ӨМІР ШАМШЫРАҒЫ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Бесін 11:54

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:55 07:19 11:54 14:41 16:23 17:46
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024

Мақалалар

ӨМІР ШАМШЫРАҒЫ

| A | +

Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ,

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти

 Құрметті жамағат!

Баршаңызды ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүниеге келген айы қасиетті Мәуліт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Әрбір отбасыға бақ пен береке, игілілік пен бірлік тілеймін! Алла Тағала сіз бен бізді өзіне лайықты құл, Пайғамбарымыз Мұхаммедке (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) лайықты үмбет болуды нәсіп еткей! Әмин!

Мәуліт айы – Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өнегелі өмірін, сауапқа толы сүннет амалдарын халыққа насихаттаудың, дініміздің асыл құндылықтарын дәріптеудің таптырмас мүмкіндігі. Бұл айда мешіттерде Аллаға мадақ, Пайғамбарымызға салауат айтылып, мәуліт жыры оқылады.

Мәдениет үйлерінде, республика сарайларында рухани кештер ұйымдастырылады. Рухани басқосуларда Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) тағылымға толы өмірі туралы уағыздар айтылып, толғаулар мен термелер орындалады. Тәрбиелік мәні үлкен сахналық қойылымдар көрерменін ізгі ойларға жетелейді. Жыр-дастандар оқылып, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірінен ғибратты мысалдар айтылады. Сайып келгенде, Мәуліт кеші иманымызды күшейтіп, Алла елшісін (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жақсы көруге, барлық істе оның сүннетіне сай амал етуге үндейді.

Шын мәнінде, оны жақсы көру – кәміл иман белгілерінің бірі. Оның сүннетін өмірлік тірек ету – екі дүние бақытының кілті. Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сөзі – кемелдік баспалдағы. Ал оның сүннет жолымен жүру – рухани өмір шамшырағы.

Пайғамбарға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айту – сауапқа кенелу амалы. Мұсылман баласы Аллаға мадақ айтумен қатар, Оның Пайғамбарына (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сәлем жолдайды. Алла Тағала Құранда: «Расында, Алла және Оның періштелері Пайғамбарға салауат айтады. Уа, иман келтіргендер! Сендер де оған салауат айтып, сәлем жолдаңдар» («Ахзаб» сүресі, 56-аят) деп әмір еткен. Ал ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кім маған бір салауат айтса, Алла Тағала оған он салауат айтады» деген.

Бір күні Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жүзінен қуаныштың белгісі байқалады. Сол сәтте сахабалары: «Уа, Алланың елшісі! Жүзіңізден қуаныш байқап тұрмыз» дейді. Сонда ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Маған періште келіп: «Уа, Мұхаммед! Раббың: «Үмбетіңнен саған біреу бір мәрте салауат айтса, Мен оған он салауат айтамын. Үмбетіңнен саған біреу бір мәрте сәлем жолдаса, Мен оған он сәлем жолдаймын. Осыған разы боласың ба?» – деді». Мен: «Әрине разы боламын» деп жауап бердім» деген».

Тағы бір хадисте: «Кім маған бір салауат айтса, оған Алла он салауат айтады және оның он қателігін кешіреді әрі оның дәрежесін он есеге көтереді» делінген. Біз бұл хадистен салауат айтқан адам өзіне жақсылық жасағанмен тең екенін түсінеміз. Себебі, біз салауат айту арқылы Алланың бізге салауат айтуына және бес күн жалғанда біліп-білмей істеген қате-кемшіліктеріміз бен күнәларымыздың кешірілуіне, сонымен қатар дәрежеміздің он есе көтерілуіне себепші боламыз.

Мұсылмандардың рухани өмірінде басты өнегелі тұлға болуы тиіс Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) тағылымы толассыз ғибратты ғұмырын халыққа насихаттау – баршамыздың ортақ міндетіміз. Алла Тағала Құранда ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өнегелі тұлғасын: «Шын мәнінде сен әлбетте ұлы мінезге иесің» («Қалам» сүресі, 4-аят) деп сипаттайды. Тағы бір аятта: «Расында сендер үшін Алланы да ақырет күнін де үміт еткендер және Алланы көп еске алған кісілер үшін Алланың елшісінде көркем өнегелер бар» («Ахзаб» сүресі, 21-аят) деп баяндалған.

Бүкіл әлемге мейірім, үлгі-өнеге ретінде жіберілген Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннетін жаңғырту – сауапты амалдың бірі. Алла Тағала баршамызға ұл-қыздарымыз бен ұрпақтарымызға үлгі болар өнегелі өмір нәсіп етсін! Әмин!

ДЕРЕККӨЗІ muftyat.kz

ҚМДБ ресми сайты

Предыдущий Следующий
ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫ (С.Ғ.С) СҮЮ МҰХАММЕД ПАЙҒАМБАРДЫҢ (С.Ғ.С) МҮБАРАК ШАШЫ

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Пайғамбар өмірбаяны МҰХАММЕД ПАЙҒАМБАРДЫҢ (С.Ғ.С) МҮБАРАК ШАШЫ
Әз-Пайғамбар (оған Алланың садуаты мен сәлемі болсын) – сіз бен біз сияқты ет пен сүйектен жаратылған адам баласы.
Пайғамбар өмірбаяны ПАЙҒАМБАРҒА (С.Ғ.С.) ҚОЙЫЛҒАН ҮШ СҰРАҚ
Мұхаммед пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) пайғамбарлық міндетін алғаш бастаған кезде-ақ меккеліктердің тарапынан көптеген қарсылықтарға жолығады. Мүшріктер бір ғана Құдайға құлышылық етуі қабылдай алмаған еді. Сонымен қатар олар Мұхаммедті (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)...
Пайғамбар өмірбаяны МҰХАММЕД ПАЙҒАМБАР ИСЛАМДЫ ҚАЛАЙ СИПАТТАҒАН?
Бұл хадисте ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) исламды мысалмен бейнелеп түсіндіруде.
Пайғамбар өмірбаяны ПАЙҒАМБАРҒА ҚАТЫСТЫ 9 ӘДЕП
Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) көзі тірісінде-ақ Жаратушы Жаппар иеміз Құран аяттары арқылы сахабаларға оған деген әдептерді үйреткен. «Хұжырат» сүресінің алғашқы аяттарында Алла Тағала: «Әй, мүміндер! Дауыстарыңды Пайғамбардың дауысының үстіне көтермеңдер. Өзара бір-біріңе...
Пайғамбар өмірбаяны УХУД ШАЙҚАСЫНДАҒЫ ЖЕҢІЛІС СЕБЕПТЕРІ
Бадр ғазауатынан жеңіліс тапқан Құрайыш аймақтағы араб тайпалары арасында беделін жолғалтудан қорықты. Араб жазирасындағы басшылықтан айырылмаудың жалғыз жолы мұсылмандардан кек алу еді. Осылайша һижраның 3 жылы қолына қару ұстауға қауқары бар құрайыштың түгел еркегі атқа мінді. Бес қаруы сақадай са...
Пайғамбар өмірбаяны ПАЙҒАМБАР БҰЗДЫРҒАН МЕШІТ
Ислам тарихында «Дирар мешіті», зиян келтіруші мешіт деген оқиға бар. Бұл үмбет үшін ең қастерлі мекен мешітті сылтау етіп, мұсылман қоғамына арандату әрекеті еді. Әз-Пайғамбар (с.ғ.с.) Тәбук жорығынан қайтып келе жатқанда Қасиетті Құранның: «Бір топ мұнафиқ исламға және мұсылмандарға зиян келтіру, ...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Бесін 11:54

Екінтіге дейін 02:35

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi