«НҰРЛЫ» МЕШІТІНДЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ
Мәуліт айының құрметіне орай Алматы қаласы, Медеу ауданы «Нұрлы» мешітінде қайырымдылық шарасы өткізілді.
«Қайырымдылық – қайырлы іс» бастамасымен ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық қоры» Алматы өкілдігінің ұйымдастыруымен мәуліт айында бірқатар қамқорлық шарасында мұқтаж отбасыларына көмек көрсетілуде. Кезекті қайырымдылық шарасы Медеу ауданы «Нұрлы» мешітінде өткізіліп, күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік өнімдері толтырылған «қайырымдылық сөмкесі» көмекке зәру отбасыларына үлестірілді. Мешіттің бас имамы Қасым Әшімов жиылған жамағатты Мәуліт айымен құттықтады. «Ұйымдастырылған шараның негізгі мақсаты қоғам арасында мейірімділікті насихаттап, бір-бірімізге бауырмал әрі адал болуға шақыру», - деп атап өтті бас имам.