20 бөлім: Тақырыпқа қатысты аяттар мен хадистер - Өлім мен қабірдің мінәжат құпиялары
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Күн 07:19
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:55 07:19 11:54 14:41 16:23 17:46
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024

Дәрістер топтамасы

20 бөлім: Тақырыпқа қатысты аяттар мен хадистер

20 бөлім: Тақырыпқа қатысты аяттар мен хадистер

Жарияланатын күндер Аяқталды
14 қаң. 2016 29 410 0
Скачать в pdf
| A | +
Тақырыпқа қатысты аяттар мен хадистер
 
 
 
Раббымыз Алла Тағала Қасиетті Құран Кәрімде дін жолында шейіт болғандар, шахидтер жайында былай дейді: "Алла жолында өлтіргендерді өлі деп ойлама, әрине олар тірі. Раббыларының жанында олар ризыққа бөлендіріледі. Олар Алланың кеңшілігімен өздеріне берген нәрселеріне мәз-мейрам болады да, әзірше өздеріне қосылмай арттарында қалғандарды да: «Оларға қорқыныш жоқ әрі олар қайғырмайды» деп шүйіншілегілері келеді ". ("Әли Имран" сүресі, 3/169-170)
 
Құрайыш тайпасының ең басты басшыларынан болғандар Бадр шайқасында мерт болғаннан кейін, Алла Елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) оларға былай деп айтады: "Уә, пәленше деген жан, түгенше деген жан...! Раббым маған уәде еткендерді мен таптым да, көрдім және ол – ақиқат. Ал сендерге Раббым уәде еткен, әділетті және шынайы болған нәрселерді таптыңдар ма?"
 
Қайтыс болса да, сол кісілерге айтып тұр ма деп сұрағандарға Алла Елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) былайша жауап берген: "Жаным құзырында болған Алланың атымен ант етейін, олар менің айтқандарымды сендерден де жақсы естиді. Бірақ, өкінішке орай, кері жауап қата алмайды".
 
Алла Елшісінің (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) бұл сөздері пұтқа табынушылардың жандары да, яғни жаман рухтар да мәңгілік болады дегенге дәлел бола алады. Сонымен қатар, рух тұрақтылық қасиетке ие болғандықтан, ол бір нәрсені қабылдай алады, түсіне алады және айтылғандарды анықтай алады. Оның үстіне, келтірілген аят пен хадисте көрсетілгендей, шахидтердің рухтары тұрақты болады және олар сауапқа кенеліп жатады. Демек, адам Алла одан разы болған күйде, бақытты болып бұл өмірден озады, я болмаса Алла одан разы болмаған күйде, бақытсыз болып қайтыс болады.
 
Алла Елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) тағы бір хадисінде былай деп айтқан: "Қабір жәннат бақшаларынан бір бақша немесе тозақ шұңқырларынан бір шұңқыр болады".
 
Бұл хадис бізге мына ақиқатты баяндап тұр. Өлім атты шындық дегеніміз – өлім келген тұста өзінің жағдайымен бетпе-бет келген жақсы не жаман адамның халінің және жағдайының өзгеруі. Алайда, басқа азаптар кейінірек болуы мүмкін, дегенмен, көрсетілетін азаптар немесе берілетін сауаптар ешқалай да кешіктірілмейді.
 
Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын Әнас (Алла одан разы болсын) жеткізген: "Өлім – Ақырет күні. Егер біреу қайтыс болса, ол үшін Ақырет күні келді деген сөз". Басқа бір хадисте былай делінген: "Араларыңызда біреу қайтыс болса, Қиямет күніне дейінгі әр күні таңда және кеште оның орны оған көрсетіледі. Егер қайтыс болған адам жәннаттық болатын болса, онда Қиямет күніне дейін оған таңда және кешке оған болатын жері көрсетіледі. Егер ол тозақтық болатын болса, Қиямет күніне дейін оған оның тозақтағы орны көрсетіліп: "Міне, осы – сенің орның", - делінеді. Қиямет күні келіп, ол қайта тірілгенге дейін оған осылай айтыла береді.
 
Сонымен қатар, жәннатта немесе тозақта, сауапта немесе азапта болатын, бізді тосушы бұл орындардың әрқайсысы жайлы біздегі бар білім енді қазір құпия емес. Бұл екі орынның әрқайсысындағы жағдай әрқилы дәлелдер арқылы көрсетілген. Әбу Қайс айтқан: "Біз Әлқама екеуміз бір жерлеуге қатыстық. Ол бізге былай деп айтты: "Сіздер көріп тұрған мына марқұмның өмірі төңкеріліп түсті". Демек, бұл кісі тірі күнінде мән бермеген және ескермеген шынайы нәрселерді осы кезде көрді. Алайда барлығын қайта алып келу оның қолынан келмейді. Хазіреті Әли (Алла одан разы болсын) былай айтқан: "Кімде-кім мына жер бетінде өмір сүріп, жәннаттағы я тозақтағы орнын көрместен өліп кетеді деп айта алмаймыз. Оған міндетті түрде баратын жері көрсетіледі".
 
Әбу Хурайра (Алла одан разы болсын) былай деп айтқан: "Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: "Егер кімде-кім жалғыз және сүйеушісіз қайтыс болса, ол шейіт күйінде қайтыс болады. Оның үстіне ол қорқынышты қабір азабынан құтылады. Сонымен қатар, таң мен кешті қоса, оған жәннаттан тағам әкелінеді".
 
Ал Масрук былай деген: "Мен мүминнің қабірдегі жағдайынан басқа нәрсеге бұлайша қызықпаймын. Себебі мүмин жердегі қиыншылықтары мен қайғысынан құтылып, демалып жатады. Онысымен қатар, оған Алланың қаһарынан құтылу кепіл болады".
 
Йаълә бин Уәлид былай деген: "Мен Әбу Дардамен бірге келе жаттым. Мен одан: "Сен жақсы көрген адамыңа не тілейсің?" – деп сұрадым. Ол: "Өлімді", - деп жауап берді. Сосын мен былай сұрақ қойдым: "Ал егер ол ары қарай өмір сүруін жалғастырса ше?" Ол: "Онда оның ұрпағының және байлығының аз болуын тілер едім", - деді. Бұл жерде жақсы көрген адамына Әбу Дарданың (Алла одан разы болсын) өлімді тілеп отырғанының себебі – мүмин кісіден басқа адам өлімді жақсы көрмейді. Өйткені, өлім мүмин үшін түрмеден құтылып, бостындыққа жеткендей. Дәл сол секілді ұрпақ пен дәулеттің аз болғанын тілеуінің себебі – бұл нәрселер іріткінің пайда болуының бастауы. Олар адамның мына өмірге, дүнияуи нәрселерге байлануының ең үлкен құралы болып табылады.
 
Расында, адам ақырында нық және сөзсіз айырылысатын нәрселерге қатты әуес болғандықтан және байланып қалғандықтан, сонымен айырылысар сәт оған аса қиынға соғады және ол жан шыдатпас қиыншылықты, қасіретті, жан ауруын бастан кешіреді.
 
Адам бір кезде анығымен барлық нәрселермен айырылысады. Бұл сөзсіз өлім келген кезде болады. Міне, сондықтан Абдуллаһ бин Амр (Алла одан разы болсын) былай деген: "Асылында, мүмин жанын Аллаға тапсырып жатқан сәтте құдды түрмеге түсіп, сонда бір түн түнеп, сосын бостандыққа шыққан жан секілді. Дәл сондай, қамалушы кең дүниеге шығып, серуендеп, көптеген жерлерге барғаны секілді мүмин де жанын Раббысына тапсырған кезде қамаудан босатылып, бостандыққа шығады".
 
Міне, ең алдымен ақиреттік өмірі үшін дайындық жасайтын адам мына дүниелік нәрселерден арылуға, барынша онымен байланысын үзуге тырысып, Алланы зікір етуден басқа нәрсені ойламайды. Өйткені, дүнияуи істер оған шынайы Сүйіктісімен жүздесуге кедергі болады. Дәл солай, түрмеге қамалу адамға сүйіктілерімен көрісуге кедергі болғанындай, мына дүниелік өмір Раббысы мен Онымен кездескісі келетін адамдар арасына бөгет болады. Себебі адамның дүнияуи нәрселерге құштарлығына, жаратылысына сай қажеттіліктеріне деген тойтарысы оған қиынға соғады және қиналдырады. Алайда өлім сәті келген кезде мүмин кісі бұл дүниеде оған қайғы-қасірет тудырған түрлі қиыншылықтардан құтылады. Ол тұтқындықтан босатылып, бостандыққа шыққандай болады. Енді ол Сүйікті Раббысымен жеке қалуға мүмкіндік алады. Енді ол барлық қиыншылықтар мен қасіреттен құтылып, ешқандай бөгет көрместен, Раббысымен кездесуден рахаттық сезініп, ләззат алады. Мүмин кісі үшін мұндай нығметтен асқан рахаттық пен бақыт бар ма екен?
 
Задында, бақыт пен игілікке жету дегеніміз – адамның қалаған нәрсесін алуы. Раббымыз Алла Тағала бұл жайында Құран Кәрімде былай деп баяндаған:
 
"Біз, дүние тіршілігінде де ақыретте де достарыңбыз. Сендерге ол жаннатта көңілдерің көксеген нәрселер бар. Сондай-ақ сендерге не тілесеңдер бар.Бұл аса жарылқаушы, тым мейірімді Алла тарапынан бір сыйлық". ("Фуссиләт", 41/31-32)
 
Раббымыздың жіберген дәл осы аяты жәннаттық ләззаттардың ерекшеліктері мен мәнін айшықтап түсіндіретін, мағынасын қамтитын аяттардың бірі болып табылады. Ал адамның өзі қалаған нәрсесіне жете алмауы –  ең зор қасірет.
 
Мысалы, Раббымыз былай деген:
 
"Олармен олардың қалаған нәрселерінің арасына кедергі түседі. Бұрын ұқсастарына да сөйтілген еді. Сөз жоқ, олар шәк ішінде күдіктенуші". ( "Сәбә", 34/54)
 
Ал бұл аят болса, тозақ иелерінің неліктен ауыр азаптар мен қиындықтарды көретінін түсіндіретін, мағынасын қамтыған аяттардың бірі. Аллаға сенбеген, мойындамаған және тәрк еткен адамдар өлімдерінен кейін өздері сенген нәрселерінің пайдасын Қиямет күні көргісі келеді. Сондықтан олар тозақ отынан құтылғысы келіп, жәннатқа баруларын тілей бастайды. Олар қайтадан жер бетіне оралып, құлшылық пен игі амалдар жасағысы келеді, бірақ Алланы мойындамаған адамдар үшін бұл тек бос үміт қана болады. Себебі олар бұрын өздеріне берілген уақыттарын босқа өткізіп алған еді.

Шахидтік дәрежесіне жетіп қайтыс болған кісі өз жанын Раббысына берер-берместен, көп кешікпей сөзсіз өзіне даярланған сауаптар мен игіліктерді, мейірімді көріп, сезінеді. Бұдан бөлек, олар оны анық көреді, сырлы ілім иелерінің айтуынша, "Алланы шынайы тану – яқин" деп аталатын нұрлы, берік иманның арқасында айқын, дәл көзбен көргендей көреді. Оларға бұл жағдай ашық түрде көрсетіледі. Оның үстіне, осы тақырыпқа қатысты хадистердің әрқайсысы әр түрлі түсіндірмелердің, диалогтардың және баяндаулардың көмегімен шахидтер жететін шексіз игіліктер мен рақымшылықтар жайлы ақпараттарды хабарлайды. Мысалы, барша мүминдердің анасы – Хазіреті Айша (Алла одан разы болсын) жеткізуде: " Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) Ухуд соғысында әкесі шейіт болған Жәбірге былай деді:
 
"Уә, Жәбір! Саған жақсы және қуанышты хабарды айтуымды қалайсың ба?" Ол: "Алла сізге жақсы жаңалықтарын жеткізе берсін! Әрине, айтыңызшы!" – деді. Сонда Алла Елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) шейіт болған әкесінің дәрежесін түсіндіріп былай деді: "Алла Тағала сенің әкеңді тірілтіп, оған былай деді: "Құлым! Егер қазір сенің қалаған нәрселерің болса, Менен сұра, себебі сұраған нәрсеңнің барлығын беремін". Оған жауап ретінде әкең былай деді: "О, Раббым! Саған лайықты түрде құлшылық ете алмадым, менің қалауым – Сен мені жер бетіне қайта жіберіп, Сенің Пайғамбарыңмен бір қатарда тұрып шайқасып, Сенің жолыңда екінші рет шейіт болсам деймін". Ал Алла Тағала әкеңе былай деді: "Сен жер бетіне екінші рет жіберілмеуің үшін алдында Менің бұйрығым болып қойған".

Каъб әл-Ахбар былайша баяндаған: "Жәннатта бір жылап отырған адам пайда болады. Одан басқалар: "Сен қазір жәннатта тұрсың. Онда саған бұл жерде жылауға не түрткі болды?" – деп сұрайды. Ол болса: "Мен Алла жолында бір рет қана қайтыс болғаным үшін жылап отырмын. Қазіргі менің тек бір қалауым бар, ол – дүниеге қайта оралып, Алла жолында жүріп, көп рет шахид болып қайтыс болу", – деп жауап береді. Бұл мәселенің шындығы сол – мүмин кісі өлгеннен кейін бірден Алла Тағаланың құдіреті мен ұлылығын көреді. Ал мына өмір болса оған қиын қапасқа ұқсайды. Адамның бұл өмірдегі халі түрмеге қамалған адамның жағдайы іспетті. Кенеттен қараңғы қапас түрмеден бір есік ашылып, шегі жоқ керемет бақшаға жол ашылады. Бұл бақтың кең әрі үлкен болғаны соншалық, оның бітетін жерін көруге адамның көзі жетпейді. Онда әр қилы ағаштар мен жұпар иісті гүлдер, керемет раушан гүлдер мен жемістер бар, барлық жерде түрлі-түсті қанаттарын қаққан құстар ән салуда. Тұтқында болған адам, есік ашылып, кереметтілігі мен көркемдігін сөзбен айтып жеткізе алмайтын мұндай бақты көргеннен кейін ешқашан да қайтадан байырғы қараңғы түрмеге барғысы келмейді.
 
Алла Елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) бұл ақиқатты мына мысалмен айшықтап берген:
 
"Қайтыс болған адам жайлы былай десек болады: "Бұл адам жер бетін тастап кеткен кезде түні бойы көз ілмеді, ал жанұясын жер бетінде тастап кетті. Ал егер ол барған жеріне қанағаттанатын болса, оны жер бетіне қайта бару туралы хабар қуантпайды. Дәл осы секілді, туылғаннан кейін сіздер де аналарыңыздың құрсағына қайта қайтқыларыңыз келмейді".
 
Бұл хадистен түсінетініміз – мына дүниемен салыстырғанда ананың құрсағы қаншалықты тар болса, ана өмірмен салыстырғанда мына өмір адамға соншалықты тар болады. Демек, ана өмірді көрген адам енді мына өмірге қайтқысы келмей қалады. Ананың құрсағы адамға жер жүзінен қараңғы болғаны сияқты мына өмір де о дүниемен салыстырғанда қараңғы болып қалады.
 
Алла Елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) айтқан:
 
"Мүминнің мына жер бетіндегі жағдайы шарананың ана құрсағындағы жағдайымен тең. Ананың құрсағынан туылғанда ол жақтан шыққаны үшін нәресте жылайды, ал бірақ ол жарық дүниені көріп, өз орнына барған соң, қайтадан өзінің бұрынғы орнына барғысы келмейді".
 
Мүмин де дәл солай. Басында ол өлімнен қорқады, қорыққаны соншалық төбе шашы тік тұрады. Алайда, ол Раббысына жеткен соң, қайтадан жер бетіне келгісі келмейді, сол секілді нәресте де қайтадан ананың құрсағында жатқысы келмейді.
 
Алла Елшісіне (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) біреу қайтыс болды деген кезде ол былай дейтін: "Бұлай болғаны жақсы болды, демек, адам демалу үшін кетіп қалды я болмаса басқалар одан құтылды".
 
Алла Елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) адам "демалу үшін кетіп қалды" деген сөзбен мұсылман адам мына өмірден демалу үшін кетті деген мағынаны жеткізіп тұр. Ал "басқалар одан құтылды" деп қайтыс болған адамның күнәһар, жаман адам болғанын меңзеп тұр. Қайтыс болған адам тірі күнінде басқаларға күн көрсетпей, мазаларын алғандықтан айналасындағылар қиналған, енді оның жаман қылықтарынан құтылып, тыныштық табуда. Өйткені, жер бетінде өмір сүретін адамдар осы уақыттан бастап оның зұлымдықтарынан алшақ қауіпсіздікке жетеді.
 
Әбу Амр былай деп айтқан: "Біз әлі кішкентай бала болған кезімізде ибн Омар (Алла одан разы болсын) келді. Жол бойында ол сыртына бас қаңқасы шығып жатқан бір моланы көріпті. Сонда ол біреуге қаңқаны топырақпен жауып қою керектігін айтыпты. Әлгі кісі айтқанын жасапты. Сосын ибн Омар (Алла одан разы болсын) былай деген екен: "Мына топырақтың сыртына шығып жатқан денелерді көріп тұрсыңдар ма? Жазаны көріп жатқан олар емес. Олардың жандары ғана азапталып жатыр. Және бұл рухтарға берілетін жазалар Қиямет күніне дейін жалғасады".
 
Амр бин Динар былай деген: "Қайтыс болған әрбір адам, қабірге жерленбес бұрын, жанұя мүшелері оның қасында болған кезде болып жатқан нәрселердің баршасын біліп, көріп тұрады. Адамдар оның денесін жуындырып, кебінге орап жатқандарын біліп тұрады, ол сол адамдарға қарап тұрады".
 
Мәлік бин Әнас айтқан: "Маған жеткен мәлімет бойынша, мүминдердің жандары бостандықта болады. Олар қалаған жерлеріне барып жүре береді".
 
Нуман бин Башир былай деп баяндаған: "Алла Елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) мінберде тұрып былай деп айтқанын естідім: "Біліп қойыңыздар, тағдырымызға жазылған өмірімізде аз ғана уақыт қалды, құдды шыбынның мына жер жүзіндегі алатын орны секілді. Сендердің қабірлерде жатқан бауырларың жайлы ескертемін. Себебі олар сендердің жасап жүрген әрекеттеріңнен хабардар болады".

Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын Әбу Хурайра (Алла одан разы болсын) жеткізген: "Өздеріңнің жаман амалдарыңмен өлілерді ұятқа қалдырмаңдар. Өйткені сендердің амал-әрекеттерің қабірдегі жақындарың мен олардың жолдастарына көрсетіледі".
 
Сондықтан да Әбу Дарда (Алла одан разы болсын) Алла Тағалаға былай деп дұға жасайтын: "Уә, Алла Тағалам! Көкем Абдуллаһ бин Рауаханың (Алла одан разы болсын) алдында ұятқа қалатындай қандай да бір іс жасап қоюдан Бір Өзіңе сыйынамын және Сенен жәрдем сұраймын".

Абдуллаһ бин Амр бин Астан былай деп сұралған: "Мүминдер қайтыс болғаннан кейін олардың жандары қайда кетеді?" Ол: "Мүминдердің жандары жеті қат көктің астында аппақ құстардың жемсауында болады. Ал Аллаға сенбегендердің, мойынсұнбағандардың жандары болса жеті жер қыртысының астында жатады".

Абу Саид Худри (Алла одан разы болсын) былай деп айтқан: "Мен Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын естідім: "Қайтыс болған адам өзін кім жуындырғанын, тасығанын және қабірге қойғанын біледі".
 
Салих әл-Мурри былай деген: "Өлім келген кезде рухтар бірге жиналады деп естідім. Бұрын қайтыс болғандардың рухтары жақында қайтыс болғанның рухынан былай деп сұрайды: "Сенің орның қандай?».
 
Убайд бин Умайр былай деген: "Қабір иелері әрдайым бір хабар күтіп жатады. Жаңадан бір өлікті алып келген кезде одан басқа біреулер жайлы сұрайды: "Мынадай деген адам не істеп жүр? Ол қалай?". Қазір ғана жерленген адам былай жауап береді: "Ол адам қайтыс болғалы көп уақыт өтті. Оны сендер көрмедіңдер ме? Оны сендерге көрсетпеді ме?". Бұған әлгілер былай дейді: "Біз барлығымыз Алладан келдік және Оған ораламыз. Оны біз болмаған басқа бір жерге алып кеткен. Ол жер бетінде де бізбен бірге болмаған".
 
Жафар бин Саид былай деп айтқан: "Өзінен бұрын баласы қайтыс болып, сосын өзі қайтыс болса, баласы оны күтіп алады".
 
Ал Муджахид былай деген: "Расында, қайтыс болған адамның ұрпағы салиқалы және әдепті болса, оған жақсы хабар ретінде жеткізіледі".
 
Әбу Аюп әл-Ансари (Алла одан разы болсын) жеткізуде: "Алла Елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын)  былай деген: "Мүмин жанын Аллаға тапсырған кезде, мына өмірде біреу оған жақсы хабар әкелгені секілді, Алланың құзырындағы періштелер оған былай дейді: "Бауырларың жақсылап демалып алуы үшін уақыт беріңдер, себебі ол қатты қиыншылық пен ауыртпалықтар көрді".
 
Адам қайтыс болып, қабірге барған кезде, қабір иелері оның басына жиналып, былай деп сұрақ қояды: "Мынадай деген адам не істеді? Мынадай деген әйел не істеді? Ана әйел тұрмысқа шықты ма?".

Егер одан бұрын қайтыс болып кеткен адам жайлы сұралса ол былай жауап береді: "Ол кісі мен қайтыс болмас бұрын қайтып кеткен еді". Сонда қабір иелері былай дейді: "Біз – Алла Тағаланың құлдарымыз, әрі Оған ораламыз. Демек, оны тозақ деп аталатын жерге алып кеткен".

Оқырмандардың пікірі (0)

Скрыть Hide

Дәрістер тізімі

00:00
00:00
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi