ИСЛАМ ИНСТИТУТЫНА «MUFTIYAT» БАСПАСЫНЫҢ КІТАПТАРЫ СЫЙҒА ТАРТЫЛДЫ
Алматы Орталық мешітінің ұйымдастыруымен Республикалық имамдардың білімін жетілдіру ислам институтына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «MUFTIYAT» баспасынан жарық көрген діни-танымдық кітаптар сыйға тартылды.
Игі шара аясында діни әдебиеттер институтқа табысталып, білім беру үдерісінде пайдалануға ұсынылды.
Аталған бастаманың негізгі мақсаты – имамдардың діни білімін жетілдіруге қолдау көрсету, отандық діни әдебиеттерді насихаттау және дін қызметкерлері арасында кітап оқу мәдениетін дамыту.