21 бөлім: Қабірдің қайтыс болған адаммен сөйлесуі - Өлім мен қабірдің мінәжат құпиялары
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Күн 05:56

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
04:41 05:56 11:42 15:37 17:22 18:37
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
6 Раби-сани 1446
Миләди
09 қазан 2024

Дәрістер топтамасы

21 бөлім: Қабірдің қайтыс болған адаммен сөйлесуі

21 бөлім: Қабірдің қайтыс болған адаммен сөйлесуі

Жарияланатын күндер Аяқталды
18 қаң. 2016 10 058 0
Скачать в pdf
| A | +
Қайтыс болған адамдардың сөйлесуі "жүрек тілі" арқылы бізге белгілі сөздермен жүзеге асады я болмаса "хал-жағдай тілі" деп аталатын жағдай арқылы болады. Алайда өлілердің мәселелерін түсіну көзқарасы бойынша,"хал-жағдай тілі" арқылы түсінісу тәсілі тірілер қолданатын ауызекі сөйлеу тіліне қарағанда әлдеқайда анық және түсінікті болуы ықтимал.
 
Алланың Пайғамбары (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бір хадисінде былай деп айтқан:
 
"Қайтыс болған адамды қабірге жерлеген кезде қабір оған былай деп тіл қатады: "Құрып кеткір, әй, пенде! Сен мен жайлы ұмытуыңа не себеп болды? Мені есіңе алмайтындай не нәрсеге сонша құнығып кеттің? Мен сынақ пен қиыншылықтың орны болатынымды сен білмеуші ма едің? Мен қараңғылық әлемі екенім саған белгілі болмап па еді? Жападан-жалғыз қалатын, жалқылықта болатын үй екенімді сен есіңе алмадың ба? Құрт-құмырсқалар мен жәндіктердің панасы екенім ойыңа кіріп-шықпады ма сенің? Мені ойламауыңа не себеп болды? Менің қасымнан өткен кездеріңде өзіңді қауіпсіздіктемін деп сезініп, өз-өзіңді тым тәкаппар санаушы едің ғой. Адасушылыққа түсуіңе не нәрсе түрткі болды?" Қабірге жерленіп жатқан адам тірі күнінде расымен де тақуа кісі болып, басқаларды ақиқатқа тартқан, өзі де Алланың бұйрықтарын орындап өмір сүрген болса, оның орнына қабірде басқа біреу былай деп жауап береді: "Бұл адам басқаларды жамандықтан тыйып, жақсылыққа шақырғанын көрмеп пе едің?" Сол кезде қабір былай дейді: "Олай болса мен жасыл шөпке оранып, ол үшін жайнаған бақша боламын".
 
Убайд бин Умайр Лейси былай деп айтқан: "Бір кісі қайтыс болған кезде, оны жерлейтін орны оған былай деп тіл қатады: "Мен – қараңғылық, түнек пен жалғыздық үйімін. Мен – адамның жападан-жалғыз қалатын орнымын. Егер тірі кезіңде Аллаға мойынсұнған болсаң, Алла сені рахымшылығына алатынына кепіл бар. Ал егер тірі күніңде Аллаға қарсы шыққан адам болсаң, мен енді сазайыңды беремін. Адам Аллаға мойынсұнған күйде маған жерленген болса, менен айырылған кезде де қуанышты әрі бақытты болады, иә, мен сондай жермін. Ал Аллаға мойынсұнбаған адам маған жерленсе, менен айырылған сәтте де азап пен қиыншылық көреді".

Мұхаммед бин Сабих былай деп баяндаған: "Қабірге жерленген адам ол жақта қиыншылық пен азап көретіні айтылады. Көршілес қабірде жатқан адамдар оған былай дейді: "Әй, жерде қалып, бауырлары мен көршілерінен кейін бұл жерге келген адам! Сен бізге қарап ешқашан өзіңе сабақ алмадың ба? Біздің сенен бұрын бұл жерге келгеніміз сені ешқалай ойландырмады ма, уайымдатпады ма? Біз содан кейін еш нәрсе істей алмай қалғанымызды сен түсінбедің бе? Бізден кейін сен тірі болғаныңда саған уақыт берілгенін сен түсінбедің бе? Сонда не үшін бұл жайында еш уақытта ойламадың? Бұл жаққа сенен бұрын келген бауырларың қалт жіберіп алған нәрселерге сен жете алуыңа мүмкіндігін барын неге сен ойламадың?" Осы уақытта ол кісі жатқан жер де оған былай дейді: "Уақытша өмірдің алдамшы қызықтары мен жылтыры қызықтырып, алданған әй, пенде! Жалған дүниемен алданған бауырларың мен жер қойнауына кеткен жақындарыңа қарап сен неге өзіңе сабақ алмадың? Сенің өліміңнен бұрын жеткен жақындарың мен таныстарыңның өлімі оларды мына қабірге алып кеткен жоқ па еді?! Ал сен олардың денесін өз иығыңда тасып, осында әкеліп, достарыңмен бірге көмбеп пе едіңдер?! Бұл сөзсіз сосын өз басыңа түсетінін сен неге ойламадың?"
 
Йазид Раккаши былай деп айтқан: "Адам қайтыс болып, денесін қабірге берген соң, бірден оның амалдары оны қоршап алады деп естідім. Сол кісі жасаған амалдарды сосын Алла Тағала сөйлеттіреді. Олар адамға былай деп айтады: "Әй, өз қабірінде жападан-жалғыз қалған пенде! Осы кезде сенің жанұяң мен достарың сенен кетіп қалды. Енді осы күннен бастап сенімен дос болатын бізден басқа ешкімің жоқ".
 
Қаъб әл-Ахбар былай айтқан: "Алланың тақуа құлын қабірге қойғаннан кейін, оның барлық жасаған игі амалдары оны жан-жағынан қоршап тұрады: намазы, ұстаған оразасы, қажылығы, жиһады және берген садақасы. Осы кезде азап беруші періштелер оның аяқ жағынан оған жақындап келгісі келеді. Сол сәтте намаз олардың алдына шығып былай дейді: " Оны жәбірлеп-қинайтындай сендерге мұнда жол жоқ. Себебі бұл адам ұзақ уақыт бойы намаз оқыған. Біз сендерге оған жақындауға жол бермейміз. Ары кетіңдер". Сосын азап періштелері адамның бас жағынан келіп жақындағысы келеді. Осы кезде ораза оларға бөгет болады:
 
"Сендер бұл адамға жақындай алмайсыңдар. Себебі бұл адам жердегі өмірінде Алла разылығы үшін ұзақ уақыт бойына сусыз жүрген еді. Сендерге бұл жерде де жол жоқ". Сол уақытта азап періштелері адамның басқа жағынан келейін дейді. Ал қажылық пен жиһад оларға осы тұста қарсы тұрып, тойтарыс береді. Олар азап періштелеріне былай дейді: "Бұл адамнан алшақ жүріңдер, себебі ол өзін Алла разылығы үшін құрбан еткен, өзінің жанын Алла үшін пида еткен. Ол Алла жолында жүріп, қажылық жасады. Сендер оған жақындауға мұнда жол жоқ!" Сол кезде азап періштелері адамның қолдарына жақындай бастайды. Бірақ садақа мен зекет оларға қарсы тұрып, былайша тіл қатады: "Бұл адамнан ары кетіңдер. Оның қолдары қаншама садақа мен зекет берген еді! Алла разылығы үшін берілген бұл садақалар Алла Тағалаға жетті. Оған жақындауға сендерге мұнда да жол жоқ!" Міне, осылайша адамның тірі күнінде жасаған әрбір игі амалы азап періштелеріне оған жақындауына бөгет болып, адамның азапталуына жол бермейді".
 
Қаъб сөзін былайша жалғастырады: "Сол кезде әлгі адамға былай деп айтылады: "Сен керемет ғұмыр жасадың. Сенің өмірің жақсы әрі бақытты болды. Енді өлімің де жақсы, бақытты және керемет болсын". Осыдан кейін оған мейірім періштелері келеді. Олар өздерімен жәннаттан алып келген төсек-орынды жаңағы адамға төсейді. Жәннаттан әкелінген көрпемен оның үстін жабады. Сосын олар адамның көзі жететін жерге дейін оның қабірін кең етіп созады. Сонымен қатар, оған жәннаттан әкелінген шырақ беріледі. Осы шырақ арқылы адам қайта тірілгенге дейін, яғни Қиямет күніне дейін оның жатқан жері жап-жарық болып тұрады".
 
Абдуллаһ бин Убайд бин Умайр бір жерлеуге орай былай деп айтқан: "Мен Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын естідім: "Қайтыс болған адам қабірінде отырады, жерлеуіне қатысуға келген адамдарды біледі, олардың айтқан сөздерін естиді. Оның қабірі онымен сөйлесіп, оған былай деп тіл қатады: "Ұят емес пе саған, әй, пенде! Мен жайлы саған хабар айтылмап па еді?! Мен мұңға толы және денені қысатын, жәбірлейтін орын екенімді саған басқалар айтқан еді ғой?! Мен қорқыныш пен сұмдыққа толы, жан-жақтан қаптап жәндіктер келетін орын екенім саған айтылмап па еді, ескертілмеп пе еді?! Енді айт, қане, мен үшін сен не дайындадың?"

Оқырмандардың пікірі (0)

Скрыть Hide

Дәрістер тізімі

00:00
00:00
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi