МЕШІТ ИМАМЫ ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕ УАҒЫЗ АЙТТЫ
Дін қызметкерлері 5571 әскери бөлімінде штаттан тыс өткізілген 1 күндік оқу - әдістемелік жиынға қатысты.
Сүбелі сұхбат пен сұрақ-жауаптар алмасқан кездесуге Алматы Орталық мешітінің наиб имамы Сыздықов Бекзат Оқапұлы мен ҚР Православ шіркеуі мен Вознесенский кафедралды соборының мамандары қатысты. Бекзат Оқапұлы «Лудомания және өзіне өзі қол сұғу» тақырыбына кеңінен тоқталып, шариғатта тыйым салынған амалдарға баса назар аударуға шақырды. Сонымен қатар психологиялық қамтамасыз ету қызметінің аға офицері лейтенант Ибраймқұлова Гаухар Сайлауханқызы өз ойларымен бөлісіп, сарбаздар сұрақтарына жауап берді. 600-ге жуық Отан алдында әскери борышын өтеп жүрген сарбаздар қатысқан жиында, дін қызметкерлері өзекті сұрақтарға тұшымды жауап берді.
Алматы өкілдігінің баспасөз қызметі