ТАУГҮЛ-3 МЕШІТІНДЕ САУАТ АШУДАН ҚЫСҚЫ КУРС АЯҚТАЛДЫ

Әуезов ауданы «Таугүл-3» мешітінде балаларға қысқы демалыс сәтінде сауат ашу курсы жүргізілді.
Екі апта бойына 6-12 жас аралығындағы балаларға Құран әліппесі, күнделікті әдептер, Алланың көркем есімдері, құраннан қысқа сүрелер жаттатылды. Сондай-ақ, балалар құран мен хадисте келген дұғаларды жаттады. Курс соңында сертификаттар мен белсенділігі үшін сыйлықтар табысталды. Иманды ұрпақ - ұлттың болашағы. Балаларды мешітке баулып, дін мен дәстүрді бойына сіңіре, тәрбиелі, ибалы жастардың іргетасын қалау мақсатындағы курсқа қатысқан оқушылар да олардың ата-аналары да мешіт ұстаздарына алғысын айтты.
Алматы өкілдігінің баспасөз қызметі