ӘЙЕЛ-ҚЫЗДАР СЕКТОРЫ БІЛІМ САЙЫСЫН ӨТКІЗДІ

Алатау ауданы «Қарасай батыр» мешітінің қыз-келіншектер жамағаты арасында «Әйелдерге арналған 30 хадис» кітабы және 30 мақал бойынша білім сайысы өтті.
4 кезеңнен тұратын білім сайысында қатысушылар өзара топқа бөлініп, таныстыру дайындады. Мақал мен хадистерді жатқа айтып, кахут қосымшасын қолдана отырып тест сұрақтарына жауап берді.
Әділ қазы алқаларының шешімі бойынша:
1-орын «Салихалы ханшайымдар» тобына бұйырса,
2-орынға «Әс-сәләм» тобы ылайық деп танылды. Ал жүлделі
3-орынды «Құранға ғашық жүректер» тобы иеленді.
Жүлделі орын иелері мен қатысушыларға сыйлықтар мен алғыс хаттар табыс етілді. Сондай-ақ, тәжуид қағидаларын тәмамдап, Құранды толық оқып үйренген шәкірттерге білімін куәландыратын сертификат табыс етілді.
Алматы өкілдігінің баспасөз қызметі