«НҰРЛЫ» МЕШІТІ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫН ӨТКІЗДІ
Медеу ауданы «Нұрлы» мешітінің ұйымдастыруымен Ережеп айының құрметіне қайырымдылық шарасы өткізілді.
ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық қоры» Алматы өкілдігі мен «Жастар және ізгі қоғам жобасы« аясында ұйымдастырылған қайырымдылық шарасында мұқтаж 30 отбасына азық-түліктер салынған себеттер үлестірілді. Ережеп айының құрметіне орай өткен сауапты амал барысында Медеу ауданының бас имамы Данияр Жұмабаев уағыз-насихат айтты. «Нұрлы» мешітінің бас имамы Қасым Әшімовтың ұйымдастыруымен көп балалы және жалғыз басты аналарға арналған азық-түлік себеттерін әр отбасына арнайы көліктермен үйлеріне жеткізіп беру қамтамасыз етілді. Қасиетті ай құрметіне арналған сауапты амал үшін мешіт қызметкерлері мен демеушілерге көмекке мұқтаж отбасы мүшелері алғыстарын жеткізді.
Алматы өкілдігінің баспасөз қызметі