АРДАҚТЫ ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ ﷺ СОҢҒЫ ӨСИЕТТЕРІ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Күн 07:19
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:55 07:19 11:54 14:41 16:23 17:46
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024

Мақалалар

АРДАҚТЫ ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ ﷺ СОҢҒЫ ӨСИЕТТЕРІ

| A | +

الحمد لله رب العالمين والصلاة والسلام على سيدنا محمد وعلى آله وصحبه أجمعين، أما بعد

Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға, оның отбасы мен барлық сахабаларына салауаттар мен сәлемдер болсын! 

Адамзаттың ардақ тұтар ұстазы, жер бетіне мейірім ретінде жіберілген хазіреті Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бүкіл өмірі арқылы біздерге керемет үлгі өнеге көрсетті. Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) көзін көріп, насихатына құлақ асып, мүбәрәк жанмен дидарласу адамдар үшін ешнәрсеге тең  келмейтін бақыт болса, ардақты Пайғамбарымыздың дүниеден өтуі сахабалар үшін үлкен қасірет болды. Әйтсе де, Алла Тағала қасиетті Құранның аяттары арқылы Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) адамдардың арасында мәңгілік жүрмейтіндігін, өзіне жүктелген аманатты орындағаннан кейін, өзге адамдар сияқты бақилық болатындығын жиі ескертіп отырған. Мысалы, Алла Тағала қасиетті Құранның «Әли Имран» сүресі, 144-аятында:

وَمَا مُحَمَّدٌ إِلَّا رَسُولٌ قَدْ خَلَتْ مِن قَبْلِهِ الرُّسُلُ ۚ أَفَإِن مَّاتَ أَوْ قُتِلَ انقَلَبْتُمْ عَلَىٰ أَعْقَابِكُمْ ۚ وَمَن يَنقَلِبْ عَلَىٰ عَقِبَيْهِ فَلَن يَضُرَّ اللَّهَ شَيْئًا ۗ وَسَيَجْزِي اللَّهُ الشَّاكِرِينَ

«Мұхаммед ақиқат жаршысы ретінде жіберілген елші ғана. Одан бұрын да талай елшілер келген. Егер ол ажалы жетіп, көз жұмса немесе өлтірілсе, сендер кері кетіп, діннен шығасыңдар ма?! Кімде-кім кері кетіп, діннен шықса, онысымен Аллаға мысқалдай да зиянын тигізе алмайды. Алла (тура жолда жүрудің қадірін түсініп) шүкіршілік етушілерді жақында мол сый-сияпатқа бөлейді», – деп айтқан.

Сахабаларымен қоштасатын күн жақындай түскенде, Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) оларды рухани дайындап, астарлы сөздер арқылы қоштасар күннің таяп қалғандығын меңзейтін. Әбу Сағид әл-Худри (Алла оған разы болсын) жеткізген хадисте былай делінеді: «Алланың елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) адамдарға хұтпа айтып тұрып: «Алла Тағала құлына бұл дүние мен Өзінің қасында болу арасында таңдау мүмкіншілігін берді. Құлы, Алланың қасында болуды таңдады», – деді. Осы кезде Әбу Бәкір (Алла оған разы болсын) көз жасын төгіп жылап жіберді.  Біз Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) таңдау еркіндігі берілген құл жайында айтқанына оның жылағанын көріп таң қалыстық. Сөйтсек, таңдау еркіндігі берліген құл Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзі екен. Әбу Бәкір (Алла оған разы болсын) бұны бізден бұрын түсініп қойған еді» (имам Бұхари).  

Осындай оқиғалардың бірінде ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) науқастанып қалып, қызы Фатиманы (Алла оған разы болсын) шақырып, сол құлағына сыбырлап бір нәрсе айтады. Сол кезде Фатима (Алла оған разы болсын) анамыздың көңілі түсіп, көзіне жас алып, жылап жібереді. Сосын оң құлағына сыбырлап тағы бір нәрсе айтады. Бұл жолы Фатима (Алла оған разы болсын) анамыз күлімсірейді. Осы сәтке куә болған ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жұбайлары Фатимадан не айтқаны жайында сұрағанда, Фатима анамыз (Алла оған разы болсын): «Пайғамбардың сырын ешкімге айта алмаймын», – дейді.

Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүниеден қайтып, арада біраз уақыт өткенде Айша анамыз (Алла оған разы болсын) осы мәселе жайында Фатимадан (Алла оған разы болсын) тағы сұрайды. Сонда Фатима анамыз (Алла оған разы болсын): «Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) маған бірінші нәрсе айтқанда осы науқастан қайтыс болатынын айтты. Сол үшін жыладым. Сосын отбасымыздан өзіне ең алғаш болып менің қауышатынымды айтқанда, қуанып күлімсіредім», – дейді.

Мәшһүр Жүсіп бабамыз ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) соңғы сәті жайында:

Пайғамбар Асхапқа айтты:

– Тында бәрің,

Өтпекке жақын болды уақытым менің.

Алланың әзелдегі пәрменімен

Кетемін ортаңыздан енді сенің.

«Өтер!» – деп, қайғырмаңыз ешбір мені.

Ілгергі пайғамбардың бәрі һәммә.

Дүниеде бірде-бірі қалған емес,

Жалғыз-ақ бақи қалар Құдай ғана, – деп айтқан.

Ардақты Пайғамбарымыздың әрбір айтқан хадисі, әрбір насихатының мұсылмандар үшін алар орны ерекше. Дегенмен, Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүниеден өтер алдын айтқан өсиеттерінің мән-мағынасы өте үлкен. Мысалы, қоштасу хұтпасында ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):  «Уа, адамдар! Сөзімді жақсылап тыңдаңдар! Келесі жылы сендермен бұл жерде ешқашан кездесе алмауымыз мүмкін. Уа, адамдар! Мына күндер мен айлар сендерге қаншалықты қасиетті болса, мына қалаларың (Мекке) сендерге қаншалықты қадірлі болса, сендердің малдарың мен ар-намыстарың соншалықты қасиетті», – деп айтып, бірнеше маңызды өсиеттер қалдырған. Сол өсиеттің негізгілеріне тоқталар болсақ, мынадай:

 

Бірінші: Аманатқа қиянат жасамау

Ардақты Пайғамбарымыздың соңғы хұтпасында айтқан насихаттарының бірі: «Кімнің мойнында аманат болса, оны аманат етіп тапсырған адамға толықтай берсін», – деп айтылуы аманат атаулының сұрауы өте үлкен екендігін білдіреді.

Алла Тағала қасиетті Құранның «Ниса» сүресі, 58-аятында:

إِنَّ اللهَ يَأمُرُكُمْ أَن تُؤَدُّوا الأمَانَاتِ إِلَى أَهْلِهَا

«Негізінен, Алла сендерге аманаттарды өз лайықты орнына тапсыруларыңды әмір етеді», – деп айтқан.

Мұсылман адам өте аманатшыл. Өзіне тапсырылған аманатқа еш уақыт қиянат жасамауы қажет.  Аманатшыл болу – адамзатқа үлгі ретінде жіберілген барлық пайғамбарлардың бойында көрініс тапқан негізгі сипаттардың бірі. Өйткені пайғамбарлар Алла Тағаладан Жәбірейіл періште арқылы келетін уахиды аманаттап алып, сол қалпында, өзгертпестен, адамдарға жеткізуші. Алла Тағала қасиетті Құранның «Шұғара» сүресінде: Нұх, Һұд, Салих, Лут, Шуғайып пайғамбарларды атай келе, олардың әрқайсысы өзінің қауымына:

إِنِّي لَكُمْ رَسُولٌ أَمِينٌ

«Расында, мен сендер үшін сенімді бір елшімін», – деп айтқандығын хабар еткен.

Аяттағы «әмин» сөзі – сенімді әрі «аманатшыл» деген мағыналарды білдіреді. Ардақты Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) пайғамбарлық келместен бұрын өз қауымына «әмин», яғни «сенімді» деген атпен танылған еді. Адамдар өздерінің құнды заттарын оған табыстап қоятын болған. Пайғамбарлық келгеннен кейін де, оған қарсы шыққан мүшріктердің өзі, ешкімге сеніп тапсыра алмайтын қымбат заттарын оған аманат ретінде беретін еді. Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) туған қаласы Меккеден қуылып, Мединеге қоныс аударатын кезде, аманат етілген заттарды иелеріне табыстауы үшін өзінің орнына Әлиді тастап кетуі арқылы, аманатшылдықтың ең жоғарғы үлгісін көрсете білді.

 

Екінші: Әйел адамға жақсы қарау  

Қоштасу хұтпасында ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) айтқан өсиеттерінің бірі: «Әйелдердің құқықтарына құрметпен қарауға және бұл тұрғыда Алладан қорқуға кеңес беремін», – деген.

Әйел адам – ері үшін аманат. Ер адам өзінің табиғи күштілігін пайдаланып, әйеліне жәбір көрсетуіне, ұрып-соғуына болмайды. Отбасылық өмірде мұсылман адам әйелімен көркем мәміледе, жақсы қарым-қатынаста болуы қажет. Алла Тағала қасиетті Құранның «Ниса» сүресі, 19-аятында:

وَعَاشِرُوهُنَّ بِالْمَعْرُوفِ فَإِنْ كَرِهْتُمُوهُنَّ فَعَسَى أَنْ تَكْرَهُوا شَيْئًا وَيَجْعَلَ اللَّهُ فِيهِ خَيْرًا كَثِيرًا

«Сондай-ақ олармен жақсы шығысыңдар. Егер оларды жек көрсеңдер, сендердің жақтырмаған нәрселеріңде Алланың көптеген хайыр жасап қойған болуы мүмкін», – деп айтқан.

Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

خِيَارُكُمْ خِيَارُكُمْ لِنِسائِهِمْ

 «Сендердің ең жақсыларың әйелдеріңмен жақсы қарым-қатынаста болғандарың», – деген (имам Тирмизи).

Сырт көзге әркім жақсы көрінуі мүмкін. Алайда, адамның шынайы жақсы екендігі оның отбасы мүшелерімен қарым-қатынасында білінеді. Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) әйелімен жақсы қарым- қатынаста болған адамды «хайырлы адам» деп атауының бір мәнісі осыда.

 

Үшінші: Қасиетті Құранды берік ұстану

Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қоштасу хұтпасында: «Сендерге киелі аманат тастап барамын, соны толық ұстансаңдар ешқашан адаспайсыңдар. Ол аманат Алланың кітабы – Құран», – деген.

Қасиетті Құран – ақ пен қара, жақсы мен жаман, ақиқат пен жалғандықтың аражігін ажырататын кітап. Алла Тағала қасиетті Құранның

«Ниса» сүресі, 174-аятында:

يَا أَيُّهَا النَّاسُ قَدْ جَاءَكُمْ بُرْهَانٌ مِنْ رَبِّكُمْ وَأَنْزَلْنَا إِلَيْكُمْ نُورًا مُبِينًا

«Уа, адам баласы! Сендерге Раббыларыңнан дәлел келді. Сондай-ақ сендер үшін бір ашық нұр (Құран) түсірдік», – деп айтқан. 

Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) біздерге қасиетті Құранды берік ұстануымызды, оны жиі оқуымызды, аяттарына амал етуімізді насихат етіп қалдырған өзге де хадистері өте көп. Сондай хадистердің бірінде ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

اقْرَؤُوا القرْآنَ؛ فَإنَّهُ يَأتِي يَوْمَ القِيَامَةِ شَفِيعًا لأَصْحَابِهِ

«Құран оқыңдар, өйткені ол Қиямет күні өзін оқығандарға шапағатшы болып келеді», – дейді (имам Муслим).

         Ендеше, мұсылман адам қасиетті Құранмен берік байланыс орнатып, шамасы келгенше ондағы сүрелерді жаттап, аяттары турасында ой жүгіртіп, амал етуге тырысады.  Хәкім Абай:

Алла мінсіз әуелден, Пайғамбар хақ,

Мүмин болсаң, үйреніп, сен де ұқсап бақ.

Құран рас, Алланың сөзі дүр ол,

Тәуилін білерлік ғылымың шақ, – деп, қасиетті Құранды біліммен тануға шақырған.

Бұрынғы өткен ізгі ғалымдарымыздан да қасиетті Құранды берік ұстану турасында көптеген насихаттар жеткен.  Атақты табиғин Хасан Басри (Алла оны мейіріміне бөлесін): «Алланың атымен ант етейін! Қасиетті Құраннан үлкен байлық болмағаны секілді, одан құр қалудан артық кедейлік жоқ», – деген. Имам Ғазали (Алла оны мейіріміне бөлесін): «Құран – нұр. Қателесуден құтылудың жолы тек қасиетті Құранда. Жүректерді қарайтқан дерттерімізге шипа да қасиетті Құранда қамтылған», – деп айтқан.

 

Төртінші: Мұсылмандар бір-бірін туыс деп білу

Қоштасу хұтпасында ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) айтқан өсиеттерінің бірі: «Сөзімді мұқият тыңдаңдар және ұғыңдар. Мұсылман – мұсылманның бауыры, бүкіл мұсылман бір-біріне бауыр. Дін бауырластарыңның құқына қиянат ету – харам», – деген.

Алла Тағала қасиетті Құранның «Әли Имран» сүресі, 103-аятында:

وَاذْكُرُوا نِعْمَتَ اللَّهِ عَلَيْكُمْ إِذْ كُنْتُمْ أَعْدَاءً فَأَلَّفَ بَيْنَ قُلُوبِكُمْ فَأَصْبَحْتُمْ بِنِعْمَتِهِ إِخْوَانًا

«Сондай-ақ өздеріңе Алланың берген нығметін еске алыңдар. Өйткені: Бір-біріңе дұшпан едіңдер, жүректеріңнің арасын жарастырды, Оның игілігімен бауырға айналдыңдар», – деп айтқан.

Хазіреті Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) насихатының алғашқы кезеңінен бастап мұсылмандардың өзара бауыр әрі туыс екендіктерін жариялаған. Бұл бауырмалдық пен бірлік атаулының дініміздегі үлкен маңыздылығын көрсетеді. Қазақ халқында да: «Ынтымақ — елдің ырысы», «Байлық – байлық емес, бірлік – байлық», «Айтысқан ауыл болмас, болыспаған бауыр болмас» деу арқылы  біздерді әрдайым ауызбірлікте болуға шақырқан.

Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) тағы бір хадисінде:

مَثَلُ الْمًؤْمِنِينَ فِي تَوَادّهِمْ  وَ تَرَاحُمِهِمْ وَ تَعَاطُفِهِمْ مَثَلُ الْجَسَدِ إِذَا اِشْتَكَى مِنْهُ عُضوٌ تَدَاعَى لَهُ سَائِرَ الْجَسَدِ بِالسَّهْرِ وَالْحُمَّى

«Мұсылмандар бір-біріне бауырмалдықта, мейірімділікте, қарым-қатынаста бір бүтін дене іспеттес. Егер оның бір ағзасы ауырса, қалғаны ұйқысыз және ыстығы көтерілуінде онымен бірге болады», – деген (имам Бұхари).

 

Қисса

Хузайфа (Алла оған разы болсын) атты сахаба мынадай оқиғаны жеткізеді: «Ярмук шайқасынан кейін ағамның ұлын іздеп шыққан едім. Торсығымда тірі болса берермін, не жүзін сүртермін деген ниетпен алып шыққан суым бар еді. Іздеп жүріп ағамның ұлын таптым. Қатты жарақат алыпты. Әйтсе де, әлі тірі екен. Шөлмегімді алып «су ішесің бе?»  деп едім, ол бірден «ия» дегендей ишарат етті. Суды аузына апара бергенімде оның ар жағында жатқан бір адамның «су» деген ыңырсыған дауысы естілді. Ағамның ұлы бірден «солай қарай апар» дегендей қолын сермеді. Бірден торсығымды алып барып, суды ішкізе бергенімде оның ар жағында тағы бір ыңырсыған адамның даусы шықты. Ол да суды ішпей жатып, «солай қарай апар» деді. Мен барып үлгергенше, ол адам қайтыс боп кетті. Бірден  екінші мұсылманға қайта жүгірдім, барсам ол да жан тәсілім болған екен. Қайтадан ағамның ұлына келсем, оның да көзі жұмылып үлгеріпті».

 

         Қадірменді жамағат!

Алла Тағала қасиетті Құранның «Насыр» сүресінде:

إِذَا جَاءَ نَصْرُ اللَّهِ وَالْفَتْحُ . وَرَأَيْتَ النَّاسَ يَدْخُلُونَ فِي دِينِ اللَّهِ أَفْوَاجًا . فَسَبِّحْ بِحَمْدِ رَبِّكَ وَاسْتَغْفِرْهُ ۚ إِنَّهُ كَانَ تَوَّابًا.

«Алланың жәрдемі мен жеңісі келген кезде, адамдардың Алланың дініне топ-тобымен кіргенін көресің. Міне, сонда Раббыңды мақтау айтып ұлықта әрі Одан кешірім тіле!  Расында Ол – тәубені өте қабыл етуші», – деп айтқан.

Бұл сүре ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүние салар уақытының жақындап қалғанын білдірткен. Осы сүре түскеннен кейін Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)   көптеп истиғфар тілеп, Аллаға Тағалаға мақтаулар айтатын болған.  

Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүниеде мәңгілік болмағанымен, Алла елшісіне түсірілген Құран және ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннеті  әлі күнге дейін біздің жанымызда әрі қияметке дейін бола бермек.

Ендеше, қасиетті Құранның аяттарына амал еткен, ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) насихатын құлақ асқан ізгі жандардың қатарында болуды Алла Тағала баршамызға нәсіп еткей!

  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
ДЕРЕККӨЗІ muftyat.kz

ҚМДБ ресми сайты

Предыдущий Следующий
ТӘҢІРШІЛДІК ДІН БЕ? ПАЙҒАМБАРЫМЫЗ ﷺ ӘДЕПТІЛІКТІ КІМНЕН ҮЙРЕНДІ?

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Пайғамбар өмірбаяны ПАЙҒАМБАРЫМЫЗ ﷺ ӘДЕПТІЛІКТІ КІМНЕН ҮЙРЕНДІ?
Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) пайғамбарлығын дәлелдейтін маңызды жайттардың бірі – бұны тек достары ғана емес, дұшпандары да мойындап әрі тәнтті болған әдептілігі....
Пайғамбар өмірбаяны ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫ (С.Ғ.С) СҮЮ
«Қолда бар алтынның қадірі жоқ» демекші, кез келген нәрсенің қадіріне бармай оны сүю ақылға сыйымсыз. Пайғамбарды (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүю хақында сөз қозғамас бұрын, алдымен оның діндегі функциясын ұғынып алған жөн шығар....
Пайғамбар өмірбаяны ӨМІР ШАМШЫРАҒЫ
Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти
Пайғамбар өмірбаяны МҰХАММЕД ПАЙҒАМБАРДЫҢ (С.Ғ.С) МҮБАРАК ШАШЫ
Әз-Пайғамбар (оған Алланың садуаты мен сәлемі болсын) – сіз бен біз сияқты ет пен сүйектен жаратылған адам баласы.
Пайғамбар өмірбаяны ПАЙҒАМБАРҒА (С.Ғ.С.) ҚОЙЫЛҒАН ҮШ СҰРАҚ
Мұхаммед пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) пайғамбарлық міндетін алғаш бастаған кезде-ақ меккеліктердің тарапынан көптеген қарсылықтарға жолығады. Мүшріктер бір ғана Құдайға құлышылық етуі қабылдай алмаған еді. Сонымен қатар олар Мұхаммедті (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)...
Пайғамбар өмірбаяны МҰХАММЕД ПАЙҒАМБАР ИСЛАМДЫ ҚАЛАЙ СИПАТТАҒАН?
Бұл хадисте ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) исламды мысалмен бейнелеп түсіндіруде.
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Күн 07:19

Бесінге дейін 00:13

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi