12 бөлім: Өлім алдында жатқан адамға айтылуы тиіс сөздер - Өлім мен қабірдің мінәжат құпиялары
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Таң 05:55
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:55 07:19 11:54 14:41 16:23 17:46
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024

Дәрістер топтамасы

12 бөлім: Өлім алдында жатқан адамға айтылуы тиіс сөздер

12 бөлім: Өлім алдында жатқан адамға айтылуы тиіс сөздер

Жарияланатын күндер Аяқталды
10 жел. 2015 43 552 0
Скачать в pdf
| A | +

Ажал алдында жатқан адам кәлима-шахадаттың сөздерін айтуы керек. Оның қасында отырған адамдардың да кәлима сөздерін баяу дауыспен айтып, есіне салып отырғандары дұрыс болады. Адам ол сөздерді шын көңілімен айтып, Алла Тағала жайында жақсы ойда болуы керек.

 

 

 
Бұл жағдайға қалай жету керектігін мына хадистен білеміз
 
Алланың Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, айтқан: «Үш жағдайда хәл үстінде жатқан адамнан алыстамаңдар: маңдайын тер басқан кезде, көзінен жас аққан кезде немесе еріндері кебе бастаған кезде. Бұл үшеуі де Алланың құлына танытқан мейірімінің белгісі. Бұл – Алланың оған деген жіберген Мейірімі. Алайда адамның дауысы қылқынған секілді қырылдап, оның жүзі қызарып, немесе бозарып, ал еріндерінен дақ байқалса, ол  Алланың оған түскен азабының белгісі».

Куәлік сөздерін айту мәселесіне келер болсақ, ол дегеніміз өлім алдында жатқан адамға деген жақсылықтың нышаны болып табылады. Әбу Саид Худри, оған Алла разы болсын, айтқан: «Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, айтатын: «Өлім аузында жатқан адамдарға «Лә иләһа иллалла» сөзін айтқызыңдар».
 
Хузайфадан (оған Алла разы болсын) мына хадис келеді: «Таухид сөздері алдыңғы жасалған күнәларды өшіреді». Ардақты Усман (оған Алла разы болсын) айтқан, Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын: «Лә иләһа илляллаһ» сөздерінің мағынасын шынайы түсініп, айтқан адам Жұмаққа кіреді».
 
Әбу Хурайра (оған Алла разы болсын), Пайғамбарымыздың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай айтқанын естігені жайлы жеткізеді: «Өлім алдында жатқан адамға Ажал періштесі келіп, оның жүрегіне назар салады, алайда оның жүрегінен еш нәрсе көре алмайды. Осыдан соң, ол адамның жақтарын ашып, тілінің таңдайына жабысып қалып, «Лә иләһа илляллаһх» сөздерін айтып жатқанын көреді. Осы шынайы тәубенің арқасында оның күнәлары кешіріледі».

Өлім алдындағы адамға насихат айтушыға бір маңызды жағдайды жақсылап біліп алу керек – жан тәсілім еткелі жатқан адамға Кәлима сөздерін мәжбүрлеп айтқызуға болмайды.Бұны керісінше, жұмсақ және әсем сөздер арқылы іске асыру керек. Оның үстіне ауыру адамның тілі сөзге келмей, оны орындау қиынға соғады. Сол кезде адам қиналып, уайымдай бастайды. Ал бұл, Алла сақтасын, адамның қайтуын жаман етіп жіберуі мүмкін. Сондықтан бұндай насихатты адамға ең көрекм түрде жасау керек, өйткені насихаттың мән-мағынасы мынада: кәлима сөздерін айта келе, адам өз жүрегінде Алладан басқа еш нәрсенің жоқ екендігін көрсетеді.
 
Егерде өлім аузындағы адамның Алладан басқа қалауы да, мақсаты да жоқ болса, онда ол нығымет пен мейірімге бөленген бойда Сүйіктісімен қауышуға аттанады. Ал егер адамның жүрегі дүниемен толып, дүние нығыметтеріне тартып тұрған болса, егер ол бұл өмірмен хош айтысқанына, бұл өмірдің нығыметтерінен қол үзгеніне өкініп жатқан болса, онда кәлима сөздері тек бос дыбыс болып қала береді де, олардың ақиқаттылығы жүрегімен не жанымен расталмайды. Бұндай адамның жағдайын Алла Тағала Өз қалауына қарай шешеді, себебі жүректің қолдауынсыз жалғыз тілдің айтқаны қабыл болмайды әрі бұл мақұлдауға жатарлық іс болып саналмайды. Алланың құлын бұл жағдайда Раббысының мейірімі мен рақымы ғана құтқара алады.

Өлім аузында жатқан адам жайында жақсы сөздер айту, ол жайында жақсы пікірде болу – көркем амалдардан болады. Ол жайында біз «Үміт кітабында» айтқан болатынбыз. Оның үстіне адамның Аллға деген үмітін жақсылыққа бағыттау (Хусну зан) жайында бізге көптеген хабарламалар жеткен.Солардың бір-екеуін мысал ретінде назарларыңызға ұсынамыз.
 
Уасилә бин Аска бір науқас адамға келіп: «Сенің Алла жайында пікірің қандай?» - деп сұрайды. Науқас адам: «Менің күнәларым мені жан-жағымнан  баурап алды. Қазір мен тақ жардың үстінде тұрмын. Алайда, мен Раббымның маған деген рақымынан үмітімді үзбеймін» - деп жауап береді. Бұл жауапты естіген Уасиля бин Аска тәкбір айтып: «Аллаху Акбар!» - деген кезде, науқастың отбасы онымен бірге қосыла тәкбір айтады. Сонда Уәсиля Пайғамбарымыздан, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, мына хадисті естігенін айтады: «Менің құлым Мен туралы қандай ойда болса, Мен сондай боламын. Құлым Мен туралы қалай қаласа солай пікір құрастырсын».
 
Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, өлім үстінде жатқан жігітке келіп: «Қал-жағдайың қалай?» деп сұрайды. Жігіт болса: «Мен Аллаға үміт артуымды тоқтатпадым. Алайда мен күнәларымнан қорқамын да, мені үрей басып кетеді» - деп айтады. Бұған, Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай дейді: «Бұндай қиын сәтте адамның жүрегінде осы екі сезімнің бірге болмағаны дұрыс емес. Егер, жан тәсілім сәтінде адамның бойында осы екі сезім пайда болса (үрей мен үміт), Алла оған үміт еткенін береді де, қорыққанынан сақтайды».
 
Сәбит Бунани былай айтқан: «Бір бұзақы бала болған екен. Оның анасы оған ылғи да насихат етіп: «Бір күні сен де өлесің. Сол күніңді есіңнен шығармай, міндетті түрде оған дайын бол» - деп айтып жүреді. Ақыры, сол күн де келіп жетті. Ұлы жан тапсырар алдында қиналып жатқанында, анасы оны қапсыра құшақтап: «Балапаным менің! Осы сәт туралы мен саған ылғи айтушы едім, әрі саған: «Балам! Өлім саған да келеді!» - деп ескертуші едім» - дейді. Осы кезде, ұлы анасына басын бұрып: «Анашым! Менің Раббымның мейірімі шексіз!  Менің жасаған кейбір ізгі амалдарымның арқасында Аллахым мені құрбан етпес деп үміттенемін» - дейді. Сәбит Бунани жалғастыртады: «Байқұс бала Раббысының мейірімінен үмітін үзбестен жан тапсырды. Алла оны Мейіріміне бөлесін»

Жабир бин Уадаа айтады: «Бір жас, өмірлік тәжірибесі жоқ  жігіт болады. Бірде ол қатал дертке шалдығып, төсек тартып қалады. Ол өмірмен хош айтысып жатқан еді. Ал анасы болса баласына былай деп айтып жатқан еді: «Балапаным менің! Сенің маған айтарың, қалдырар өсиетің, не менен сұрарың бар ма?». Жігіт былай жауап береді: «Иә, менің жүзігім. Оның саусағымнан шешілгенінен Алла сақтасын. Себебі ол жерде Алланың зікір етілетін Есімі жазылған. Тым болмаса осыған бола менің раббым маған Мейірімін танытар». Әлгі жігіт жерленген соң, ол бір адамның түсіне кіріп, былай дейді: «Анама хабар беріңіз – мен сол жүзіктің пайдасын көрдім: Раббым мені кешірді».
 
Бір бәдәуи ауыру жұқтырып алады. Оның қасындағы адамдар оған: «Сен жан тапсырғалы жатырсың!» - дейді. Ол болса: «Өлім мені қайда алып келеді?» - деп сұрайды. Айналасындағылары оған: «Ол сені Аллаға алып келеді» - дейді. Сонда науқас адам оларға: «Тек жақсылығы мен нығыметтерін күткен Қожайынымның алдына барудан мен неге разы болмауым керек?» - деген екен. 
 
Абу Му`тамир бин Сулейман айтады: «Менің әкем ажал аузында жатыр еді. Ол маған: «Му`тамир!  Менімен Раббымның жеңілдігі жайында сөйлесші. Мен Раббыммен қауышуды үміт етемін, себебі мен – Раббым жайлы жақсы пікірде болған адаммын, әрі Оған үмітімді артамын. Білім иелері хәл үстінде жатқан адамның қасында отырып, оның дені сау кезінде жасаған жақсы амалдары жайлы әңгіме қозғағанды жөн санаған. Бұл істерімен олар адамның Раббысы туралы жақсы пікірде болып, Оған тәуекел етуін қалайтын еді».

Оқырмандардың пікірі (0)

Скрыть Hide

Дәрістер тізімі

00:00
00:00
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi