«ОТАНДЫ СҮЮ - ИМАННАН» КОНСТИТУЦИЯ КҮНІНЕ ОРАЙ СЕМИНАР ӨТТІ
Бүгін Алматы қаласы, Жетісу аудандық «Әл-Мадина» мешітінде Конституция күніне орай «Отанды сүю – иманнан» атты тақырыпта семинар өткізілді.
Мүфтият бекіткен жылдық жоспар негізінде мерекеге орай өткізілген іс-шараның ұйымдастырушысы «Әл-Мадина» мешітінің бас имамы Бақытжан Жаңбырбайұлы. Семинарға Жетісу ауданы мешіттері имамдары мен ұстаздары қатысты. Семинар спикері ретінде Алматы Орталық мешітінің найб имамы, РАНТ мүшесі Қуаныш Тоқсанбайұлы қатысып, жиында еліміздің Ата заңы, Конституцияны және рәміздерді құрметтеу, тәуелсіздіктің қадірін білу және осы құндылықтарды қадірлеуге, сондай-ақ мешіт жамағатын да шақыру қажет екендігін жеткізді. Қала бойынша Конституция күніне орай осы тақырыпта семинарлар мен дөңгелек үстелдер жалағасы табатындығын хабарлады.
Алматы өкілдігі бойынша баспасөз қызметі