«НҰРЛЫ» МЕШІТІНДЕ МӘУЛІТ АТАЛЫП ӨТТІ
ҚМДБ Алматы қаласы өкілдігіне қарасты Медеу аудандық «Нұрлы» мешітінде мәуліт кеші аталып өтті.
Бас имам Қасым Әшімов жамағатқа Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мәуліті жайлы кіріспе сөз сөйлеп, жамағаттың көкейінен орын алған мәуліт жырларының оқылатындығын айтты. Мәуліт жырын Медеу ауданының бас имамы Данияр қари Жұмабаев және Ақжолтай қари оқыды. Пайғамбарымыздың (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ғибратқа толы өнегілі ғұмыры жайлы Нұр-Мүбарак университетінің оқытушысы, доцент Алау Әділбаев көркем жеткізе білді. Игі шара соңынан дұға жасап, бата берді.
Мәуліт айына орай мешіт атынан жамағат пен дін қызметкерлеріне арнап дастархан жайылды. Соңынан сұрақ-жауап айдарымен жеңімпаздарға сыйлықтар үлестірілді.
Алматы өкілдігі бойынша баспасөз қызметі