«НҰРЛЫТАУ» МЕШІТІНДЕ ТОЙ ЖАСАУ, ҚҰДАЙЫ АС ӨТКІЗУ ЖАЙЫНДА УАҒЫЗ АЙТЫЛДЫ
Бостандық ауданы «Нұрлытау» мешітінде жамағатқа арнайы уағыз-насихат жұмыстары жүргізілді.
Мешіттің бас имамы Ерлан Құлмырзаұлы қуанышқа ортақтасып, ізгі тілектер айтылатын, жас жұбайларға ақ бата беріліп, жақсы өсиет пен өнегелі сөздер жеткізілетін қуанышты басқосу - той туралы мәлімметер айтты. Онда құттықтау айтып, жақсылық тілеу арқылы елдің бірлігі мен ағайынның сыйластығы көрініс табатынын жеткізді.
«Ал құдайы ас – марқұмды еске алып, Құран оқып, дұға бағыштайтын тағылымды жиын. Мұндай дастарқанда айтылған уағыз-насихат жиналған жұртқа рухани демеу беріп, марқұмның жақындарына көңіл жұбату мен сабыр тілейді.
Әр жиынның өз мәні мен мақсаты бар. Той қуаныш пен ақ тілектің ордасы болса, құдайы ас дұға мен еске алудың, жұбату мен ғибраттың орны. Екеуін де өзіне сай әдеппен өткізу – ортақ жауапкершілігіміз», - деп түйіндеді.





