«ОТБАСЫ НЕГІЗДЕРІ» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ФИҚҺ ДӘРІСТЕРІ АЯҚТАЛДЫ
Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан «Отбасы негіздері» тақырыбы бойынша фиқһ дәрістерінің қорытындылап, имамдарға сертификат табыстады.
Мазмұнды әрі маңызды білім курсын толық меңгерген қала мешіттерінен жиналған 30 имам аталған фиқһ дәрістері бойынша сертификатқа ие болды. ҚМДБ бастамасы негізінде Алматы қаласы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен өткен бұл дәрістер қоғамның іргетасы саналатын отбасы институтын нығайтуға, имамдардың білім деңгейін арттыруға және отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған маңызды әрі берекелі қадам болды.
Екі ай бойы дәрісті жоғары деңгейде жүргізген «Нұр-Мүбарак» университетінің аға оқытушысы, исламтанушы, теология мамандығы бойынша PhD докторы, ұстаз Ерғали Алпысбаевқа алғыс хат табысталды.
















