ТҮРКСІБ ЖӘНЕ НАУРЫЗБАЙ АУДАНДАРЫНЫҢ ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН БАСҚОСУ ӨТТІ
Түрксіб және Наурызбай аудандарының діни қызмет барысын жетілдіруге арналған мәжіліс өткізілді.
Бас мүфти бастамасына сәйкес, биылғы өкілдік жоспарына жұмысты үйлестіруге, жоспарды жүйелі орындауға және аудандағы мешіт имамдарының ұсыныс-пікірлерін тыңдау үшін қаладағы 8 ауданда жеке-жеке жиын өткізу жоспарланған болатын. Жыл соңындағы соңғы басқосуға шаһардың бас имамы Төлеби Оспан, Түрксіб және Наурызбай аудандарының діни қызметкерлері мен ұстаздары, Алматы Орталық мешітінің найб имамдары қатысты.
Басқосудың мақсаты – ауданға қатысты сұрақтарды жеке қарастырып, атқарылатын іс-шаралардың жоспарын пысықтау, жұмыс барысында кездесетін қиындықтарды дер кезінде шешу және бағдарлық баяндама негізіндегі атқарылған жұмыстарға шолу болды. Сонымен қатар ауданға қарасты мешіт қызметкерлерінің ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Бас имам алдағы жылда кемшіліктерге жол бермей, діни қызмет барысына мұқият болуды тапсырды.
Алматы өкілдігі бойынша баспасөз қызметі












.jpg)