«ЖҮРЕКТІҢ КӨЗІ АШЫЛСА...» ЖЫР МҮШӘЙРАСЫ ӨТТІ
Алматы қаласы, әйел-қыздар секторы, Жетісу ауданы «Әл-Мәдина» мешітінің ұйымдастыруымен «Жүректің көзі ашылса...» атты жыр мүшәйрасы өтті.
«Дінім, тілім - тұғырым» тақырыбы аясында 50 ден аса мешіт шәкірттері шығармашылық додада бақтарын сынады. ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторы Алматы қаласы бойынша жауапты маманы Гүлмира Ілесбайқызы қатысты. Сонымен қатар кеш барысында, М.Әуезов театрының актрисасы, поэзия шебері, тележүргізуші Күнсұлу Тұрғанбекқызы қонаққа келіп, жыр өнерінің қыр сырымен бөлісті. Сондай ақ, «Әл-Мәдина» мешітінің ұстазы Айнұр Шаймерденқызы «Жүректің көзі ашылса...» тақырыбында насихат айтып, өзінің жыр шумақтарын оқып берді. Жыр мүшайрасына филолог мамандар төрелік жасап, жеңімпаздарды анықтап берді. Бас жүлдені «Әл-Мәдина» мешітінің шәкірті Сұранова Аяулым жеңіп алды. Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Алматы өкілдігі бойынша баспасөз қызметі