МЕЙІРІМ ПАЙҒАМБАРЫ
Сайқын
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 19:38
Сайқын
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Сайқын
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
07:39 09:08 13:44 16:25 18:10 19:38
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-авваль 1446
Миләди
22 қараша 2024

Мақалалар

МЕЙІРІМ ПАЙҒАМБАРЫ

| A | +

Ардақты Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзі айтқан бес есімінің бірі – мейірімділік пайғамбары. Құран Кәрімде: «Біз сені бүкіл әлемге рахмет (мейірімділік) етіп жібердік», – деп («Әнбия» сүресі, 107-аят) Алла Елшісінің миссиясы мейірімділікке негізделгенін паш етеді.

Пайғамбар зұлмат қараңғылығы мейірімділікті тұншықтырған қоғамға келді. Мейіріммен айналасындағы адамдардың жүрегін жаулады. Тас жүректерді жібітті. Адамзатқа үміт сыйлады. Мейірімге шөліркеген қоғам өзегіне нәр берді. Туған баласы тұрмақ өзге жанға да бауырындай мейірімді болуды үйретті. Қара демей, құл демей бірін-бірі бауырым дейтін қоғам құрды. Тарих өлшемінде қас қағым сәт сияқты ширек ғасырда мейірімді қоғам қалыптастырды. 

Ислам тәлімі – түгел тірі жанға мейірімді болуға үндейді. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Адамдарға мейірімді болмағанға Алла мейірім етпейді», – деген. Хадистегі «адам» сөзі тұтас адамзатты қамтитыны мәлім. Бұл ұғым адамды ұлты мен дініне бөлмейді. Ибн Баттал түсіндіре келе: «Хадис барша тіршілікке мейірімді болуға шақырады. Хадис аясына мұсылманмен қатар кәпір де, тіпті жан-жануар да кіреді. Мейірімділікке жан-жануарға жем-шөбі мен суын тұрақты беру және жануарға зәбір көрсетпеу де жатады», – дейді.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мына бір ғибратты оқиғаны айтады: «Жол жүріп келе жатқан кісі қатты шөлдейді. Құдыққа түсіп, су ішіп, шөлін басады. Шықса алыстау жерде бір ит тілін салақтатып тұр екен. Қатты шөлдегені байқалады. Сонда бір кісі: «Мынау жануар мен сияқты қатты шөлдеген екен», – деп, құдықтан кебісіне су толтырып алып шығып ,итке береді. Оның осы әрекетін Алла есіркеп, күнәсін кешкен екен», – дейді. Сонда сахабалар: «Уа, Алланың елшісі! Малға қарағанымыз үшін де бізге жазыла ма?» – деп сұрайды. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Әрбір тірі жануарға (қамқорлық, мейірім қылғаны үшін) сауап бар», – деген екен (Бұхари, Мүслим).

Сахаба Амр ибн Ас (Алла оған разы болсын) мұсылман әскерінің қолбасшысы болып Мысыр еліне жорыққа шығады. Мұсылмандар бекінісіне қолбасшы шатыры тігіледі. Әскер көшетін кезде қолбасшы Амр ибн Ас шатырдың төбесіне құс ұя салғанын байқайды. Құсты мазаламайын деп шатырды бұздырмай сол күйі қалдырады. Сол шатырдың айналасына жұрт үй салып, кейінірек Фустат (шатыр) қаласы пайда болған екен. Бұл қала Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) тәлімін алған сахабалардың мейірімін көрсетеді. Құс екеш құсқа да жәбір көрсетпейтінін паш етеді.

Бүгінде әлем мейірімге ауадай мұқтаж. Кеше және бүгінде адамзаттың қанын қатыгездік төгуде. Зорлық-зомбылық көрген әлем мейірімді ұмытты. Пайғамбар Алла сөзін адамзатқа жеткізген шақта әлем зұлымдықта еді. Мейірім жетімнің күнін кешіп жатты. Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мейірімі замандастарымен шектелмейді. Ол мәміледе жұмсақ та, мейірімді еді. Сахабаларға көрсеткен барлық мейірімі үмбетіне де қатысты болды. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты менисәлемі болсын) әр ісінде үмбетінің қамын ойлайтын. Адамның перзенті мен ата-анасын жақсы көруі – табиғатында бар сезім. Сол сияқты өзегі тасқа айналған қатыгезден басқа барлық адам туған-туысына мейірім етеді.

Алайда Мұхаммед Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) айтқан мейірім мүлдем басқа. Әнас бин Малик (оған Алла разы болсын) риуаят еткен хадисте Алла елшісі: «Жаным иелігінде болған Затпен ант етемін, Алла тек мейірімді жанға ғана рақымын төгеді», – дейді. Сонда сахабалар: «Уа, Алланың елшісі! Баршамыз мейірімділік жасаймыз», – десті. Сонда Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Өзінің ет жақынына жасайтын мейірім жайлы айтып тұрғаным жоқ, бұл жалпы адам баласына деген мейірім», – деген екен (Әбу Яғлә). Демек Пайғамбар үйреткен мейірім – адам баласын бөліп жармайтын сезім. Мейірім жойылған жерді зұлымдық пен әділетсіздік жайлайды. Жер бетіндегі барлық зұлымдық атаулы мейірімнің жоқтығынан болады. Адамзат мейірімге зәру. Жер бетіндегі жәбір шеккен әрбір адам – зұлымдықтың құрбаны. Мұсылмандар арасында мейірім ұшқынын жағу үшін әрбір көңілге елеусіз болған жақсылықты жасауға шақырып: «Бауырыңның жүзіне кұлімдеп қарауың – садақа. Жақсылыққа үндеп, жамандықтан қайтаруың – садақа. Жол таппай келе жатқан жанға бағытын нұсқап жіберуің – садақа. Жолда жатқан тас, тікен және сүйек сияқты кедергіні алып тастауың – садақа», – деген.

Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үмбеті тіршілік пен құлшылықта тепе-теңдікті жоғалпауы үшін өзі жаны сүйіп жасайтын кейбір құлшылықтарды жеңілдететін. Айша анамыз (оған Алла разы болсын) былай деп риуаят етеді: «Алла елшісі өзі ұнататын амалдардың ертең үмбетіне уәжіп болып қалуынан қауіптенетін», – дейді (Бұхари, Мүслим, Әбу Дәуіт, Ахмед, Ибн Хиббан).

Түнгі намаз (тәһажжуд), Рамазандағы тарауық, нәпіл ораза, қажылық сияқты құлшылықтарды жаны сүйіп тұрса да тұрақты жасамайтын. Себебі үмбетіне сол құлшылықтар уәжіп болып қалмауын ойлайтын. Сондай-ақ: «Алла елшісі адамдарға парыздың жеңіл болғанын құп көретін», – делінген (Ахмед). Сондықтан: «Үмбетіме ауырлық қаламасам...», – деп көп айтатын. Бұл – Пайғамбарымыздың үмбетіне деген мейірімі. Үмбеті құлшылықтан жалығуын қаламайтын. Керісінше құлшылыққа әркез құлшынып, ықыласпен келуін жақсы көретін.

Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Үмбетіме ауыр келмегенде оларға әрбір намаз алдында мисуак қолдануын бұйырар едім», –деген (Бұхари, Ахмед). Сондай-ақ: «Үмбетіме ауыр тимегенде құптан намазын түннің соңғы үштен бір бөлігінде оқуын әмір еткен болар едім», – деген (Термизи, Насаи, Ахмед). Бұл риуаяттардан Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үмбетіне құлшылықтың ауыр келмеуін ойлағанын байқаймыз.

Амр бин Ас (оған Алла разы болсын) былай деп баяндайды: «Пайғамбарымыз Ибраһимнің (оған Алланың сәлемі болсын) Аллаға жалбарынып: «Раббым, олар адамдардың көбін адастырды. Ал енді маған біреу ерсе, ол менен...», – деген («Ибраһим» сүресі, 36-аят) сөзін тиләуат етеді. Артынан Иса (оған Алланың сәлемі болсын) пайғамбардың: «Егер оларды азаптасаң да олар құлдарың, егер оларды жарылқасаң күдіксіз Сен аса үстем, хикмет иесісің», – деген мінәжатын оқитын («Мәида» сүресі, 118-аят). Екі қолын жайып: «Уа, Алла! Үмбетім, үмбетім...» – деп жылайды. Сонда Алла Тағала (әрине Алла барлығын білуші): «Ей, Жәбірейіл! Мұхаммедке барып: «Сені жылатқан не нәрсе?» – деп сұра», – дейді. Жәбірейіл (оған Алланың сәлемі болсын) Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) көңілін босатқан не нәрсе екенін біліп, Раббысына айтады. Сонда Алла Тағала: «Ей, Жәбірейіл! Мұхаммедке барып: «Біз саған үмбетіңе қатысты риза етеміз, ешбір жамандық жасамаймыз», – деп айт», – дейді».

Ислам – мейірім діні. Мұхаммед – мейірім пайғамбары. Құран Кәрімнің әрбір сүресі Мейірімді, Рақымды Алла атымен басталады. Мұның барлығы мұсылманның өмірлік ұстанымын көрсетеді. Адамзатқа не керектігін білдіреді.

 

Төлеби ОСПАН,

Алматы қаласының бас имамы

«Мұнара» газеті, №18, 2023 жыл

ДЕРЕККӨЗІ muftyat.kz

ҚМДБ ресми сайты

Предыдущий Следующий
МҰХАММЕД МҰСТАФА (ﷺ) КӘМІЛ, ҮЛГІ-ӨНЕГЕ ИЕСІ ТУҒАН-ТУЫСТЫҢ ХАҚЫСЫ

Тақырып аясындағы мақалалар

Ғұламалардың өмірбаяны ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ ӘБУ ХАНИФА МЕН АБАЙ
Бұл дүниеде өмір сүрген кезден бастап дінмен (наныммен) тығыз қарым-қатынаста болған түркілер, Қарахандар кезеңінде, сонымен қатар Саманидтер дәуірінде Ислам дінінің Сүнниттік Ханафи бағытын қабылдаған болатын. Яғни, өздерінің Ислам туралы түсініктерін Ханафилік бағыты шеңберінде құрды. Ханафи мазха...
Ислам тарихы ИСЛАМ ЖӘНЕ МЕДИЦИНА
Жаны саудың – тәні сау демекші, асыл дініміз адамның жан дүниесінің тепе-теңдігімен қатар физиологиялық денсаулығына да ерекше көңіл бөледі.

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Пайғамбар өмірбаяны ПАЙҒАМБАРҒА ﷺ МАХАББАТ - ИМАННЫҢ КЕМЕЛДІЛІГІ
Алдымен Аллаға, сосын Оның Елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) деген махаббат жүрекке орнықпайынша мүміннің иманы кемелділікке жетпейді. Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде былай дейді: «Сендердің біреулерің қашан мені өзінің бала-шағасынан, әкесінен және...
Пайғамбар өмірбаяны АРДАҚТЫ ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ ﷺ СОҢҒЫ ӨСИЕТТЕРІ
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға, оның отбасы мен барлық сахабаларына салауаттар мен сәлемдер болсын! 
Пайғамбар өмірбаяны ПАЙҒАМБАРЫМЫЗ ﷺ ӘДЕПТІЛІКТІ КІМНЕН ҮЙРЕНДІ?
Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) пайғамбарлығын дәлелдейтін маңызды жайттардың бірі – бұны тек достары ғана емес, дұшпандары да мойындап әрі тәнтті болған әдептілігі....
Пайғамбар өмірбаяны ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫ (С.Ғ.С) СҮЮ
«Қолда бар алтынның қадірі жоқ» демекші, кез келген нәрсенің қадіріне бармай оны сүю ақылға сыйымсыз. Пайғамбарды (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүю хақында сөз қозғамас бұрын, алдымен оның діндегі функциясын ұғынып алған жөн шығар....
Пайғамбар өмірбаяны ӨМІР ШАМШЫРАҒЫ
Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти
Пайғамбар өмірбаяны МҰХАММЕД ПАЙҒАМБАРДЫҢ (С.Ғ.С) МҮБАРАК ШАШЫ
Әз-Пайғамбар (оған Алланың садуаты мен сәлемі болсын) – сіз бен біз сияқты ет пен сүйектен жаратылған адам баласы.
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-авваль 1446
Миләди
22 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 19:38

Бамдатқа дейін 00:53

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi