22 бөлім: Қабір азабы және Мүңкәр мен Нәкір періштелердің сұраққа алуы - Өлім мен қабірдің мінәжат құпиялары
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Күн 07:19
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:55 07:19 11:54 14:41 16:23 17:46
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024

Дәрістер топтамасы

22 бөлім: Қабір азабы және Мүңкәр мен Нәкір періштелердің сұраққа алуы

22 бөлім: Қабір азабы және Мүңкәр мен Нәкір періштелердің сұраққа алуы

Жарияланатын күндер Аяқталды
21 қаң. 2016 39 792 0
Скачать в pdf
| A | +
Бара бин Азиб (Алла одан разы болсын) төмендегідей баяндаған: "Біз Алла Елшісімен (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бірге ансарлардан болған бір кісінің жерлеуіне қатысқан едік. Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) оның қабірінің басында басын төмен салбыратып отырып, үш мәрте былай деді: "Я, Раббым Алла! Мені қабір азабынан қорғауыңды тілеп, пана сұраймын". Сосын былайша жалғастырды: "Егер мүмін кісі тірі күнінде тақуа болып, дұрыс ғұмыр кешкен болса, ол өлім аузында жатқанда Алла Тағала оған жүздері күн секілді жарқырап тұратын жүздеген періштелерді жібереді. Періштелер қайтыс болған адамға жұпар иісті әтір мен кебін алып келеді. Сосын олар өлім аузында жатқан адамның қасында күтіп тұрады. Ал адам жанын Раббысына тапсырған кезде көктер мен жердің арасындағы періштелер және көктегі әрбір періште ол үшін дұға етеді. Көктің әрбір қақпасы оған ашылып, сол қақпа арқылы әлгі кісінің өткенін қалап тұрады. Қайтыс болған кісінің жанын періштелер көкке әкетіп бара жатып былай деп айтады:
 
"Я, Раббым! Сенің мынадай деген құлың келді". Ал Алла Тағала оларға былай жауап береді: "Оны қайта алып кетіңдер. Алдымен оған Мен дайындаған игіліктер мен сауаптарды көрсетіңдер. Өйткені Мен құлыма былайша сөз бергенмін: "Одан (топырақтан) сендерді жараттық. Оған қайтарамыз да екінші рет содан шығарамыз". ("Таха" сүресі, 20/55)
 
Қайтыс болған адамның денесін қабірге қойғаннан соң, ол адам өзін жерлеп, кейін ол жерден қайтып бара жатқан жақындарының қадам дыбыстарын естіп жатады. Оған мынадай сөздер айтылғанға дейін ол барлық нәрседен хабардар болып жатады: "Әй, пәленше деген пенде! Сенің Раббың кім? Дінің не? Пайғамбарың кім?"
 
Мүңкәр мен Нәкір періштелер соңғы сынақ ретінде оның денесін қысып жібереді. Қайтыс болған адам Мүңкәр мен Нәкірдің сұрақтарына мынадай жауабын береді: "Раббым – Алла, дінім – Ислам, ал пайғамбарым – Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)". Ол осылай жауап бергенде бір дауыс оған былай дейді: "Сен өте дұрыс айттың!" Бұл сөздер Алла Тағаланың мынадай сөздерінің мағынасы болады. Раббымыз Алла Тағала былай деген: "Алла Тағала сондай иман келтіргендерді, дүние тіршілігінде де, ақыретте де мықты сөзбен бекітеді. Алла залымдарды адастырады. Сондай-ақ Алла қалағанын істейді". ("Ибраһим", 14/27)
 
Осыдан кейін оған әдемі киім киінген, жұпар әтір сепкен, ажарлы біреу көрінеді де, былай дейді: "Алланың рахымшылығымен саған жәннат бақтары жайлы керемет хабар айтайын. Сені жақсы хабармен құттықтаймын! Бұл – мәңгілік игіліктері болатын жәннат бақтары. Онда сен бақыт пен шаттықта болуың үшін!". Осындай керемет жақсы хабарды алған қабірдегі адам былай сұрайды: "Сен кімсің? Сені де Алла Тағала бар жақсылықпен қуандырсын!". Әлгі болса былай жауап береді: "Мен – сенің игі амалдарыңмын. Алланың атымен ант етемін! Сені әрдайым Аллаға мойынсұнған, тақуа құл ретінде көріп келдім, сен Аллаға ризашылық танытпайтын, Оған наразылық айтатын жерлерден аулақ жүрдің. Саған Алла игілігін нәсіп етсін!"
 
Бұл хадисті жеткізуші кісі ары қарай былай баяндайды: "Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: "Сосын біреу былай деді: "Оған жәннаттан төсеніш әкеліңдер және оған жәннатқа жетелейтін есікті ашыңдар". Сол мезетте оған жәннаттан төсеніш әкелініп, жәннат есіктерінің бірі ашылады. Мұны көрген Алланың құлы былай дейді: "Алла Тағалам! Тезірек мен жанұяммен кезігуім үшін әлем төңкеріліп кетсе екен!"
 
Ал Аллаға сенбеген адамға келер болсақ, ол өлім аузында жатқан кезде оған от пен қара шайырдан тоқылған жейде киген періштелер келеді. Адам өлім аузында болып, қиналып жатқан кезде әлгі періштелер оның көз алдында оны күтіп тұрады. Оның жаны денесінен шығар-шықпас көктер мен жер арасындағы бүкіл періштелер және көктегі әрбір періште оны лағынеттеп тұрады. Көктегі барлық қақпалар бірі қалмастан оның көзінше қарс жабылады. Оның өтуіне ешқандай есік келіспейді. Ешбір қақпа оған разылығын танытпайды. Азап періштелері оның жанын апара жатқанда оны кері қарай ысырып, сыртқа лақтырады. Сосын оған былай делінеді: "Раббым Алла! Бұл – мынадай деген құлдың жаны. Оны не жерде, не көкте қабылдамай жатыр!" Алла Тағала былайша бұйырады: "Оны кері алып кетіңдер. Оған дайындаған қаталдықты өзіне көрсетіңдер. Себебі мен былай деп сөз бергенмін: "Одан (топырақтан) сендерді жараттық. Оған қайтарамыз да екінші рет содан шығарамыз". ("Таха" сүресі, 20/55)
 
Бұл кісі де оның қабірінен алыстап бара жатқан қадам дыбыстарын естіп жатады, сосын Мүңкәр мен Нәкір періштелері оған былайша сұрақтар қояды: "Мынадай деген адам! Сенің Раббың кім? Дінің не? Пайғамбарың кім?" Осы сұрақтар қойылғанда жаңағы адам тек: "Мен білмеймін", - деп қана жауап береді. Оған: "Иә, сен білмейсің!" – дейді. Сосын оның қасына үстінен жаман иіс аңқыған, жиіркенішті киім киген, түрі жаман біреу келіп, оған былай дейді: "Саған Алланың ашуланғанғаны мен қаһары жайлы және сен мәңгілік көретін азапты қиыншылықтар жайлы жаман хабарды саған жеткіземін!" Ал анау адам былай дейді: "Сен кімсің? Сен қайдан келдің? Алла зор жаманшылықтарды саған "сыйға тартсын"!" Ал түрі қорқынышты әлгі болса оған былай жауап береді: "Мен – сенің лас, жаман істеріңмін, сен мені тірі күніңде жер бетінде жасағансың. Алланың атымен ант етейін, сен Аллаға қарсы шығуға және наразылық білдіруге алдыңа жан салмаушы едің, және керісінше, Оған мойынсұнуға тырыспадың да. Енді Алла істегеніңе орай жазаңды берсін. Ол Өзінің қаһарын арттырып, сенің сазайыңды тартқызсын!". Ал адам оған: "Сенің маған айтқан нәрселеріңнің баршасын өзіңе қайтарамын, Алла сені де жазаласын!" – дейді. Осыдан кейін оған қолында темір шоқпары бар, соқыр, мылқау, керең біреу келіп, шап береді. Егер барша жындар мен адамдар жиналып, барлығы бірге жаңағы шоқпарды оның қолынан алғысы келсе, ешбірінің де оны жылжытуға күші жетпес еді.
 
Егер ол шоқпармен тауды ұрар болса, тау сол мезетте шаң-тозаңға айналар еді. Енді сол шоқпармен қабірдегі адамды соғатын болса, ол күл-тозаңға айналады. Кейін жаны қайтадан адамға қайтарылады. Сосын әлгі шоқпармен адамның шекесінен ұрылады, адамдар мен жындардан басқа әрбір жаратылыс иесі соғылған адамның шыңғырған даусын естіп тұрады. Кейін бір дауыс пайда болып: "Тозақтан болған екі төсенішті бұл адамға жайыңдар да, оған тозаққа апаратын есікті ашыңдар", - дейді.
 
Мұхаммед бин Әли былай деген: "Кімде-кім қайтыс болған кезде, оның жер бетінде жасаған ізгі я болмаса жаман амалдары басқа бір кейіпке еніп, оның көзіне көрінеді. Адам өзінің ізгі амалдарына көз алмай қарап тұрады, ал жаман істеріне қарағысы келмей, көзін тарта береді".
 
Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны Әбу Хурайрадан (Алла одан разы болсын) жеткен: "Мүмін кісі өлім аузында жатқан кезде оған райхан гүлдерінің гүлшоғы мен жұпар иіссу салынған, жібектен тоқылған себетпен періштелер келеді. Мүміннің жаны тәнінен құдды майдан тал шыбықты суырып алғандай шығады. Оның үстіне, оның жанына былай делінеді: " Уә, тыныштық тапқан, сенімділікке жеткен жан! Разы болған күйде және рахаттанып шық. Алла Тағалаға бар, Оның жайдарман қабылдауына бар". Мүміннің жаны жұпар иіссу мен райхан гүлдеріне қойылады, ал үстіне жібек жабылады. Осылайша ол "илийин" деп аталатын жәннат бақтарының ең жоғарғы дәрежесіне жеткізіледі. Ал кәпір болса, ол өлім аузында жатқанда оған отқа толған себет ұстаған періштелер келеді. Олар адамның жанын дөрекі түрде жұлып шығарып алады да, былай дейді: "Әй, жексұрын жан! Алланың мейірімінен алшақтаған күйде, азапталып шық, сен Алланың жазасы мен азабын көресің!" Оның жаны тәнінен шыққан кезде, жаны тозақ отынан болған көмірдің үстіне қойылады. Осылай отқа жанып жатқан күйде үстіне ескі-құсқы бір шүберек тасталады да, оны "сиджин" деп аталатын тозақтағы бір орынға әкетеді.
 
Мұхаммед бин Қаъба Куразидің мынадай аяттарды оқығаны жеткен: "Ақыр олардың әрбіріне өлім келген сәтте: "Раббым! Мені дүниеге қайтар!" "Мүмкін мен қалдырған дүниеде жақсы амал істермін." Әсте олай емес. Рас бұл, оның бір айтқан бос сөзі. Өйткені, олардың артында қайта тірілетін күнге дейін бөгет бар". ("әл- Му`минун", 23/99-100).
 
Алла Тағала айтады: "Сен не қалайсың? Неге талпынасың? Сен қайтадан дүние-байлық жинау үшін артқа қайтқың келеді ме? Сен жерге бір нәрсе егу үшін қайта қайтпақшысың ба? Сен биік зәулім ғимараттарды соғу үшін оралмақсың ба артқа? Ақша жұмсау үшін бе? Каналдар жүргізу үшін бе? Айт,қане, не үшін артқа қайтқың келеді?" Ал құл былай деп жауап береді: "Жоқ, мен бұл істердің бірі үшін де қайтқым келмейді. Мен тек тірі күнімде мән бермеген, жасамаған ізгі амалдарды жасау үшін ғана артқа қайтқым келеді". Құлының мұндай жауабынан кейін Ең Құдіретті болған Раббымыз оған былай деп айтады: "Жоқ! Сенің айтқаның енді еш уақытта болмайды!" Өйткені әлгі адамның айтып отырғаны тек бос сөздер ғана болады. Адам бұл сөздерді өлім аузында қиналып жатқан кезінде айтады".
 
Әбу Хурайра былай деп айтқан: "Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: "Мүмін кісі өзінің қабірінде болғанда жасыл, жаймашуақ бақшада болады. Оның қабірі жетпіс аршынға кең болады әрі он төртінші түні ай қалай жарық болса, солай жарық болып тұрады".
 
Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларынан мына бір сөздері бар аят қандай адамға қатысты түскенін біліп-білмейтіндіктерін сұрайды: "Шүбәсіз, олар үшін берекесіз, шектеулі өмір болады..." Сахабалар: "Алла және Оның Пайғамбары дұрысын біледі", - деп жауап береді. Сонда Пайғамбар былай дейді: "Бұл – кәпір адам қабірде болғанда көретін азаптары. Оған тоқсан тоғыз айдаһар шабуыл жасайды. Айдаһар не екенін сендер білесіңдер ме? Олар – тоқсан тоғыз жыландар. Әр жыланның жеті-жетіден бастары болады. Жыландар адамның тәнін бүкіл жерінен өздерінің уын салып, шаға береді. Олар оның денесіне кіріп-шығады. Бұл жағдай барлығы қайтадан тірілгенге дейін, Қиямет күніне дейін жалғасады".
 
Осы жыландарға қатысты қабір азаптарының сипаттамасына қайран қалудың еш қажеті жоқ. Адамның бойында мына жаман қасиеттер бола тұра бұған таңқалу дұрыс болмайды: жаман мінез, тәкаппарлық, менмендік, екіжүзділік, сабырсыздық, көреалмаушылық, кекшілдік, қастандық және басқа да жаман қасиеттер.
 
Жауыздық пен кеселдің түбі бар екені белгілі. Олар сол түптерімен өсіп-өніп, көбейеді. Осы тамырларын жайған жауыздық пен кесел және олардан шыққан тармақтар көптеген бөліктерге бөлінеді. Осы жаман қасиеттер мен құрдымға апаратын жаманшылықтар адамның өмірін тас-талқан етуге жеткілікті және адам бір құрдымнан басқасына тап болуға да жетерлік. Осы жаман қасиеттердің өздері-ақ шаяндар мен жыландарға айналып кетеді. Тіпті олардың ең жаман зорының жалғыз өзі ғана адамды жылан шағып алғаннан да бетер улануына жетерлік болады. Ал әлсіздерінің шағуы шаянның шағуымен тең болады. Орташалары болса адамды қарапайым жылан шаққандай шағады.
 
Сырға толы ілімді білушілер осы ақиқатты өздерінің көкірек көздерімен және көрегендігімен біле алады. Олар бұл қиыншылықтарға тап болудың қауіптілігін жақсы түсінеді. Алайда мұның барлығын ұғыну оңай шаруа емес. Оларды тек пайғамбарлық қасиеттермен білуге болады. Оларға белгілі тараптардан басқа бұл мәлімдеменің жасырын жақтары да бар. Алайда олардың барлығы білімді кісілерге белгілі.
 
Егер де кімде-кім мұны қабылдай алмаса, шынайы мәні мен мағынасын түсіне алмаса және ақиқат оларға анық, айқын көрінбесе, олар оны тәрк етіп: "Мен көрмей тұрмын", -  деп айтуы дұрыс болмайды. Ал иманның ең төменгі дәрежесі бізге жеткен хабарларға сеніп, растау және соған мойынсұну емес пе. Мынадай сұрақ туындауы мүмкін: "Біз иман етпеген адамдарды белгілі бір уақыт бойынша бақылаймыз, бірақ хадистерде айтылған олардың өлімі мен қабірде болуларына қатысты еш нәрсені көре алмаймыз. Ал адам көрмегенін қалай дәлелдей алады? Ол мүмкін бе?"

Мұндай жағдайда ақиқатты дәлелдеудің үш тәсілі болуы мүмкін.
 
Бірінші әдіс. Бұл – ең дұрыс, сенуге болатын анық әдіс. Осы әдіске орай, адам мәселеге өз көзімен көріп тұрғандай, дұрыс, тура әрі әділетті қарауы тиіс. Яғни, мүмін кісі қабірдегі болатын азаптарды, шаян, жыландар және сол сияқтылар адамды шағып, оны қинайтынын біледі және мойындайды. Алайда, оған қарамастан, біз оның барлығын өз көзімізбен көре алмаймыз. Сонымен қатар, бес сезім мүшелері арқылы да сезе алмаймыз және оны тәжірибеге сала алмаймыз. Себебі періштелер әлеміндегі болып жатқан оқиғаларды көретін қасиетке біздің көздеріміз ие емес. Біздің көздеріміз тылсым дүниеге байланысты нәрселерді көре алмайды. Өйткені мұның барлығы рухтар әлеміне қатысты.
 
Ардақты Пайғамбырымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сахабалары жайлы ойлаңыздар. Олар Жебірейіл періштенің (алейхиссалям) Алла Елшісіне (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) келгеніне сөзге келместен, анық әрі бірден сенді. Ал бірақ олардың ешбірі Жебірейілдің (алейхиссалям) келгенін өз көздерімен көрмеген. Олар ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) оны көргендігіне нық сенді әрі оны құптады.
 
Егер бұл ақиқатқа сенбесең, онда діннің негізін құрайтын Алладан келген уахи мен періштелер жайындағы ақиқатқа деген иман мәселелесі сен үшін басымды маңызда болуы керек. Бұл сен үшін өте маңызды болып табылады. Ең алдымен,  сен бұл мәселедегі өзіңнің сеніміңді дұрыстауың қажет. Егер сен осы ақиқатқа сенсең, онымен қатар ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өзінің үмметі көрмеген нәрсені көргеніне сенсең әрі оны қабылдасаң, онда оның (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өлілерге қатысты айтқан хабарларына сенбегенің дұрыс болады ма? Бұл сенің адасуың болады емес пе? Міне, періштелер адамдар мен жер бетіндегі басқа да тіршілік иелерінің ешбіріне ұқсамайтыны секілді қабірдегі адамдарды шағатын жылан-шаяндар да жер бетіндегі біз білетін шаяндар мен жыландарға ұқсамайды. Керісінше, олар тіпті басқаша және оларды тек ерекше қабылдау қасиеттерінің көмегімен ғана сезуге болады. Ал бізде ондай сезім қабілеті жоқ, сондықтан оларды тани да алмаймыз, түсіне де алмаймыз.
 
Екінші әдіс. Бір адам өзін жылан шағып жатқанын түсінде көріп жатыр деп елестетіп көрелік. Бұл нәрсе түсінде болып жатса да, әлгі кісі қатты ауыруды сезініп жатады. Кейбір кездері тіпті кей адамдар қиналғаннан айқайлап жіберіп, су терге түсіп оянып жатқанын байқауға болады. Кейде адам тіпті дәл сол жерге қайта жатуға қорқады немесе қайта ұйықтамай қояды. Міне, адам түсінде бұл нәрселерді көрсе де, қатты қиналып, азап шегеді, порша-порша терлеп оянады, тіпті оның жан даусын ести тұра неліктен басқалар оған көмектесуге келмегенін ол сұрай бастайды. Ояу адам жылан шаққанда қалай қиналса, жаңағы адам да түсінде солай қиналады. Ал сол мезетте сырттан бақылап тұрған адам оның қиналып жатқанын білмейді, ұйықтап жатқан кісі жайбарақат жатыр деп ойлайды. Оның қасында ешқандай жылан жоқ екенін де көріп тұрады. Ал ұйықтап жатқан кісі үшін қасында жылан бар және өзін шағып жатыр. Ұйқыдағы кісі әбден қиналып, тіпті содан денесі құрысып та қалады. Сергек тұрған адам мұны сезіне алмайды, себебі ол оны көріп те, біліп те тұрған жоқ. Ауыру мен қиналу жыланның шаққанынан болғаны үшін, жыланның көзбен көруге болатын кәдімгі жылан ба әлде қиялдағы жылан ба екені маңызды емес. Олардың кез-келгені адамды бірдей қинайды және адамның одан сезетін ауруы бірдей.

Үшінші әдіс. Жыланның өзі адамға ауру, азап пен жапа бере алмайтыны – белгілі ақиқат. Жылан шаққаннан пайда болатын ауыру оның уынан келеді. У аурудың көзі емес деп те айтуға болады. Керісінше, бұл ауру удан адамның денесінде пайда болады. Адам жылан шаққаннан болатын сияқты ауыруды сезінгенде алғашқы сәтте оны сипаттай алмай қалады. Алайда мұндай ауыруды сезінген адам оны түсіндіруге басқалай себептерді табады. Мұны басқаша бір мысалмен түсіндіріп көрейік. Мысалы, адам тікелей жыныстық қатынасқа түспей, өзінде ләззатты сезінсе, бұл сезімді түсіндіру үшін және оған анықтама беру үшін оны сөзсіз қосылумен салыстырушы еді. Себебі қандай да бір мәселені басқа бір нәрсемен салыстырып, байланыстыру оған анықтама беру мен себебін түсіндіру үшін қажет. Осылайша себептің нәтижесі шығады, бірақ себеп болмауы да мүмкін, мысалы, жыныстық қатынас тікелей болмаған болуы да мүмкін.
 
Міне, осылай, тақырыбымызға арқау болып тұрған, адамды құрдымға кетіретін ең басты қауіптіліктер, ол адам өлім аузында жатқанда оны қинап, оған қасірет тудырған күйде алдына тап болады. Адамның сол мезетте сезінетін ауруы құдды жыланның шағып алғанына ұқсайды, алайда ешқандай жылан болмайды.
 
Мұндай ауыру, қиналыс, күйзелісте болатын адамның қалпы сүйіктісі қайтыс болып, одан айырылып қиналған, есеңгіреген адамның қалпына ұқсайды. Махаббат адамға рахаттылық пен ләззат сезімін береді, ал өлімнің келуімен ғанибетті әкелген нәрсе ендігі кезекте оған бірден қайғы мен қасіретті, қиналысты тудырады. Бұл – қайтыс болған адамның көретін қиналыстарының бірі ғана. Себебі адам тірі күнінде өзін, өзінің тұлғалық бейнесін жақсы көрген болатын. Яғни адам өзін емес, өзінің байлығын, кірісін, дәрежесін, бала-шағасын, жақындарын, білімін ойлаған болатын. Ол олар үшін барлығына даяр еді. Өйткені ол осының барлығын сүйетін. Егер осындай махаббатпен өмір кешкен адамнан барлық нәрсесін алып қойсақ, оның сол кездегі жағдайын қалай түсіндіруге болады? Барлық нәрсесінен айырылған адам қайғы-мұңға батып, түңіліп кетеді емес пе? Оның рухани күйзелістері мен қайғысы артып кетпейді ме? Баршасынан айырылғандықтан қайғырған ол былай ойлайды: "Менің осындай байлық-дәулетім, дәрежем, жақсы жағдайым болмағанда жақсы болар еді. Одан да менде ештеңе болмағанда ғой. Сонда мен былайша қиналмас едім, осыншама күйінбес едім".
 
Мінеки, өлім дегеніміз – адам тірі күнінде жақсы көрген нәрселерінің барлығынан айырылу деген сөз. Өзінің сүйіктілерінен, достарынан және басқа да барша нәрседен алыста болады. Ажалдың келуімен ол осының барлығымен бір мезетте айырылады.                                       
 
Бір ақын былай деген екен:
 
"Тек тұрмыс үшін ғана өмір сүрген адам өзін қалай сезінеді екен?
Ол бейбақ сол нәрсені жоғалтып, өзін ақымақ ретінде сезініп тұр!"
 
Адам өмірді тек жалғыз дәулет деп қана түсініп ғұмыр кешті, әрі ол өзінде бар нәрселер мен өмірге құштар болды. Дүнияуи нәрседен басқаны көздері көрмеді. Осындай жағдайда болған адамнан барлық нәрсесі алынады да, оның қарсыластарына беріледі. Оның үстіне, адамнан бұл алынған нәрселерінен басқа, ол жіберіп алған о дүниелік игіліктер мен нәсіптер бар. Осының барлығы ол адам мен Алла арасына кедергі салады. Себебі Алладан басқа нәрсені сүю Алла мен өзінің арасына кедергі болу дегенді білдіреді. Бұл деген – Алланың мейірімі мен рахымшылығынан мақрұм қалу деген сөз. Ендігі кезекте адамның көретіні тек қайғы-қасірет пен рухани күйзеліс болады. Ол адам осы пәлекеттердің барлығынан құтылсам деген үміті себебінен әбден жабырқайды. Бұл жабырқау – мәңгілік өмірге қатысты игіліктерден қапы қалып, мүмкіндігін жеткізіп алғаннан пайда болатын уайым болады. Енді барша ақиқатқа оның көзі жетті. Алла өзін қабылдамай жатқанына, өзі мен Алла арасында бөгет барына ол әбден қынжылып, мұңға батады. Бір жағынан оны айырылысу сезімі оттай өртейді, ал екінші жағынан тозақ оты күтіп тұрады. Алла Тағала айтқан:
 
"Негізінде олар ол күні Раббыларының дидарынан мақрұм қалады. Сосын олар, әлбетте тозаққа кіреді" ("әл-Мутаффифин, 83/15-16)
 
Алайда Раббысын сүйген әрі Онымен жүздесуді сағынышпен күтіп жүрген құл мына алдамшы өмірден, нәпсі арбайтын дүнияуи нәрселерден өзін құтқара алды. Енді бұл адамдар дүнияуи қайғы мен құмарды ысырып қойып, сүйікті Раббыларына қарай тырмысып бақты. Олар барша қауіптерден Оның құтқаратына сеніп, Алланың рахымшылығы мен игіліктерін мәңгілікке арттырып, көбейтті. Бұл жерде мынадай нәрсеге мән бергеніміз жөн.

Мысалы, адамның бір тұлпары бар делік және ол оны қатты жақсы көреді. Ол адамға мынадай таңдау жасау ұсынылады: "Саған таңдау жасатамыз: не біз сенің атыңды аламыз, не болмаса сені бір шаян шағып алуына келісесің". Адам осы таңдауда  шаянның шағуынан пайда болатын ауруға шыдап, сабырлық танытады да, өзінің тұлпарын сақтап қалады. Себебі өзі жақсы көретін атынан айырылу сезімінен қиналуы шаянның шағуынан да бетер қиын болады. Осы себептен ол атын сақтап қалғысы келеді. Ол атын жақсы көргені соншалық, егер одан атын алып қоятын болса, өзін жаман сезініп, терең қиналысқа түсіп, әбден қынжылады. Енді адам өзін шаян шағып алатынына даяр болуы керек. Өйткені ажал адамды атынан да, үйінен де, жанұясынан да, бала-шағасы, жақындары, сүйіктілерінен де айырады. Одан бөлек, өлім оны дәрежесі мен атақ-даңқынан айырады...Ол құлағынан, көздерінен және барлық мүшесінен айырылады. Өлім барлық нәрседен айырып, өзімен алып кетеді. Енді ештеңе қайтып келмейді, бұған барша үміт те үзіледі. Егер адам бұл айырылатын нәрселерінен басқа нәрсені жақсы көрмесе, онда бұл адамның жағдайы шаян-жыландардың шағып алуынан да жаман болады. Бұл жағдай оған одан да зор қайғы-қасіретті, уайым-күйзелісті әкеледі.
 
Адам тірі кезінде жақсы көретін нәрселерінен айырылып қалғанды бір мезет елестетіп көріңізші. Расында, бұдан адам қатты қиналады және жан шыдатпас рухани күйзеліске ұшырайды. Міне, адам қайтыс болған кезде де көретін жағдайы бұдан мәз емес. Себебі ой жоқ болып кетпейді және өлмейді де. Ол бар болуын жалғастыра береді. Адам қайтыс болған кезде сезінетін қайғысы мен қасіретін мына дүниедегі қайғымен ешқалай салыстыруға болмайды. Өйткені тірі адам бұл қайғысынан өзін жұбату үшін басқа нәрсе таба алады. Әрқалай нәрселермен, сөздермен адам өзіне үміт беріп, жұбатып, көңілін аулауы мүмкін. Бір кездері жоғалтатын басқа бір затпен өзін жұбата алуы да мүмкін. Ал ол қайтыс болғаннан кейін ешқандай үміт те, жұбаныш та болмайды. Себебі ажал барлық жолға бөгет жасап қояды. Үмітсіздік пайда болады.
 
Егер адамнан оның киімін я болмаса беторамалын біреу алып қойса, ол одан жаман болып қалады, бірақ айтарлықтай қатты қиналмайды. Яғни адамның мына өмірдегі жүгі жеңіл болса, ол құтылады. Мақалдың мағынасы мынадай: "Жүгі жеңіл адамдар құтылады!" Егер адамның жүгі ауыр болса, соған орай көретін қиналысы мен қайғысы да ауыр болады.
 
Басқа бір мысал келтіріп көрейік: алтын тиынын ұрлатып алған адам мен он тиынын ұрлатып алған адамның қайғысы бірдей емес. Дәл солай, бір тиынын жоғалтып алған адамның қайғысы бір теңгесін жоғалтып алған адамның қайғысынан жеңіл болады.
 
Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бұл ақиқатты бір хадисінде былайша айшықтаған: "Бір дирхамы бар адамның есебі екі дирхамы бар адамның жауапкершілігінен жеңіл болады".
 
Ойлап көріңіз: егер өлім келген кезде сенің артыңнан бір нәрсе қалса, сен қайтыс болғаннан кейін ол саған қайғы мен өкініш ретінде оралады. Қаласаң, өзіңде бар нәрсені көбейт, қаласаң, азайт. Егер оны көбейтейін десең, расында сен ештеңені көбейте алмайсың. Сенің көбейткенің тек өкініш пен қайғы, бармақ тістеумен ғана өзіңе қайтып келеді. Ал егер сен оны азайтатын болсаң, онда сен тек мойныңдағы жүгіңді жеңілдетесің. Сол себепті мына алдамшы өмірмен ғана ғұмыр кешкен бақуатты жандардың қабірлерінде жылан мен шаянның саны артады. Сіздердің назарларыңызға ұсынылған бұл мысалдар иман мен сенімге байланысты. Бұл баршамыздың білуіміз керек және сенуіміз қажет нәрселер.
 
Әбу Саид Худри (Алла одан разы болсын) бұрын қайтыс болған баласын түсінде көреді. Ол баласына былай дейді: "Құлыным, маған бір өсиет айт!" Баласы оған: "Алланың бұйырғанының ешбіріне қарсы келме!" – дейді. Әкесі оған былай айтады: "Балам! Жалғастыр, мен көбірек насихат тыңдағым келеді!" Ұлы: "Әкетай, саған бұл жетерлік. Менің айтатын нәрселеріме шыдай алмайсың!" – дейді. Сонда әкесі былай айтады: "Басқа бір нәрсе жайлы айт!" Оған баласы былай деп жауап қатады: "Өзің мен Алланың арасында тіпті бір мата тәрізді де бөгет болмасын!"
 
Бұл үш тәсілдердің қайсысы дұрыс? Біздің жауыбымыз мынадай: кей адамдар ғана бірінші тәсілді қабылдаған, ал қалған екеуін тәрк еткен. Ал кейбіреулер болса, екінші тәсілді қабылдап, алғашқы тәсілден бас тартып, үшіншісін де тәрк еткен. Ал басқа бір адамдар тек үшінші тәсілді ғана қабылдап, қалған екеуін мойындамаған. Ал өзімізге келер болсақ, бұл мәселені жан-жақты қарастырса, көреген адамдар үшін үш тәсіл де мүмкіндік шеңберінде болады. Ал үшеуін де мойындамау адамның ақылының шектеулігінен және Алла Тағаланың Құдіретінің шексіз екендігін ойламағандықтан туындайды. Бұл Оның ғажайыптарын білмегендіктен пайда болады. Жағдаяттарды қажетті түрде түсінбейтін және Алламен жүздескенде Оған деген жақындығын, құштарлығын сезбейтін адам Алланың ғажайып әрекеттерін мойындамайды дегеннің мағынасы осында. Бұл нәрсенің барлығы адамның кемел емес екендігін білмегендіктен болады. Азап шегу мен қайғы-қасірет көру жөнінде айтар болсақ, бұған қатысты айтылып отырған үш жол болуы мүмкін. Оларды шариғи заңға сәйкес бекітіп, олардың дұрыстығы мен әділдігін қабылдау керек.
 
Азап-бейнеттің бір ғана түрін көретін қаншама адамдар бар десеңізші! Адамға есесін берудің бұл үш тәсілінің әрқайсысын тататын құлдар қаншама! Олар көп болады ма, аз болады ма, Алла Тағаладан бізді құтқаруын тілеп, пана сұраймыз.
 
Міне, ақиқат осындай. Ең болмағанда осы мысалдарға еріп, олардың дұрыстығы мен әділеттілігін мойындаңыз, қабылдаңыз. Алайда бұл айтып отырғандарды шынайы білетін адамдар жер бетінде өте аз. Менің айтқым келгені келесідей: "Барлығын егжей-тегжейлі қарастыруға күш-жігерімізді босқа құртудан Аллам Өзің бізді сақтай гөр! Жасырын нәрсені анықтап, оны білуге тырыспай-ақ қойыңдар!" Ал жасауымыз қажет нәрселер мынадай: Алланың берер азабы қандай болса да, одан құтылуға асық және одан алшақ қылатын жолдарды ізде. Егер барша еңбегің мен қызметіңді шетке ысырып қойып, жасырын және ұйғарынды нәрселердің мағынасын анықтауға тырысатын болсаң, сенің жағдайың дәл мынадай болады: бір адам сұлтанның қолына тұтқынға түсті делік. Ол зынданға тасталды. Сұлтан оған жаза ретінде оның білегі мен мұрнын шауып тастауды бұйырды. Алайда бұл бейбақ ол жайында емес, таңға дейін "қызық екен: бұл сұлтан менің қолым мен мұрнымды пышақпен кесе ме екен әлде қанжармен кесе ме екен? Мүмкін олармен емес, ұстарамен кесетін шығар?" деп ойлап жатады. Ал бірақ ол негізінде былай ойлауы керек еді: "Осындай азапты көретіндей мен не істеп қойдым? Бұл азаптан өзімді қалай құтқара аламын?.."
 
Мынадай болатыны рас және анық: құл қайтыс болғаннан кейін оны не үлкен жаза күтіп тұрады не болмаса зор сауап болады. Ақыл иелері өздерін осыған дайындау керек. Ал азапталу мен сауап алуды егжей-тегжейлі, қалай болатынын анықтап, зерттеу – тек бос әурешілік, қисынсыз іс және уақытты босқа кетіру болады. Осы ақиқатты баршамыз біле жүрейік.

Оқырмандардың пікірі (0)

Скрыть Hide

Дәрістер тізімі

00:00
00:00
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi