«АҚСАЙ» МЕШІТІНДЕ ИМАМДАРҒА СЕМИНАР ӨТТІ
Әуезов ауданы «Ақсай» мешітінде «Дәстүрлі ислам құндылықтары» атты имамдарға семинар өтті.
Жиналыс барысында Әуезов аудандық мешітінің имамы Бақтияр Қасымалиев ҚМДБ пәтуалары негізінде некеге тұрған қызға беретін "қалың мал" мен мәһр жайында айтты. Некенің құндылықтары және қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдеп-ғұрыптары халықтың тұрмысына, тәрбиесі мен мінезіне, сеніміне қарай қалыптасқанын түсіндірді. Бүгінгі таңдағы басты мәселе халықтың асыл қазынасын жастардың бойына сіңіре білу, салт-дәстүрін, тілін, діні мен тілін үйретуді насихаттады бас имам.
«Дін мен дәстүр үндестігін сақтау – бүгінгі ұрпаққа жүктелген үлкен міндет. Бұл екі асыл қазынамызды қадір тұтсақ, тарихымыз бен мәдениетімізді ұлағаттаған, ата-бабалар қалдырған ұлы аманатты сақтаған боламыз», - деп түйіндеді.
Алла Тағала біздерді асыл дінімізді берік ұстап, салтымызды сақтаған, дәстүрімізді құрметтеген ұрпақтардан болуды жазып, дұға-тілектерімізді қабыл етсін.