«ҚҰРАН – ЖҮРЕГІМНІҢ КӨКТЕМІ» АТТЫ ҚАЛАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Аксай Аксу Актау Актобе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Аркалык Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягоз Аққулы ауданы Байконур Байғанин ауданы Балхаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Есик Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жанаозен Жанатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезказган Жетысай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Караганда Каратау Каскелен Келес ауданы Кентау Кокшетау Конаев Костанай Косшы Кульсары Курчатов Кызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавловск Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыагаш Сарыкөл ауданы Сарыозек Сатпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талгар Талдыкорган Тараз Таран ауданы Текели Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Туркестан Түлкібас кенті Узынагаш Уральск Усть-Каменогорск Федоровский р-он Форт-Шевченко Хромтау Целиноградский р-он Чапаево Чемолган Чу Шал ақын ауданы Шалкар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Экибастуз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Иша 18:02

свернуть
Фаджр Восход Зухр Аср Магриб Иша
05:09 06:26 11:39 15:02 16:45 18:02
свернуть
Календарь
Хиджра
23 Джумада-авваль 1448
Григорианский
03 ноября 2026

Новости

«ҚҰРАН – ЖҮРЕГІМНІҢ КӨКТЕМІ» АТТЫ ҚАЛАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ

Медеу ауданы «Әбу Ханифа» мешітінде ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторы Алматы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Құран – жүрегімнің көктемі» атты қыз-келіншектер арасында Құран жарысы өтті.

Іс-шараның шымылдығын «Әбу Ханифа» мешітінің бас имамы Абдулқасым Абдімажитұлы Құран аяттарымен ашып, жиналған қауымға Құран оқудың артықшылығы жайлы уағыз-насихат айтты. Жарысқа 40 жасқа дейінгі мешітте білім алған қыз-келіншектер қатысып, Құранға деген сүйіспеншіліктері мен діни білімдерін ортаға салды.

Байқау екі кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңде қатысушылар «Дұха» сүресінен «Нас» сүресіне дейінгі сүрелерді жатқа, мәнерлеп, тәжуид ережелерін сақтай отырып оқыды. Екінші кезеңде қатысушылар имам ән-Нәуауидің «Қырық хадис» жинағы бойынша дайындалған сұрақтарға жауап беріп, хадистердің мағынасын түсіну деңгейлерін көрсетті. Арнайы ұяшықтар таңдау арқылы жасырылған хадистерді кілт сөздер бойынша құрастырып, білімдерін сынға салды.

Сайыста қатысушыларды бағалауға  ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторы Алматы қаласы бойынша жауапты маманы Гүлмира Ілесбайқызы, «Бәйкен» мешітінің ұстазы Жазира Тоқтасынқызы және «Райымбек батыр» мешітінің ұстазы Мақсат Тұрлыбайқызы әділқазылық етті.

Медеу ауданының бас имамы Данияр Әлімұхамедұлы барша қатысушылар мен жеңімпаздарды марапаттап құттықтау сөзін айтты.

Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі орын иегерлері:
І орын – Суалир Зухра - 100.000 теңге «Заря Востока» мешіті
ІІ орын –Ахмедьярова Анель - 70.000 теңге «Әл-Мәдина» мешіті
ІІІ орын – Омарова Нұрсафия- 50.000 теңге «Мұхаммед әл-Әмин» мешіті

Сонымен қатар жарысқа қатысқан барлық қыз-келіншектерге алғыс хаттар мен естелік ынталандыру сыйлықтары табысталып, ақ жаулықты әжелер шашуын шашты. Шараның басты мақсаты – Құран Кәрімді жаттауға ынталандыру, тәжуид ілімін насихаттау, қыз-келіншектердің діни білімін жетілдіру және асыл дініміздің құндылықтарын дәріптеу. Шара соңында көрермендерге де арнайы сұрақтар қойылып, белсенді қатысушыларға сыйлықтар табысталды. Рухани шараға келген жамағатқа арнайы дастархан жайылды.

Алматы өкілдігі бойынша баспасөз қызметі

ИСТОЧНИК Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Отзывы читателей (0)

Интересные материалы

ЕЛОРДАДА «ИСЛАМ ЖӘНЕ АДАЛ ҚОҒАМ» КІТАБЫНЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТТІ
Қазақ руханияты тағы бір салмақты дүниемен толықты. Бүгін Астана қаласындағы Нұр-Сұлтан мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының «Ислам және адал қоғам» атты кітабының таныстырылымы өтті. ...
«АДАЛ ЕҢБЕК - АДАЛ ҚОҒАМ» СЕМИНАР-ТРЕНИНГІ ӨТТІ
Әуезов аудандық Ақсай мешітінде Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен «Адал еңбек – адал қоғам» тақырыбында жастарға арналған тағылымды семинар-тренинг өтті.
«ӨТКЕНГЕ ҚҰРМЕТ - ТІРІГЕ МІНДЕТ» ЗИРАТҚА ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ
Алматы қаласы, Әуезов ауданында «Өткенге құрмет – тіріге міндет» республикалық зираттарды тазалау акциясы жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті.
ДІНИ РӘСІМДЕР БӨЛІМІ АШЫЛАДЫ
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасынан Діни рәсімдер бөлімі ашылады. Бұл туралы ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы 2026 жылға арналған Бағдарлық баяндамасында мәлімдеді....
Т.Алиевке қатысты мәлімдеме
Алматы Орталық мешітінің найб имамы Тимур Алиевтің әлеуметтік желіде жеке парақшасындағы жазбаға қатысты Алматы Орталық мешітінің басшылығы тарапынан оған түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Түсініктеме алынды. Т.Алиевке діни қызметкер этикасын сақтау, әлеуметтік желіде өзін байсалды ұстау, ұлтаралық, ...
ҚҰРБАН АЙТ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти 
свернуть
Календарь
Хиджра
23 Джумада-авваль 1448
Григорианский
03 ноября 2026
Время намаза
Сейчас

Иша 18:02

Является ли игра на домбре харамом?

Я полностью разделяю ваше прагматичное стремление легализовать домбру в контексте современной казахс

Крафтер Кудабай
2 шіл. 2026

27 мая в 6:00 в 56 мечетях Алматы состоится праздничный айт-намаз

Уалейкум ассалам! В этом году такого не было.

Администратор Azankz
27 мам. 2026

Урок 6: Обстоятельства, нарушающие омовение

Синяя кнопка в правом нижнем углу "Вопрос устазу".

Администратор Azankz
16 сәу. 2026

Время таравих намаза

Ассалаумағалейкум уа рахматуллахи уа баракатух, жамағатКак вы знаете, садака джария - милостыня с на

X
22 ақп. 2026

Первый таравих намаз - 18 февраля

Уалейкум ассалам. Да, в Казахстане вопросами наблюдения за луной в контексте определения начала лунн

Администратор Azankz
19 ақп. 2026
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi