«ІЗГІ ҚОҒАМ - ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ» ЖАМАҒАТПЕН БАСҚОСУ ӨТТІ
Алматы қаласы өкілдігінің жылдық жұмыс жоспары негізінде қаланың барлық мешіттерінде «Ізгі қоғам жарқын болашақ» тақырыбында жамағатпен бас қосу өтті.
Өткен жылы ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Біздің халық алдындағы басты міндетіміз – жұртымызды жақсылыққа үндеп, жамандықтан тосу, ізгі қоғам құруға қадам жасау. Сондықтан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2023 жылды «Ислам және ізгі қоғам» жылы деп жариялады», - деп атап өтіп, алдағы жылдарда қоғам игілігіне арналған бірқатар іс-шараны атқару міндеті тұрғандығын жеткізген болатын. Осы орайда Алматы өкілдігінің бастамасымен қала мешіттерінде имамдар келген жамағатқа қоғамдағы ізгілік пен татулық, ұлт болашағының жарқын болуы үшін маңызды жайттар жайлы кеңінен тарқатып айтты. Жамағат сауалдарына жауап беріп, осы тақырыптағы көкейкесті мәселелер бойынша жұмыс жалғасатынын жеткізді.
Алматы өкілдігі бойынша баспасөз қызметі