«ТОЙ – ТӘРБИЕ МЕН ТАҒЫЛЫМНЫҢ ОРДАСЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Әбу-Бәкір мешітінде «Той – тәрбие мен тағылымның ордасы» тақырыбында тағылымды кездесу өтті.
Шараға Алматы қаласы Орталық мешітінің наиб имамы Бекзат Оқапұлы, ақсақалдар алқасының мүшелері және Наурызбай ауданының имамдары қатысты. Кездесу барысында ұлттық салт-дәстүрлерімізді дәріптеу, отбасылық құндылықтарды сақтау, той мәдениетін қалыптастыру және ысырапшылдықтың алдын алу мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, ұлттық дәстүрлер мен ислам құндылықтарының сабақтастығы, жастарға өнегелі тәрбие беру және қуанышты сәттерді имандылық қағидаларына сай өткізу жөнінде ой қозғалды. Жиында ақсақалдардың өмірлік тәжірибесі мен тағылымды пікірлеріне де мән беріліп, ұлттық тәрбиені келер ұрпаққа жеткізудің маңыздылығы атап өтілді.
Той – тек қуаныштың емес, тәрбие мен тағылымның да ордасы!






