ӘБУ-БӘКІР МЕШІТІНДЕ «САҚТЫҚТА ҚОРЛЫҚ ЖОҚ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ
Наурызбай ауданы Әбу-Бәкір мешітінде «Сақтықта қорлық жоқ» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.
Шараға Наурызбай ауданының өрт қауіпсіздігі саласының өкілі қатысып, жамағатқа өрт қауіпсіздігі талаптары, төтенше жағдайлардың алдын алу және қауіпсіздік ережелерін сақтау жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Семинар барысында өрт қауіпсіздігін сақтаудың маңыздылығы, ықтимал қауіп-қатерлердің алдын алу және төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету мәселелері сөз болды. Іс-шараның негізгі мақсаты — қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, азаматтардың жауапкершілігін арттыру және төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Сақтық — қауіпсіздіктің кепілі!

