ЖАНАЗА ЖӘНЕ ЖЕРЛЕУ РӘСІМДЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ ЖИЫН ӨТТІ
Ақсай мешітінде ҚМДБ «Qamqor Sharapat» салттық қызмет көрсету бөлімінің Алматы қаласы бойынша жауапты маманы Талғат Сапанов аудан имамдарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында жаназа және жерлеу рәсімдерін шариғат талаптары мен ұлттық салт-дәстүрге сай ұйымдастыру, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жолға қою мәселелері талқыланды.
Аталған бағыттағы жұмыстарды арнайы жоспар негізінде ұйымдастырып, тұрғындарға дұрыс әрі нақты ақпарат жеткізу қажеттігі атап өтілді.
Кездесу өзара пікір алмасу және алдағы бірлескен жұмыстарды үйлестіру бағытында өрбіді.