11 бөлім: Өлім алдындағы арпалыс – Сақарат Мәут, 2 бөлім - Өлім мен қабірдің мінәжат құпиялары
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Бесін 11:46
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:44 07:07 11:46 14:38 16:20 17:42
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
4 Джумада-сани 1446
Миләди
06 желтоқсан 2024

Дәрістер топтамасы

11 бөлім: Өлім алдындағы арпалыс – Сақарат Мәут, 2 бөлім

11 бөлім: Өлім алдындағы арпалыс – Сақарат Мәут, 2 бөлім

Жарияланатын күндер Аяқталды
7 жел. 2015 11 096 0
Скачать в pdf
| A | +
Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Мүмінге кенеттен жеткен ажал – тыныштық, ал күнәһар үшін – қайғының басы».
 
 
 
Мәқхул мәртебелі Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін жеткізеді: «Егер жан тәсілім еткен жанның бір ғана шашы аспан мен жер иелеріне түсер болса, онда олардың барлығы қайғы мен азаптан өліп кетер еді».
 
Себебі әрбір шашта өлім бар. Ажал бір нәрсеге келер болса, сөзсіз ол нәрсе ажалдың себебі болады.
 
Егер ажалдың ауырлығының бір тамшысы таудың төбесіне түсер болса, жер бетіндегі барлық таулар жоқ болып кетер еді деседі.
 
Аңызға сәйкес, Ибраһим пайғамбар дүниеден озғанда Ұлы Алла Тағала оның жауабын алдын ала біле тұра, былай деп сұрайды: «Ей, менің Халилім! Ажалды қалай сездің?»
 
Мәртебелі Ибраһим болса: «Тікен ағашты теріме кіргізіп жатқандай күй кештім. Тікен бұтаны теріме терең кіргізіп, теріммен бірге қайта суырып жатқандай сезіндім»,- деп жауап береді. Алла Тағала оған былай дейді: «Негізінде Біз оны саған жеңіл еттік».
 
Мұса пайғамбар өмірден озған соң, Жаратушы оған былай дейді: «Ей, Мұса! Ажалыңды қалай сездің?» Мұса пайғамбар (оған Алланың сәлемі болсын) былай дейді: «Бейне бір жаным темірге тірідей қақталған торғай секілді күй кешітм. Ол азапты тоқтату үшін не өле алмайды, не ұшып кете де алмайды!»
 
Және де Мұса пайғамбардың былай дегендігі жетеді: «Мен жанымды терісін тірідей сылып жатқан қасапшының қолындағы қой секілді сезінемін».
 
Алла Елшісі (оған Алланың игілігі  мен сәлемі болсын) өмірден озған кезде оның жанында бір кесе су болған екен. Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) оған қолын малып, кейін бетін сулаған. Сол мезетте ол Аллаға: «Аллаһым! Ажалды маған жеңіл ет!»,- деп жалбарынған. Мәртебелі Фатима (оған Алла разы болсын) Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қиналғанын көріп: «Әкешім! Не деген азап бұл?!»,- дейді. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), Фатиманың қиналысын көріп, былай деп жауап береді: «Қызым! Осы күннен соң әкеңнін қиналғанына уайымдамайтын боласың!».
 
Омар (оған Алла разы болсын) Қаъб әл Әкбарға былай деген: «Ей, Каъб! Бізге кішкене ажал жайлы айтып берсең болмай ма?». Ол болса ажал жайлы әңгімесін былай деп бастайды: «Жарайды, мүміндердің әміршісі! Ажал ол тікенді бұтақ секілді. Ол бұтақ адамның ішіне кіріп, тікендері бір ішекке ілінген күйде қайтадан суырылады. Алайда бұтақ сыртқа шығарылған кезде адамның ішінен барлығын алып шыққандай шұғыл суырылады. Ал қалғаны қалады».
 
Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бір хадисінде былай деген: «Негізінде, құдайдың құлы ажалмен арпалысып, барлық күшін сарқиды. Алайда, барлық буындары келер айырылысуға өкініш білдіріп, бір-біріне былай деседі: «Саған сәлемдер мен тағзым етемін! Енді біз бір-бірімізден есеп күніне дейін айрылысамыз».
 
Өлімнің мұндай түрі Алланың достарына және ізгілерге тиесілі. Олардың жағдайлары сондай болса, онда біздің халіміз не болмақ? Себебі біз үнемі бойұсынбай, бірбеткейлік танытып, наразылықта жүреміз.
 
Ажалдың арпалысымен қоса қорқыныш пен қауіптердің қатары да аз емес. Олардың екеуі, айтып кеткеніміздей, - естен тану мен Ажал періштесін көргендегі сәт. Оны көрген кезде барлық қорқыныш атаулы жүрекке шабуыл жасай бастайды. Тіпті ең күшті деген адамдардың өздері күнәһар адамның жанын алған Әзірейілдің келбетіне төтеп бере алмайды.
 
Ибраһимнің (оған Алланың сәлемі болсын) қиссасына сәйкес ол Өлім періштесінен: «Маған күәһар адамның жанын алғандағы жүзіңді көрсете аласың ба?»,- деп сұрайды. Сонда Әзірейіл оған былай деп жауап береді: «Жоқ, сен оны көтере алмайсың». Алайда Ибраһим алған бетінен қайтпай тұрып алады: «Жоқ, мен көтеремін»,- дейді. Оған періште: «Олай болса, ары қара",- дейді. Ол жүзін басқа жаққа қаратады. Бері қарған кезде алдында қап- қара шашты, қара киімде, үстіен шыққан сасық иістің айналасына мүңкіп тұрған адамды көреді. Аузы мен танауынан түтін шығып тұр еді! Осы бейненің алдында Ибраһим есінен танып құлап қалады. Ол өзіне өзі келген кезде періште өз кейпіне де енген болатын. Сонда Ибраһим періштеге былай дейді: «Егер ақымақ адам сенің бұл кейпіңді көретін болса, онда оған ешқандай азап пен аурудың қажеті болмай қалады, осы да жеткілікті болмақ екен».
 
Әбу Хурайра (оған Алла разы болсын) Алла Елшісінің (оған Алаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін жеткізеді:
 
«Дәуіт пайғамбар (оған Алланың сәлемі болсын) өте қызғаншақ адам болған. Үйінен шығарда ол барлық есіктерді ешкім кіре алмайтындай етіп кілттеп шығатын. Бірде әдеттегідей есіктерді кілттеп үйінен шығып кетеді. Осы уақытта оның әйелі үйді айнала бергенде, тұрған бір адамды байқап қалады. Дәуіттің әйелі: «Бұл адамға үйге кіруге кім рұқсат берген? Егер Дәуіт келетін болса, бұл адам сазайын тартады»,- дейді. Сол сәтте кенет, Дәуіт пайда болады да әлгі адамды көреді. Ол оған: «Сен кімсің?»,- дейді. Ол: «Мен – патшалардан қорықпайтын және алдында бөгет болмайтын жаратылыспын»,- дейді. Сонда Дәуіт: «Алламен ант етемін, олай болса сен, өлім періштесісің»,- деп сол орнында қатып қалады».
 
Бірде Иса (оған Алланың сәлемі болсын) қу сүйектің қасынан өтіп бара жатады да, қаңқаны аяғымен теуіп қалып:: «Алланың рұқсатымен сөйле!» - дейді. Сонда қу сүйек тілге келіп, былай дейді: «Я, Алланың рухы! Мен – бәлен ғасырдың патшасымын. Бірде мен басымда тәжім бар, тағымда отырған едім. Айналамда менің адамдарым мен әскерлерім бар еді. Мен өзімнің сарайыммен және мемлекетіммен мақтанып жүрген едім. Кенет алдыма бір періште келді. Сол сәтте менің барлық денем өз күшінен айырылып қалды. Мен әлсіреп кеттім. Осыдан соң менің жаным да оған кетті. Достық пен жақындық жалғыздық пен қорқынышқа ауыстырылған қандай өкінішті. Сол күндердегі достықты айырылысу алмастырғаны қандай өкіншті. Бұл ащы да болса кез келген бойұсынбаушы мен өмірінің ақыры дәл осындай болмайды деп сенушілердің ақыры».
 
Пайғамбарлар ажал келген сәттегі қорқу мен естен тануды ғана айтып кеткен. Олар өлім періштесінің есті шығаратын келбетін айтқан жоқ. Егер адам баласы түсінде өлім періштесінің келбетін көрер болса, оның қалған өмірі астаң- кестең болар еді. Ол дәл қарсы алдына келіп тұрғанда, сол сәтті көтере алады ма екен?
 
Кім бойұсынған болса өлім періштесі ең жақсы кейіпте келеді. Икрима Абдуллаһ ибн Аббастан (оларға Алла разы болсын) былай деп жеткізеді: «Ибраһим пайғамбар өте қызғаншақ адам болған. Оның құлшылық жасайтын үйі болған екен. Үйінен шығарда есіктерін кілттеп кететін болған. Бірде ол үйіне келген кезде, үйдің ортасында бір адамның тұрғанын көреді. Ол: «Сені үйге кім кіргізді?»,- деп сұрайды. Әлгі адам: «Мені қожайын кіргізді»,- деп жауап береді. Сонда Ибраһим пайғамбар: «Бұл үйдің иесі мен боламын»,- дейді. Оған әлгі адам: «Бұл жерге мені сенің де, менің де Қожайынымыз кіргізді. Расында бұл үйдің иесі Сол»,- дейді. Осындай жауаптан соң Ибраһим пайғамбар былай деп сұрайды: «Олай болса, сен қандай періштесің?».  Ол болса: «Мен – Ажал періштесімін»,- деді. Ибраһим пайғамбар: «Олай болса, мүмін адамның жанын алғандағы кейпіңді көрсетесің бе?»,- деп сұрайды. Сонда періште: «Жарайды, ары қара»,- дейді. Ибраһим пайғамбар ары қарап, қайтадан алдына қараған кезде алдында жас жігіттің тұрғанын көреді. Ибраһим пайғамбар періштенің әдемілігін, ұқыптылығын көріп, оның әдемі иісін сезеді де оған былай дейді: «Ей, өлім періштесі! Егер ажалмен арпалыста жатқан мүмін адам одан басқа еш нәрсе көрмеген болса да, ол үшін сенің мына әдемі кейпің ақ жеткілікті болар еді!».
 
Ухайб былай деген: «Ажал аузында жатқан адамға амалдарын жазатын екі періште келеді. Егер ол адам өмірінде бойұсынған болса, періштелер оған былай дейді: «Алла Тағала сені бақытпен, жақсылықпен жарылқасын! Сен бізді қаншама рет жақсы жиындарға әкеліп отырғыздың, біздің алдымызда қаншама мәрте жақсы амалдар жасадың!». Егер ол адам күнәһар болған болса, екі періште оған былай дейді: «Алла Тағала саған разылығы мен пайдасын бермесін! Қаншама рет сен бізді лас жиындарда отыруға мәжбүрледің, қаншама мәрте жаман сөздерді естуге мәжбүрледің. Алла саған мейірімін танытпасын!».
 
Бұ жердегі мақсат - ажал аузында жатқан адамның көздерінің соңғы көретіндері осы екі періштеде болады. Осыдан соң оның көзі бұл өмірде ашылмайды. Үшінші қайғы күнәһарлардың ажал алдында жатып тозақтағы өз орындарын көруі болып табылады. Олардың осы сәттегі қорқуларының себебі осы. Олар ажалмен арпалысып жатқан кезде ешқандай күштері қалмайды. Олар жандарын тапсыру үшін, еріксіз беріледі. Алайда олар өлім перштесінің айқайын естімейінше, жандары алынбайынша өлмейді. Періштенің айқайымен бірге екі хабар келеді. Бұл қайғылы, қара хабар: «Ей, Алланың дұшпаны, мен саған тозақты мекендеушілерден болатының жайлы хабар беремін!» немесе «Ей, Алланың сүйікті құлы! Мен саған жәннат тұрғынынан болатының жайлы қуанышты хабар әкелдім!». Себебі Алланың Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген:
 
«Сендердің ешқайсыларың баратын жері қай жер болатынынан хабарсыз күйде бұл өмірденөтпейді, тозақтағы я жәннаттағы орны көрсетілмейінше жан тапсырмайды».

Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Алламен кездесуді қалаған адаммен Алла Тағала да кездесуді қалайды. Алламен жүздесу ұнамайтын адамды қасында алуға Алла Тағала да ынтық емес». Осыған орай, сахабалар былай айтқан: «Өлім біздердің еш қайсымызға ұнамайды ғой!..». Алланың Пайғамбары (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп жауап береді: «Бұл сендерге белгілі мағынадағы кездесу мен бірігу емес. Мүмін адамға орны көрсетілген сәтте ол Аллаға асығады. Алла да құлын қасына алуға ынтығады».
 
Хузайфа бин Йәмәннің Абдулла бин Масғұдқа (оларға Алла разы болсын) былай деп айтқаны жетеді: «Тұрып, қай уақыт болғанын қара!» Ибн Масғұд тұрып, қарап, келген соң: «Қызыл жұлдыз пайда болды»,- деді. Осыдан соң Хузайфа былай дейді: «Мені тозақтың жалынына апарушы таңнан Аллаға сиынамын».
 
Мәруан Әбу Хурайраға (оған Алла разы болсын) келіп былай дейді: «Аллаһым! Оның қайғысын жеңілдет!». Әбу Хурайра болса: «Аллаһым! Әбу Хурайраның қайғысын ұлғайта түс»,- деп дұға етеді де, жылай бастайды: «Алламен ант етемін, дүниемен айрылысып бара жатқаныма қайғырмаймын. Сендерден  кетіп барамын деп те, алаңдамаймын. Алайда мен Раббымнан екі хабар күтудемін. Біреуі – Жәннаттағы орным жайлы хабар болса, екіншісі – тозақтың жалыны туралы хабар. Осы үшін жылаудамын».
 
Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Расында, Алла Тағала құлына разы болар болса, Ол өлім періштесіне былай дейді: «Ей, Өлім періштесі! Бәлен адамға барып, оның жанын маған алып кел, Мен оны тыныштандырып, дем алдырайын. Маған оның жасаған амалдары жеткілікті. Мен оны сынадым әрі оны көргім келген жерлерден үнемі көрдім». Ажал періштесі сол сәтте жер әлеміне бес жүз періштемен бірге түседі. Ажал періштесінен өзге періштелердің әрқайсында  раушан гүлі және өзге де гүлдер толы болады. Сонымен қатар, періштелер екі қатар сап түзеп, гүлдерімен, жақсы хабар жеткізу үшін ажалмен арпалысып жатқан мүміннің жанының шығуын күтеді. Ібіліс оларға қарап, өзін-өзі жеп, екі қолын төбесіне қойып, ыңырси бастайды». Осы жерде жеткізуші өзінің әңгімесін ары қарай жалғастырып былай дейді: «Сол кезде Ібілістің әскерлері одан: «Мырзамыз, саған не болды?» - деп сұрайды. Ол өзінің әскерлеріне былай жауап береді: «Сендер мына құлға көрсетіліп жатқан мына салтанатты мақтауларды көрмей тұрсыңдар ма? Егер бұл адам сондай мақтау мен құрметке лайық болған болса сендер қайда жүрдіңдер?». Ал әскерлер Ібіліске былай деп жауап береді: «Біз қолымыздан келгенді істеп бақтық. Алайда ол бізден сақтанып, жан-жағынан қорғалған болды».
 
Хасан Басри (оған Алланың рақымы болсын) былай деген: «Мүмін үшін Алламен кездесу тыныштық болып табылады. Алламен кездесуден тыныштық табатын адамға ажалы жеткен күн - бақытты және қуанышты, құрмет пен мадақ әрі үміт күні болады».
 
Ажал аузында жатқан Жәбир бин Зәйдке былай деп сұрақ қояды: «Арманың не? Жаның бір нәрсені қалай ма?». Ол болса былай деп жауап қатты: «Хасан Басриды бір рет көрсем». Хасан Басри келген кезде оған: «Міне, Хасан Басри сенің жаныңда тұр»,- дейді. Сол кезде жан тапсырушы көзін оған қадап былай деді: «Ей, бауырларым! Мен міне-міне сендермен қош айтыспақпын. Алламен ант етемін, бұл айрылысу мені не тура тозақтың отына, не Алланың мейірімі болған Жәннатқа апарады».
 
Мұхаммад бин Уәси жан тапсырар алдында былай деген: «Егер мен Алланың мейірімі мен кешіріміне лайық болмасам, менің барар жерім тозақ болады».
 
Ал кейбір адамдар тіпті мына нәрсені қалап: «Есепке тартылу үшін қайта тірілмесек екен»,- деп кеткен. Соңғы демнің қорқыныштылығы арифтердің қорқынышты, үрейлі түстей болған. Олар үнемі сондай халде жан тапсырудан қатты қорқатын, өйткені бұл - үлкен бақытсыздық...

Оқырмандардың пікірі (0)

Скрыть Hide

Дәрістер тізімі

00:00
00:00
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi