АЛМАТЫДА «УАҚЫП» ҚОРЫНЫҢ АТЫНАН АЛҒАШҚЫ КОФЕХАНА АШЫЛДЫ
Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан және ҚМДБ «Уақып» қорының директоры Азамат Әбдікерімұлы Бостандық ауданы «Бәйкен» мешітінің жанындағы «basma» кофеханасының ашылуына қатысты.
«basma» кофеханасы «Уақып» қорының атынан алғашқы желілік кофехансы ретінде ашылды. Ашылу салтанатына ҚМДБ «Уақып» қорының директоры Азамат Әбдікерімұлы ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының ыстық сәлемін жеткізді. Сондай-ақ сауапты амалға ұйтқы болған азаматтарға алғысын білдірді. Шараға Қуат Қабдолла, «Уақып» қорының Алматы қаласы бойынша жауапты маманы Талғат Сапанов және мешіт имамдары қатысты.
Алматы өкілдігі бойынша баспасөз қызметі