кемшілік болған болса әрі Саған бойұсынбаған кездері болса баламның күнәсін Сен де кешіре гөр».
 
Омар бин Зарр (оған Алла разы болсын) қайтыс болған кезде оның әкесі Зарр баласын жерлеп былай деген: «Балам! Жан дүниенің ауырғаны сені жоғалтқанымызды ұмыттырды. Егер мен сұрақтарға сенің қалай жауап бергеніңді білгенімде ғой!». Осыдан соң ол былай деп дұға етті: «Аллаһым! Мына қабірге қойған бала- менің ұлым. Өзің берген уақыт ішінде Сен мені ол арқылы қуанышқа бөледің. Оның ризығын өз уақытында Өзің беріп отырдың. Оған әділ болдың. Аллаһым! Балам Саған әрі маған толықтай бойұсынуы үшін бар жағдайды жасадым. Аллаһым! Ұлымның қазасы үшін маған берер сауабыңды ұлыма сыйлағым келеді. Оның азабын маған бере гөр!».
 
Ол жерден кетер уақытында ол былай деді: «Балам! Енді сен бізге мұқтаж емессің, себебі Алла Тағала тұрған кезде ешбір адамға мұтаждық болмайды. Біз қазыр сені тастап кетеміз. Бірақ біз осы жерде қалар болсақ та, одан саған пайда жоқ».
 
Бір адам Басрада бір әйелді кездестіреді де оған былай дейді: «Мен бұрын- соңды мұндай әдемі әйелді кездестірмедім. Бәлкім, бұл әдемілік оның ешқашан қайғы көрмегендігінен шығар». Осындай сөздермен ол таңданысын білдіреді. Сонда әйел былай деп жауап береді: «Ей, Алланың құлы! Мен көрген қайғыны Алланың бірде бір құлы көрмеген әрі оны менімен ешкім бөліспеген». Сонда әлгі адам былай деп сұрайды: «Не жағдай болды?». Әйел сөзін былай деп жалғайды: «Құрбан шалатын күні күйеуім қошқарды құрбандыққа шалды. Менің екі балам бар еді. Олар екеуі жақсы ойнайтын. Үлкені кішісіне былай деді: «Әкем қошқарды қалай соятынын көрсетейін бе?». Кішісі : «Иә»,- деп жауап берді. Сол кезде оның ағасы пышақты алып өзінің інісін бауыздап тастады. Біз шыңғырған дауысты естігенде келіп қарасақ, кіші балам қанға тұншығып, ажал аузында жатыр екен. Үлкен ұлым болса, есі шығып тауға қашып кетіп, тығылып қалыпты. Ол жерде оған қасқыр шауып, жеп кеткен екен. Әкесі баласын іздеуге кеткен еді. Баласын іздеп жүріп, адасып, аптап ыстықтан қайтыс болып кетті». Осыдан соң әйел былай деді: «Міне, көріп тұрғаныңдай, мен туғансыз жалғыз қалдым. Бұдан асқан қайғы мен уайым бар ма?».
 
Міне, осындай бақытсыздықтарды өлім болған кезде еске алу керек. Әсіресе бала қайтыс болғанда еске алған жақсы. Сол кезде адам тыныштық табады да, қайғысы біршама жеңілдейді. Адам баласымен ондай бақытсыздықтар болатынын түсіну керек.
 
Себебі Алла Тағала көптеген қауіптерден сол арқылы сақтауы мүмкін осыған орай адам дереу өзіне жұбаныш тауып алуы қажет.

Оқырмандардың пікірі (0)

Скрыть Hide

Дәрістер тізімі

00:00
00:00
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi