ОТБАСЫЛЫҚ ӨМІРІҢ ҚҰЛПЫНАЙДАЙ БОЛСЫН ДЕСЕҢ...
Бәйдібек ауданы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 21:31
Бәйдібек ауданы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Бәйдібек ауданы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
03:25 05:01 12:32 17:42 19:56 21:31
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
17 Мухаррам 1446
Миләди
23 шілде 2024

Мақалалар

ОТБАСЫЛЫҚ ӨМІРІҢ ҚҰЛПЫНАЙДАЙ БОЛСЫН ДЕСЕҢ...

| A | +

Қазақ «Үйлену оңай, үй болу қиын» дейді. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Пенде үйленсе, дінінің тең жартысы кемелденеді. Енді қалған жартысына сақ болсын», – деген. Бұл риуаят сахаба Әнас ибн Мәліктен (Алла оған разы болсын) жеткен. Үйлену арқылы шаңырақ көтерген адамның дінінің тең жартысы толығады. Үйлену – діннің бір жартысы болса, екінші жартысы – тақуалық. Ендеше үйленген адамның құлшылығы қандай болмақ?

Намаз, ораза, қажылық, ата-анаға жақсылық жасау, Құран оқу, садақа беру, тағысын тағы. Үйлену осы құлшылықтардың тең жартысына пара-пар. Мұны қалай түсінбек керек? Ол үшін алдымен асыл дініміздегі парыз амалдардың тізімін жасап көріңіз. Сол құлшылықтардың физиологиялық ауырлығы мен психологиялық жауапкершілігін бағамдайық. «Үйлену оңай, үй болу қиын» деген осы. Екі жарты бір бүтін болып өмір сүруге дайындық осылай жүзеге асады. Адамға салса, ораза тұтып, намаз оқу әйелінің мінезіне төзуден әлдеқайда жеңіл.

Жүрек лүпілі, яғни ғашық болу – маңызды сезім. Бірақ бұл үйлену үшін негізгі фактор емес. Әрине маңызды емес деген қажетсіз деген ойды білдірмейді. Бір-бірімен жүздескенде жүректің лүпілі, бет қызыл боп жануы, тұла бойы шымырлап өтуі сияқты ыстық сезімнің белгілері торт бетіндегі құлпынай немесе шие сияқты. Бірақ, торт тек құлпынай немесе шиеден жасалмайды. Біз басқа да факторларды ескеруіміз керек. Ғашық болу – ұнату сезімі. Сүйемін деген ой кейде сананы билеп алады. Алайда бұл – құбылмалы сезім. Тұла бойды жаулап алған ой кейін жоғалып кетеді. Зерттеулер бұл сезімнің орташа есеппен екі жыл ғана тұрақтайтынын көрсеткен. Біреулерде біраз ұзақтау, енді біреулерде қысқа мерзімді болады. Артынан алаулаған сезім сөнуге айналады. Содан кейін ғашықтық кезеңінде ешбір мән бермеген өмірдің маңызды қырлары басталады. Ең ғажайып, мінсіз һәм ең сұлу деген өмірлік жолдасымызбен келіспеушілік және текетірес кезеңі. Міне, осы кезде біз маңызды жаңалық ашамыз. Ол – ғашық болу отбасы боп кетуге жеткілікті емес деген жаңалық.

Жастар отбасылық өмірге қалай дайындалады? Жалпы мұндай түсінік бар ма? Тойға дайындық деген түсінік бар. Бұл кемі бір-екі ай бұрын басталады. Екі жақ жұмыла кіріседі. Арнайы кездесіп, ақылдасады. Құда түсу, қыз ұзату, соңы – той. Әрқайсысына жіті дайындық жүреді. Бүге-шігесіне дейін қалт жібермейді. Барлық тұсы ескеріледі. Кішігірім халықаралық конференция дерсің. Ары кетсе бес сағатқа созылатын тойға осыншама дайындық. Жастар өмірлік жар таңдауға, бақытты отбасы болуға неге осылай дайындалмайды? Бақытты отбасы болу үшін ғашықтық жеткіліксіз. Ғашықтық торт үстіндегі құлпынай тәрізді. Тортты сәнді етіп көрсетеді. Алайда құлпынай болмаса да торт тәтті. Сол сияқты отбасылық өмірде бірін-бірі түсіну, құрметтеу, сабырлық, мейірім сияқты шаңырақты шайқалтпай ұстайтын ұстындар бар. Жапония және Батыс елдерінде арнайы курстар ұйымдастырылады. Әлеуметтанушы, психолог, педагог сияқты мамандар дәріс оқиды. Кешегі «әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген қазақи отбасылық тәрбие қайта жандардыруды қажет етеді. Ендеше, ер жігіттер нені ескеруі керек? Осы мәселені төңірегінде кеңірек айтып көрелік.

Шейх Шағрауи ұлы үйленгенде: «Балам! Әйелің жалғыз сен үшін әкесін, анасын және бауырларын тастап келіп отыр. Сондықтан әйеліңе солардың барлығы бола біл», – деген екен. «Жұбайлар жұмағы» кітабында имам Ахмедтің ұлына: «Балам! Шаңырағыңа бақыт ұяласын десең, әйеліңмен мәміледе мына жайтты ескеруің керек. Айтқандарыма мұқият құлақ сал, жадыңда сақта, – деп бірқатар ақыл-кеңес айтады.

Бірінші және екіншісі – әйел еркелеткенді жақсы көреді және сезімді ашық білдіргенді ұнатады. Жұбайыңды еркелеткенде және сезім білдіргенде сараң болма. Әйтпесе араларыңда салқындық пайда болып, сүйіспеншілік кемиді. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жұбайының есімін қысқартып «Аиш» деп еркелетеді екен. Сондай-ақ жүзінің қызыл шырайына қарай «Хумайра» (қызыл шырайлы) деп атайды екен. 

Үшіншісі – Әйел заты еркектің қатал болғанын ұнатпайды, жұмсақ еркекті де менсінбейді. Осы екі қасиетті тиісті орнын тауып қолдана біл. Сонда сүйіспеншілік жоғалмайды, отбасыңда тыныштық орнайды. Төртінші, әйел күйеуінен, күйеуі әйелінен қалағандай жылы сөз, жағымды қылық, киім-кешек тазалығы мен хош иіс сияқты дүниені күтеді. Сен де әркез осы жайттарға мұқият бол. Бесінші, үй – әйелдің патшалығы. Шаңырақта әйел өзін тақта отырған патшайымдай сезінеді. Үйде әйел – ханшайым. Әйелдің осы патшалығын бұзушы болма. Әйелді сол тағынан түсіруге әрекет етпе. Олай етсең, әйелдің патшалығына таласқандай боласың. Ал патша үшін оның тағына таласқан адамнан асқан дұшпан жоқ. Алтыншы, әйел күйеуінің көңілін табуға барын салады. Сонымен бірге төркінінен де алыстап кетпеуді қалайды. Сондықтан өзіңді оның төркінімен бір таразы басына қойма. Не мені, не төркініңді таңда деме. Төркінін тастап, сені таңдауға мәжбүр етсең, өзегін өкініш өртейді. Оның өкініші сенің күнделікті өміріңді улайды.

Жетінші, әйел қисық қабырғадан жаратылған. Әйел сұлулығының сыры, тылсым тартымдылығының құпиясы осы. Қисықтық оның кемшілігі емес. Өйткені «қастың әсемдігі қиғаштығында (қисықтығында)». Қателік жасаса, кешірім таныта біл. Қисықтығын түзетемін деп сындырып алма. Сындырудың соңы – ажырасу. Бірақ қателік жасаса еркіне жіберме, әйтпесе қисықтығы үдей түседі, тізгінді тең ұста. Сегізінші, әйел табиғатында жақсылықты бағаламау және мойындамау бар. Әркез жақсылық жасап, бір уақыт жамандығыңды көрсе: «Сенен өмір бойы жақсылық көрмейтін болдым», – дейді. Әйелдің бұл әрекеті сені жек көруге және жатсынып кетуге жетелемесін. Өйткені әйелдің бір мінезін ұнатпасаң, басқа бір мінезіне дән риза боласың.

Тоғызыншы, әйел тән әлсіздігі мен жан шаршауы кезеңдерін басынан өткереді. Алла Тағала бірнеше парызды сол кезде әйелдің мойнынан түсіреді. Мұндай ауыртпашылық кезінде намазды толығымен кешіреді. Денсаулығы түзеліп, жүйкесі қалпына келгенге дейін оразасын тоқтата тұрады. Сен де әйелге кеңшілік көрсет, түсіністік таныт. Алла Тағала парыздарды жеңілдеткені сияқты сен де өз талаптарыңды жеңілдете біл.

Оныншы, әйел сенің тұтқының сияқты. Барлық жағдайда саған тәуелді. Қолыңдағы әйелге мейірімді бол. Әлсіздігіне көз жұмып қара. Міне, сол кезде әйелің саған ең қымбат қазына, ең жақсы өмірлік серік болады», – деген екен. Ғалымның әкелік кеңесі әйел табиғатын аша түскендей. Жұбайлар арасындағы келіспеушіліктің төркіні – түсініспеушіліктен. Имам Ахмедтің кеңесі – отбасы тақырыбындағы хадистерден туған хикметтер мен өмірлік тәжірибе жемісі.

Бір күні Шағби қази Шұрайхты кездестіреді. Екі достың әңгімесі отбасы тақырыбына ойысады. Хадисші Шағби тату-тәтті өмір сүрудің құпиясын сұрайды. Сонда қази: «Жиырма жыл болды, жұбайымнан ашуыма тиетін бірде-бір әрекет көрген емеспін», – дейді. «Бұл қалай?» дейді Шағби. Сонда қази: «Құда түсіп, шаңырақ көтердік. Ағайын-туыс пен жора-жолдастарды шақырып, дастарқан жайып тойладық. Жұрт үй-үйіне кетті. Сол күні кешке алғаш рет келіншегімді көрдім. Ерекше ажарлы еді. Дәрет алып, екі ракағат шүкір намазын оқыдым. Намазымды тәмамдап сәлем берген кезімде келіншегім артымда менімен бірге намаз оқып тұрғанын байқадым. Оған қолымды созғанымда: «Асықпаңыз, орныңызда отыра тұрыңыз», – деді де: «Әлхамдулиллә, Аллаға мақтау айтып, Одан жәрдем тілеймін. Мұхаммед және оның әулетіне Алланың салауаты мен
сәлемі болғай», – деп сөз бастап кетті. Мен сізді танымайтын әйелмін. Сіздің мінез-құлығыңызды білмеймін. Маған өзіңізге ұнайтын нәрселерді айтып беріңіз, біле жүрейін соған сай әрекет етейін. Жақтырмайтын нәрселерді де айтыңыз, аулақ болайын. Өз жұртыңызда үйленуге лайықты қыздар бар. Менің де елімде маған тең ер азаматтар бар еді. Алайда Алланың қалауымен мені жар еттіңіз. Сондықтан Алланың әміріне құлақ салып, көркем түрде жар етіңіз, әйтпесе жақсыларға тән босатыңыз. Осы сөзімді айта келе Алладан өзіме және сізге жарылқау тілеймін», – деді. Шұрайх: «Уа, Шағби! Жұбайым неке түнінде мені құтпа айтуға мәжбүр етті. Мен де: «Әлхамдулиллә, Аллаға мақтау айта отырып, Одан жәрдем тілеймін. Мұхаммедке және оның әулетіне Алланың салауаты мен сәлемі болғай. Айтқаныңның үдесінен шыға білсең, өзіңе тиесілі жақсы сыбағаңды алатын сөз айттың. Ал жай сөз болса, онда сенің айыбыңды ашатын айғақ болмақ. Мен мынаны және мынаны жақсы көремін.
Ал мынаны және мынаны жақтырмаймын. Менен бір жақсылық көрсең, оны жая түс. Ал жамандық көрсең жасыра біл», – дедім. Келіншегім: «Менің төркінім келіп тұруына қалай қарайсыз?», – деді. «Қайын жұртымның көп келіп, мазамды алуын қаламайын», – дедім. «Көрші-қолаңның қайсысы үйге келгенін қош көрсеңіз, соларға рұқсат етемін. Ал сіз жақтырмайтын көршілермен араласпаймын», – деді. «Пәленшелер – жақсы адамдар. Ал түгеншелер – жұрттың жаманы», – деп кіммен араласуы керек, кіммен араласпағаны жөн екенін айттым. Осылайша келіншегіммен ең жақсы түн өткіздім. Бір жыл бойы жұбайымнан тек көңілімнен шығатын жайттарды көрдім.

Бір күні қазилық мәжілістен үйге келсем, енем отыр екен. Маған: «Әйеліңе көңілің тола ма?» – деп сұрады. Жақсы жар екенін  айтқанымда: «Балам! Әйел баласы екі жағдайда жаман болады: ұл туып берсе немесе күйеуі қатты жақсы көретінін білсе. Уаллаһи, еркек үшін ерке әйелден жаманы жоқ. Сондықтан, тәрбиелеу керек болған жағын тәрбиеле, түзету керек болған тұсын түзет», – деді. Өмірімде әйеліммен бір рет қана ұрыстым. Оның өзінде кінә менен еді», – деп қази Шұрайх әңгімесін тәмамдады.

Жар таңдау мәселесінде баршаға ортақ жалғыз проблема бар. Бұл – жастардың кітаптардағы мінсіз жарды іздеуі. Отбасылық әдебиеттердегі үлгілі жұп мысалдарын оқып қиялға беріледі. Нәтижесінде жұбайының қарапайым әрекетін кешірілмес қателікке балайды. Сондықтан ондай адамды әр күні кем дегенде бір рет ажырасу жайлы ой мазалайды. Отбасылық өмір театр қойылымы емес. Жоспарланған жүйе бойынша жүрмейтінін түсіне білу керек. Әрі бұған дайын болған жөн. Сонда ғана өмірлік серігінің әдеттеріне қателік деп қараудан арылады. Қателесу – әр адамға тән құбылыс әрі заңдылық. Бақытты отбасының құпиясы да осында. Шаңырақтағы тыныштық пен берекет те осыдан басталады. Ең бастысы – ар-намысы мен ұят сызығынан аттамауы. Демек Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Үйлену – діннің тең жартысы», – деп айтуының сыры осында.

 

Руслан ҚАМБАР,

РАНТ мүшесі 

«Иман» журналы, №1, 2024 жыл 

ДЕРЕККӨЗІ muftyat.kz

ҚМДБ ресми сайты

Предыдущий Следующий
ОРАЗАҒА НИЕТ ЕТУ ЖӨНІНДЕ ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР САҚТАНДЫРУДЫҢ ҮКІМІ

Тақырып аясындағы мақалалар

Исламдағы отбасы ОТБАСЫ ТІРЕГІ СЫЙЛАСТЫҚ ПЕН СҮЙІСПЕНШІЛІК
Отбасындағы дұрыс мәміле - отбасы мүшелерінің бір-бірімен ара-қатынасының байланысын білдіреді. Адамның ең жақындары ата-анасы, жолдасы және бала-шағалары. Бір-бірлеріне осыншалықты жақын адамдардың қарым-қатынастарындағы негізгі тірек - сыйластық пен сүйіспеншілік екені анық. Сонда ғана адамдардың ...
Ислам әдебі ИСЛАМДАҒЫ ЗАЙЫРЛЫЛЫҚ ҰҒЫМЫ
Зайырлылық дегеніміз дін мен мемлекеттің бір-бірінің ісіне араласпауы, тарапсыз қалуы дегенді білдіреді. Дамыған елдердің сипаты осындай. Зайырлы елдерді екі топқа бөлуге болады:...
Исламдағы отбасы ҚАЗАҚИ САЛТ-ДӘСТҮРДЕГІ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ
Отбасы адамзат тарихында әрқашан маңызды орынға ие болып, адамдардың қоғам болып қалыптасуына себепші болды. Тарихқа көз жүгіртсек, алғашқы қоғам отбасынан құрылғанын көреміз. Құранда осы мәселеге тоқталып, ең алғаш жаратылған адам баласының отбасы болып өмір сүргені де айтылады....
Исламдағы отбасы Отбасынан отанға, жанұядан жаһанға жылу жайылса...
Отбасы...  Жанұя... Кеңестік кезеңде «семья» деп аталған ұғым кейінгі кезде «отбасы» және «жанұя» деген екі түсінікпен беріліп жүр. Осы екі ұғымның екеуі де өзінше дұрыс сияқты. Отбасы ұғымы тілдік жағына үңілсеңіз оттың басы, ошақтың қасы, яғни тұрмыс-тіршілік, үйдің материалдық мәселелеріне көбіре...

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Исламдағы отбасы ҚАЗАҚИ САЛТ-ДӘСТҮРДЕГІ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ
Отбасы адамзат тарихында әрқашан маңызды орынға ие болып, адамдардың қоғам болып қалыптасуына себепші болды. Тарихқа көз жүгіртсек, алғашқы қоғам отбасынан құрылғанын көреміз. Құранда осы мәселеге тоқталып, ең алғаш жаратылған адам баласының отбасы болып өмір сүргені де айтылады....
Исламдағы отбасы "Мәһір – қалыңдықты саудалау емес, Құдайдың берген құқығы". Имам мешітте неке қидыру ережелерін түсіндірді
Қалыңдық пен күйеу жігіт мешітке неке қидыруға келгенде өзімен бірге міндетті түрде АХАТ құжатын ала келуі тиіс.
Исламдағы отбасы ЫНЖЫҚ ЖӘНЕ ПЫСЫҚ БАЛА
Алла Тағала адам баласын дүниеге сынақ үшін жіберген. Сынақ, Адам атадан басталып күнімізге дейін, тіпті ақыр заманға дейін жалғаса береді. Бала тәрбиесіндегі сынақ, ерлі-зайыпты болып, отбасы құрудан, шыр етіп перезент үнінің естілуімен басталады....
Исламдағы отбасы БАЛА АТА-АНАҒА ҚАРАП БОЙ ТҮЗЕЙДІ
Ардақты пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Әрбір бала (иман) болмысымен туады. Ал, ата-анасы баланы яхуди я болмаса христиан немесе отқа сиынушы етеді. Міне бұл, жануардан жануар туғаны сияқты. Төлдің құлағы кесілген күйде туғанын көрдіңдер ме?[1]», - деген....
Исламдағы отбасы БАУЫРЫҢ ҚАТЕЛЕССЕ, КЕШІРЕ БІЛ...
Бауырмалдық – Алла Тағаланың мұсылман үмбетіне берген ұлы нығметінің бірі. Шынайы бауырмалдық – ықыласты, тақуа пенделерге Алла тарапынан берілетін сый. Алла Тағала Құранда былай дейді: «Ол (Алла) мүміндердің жүректерін қосты. Жер жүзінің байлығын түгелдей жұмсасаң да, олардың жүректерін дәл осылай ...
Исламдағы отбасы ҚЫЗ ТӘРБИЕСІНІҢ НӘЗІК ТҰСТАРЫ
Жарқын болашақтың негізі кім екенін білесіз бе? Әрине,  ол саналы, салиқалы ұрпақ.  Ал ондай ұрпақтың бастамасы  кім екенін білесіз бе?  Ол - әйел. 
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
17 Мухаррам 1446
Миләди
23 шілде 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 21:31

Бамдатқа дейін 02:04

Люди обязаны перед Аллахом совершить хадж к Дому*

Ва алейкум ассалам. Нет. Хадж это индивидуальное поклонение. Его можно совершить за себя или за одно

Администратор Azankz
27 мау. 2024

ДУМК пояснило перенос даты Курбан Айта с 17 на 16 июня

Вроде ДУМК всегда использовал астрономические вычисления, поэтому заранее всегда даты были известны.

Крафтер Кудабай
10 мау. 2024

99 советов Пророка (мир ему и благословение Аллаха) больным

Уалейкум ассалам. В книге приводится прямой перевод достоверного хадиса. Подразумевается, что нисход

Администратор Azankz
18 сәу. 2024

Нрав мусульманина

Ас саламу алейкум уа рахматуЛлахи уа баракатух.телеграмм канал про хорошие нравыhttps://t.me/horoshi

Вадим
13 сәу. 2024

39. «Рия» (Деяния на показ)

Это оборот речи, подразумевающий, в том числе "перед Аллахом". Тем не менее, с целью купирования не

Администратор Azankz
27 нау. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi