13 бөлім: Әзірейілмен кездескен кездегі өкініш. Фактілермен баяндалған оқиғалар - Өлім мен қабірдің мінәжат құпиялары
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Күн 07:19
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:55 07:19 11:54 14:41 16:23 17:46
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024

Дәрістер топтамасы

13 бөлім: Әзірейілмен кездескен кездегі өкініш. Фактілермен баяндалған оқиғалар

13 бөлім: Әзірейілмен кездескен кездегі өкініш. Фактілермен баяндалған оқиғалар

Жарияланатын күндер Аяқталды
14 жел. 2015 12 895 0
Скачать в pdf
| A | +
Бұл жерде біз өлім алдында жатқан адамның жағдайы жайында баяндайтын боламыз: өлімнің белгілері адамның жүзінен қалай байқала бастайтындығын; әсіресе Әзірейіл періште көзіне көрінген кезде, оның өкініш пен қайғы жайында айтқан сөздерін – оларды бізге білім иелері айтып кеткен. Сонымен қатар, біз осындай хәлді бастарынан өткізгендердің кешкен сезімдерінен көріністер келтіреміз.

Аш`ас бин Асләм былай деген: «Өлім періштесінің кеі көзі болды, оның бірі жүзінде болса, екіншісі желкесінде еді. Ибрахим пайғамбар Әзірейілден: «Иә, Өлім періштесі! Екі адамның өлім уақыты бірдей келіп, бірі күншығыста, ал екіншісі күнбастыса болса не істейсің? Мәсенел бір жерде оба ауыруы тарап, ал екінші жерде қанды майдан болып жатқан болса сен бұл жағдайда не істейсің?» - деп сұрайды. Әзрейіл періште былай жауап береді: «Олардың жандарына: «Уа жандар! Алланың қалауымен маған келіңдер!» деп үн қатамын, сол кезде олар менің қасыма келіп, қолымның екі саусақтарының арасына орнығады. Мен үшін жер беті жалпақ тостаған секілді жатыр, ол жерден нені қаласам соны ала беремін».
 
Дәүіт пайғамбардың ұлы, ардақты Сүлеймен (алейхуммассалям), Әзірейілге былай деген екен: «Меніңше сен, адамдардың арасында әділдікпен әрекет жасамайсың! Бірінің жанын ала тұра, екінші адамның жанын қалдырып қоясың». Оған Әзірейілдің жауабы былай еді: «Бұл мәселеде менің құзырым сенікінен артық емес. Алайда, менің алдыма есімдер жазылған бірнеше парақ беттерін қояды, мен болсам бол тізімге сай әрекет жасаймын».

Уахб бин Мунаббих айтады: «Бір патша әлемді аздап шарламақ болады. Чтобы одеться, велел принести ему платье. Алайда, оған алып келген көйлек ұнамай қалады. Ол екінші көйлекті алып келуге әмір береді, бірақ ол да ұнамайды. Ақырында, бірнеше көйлектерді киіп көріп, ол арасынан біреуін таңдап алады да, оны киеді. Артынан ол көлік алып келуге бұйырады, алайда алып келген тұлпар оған ұнамайды. Сол сияқты, патшаға бірнеше жылқыларды көрсеткеннен соң ғана ол ең әдемі тұлпарды таңдап алады да, оған мінеді. Осы кезде Ібліс пайда болып, патшаның танауына үрлеп, тұла бойын тәкаппарлыққа, мақтаншақтық пен менмендікке толтырып қояды. Ақыры патша нөкерлерімен жолға аттанады, бірақ, жан-жағына тәкаппарлана қарап  отырады. Осы кезде оның жолын жыртық киім киген, бейшара адам тосып, сәлем береді. Патша оның сәлеміне жауап қайтармайды, сол кезде әлгі адам оның атының тізгінінен ұстап алып, жүргізбей қояды. Патша ашуланып: «Менің жолымды бөгейтіндей сен кімсің! Кет жолымнан! Тұр былай!» - деп айқай салады. Әлгі адам ат тізгінен жіберместен: ӘМенің саған бір шұғыл шаруам бар. Ол сен үшін өте маңызды!» - дейді. Патша: «Олай болса мен аттан түсейін» - дейді, бірақ әлгі адам: «Жоқ, мен шаруамды сен аттан түспей тұрғаныңда бітіруім керек» - дейді де, тізгінді жібермей қояды. Патша оған: «Олай болса шаруаңды айта бер» дейді. Адам: «Жария айтпаймын, ол – құпия»- дейді. Сол кезде патша оған еңкейіп, ал адам оның құлағына былай сыбырлайды: «Мен – Өлім періштесімін!». Патшаның беті бозарып, тілі бұратылып, көздерінен жас аға бастайды. Ол Өлім періштесіне: «Меенің балаларыма қайтуыма рұқсат берші, мен шаруаларымды бітіріп, олармен хош айтысайын» - деп жалынады.  Өлім періштесі: «Жоқ! Болмайды! Алланың атымен ант етемін – сен бұдан былай от басыңды да, байлығыңды да көрмейсің. Сен ғасырлар бойы олардан қол үзесің» - дейді де, оның жанын суырып алады. Патшаның жансыз денесі жерге құлап түседі де, Өлім періштесі жолымен кете береді.

Дәл солай ол мүмінді – Алланың бойсұнған құлын кездестіреді. Әзірейіл оған сәлем береді, ол оған жауап қайтарады. Өлім періштесі оған: «Мен саған бір шаруа жайлы айтуым керек, тек мен оны сенің құлағыңа айтқым келіп тұр» - дейді, де, мүміннің құлағына: «Мен – Өлім періштесімін!» - дейді. Мүмін адам айтады: «Қош келдің! Сен қуаныш алып келдің! Тек сәл кешігіңкіреп қалдың. Алламен ант етемін, кешіккеніңе қарамастан мен сенің ертерек келетініңе үміт артып жүрдім. Осы кездесер сәтті сағына күтіп жүрдім». Өлім періштесі оған: «Барып, қандай қажеттілікпен шықсаң, соны өтеп кел!» - дейді, сол кезде мүмін адам оған: «Алламен ант етемін! Мен үшін Раббыммен қауышудан артық еш қандай қажеттілік жоқ!» - дейді. Періште оған: «Олай болса мен саған таңдау беремін: жаныңды қандай хәлде алайын?». Мүмін оған былай дейді: «Жақсы, бірақ сен бұл нәрсеге құзырлысың ба?». Өлім періштесі: «Иә, маған сондай бұйрық келді». Мүмін айтады: «Олай болса, мен алдымен дәрет алып, намазға тұрайын, ал сен менің жанымды сәждеде жатқан кезімде ал». Сөйтіп, Өлім періштесі мүміннің жанын сәждеде жатқан жерінен алып кетеді.

Әбу Бакр бин Абдулла Музани айтады: «Исраил ұрпақтарынан болған бір адам байлық жинапты. Өлім алдында жатып, ол балаларына: «Маған менің байлықтарымды көрсетіңдер» - дейді. Балалары оған оның жылқыларын, түйелерін, құлдарын, тағы да басқа дүниесін көрсете бастайды. Әлгі адам дүниесін қимай, жылап жібереді де, өліп періштесі оны осы күйінде көреді: «Сен неге жылай бересің? Саған осының барлығын нәсіп еткен Алланың атымен айтамын – жаныңды тәніңнен ажыратпайынша үйіңнен кетпеймін!». Адам оған: «Олай болса маған мерзім бер, мен байлығымның барлығын таратып жіберейін». Періште оған айтады: «Саған енді мерзім жоқ. Бұл амалды өлімің келмей тұрып жасауға мүмкіндігің болды емес пе?». Сөйтіп, періште адамның жанын алып кетеді».
 
Мынандай аңыз келеді: бір адам өмір бойы дүние жинаумен болыпты. Әлемдегі бар байлықты жинап, зәулім сарай салып, мықты қақпамен оны жауып, күзетшілерін қойып қойыпты. Осынан кейін туыстарын, отбасын жинап, оларға тағам бергізіпті. Өзінің орындығына жайғасып отырып, аяғын аяғына лақтырып, өз-өзіне былай дейді: «Ей нәпсім! Мен саған жетерліктей дүние жинап қойдым». Осы сөздерді айта салғаны сол-ақ екен, жыртық киім киген, иығына кейедлердің асынып жүретін дорбасын арқалаған Әзірейіл періште  пайда болады. Ол қақпаны қатты қаққаны соншалық, үй ішіндегілердің зәрелері ұшып кетеді. Адам болса, орындығында жайғасып отыра бергенімен, ол да қатты қорқып кетеді. Қызметшілер қақпаға барып, кедейден; «Саған не керек!» деп сұрайды. Кедей болса: Маған қожайындарыңды шақырыңдар» -дейді. Қызметшілер: «Біздің қожайынымыздай адам саған, қарапайым адамға шығады ма?» - дейді. Ол: «Шығады» дейді. Қызметшілер қожайынына болғанды баяндап берген кезде ол ашуланып: «Оны неге қуып жібермедіңдер!» - деп айқайлай бастайды. Сол кезде Өлім періштесі қақпаны екінші рет, одан да қатты қағады. Бұл жолы қақпаға күзетшіре мен басқа жұмыскерлер жиналады, ал адам кейіпіндегі Өлім періштесі  оларға: «Менің Өлім періштесі екенімді хабарлаңдар» - дейді. Бұл сөздерді естігендердің барлықтарының қорқыныштан жүректерін мұз басып қоя берді. Енді олардың қожайндары ағарып-бозарып, үрейге басты. Ол бір қызметшісін жұмсап: «Бар да, менің жанымның орнына басқа қызметшімнің жанын алар ма екен, сұрап кел» - дейді. Алайда періште ішке кіріп, оған: «Дүниеңді не істесең соны істе, ал мен сенің жаныңды алмай кетпеймін» - деді. Адам: «Менің байлықтарымда алып келіңдер» - мдеп бұйырады. Бүкіл байлығы алдына ұсынылған кезде, ол: «Сен сияқты дүниеге Алланың лағынеті болсын! Алланың қарғысы тисін! Сен ылғи да мені Аллаға құлшылық етуден тостың. Сен ылғи мені мен менің Раббымның ортасында тұрдың!». Осы кезде Алла оның дүниесіне тіл беріп, ол былай деп сөз қатты: «Сен неге мені балағаттай бересің? Біле-білсең, менің арқамда сен патшалпр мен мемлекет басшыларымен жақсы қарым-қатынаста болдың. Ал ізгілер мен тақуа адамдарға ол мүмкін емес еді. Менің арқамда сен қалаған әйелмен уақыт өткізуші едің, мемлекет басындағылармен бірге болған едің. Сен мені жаратып, жаман жолда ысырап еттің, ал мен болсам сенен қашпадым. Егерде сен мені Алланың жолына жаратқан болсаң, мен де саған пайдалы болар едім. Мен де, адам да топырақтан жаралғанбыз. Сол себепті бір адамдар ізгілік жолында жан тапсырып жатса, екіншілері зұлымдықтың соңында өліп жатады». Өлім періштесі оның жанын алып кетті де, оның денесі сол отырған жерінде құлап қалды».

Уахб бин Мунаббих айтатын: «Өлім періштесі бір зұлым патшаның жанын алды. Жер бетінде оған тең келетін зұлым жоқ еді. Өлім періштесі көкке көтерілген кезде, басөқа періштелер одан: «Жандарын алғандардың арасынан кімді көбірек аядың?» - деп сұрайды. Ол былай жауап берді: «Маған шөл далада бір әйелдің жанын алуға бұйрық келді. Мен ол әйелге барғанымда, ол жаңадан нәресте босанған екен. Мен ол әйелдің жападан жалғыз екендігін, нәрестенің жалғыз қалғандығын қатты аяп кеттім. Ол әйелге де, нәрестеге де көңілім күйзеленді, себебі олар шөл далада еді. Анасы өлсе, нәрестенің оған қарап, бағатын ешкімі қалмас еді». Сол кезде сұрақ қойған періштелер айдаты: «Ондеше, әлгі шөл далада жападан жалғыз қалған нәресте, әлемде теңдесі жоқ, сен қазір ғана жанын алған зұлым патшаның өзі». Әзірейіл таң қалып: «Иә, қалаған құлына жұмсақтық танытып, жақсылық беретін Раббым!.. Ол кемшіліктерден пәк, әрі таза!»

Шағбан айының ортасы келшенде, Өлім періштесіне түнде бір парақ түсіріледі де: «Саған берілген парақта осы жыл бойы жандарын алатын адамдардың тізімі жазылған» - делінеді.

Ата бин Йасар айтады: «адамның есімі осы жыл ішінде өлетін адамдардың тізімінде жазылып тұрады, алайда ол оны білмейді. Сондықтан да ол терек отырғызады, үйленеді, үй салады. Бірақ өлім келеді де, оны алып кетеді».

Хасан Басри айтады: «Күн сайын Әзірейіл періште барлық үйлерді үш мәрте аралап шығады. Қай үйде әлдебір адамның ризығының таусылғанын көрсе, оның жанын алып кетеді. Марқұмның туыстары мен отбасы жылап, жоқтап отырған кезде, ол босағадан бұрылып, айтады: «Алланың атымен ант етемін! Мен оның ризығын жегенім жоқ, оның өмірін сүрген жоқпын, өлім сәтін белгілеген жоқпын. Бірақ, уақыттарың келгенше, мен сендерге келіп тұрамын, барлығыңда алмайынша келуімді тоқтатпаймын».

Хасан Басри айтады: «Алланың атымен ант етемін! Егер жоқтап отырған адамдар Өлім періштесінің дәрежесін көріп, білгенде, оның дауысн естігенде еді, олар марқұмды жайына қалдырып, өздеріне жоқтау айтар еді».
 
Иәзид Раккаши айтқан: «Исраил ұрпақтарынан болған бір зұлым тағында, отбасының ортасында отырған еді. Бірақ... Үйге біреу кіріп келді. Ашуланып, ол: «Сен кімсің? Сені үйіме кім кіргізді!» - деп айқай салады. Кірген адам: «Мені үйге қожайыны кіргізді. Маған келер болсақ, мен үшін еш қандай тосқауыл жоқ, еш қандай құлып менің жолымды жаба алмайды. Мен тіпті патшалар мен мемлекет басшыларына кіре беремін әрі олардың рұқсаттарын керек етпеймін. Мен өздерінің күштілігі, күші мен керемметтілігіне сеніп, қарсыласатындардан қорықпаймын. Еш қандай зұлым патша менің жолымды тоса алмайды, менен құтыла алмайды. Тіпті ең қорқынышты шайтан да менен құтыла алмайды!». Йәзид Раккаши әңгімесін былай жалғастырды: «Әлгі дөрекі, зұлым адам Өлім періштесінің қолында дірілдеп, бетімен қарай сұлай құлады да, басын көтеріп: «Сен – Өлім періштесісің бе?». Періште:  «Иә, бұл менмін» деді. Әлгі зұлым, ақымақ адам: «Маған бір аз уақыт бере аласыңба? Мен берген уәделерім мен міндеттерімді орындап алайын». Алайда Өлім періштесі оған былай деді: «Сенің мерзімің бітті. Соңғы сәттерің ғана қалды. Оның үстіне, сенің уақытыңды созатында мен еш себеп көріп тұрған жоқпын!». Зұлым адам: «Олай болса мені қайда жібересің?». Періште:«Жасаған амалдарыңды жұмсаған жағыңа» деді де: «Мен сені өзің салып, өзің үшін дайындап қойған үйіңе апарамын». Өған адам былай тіл қатты: «Мен ізгі амалдар жасамадым. Мен өзім үшін ол жақта жақсы үй сала алмадым». Сонда періште оған: «Олай болса мен сені жалындап жанып, миды қайнататын тозаққа апарамын. Оны суреттеу мүмкін емес!». Осыны айтып, Өлім періштесі оның жанын суырып алды да, адам отбасының көзінше құлап түсті. Жан-жағындағылары жылап қала берді. Йәзид Раккаши айтады: «Егерде марқұмды жоқтайтындар, өздерінің ақыры жайында білген болса, жоқтаулары басқаша болар еді».

Хайсама, Амеш Хайсамада естігенен былай жеткізеді: «Өлім періштесі Дәуіт пайғамбардың баласы Сүлеймену пайғамбарға келеді. Ол пайғамбардың мәжілісінде отырған бір адамға мұқият қарап тұрады да, сыртқа шығы кетеді. Бұл назарды сезіп, көрген әлгі адам мазасызданып, Сүлеймен пайғамбардан: «Ана кісі кім?» - деп сұрайды. Оның Өлім періштесі екенін естіген кезде, әлгі адам: «Ол маған көзін алмай қарағаны соншалық, мені іздеп жүрген сияқты болып көрінді» - дейді. Сүлеймен пайғамбар оған: «Олай болса, менің саған қандай жәрдемім бола алады?» - деді. Әлді адам айтады: «Мені одан құтқарғаныңды қалаймын. Желге бұйрық бер, - мені Индияның ең алыс түкпіріне апарып тастасын». Сүлеймен пайғамбар желге бұйырып, ол оның әмірін орындайды. Жел ол кісіні ұшырып алып кеткен соң, Өлім періштесі Сүлеймен пайғамбарға қайта келеді. Сүлеймен одан: «Менің мәжілісімде отырған бір адамға көз алмай қараған екенсің. Не үшін?». Өлім періштесі айтады: «Иә, маған ол адамның жанын дереу алу бұйырылды, ал жанын Индияның бір алыс түбінде алуым керек еді. Ал мен болсам, ол адамды сенің маңыңнан таптым. Сол себепті мен абыржып қалған едім» - деген екен.

Оқырмандардың пікірі (0)

Скрыть Hide

Дәрістер тізімі

00:00
00:00
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi