РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМДА «ИМАМ АНЫҚТАМАЛЫҒЫ» НҰСҚАУЛЫҒЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Елордада өтіп жатқан «Адал қоғам: білім, рухани тәрбие және жауапкершілік» атты дін қызметкерлеріне арналған республикалық форумында «Имам анықтамалығы» нұсқаулығы таныстырылып, қабылданды.
Маңызды құжатты көпшілікке ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Бауыржан Абдуалиев таныстырды.
Аталған нұсқаулық еліміздегі дін қызметкерлерінің білімі мен біліктілігін арттыруға бағытталған. Осы арқылы имамдар күнделікті қызметінде туындайтын өзекті мәселелерге нақты әрі жүйелі жауап таба алады.
Таныстырылыман соң нұсқаулық бойынша Шығыс Қазақстан облысының Бас имамы Думан Сайфуллин пікір білдірді.


