ИМАМДАР АРАСЫНДА ДЕБАТ ӨТТІ
Алматы қаласының Алатау және Түрксіб аудандарының дін қызметкерлері пікірсайыс додасына түсті. Ізгі қоғам бағыты ойынша өткен интеллектуалды шарада күнімізде өзекті болған мәселелер қозғалды.
Ізгі қоғам бағыты аясында ұйымдастырылған ізгі шара барысында Түрксіб ауданының бас имамы Абдраманов Ерлан мырза бұл шараның маңызын айтып, сайысқа түсуші топтарға сәттілік тіледі. Сонымен қатар, Алатау ауданы «Бекет ата» мешітінің наиб иамы Елдос Арғынбаев «Ізгі қоғам» ҚМДБ-ның негізгі бағыттарының бірі екенін тілге тиек етіп, шараның мақсаты - ізгі қоғам бағытын жандандыру деді. Шараны ұйымдастырушы Айдос Шарапатбекұлы: «Пікірсайыс – ең алдымен, адамды жүйелі, әрі қысқа да нақты сөйлеуге тәрбиелейді, шешендік дағдысын жетілдіруге де септігін тигізеді», – деп шараның негізгі ережелерімен таныстырып өтті.
Пікір додасы соңында қатысушы көрермен тарапынан көптеген игі пікірлер айтылып қатысушылар мен ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді. Айта кетейік, Республика бойынша пікірсайыс (Дебат) шарасы имамдар арасында алғаш рет өткізілді.
Алматы өкілдігі бойынша баспасөз қызметі