10 бөлім: Өлім алдындағы арпалыс – Сақарат Мәут, 1 бөлім - Өлім мен қабірдің мінәжат құпиялары
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Күн 07:19
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:55 07:19 11:54 14:41 16:23 17:46
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024

Дәрістер топтамасы

10 бөлім: Өлім алдындағы арпалыс – Сақарат Мәут, 1 бөлім

10 бөлім: Өлім алдындағы арпалыс – Сақарат Мәут, 1 бөлім

Жарияланатын күндер Аяқталды
3 жел. 2015 12 694 0
Скачать в pdf
| A | +
Өлім алдындағы арпалыс – «Сақарат Мәут», 1 бөлім
 
Бейшара пенденің алдында «Сақарат мәут» атты ажалмен арпалыстан өзге ешбір қауіп пен қатер, уайым мен қайғы болмаса, онда ол адамның өмірін улау үшін ажал жеткендегі жан арпалысының өзі жетіп, артады. Адамның бақыты пен шаттығы оны тастап кетуі үшін осы ақиқаттың өзі жеткілікті.  Ұмытшақтық пен білімсіздіктен құтылу үшін өлімнен қорқудың өзі жеткілікті. Сондықтан да ол бұл жайлы терең ой жүгіртуі қажет. Оның ең орынды амалы үлкен дайындық боп табылады.
 
Мысалы, беделді бір ғалым былай деген: «Дәл қазыргі уақытта өзгеге келіп жеткен уайым мен қайғының саған қашан келетінін білуің міндетті емес».
 
Лұқман өзінің ұлына былай деп насихат айтқан екен:
 
«Балам! Бұл – бұйрық, әрі оның саған қашан, қай күні келетінін білуің шарт емес. Сен тиісті әзірлікті ескертусіз келіп, есігіңді қақпас бұрын жаса».
 
Адамның қалпына таң қалуға болады. Ойлаңыздаршы: егер біреу достарымен көңілді кездесуде отырған кезінде бір полицей кіріп келіп, елдің көзінше оны таяқтың астына алатын болса, бұл отырыс ол үшін ащы у болмай ма? Ол адамның көңіл-күйі өзгеріп, көңіл көтеруге деген барлық зауқы жоқ болып кетеді. Олай болса адам баласына өлім періштесі кез келген уақытта келіп оның жанын алатыны жайлы неге ойланбасқа? Неге ол әлі де болса да бейғам? Расында, бұл тек бір нәрсені білдіреді: надандық және оның дүниеге алдануы, өзін- өзі алдауы. Ажал келген сәт пен ажалмен арпалысты мұның дәмін татқандар ғана біледі. Ажалмен арпалысты көрмегендер, әрине, ол жайлы айта да алмайды.
 
Бір адам өлім аузында жатқан біреу жайлы айта отырып, салыстыру мен талдауға сүйене отрып жеткізгісі келеді. Бұл жайлы айтқан кезде адамның қалай қиналғанынан бастайды: дөңбекшіп, бұралып, суық тер басқанын. Осыны бақылаған жеткізуші осы сәттің барлық қорқынышы мен үрейін жеткізуге тырысады. Егер бұны салыстыру немесе талдау арқылы түсіндірер болса, қандай да бір дене мүшенің істен шығуына апарары анық, себебі ол ауыру мен қиналуды сезбейтін болып қалады. Себебі нағыз ауыру мен азапты жан дүние сезеді. Егер адамның қандай да бір дене мүшесі жарақаттанса немесе күйіп қалса, оны адамның жаны сезіп, миға жеткізеді. Ал дене болса ауру мен мазасыздықты жанның миға қаншалықты дәрежеде жеткізгеніне қарай сезінеді. Осылайша, ауыру сезімі адамның әрбір дене мүшесінде, буындарында сезіле бастайды. Енді, жанға аурудың тек жарымы ғана әсер етеді.
 
Дей тұрғанмен, адамның бір жағдайға байланысты жанының қиналуы-  денедегі жарақаттың себебінен физикалық ауруды сезінуге мәжбүрлейді. Жан дүниенің ауыруын ойлаңыздар, ол тікелей жанға әсер етеді, себебі оның өзге мүшелермен байланысы жоқ. Ол міндетті түрде миға енеді. Миға я болмаса жанға сіңген дертті сипаттау мүмкін емес. Тіпті ол туралы әңгімелеудің өзі қиын. Адамды ессіз күйге түсіретін ауру кенеттен қозған кезде оның тікелей жанға әсер бергені. Ондай жағдай адамның дене мүшесінің бір бөлігін ғана емес, бүкіл денесін алып кетеді.
 
Азап пен ауру қандай да бір дене мүшеге тарайды. Ауыру бірде бір нүктені қалдырмай барлығына енеді. Егер адамның денесіне ине немесе тікен кіретін болса, онда ол тек кірген жеріне ғана зиян береді, ал адам болса жаны қаншалықты ауырған болса, соншалықты мазасыздық күйін кешеді. Алайда егер адамның денесінде күйік пайда болар болса, оның ауыртқаны тікен кіргендей болмайды. Күйіктің ауыртқаны әлдеқайда күштірек және де адамға онда да қаттырақ мазасыздық пен уайым береді. Себебі күйік қандай дәрежеде болмасын: жеңіл, орташ әлде ауыр халдегі- адамның бүкіл денесіне әсер етеді.
 
Басқаша айтқанда, қандай күйік болмасын ол дененің беткі жағына түгелдей әсер етеді, тіпті зақымданбаған болса да. Және де ол адамды қатты азап шегуге апарады. Бұл күйіктің әсері денедегі жаны бар әрбір мүшеге әсер етеді.
 
Темірмен немесе шегемен жарақаттануға келер болсақ, олар тек сол жарақаттанған жерден ғана табылады. Осы себептен болған мидың және жанның қиналысы күйікпен салыстыруға келмейді. Естен танған кездегі ауыру, азап пен қайғы, жан мен денеге ауқымды әсерін береді. Себебі, олар барлық дене мүшені қамтиды да бүкіл мүшеге тарайды. Егер біреу есінен танған болса, демек, оның әсері бүкіл тән мен миды қамтып алғаны. Ерекше, жеке ауыру сезімі дененің әрбір бөлігінде және әрбір шаштың түбінде сезіледі. Сондықтан да адам баласы ажалмен арпалысып жатқан кезде басынан аяғының ұштарына дейін қалтырай бастайды. Осындай халдегі адамның жағдайын, оның қиындығын, қайғысы мен мұңы жайлы сұрама. Себебі оны сөзбен сипаттау мүмкін емес.
 
Бұл жайлы былай делінген:
 
«Ажалмен арпалысу- қылышпен ұрғаннан да ауыр!». Ол арамен кесілгеннен де және де қайшымен қырқылғаннан да қорқынышты. Себебі денені қылыш бөлшектеген кезде рух дене мен жанның арасындағы байланыстың әсерінен ауыру сезінеді. Алайда соққыға ми мен жан бірге шалдығар болса, ондай ауыртпалықты сипаттау мүмкін бе?
 
Бұл жағдайда соққы алған адамда күш қалған болса, қиналысын жеткізу үшін жүрегінің түбінен жан айқайын шығарады. Себебі жүрегіне қан құйылып, қатты қиналады. Адамның үнсіздігі ауыру сезімі мен азаптың шегіне жеткендігін және де адамның күші қалмағанын көрсетеді. Бұл азап оның жүрегін өртеп, тәннің әрбір нүктесіне жеткені. Сондықтан да күші кетіп, әрбір нүктесін мұқалтып тастайды. Осыдан соң оның әрбір мүшесі күш- қуатынан айырылады. Тіпті айқайлап, шағымданып, көмекке шақыруға күші қалмайды.
 
Ақылға келер болсақ, ол ажалдан үрейленгендіктен сөніп, ажырап қалады. Тіл болса, байланып қалады. Дене мүшелерде күш қалмайды. Ажалмен арпалысып жатқан адам, бұл азаптан ыңырсу арқылы дем алғысы келеді немесе көмекке шақырғысы келеді, бірақ оған да күші жетпейді. Егер ол адамда аздаған күш қалар болса, онда олар жан тәннен шыққан кезде жеңіл қырыл болып шығады.

Ендігі жерде адамның тамағынан тамақты шайғандай жеңіл қырылдан басқа ешнәрсе естілмейді. Адамның денесінің түсі өзгереді, ал аузынан көбік аға бастайды. Денесі өзі жаратылған жердің түсі тәріздес болып кетеді, яғни беті топыраққа ұқсап кетеді. Енді адамның іш құрлысын қамтыған өлімнің азабы жүзіне шығады. Көздері шарасынан шығардай болып тұрады, еріндері салбырап, тілі тартылып, саусақтарының ұштары көгеріп кетеді.
 
Ішегі тартылып қалған адамның жағдайы қандай болады? Ешкім білмейді. Егер тіпті адамның бір ғана ішегі тартылар болса, бұл ауруға шыдау мүмкін болмай қалады. Ал ажалмен арпалыс кезінде жан да тартылып кетеді. Ол ауру мен азап, қайғыны бастан кешеді. Ол тек бір ғана ішектен емес, барлық ішектен шығарылады, содан соң бүкіл дене жайлап жансыздана бастайды. Жансыздану аяқтан басталады. Осыдан соң белге өтеді. Ең басты ажалмен арпалыстан соң әрбір мүшенің арпалысы болады. Азап пен қиналыс басталады. Бұл процесс қиналу мен азап діттеген нүктесіне жетпейінше жалғасын табады. Осы сәттен бастап адам дүниемен байлансын тоқтатады. Осыдан соң оған тәубе есігі де жабылады. Оны өкініш, намыс пен уайым толықтай билейді. Алайда кеш болады.
 
Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзінің бір хадисінде былай деген: « Жан алқымға келгенше пенденің тәубесі  қабыл болады».
 
Имам Мүжахид (оған Аллаһтың рақымы болсын) «Ал өмір бойы жамандық жасап, өздеріне өлім келген кезде: “Енді шынайы тәубе қылдым” дегендердің тәубесі қабыл емес. Міне солар үшін күйзелтуші азап әзірледік» - деген Ниса сүресінің 18 аятын тәпсірлей келе былай деген: «Яғни, ажал періштесі анық әрі айқын көрінгенше».
 
Міне сондықтан да Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Аллаға былай деп жалбарынған: «Аллаһым! Мұхаммедке ажалдың азабын жеңілдете гөр!»
 
Ал адамдар бұл мәселеде Алладан жәрдем сұрамайды, себебі ажал мен өлім аузындағы арпалысты жете танымайды. Бұл олардың надандықтары себепті. Ажал келгенше оны пайғамбарлар мен ізгі жандардың ілім нұры арқылы тануға болады. Осыған орай, ажалға байланысты туындаған сұрақта олар ақиқат бұлақтары болып табылады. Сондықтан да пайғамбарлар  мен әулиелер ажал алдында үлкен қорқынышты күйге түседі. Олар соңғы демдерінің қалай шығатынына үнемі алаңдап жүреді.
 
Иса пайғамбар (оған Алланың сәлемі болсын) осыған байланысты былай деген: «Ей, шәкірттерім! Алладан Өзінің құлының өлімін жеңілдетуін сұраңдар. Себебі менің ажалдан қорықаным соншалық, қорқынышым бір өлімнен басқа өлімге душар етті».
 
Бірнеше яһудейлер қабірге қарап бір- біріне былай дескен деседі: «Алладан осы қабірдегі бір адамды одан бір нәрселер сұрауымыз үшін тұрғызуына дұға етейік». Олар Аллаға дұға етеді. Кенет алдыларында сәждеде жатқан бір адамды көреді. Қабірден шыққан бұл адам былай деп сұрайды: «Менен сендерге не керек? Мені ажал құшқалы он жыл өтті. Алайда мен жүрегімнен өкінішті, қайғы мен мұңымды шығара алмадым!»
 
Мүміндердің анасы Айша (оған Алла разы болсын) былай деген:
 
«Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) басынан кешкен өлімнің азабын көрген соң әлдекімнің жаны тәнінен жеңіл шығады деп үміттенбеймін!».
 
Алланың Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп дұға еткен: «Я, Аллаһым! Өлім келген сәтте маған жәрдемдес және де оны маған жеңіл ет». Хасан Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өлімнің азабы жайлы былай дегенін жеткізеді: «Ажал алып келетін азап, қылышпен үш жүз мәрте шабылғанмен тең».
 
Алла Елшісінен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ажал мен оның күші жайлы сұраған кезде ол былай деп жауап берді: «Жеңіл келген ажал жүнге жабысқан ошаған секілді. Ошағанды жүннен алу үшін жүннің қандай да бір бөлігін қоса жұлып алуға тура келеді, өлім де сол секілді».
 
Алланың Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бір науқасты зиярат етіп, былай деген: «Ол дәл қазыр не нәрсемен бетпе бет келіп тұрғанын білмеймін. Ажалдың азабынан қиналмаған бір жері де қалмады. Өлімнің азабы оны түгелдей құрсап алған».
 
Мәртебелі Әли адамдарды шайқасқа шақырып жатып былай деген: «Егер сендер шайқаста жан тәсілім етпейтін болсаңдар да, түбінде сендерге ажал келеді. Жаным қолында болған Алламен ант етемін, ажалмен арпалысып жан тапсырғанша, мың мәрте қылышпен шабылып өлгенім жеңіл».
 
Ал имам Әузаи (оған Алланың рақымы болсын) былай деген: «Мен аурудан жан тәсілім еткен адам қайта тірілгенше сол азапты ұмыта алмайтынын естідім».
 
Шәддәд бин Әус былай деген: «Мүмін үшін ажал - дүниедегі және ақыреттегі ең үлкен қауіп пен қорқыныш болып табылады. Себебі шегіне жеткен қорқыныш пен үрей арамен кесіліп өлтірілгеннен де немесе қайшымен қырқылып өлтірілгеннен де, я болмаса тірідей отқа тасталғаннан да қорқынышты. Егер өмірден озған әлдекім тіріліп және адамдарға сырын айтар болса, онда олар өмірдің қызығын сезінуден құр қалар еді әрі тыныш ұйықтай алмайтын еді».
 
Зәйд бин Әслам әкесінен мынаны естігенін баяндайды: «Егер мүмін адамда қолы жетпеген бір дәреже болса, әрі ол амалымен оған жете алмаған болса, онда ол лайық болған дәрежеге қиналып қол жеткізеді, сол секілді оның ажалы да ауыр болады.
 
Егер кәпір адамның жер бетінде жасаған жақсы амалы болса, жақсы амалы үшін сауап есебінде әрі ақы соңында тозаққа кетуі үшін оның ажалы әлдеқайда жеңіл болады».
 
Бір адам науқастарға үнемі: «Қандай сезімдесіз?»,- деп сұрақ қоя береді екен. Бірде ол өзі ауырып қалған кезде оған да сол сұрақты қояды. Сонда ол: «Мен үшін аспан айналып, жерге түскендей болып жатыр. Жаным иненің көзінен шығып жатқандай сезіледі» - деп жауап берген екен.

Оқырмандардың пікірі (0)

Скрыть Hide

Дәрістер тізімі

00:00
00:00
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi