ТӘРБИЕ-БІЛІМ ҰСТАЗДАН ДАРИДЫ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 17:47

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:56 07:19 11:54 14:42 16:24 17:47
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024

Мақалалар

ТӘРБИЕ-БІЛІМ ҰСТАЗДАН ДАРИДЫ

| A | +

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Барша мадақ-мақтаулар күллі әлемді жоқтан бар еткен Жаратушы иеміз Алла Тағалаға тән. Ардақты, ұлы ұстазымыз хазреті Мұхаммедке (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сансыз салауаттар мен сәлемдер болсын.

Құран Кәрімде Алла Тағаланың адам баласына түсірген ең алғашқы аяты «Оқы» сөзімен басталатыны белгілі. Яғни адам баласы Жаратушысын терең тануы үшін және жаратылыстарды жақсы меңгеруі үшін оқу-жазу білуі керек. Дегенмен, әрбір адам өздігімен оқып кете бермейді, ол білімді кісіге жүгінуіне тура келеді. Өйткені Алла Тағала Құран Кәрімдегі «Әнбия» сүресінің 7-ші аятында «فَسۡـَٔلُوۤا۟ أَهۡلَ ٱلذِّكۡرِ إِن كُنتُمۡ لَا تَعۡلَمُونَ» - яғни, «Егер білмесеңдер, білім иелерінен сұраңдар» деп бұйырады. Бұл жерде Алла Тағала адам баласының білім иелеріне жүгінудің маңыздылығын ескертеді. Егер адам білім иелеріне жүгінбесе, олардан үлгі алмаса, өзім білемін немесе өзім үйренемін десе үлкен бүлікке жолығуы мүмкін. Сондықтан шәкірт немесе білім талап етуші студенттер өзі ізденген саладағы маманға немесе ұстаздан тәлім алғаны абзал.

Сондықтан да даналар айтқандай «Ұстазы жоқтың ұстазы шайтан болады» демекші, білімді ұстаздан үйренудің маңыздылығы өте жоғары. Ұстазсыз білім үйрену, нан жеуге талпынған тісі жоқ сәбидің әрекетіндей. Тісі жоқ баланың қолына нан берсең ол ауызына салады да қақалады. Ал оған нанды шайнап берсең, жұмсартып берсең жеңіл жұтады әрі қақалмайды. Ұстазсыз білім үйрену көптеген қателіктерге ұрындырады, тіпті білімге деген қызығушылық та қалмай қалуы ғажап емес.

Ұстаздан үйренген білімде береке, әрі ұлы тәрбие жатыр. Негізінен адам баласына тәрбие ұстазынан дариды. Әлемнің екінші ұстазы атанған Әбу Насыр Әл-Фараби бабамыз «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» дейді. Сондықтан да білім талап етуші шәкірт, ұстаз таңдар кезде де қателікке жол бермеуі керек. Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы дегендей, шәкіртке жақсы ұстаздың тәрбиесі дарып, білімге деген махаббаты артады.

Білімге жетудің бірден бір жолы ұстазын құрметтеуден басталады. Ұстазға құрметсіздік жасау, оның көңілін қалдыру білімге деген  құрметсіздік болып табылады. Өйткені ұстаз өзінің шәкіртіне білімді ғана емес, өмірлік қағидалар, жүріс-тұрысы мен ұқыптылықты және тағы басқа адам баласына керекті ұстанымдарды үйретеді.

Сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінде: «Ілім үйреніңіздер, ілімге қажетті байыптылық пен байсалдылықты да қоса үйреніңіздер. Сіздерге ілім үйреткен кісіні құрметтеңіздер, сыйлаңыздар» (Хайсами, М. Зәуәид, Илм, 1/129, 30) деп ұстазды құрметтеу керектігін жеткізді.

Бірде имам Шафиғи бір малшыны көргенде, ізетпен орнынан түрегеледі. Сонда қасындағылар: «Малшыға сонша құрмет көрсеткеніңіз қалай?», - деп сұрағанда: «Бұл кісі кезінде қанша кітапты қарап, таба алмаған бір мәселенің жауабын маған үйретіп еді. Сондықтан бір рет те болса ұстаздық жасаған кісіге құрмет көрсетуді өзіме міндет деп білемін», - деп жауап берген екен. Ең әуелі Алланың, сонан соң ата-ананың разылығына талпынған әрбір мұсылман ұстазының да разылығын алып, оның ақ батасымен көгеруі ләзім.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Білімді талап ету, әрбір мұсылман ер мен әйелге – парыз» деп бұйырғанын ескере отырып, байыпты да байсалды ұстаздан пайдалы, нәрлі біліммен сусындауымызды баршымызға Алла Тағала нәсіп етсін. Әмин!

Хасанов Жақсылық

Әл-Мадина мешітінің азаншысы

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
Дәстүр мен діннің айырмасы қандай? ӘЛЕМДІК ӨРКЕНИЕТТЕГІ ИСЛАМ ДІНІНІҢ ОРНЫ

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Пайым-парасат ҚАЗАҚТЫҢ ЫРЫМ-ТИЫМДАРЫНА ҚЫРЫН ҚАРАП ЖҮРГЕН КІМДЕР?!
Әсілінде ырым-тиымдар халықтың өмірінен алынған тәжірибелік тұжырымдардан туындайды. Сонымен қоса олардың түп-тұқияны мен төркіні Ислам дінімен біте қайнасып, бірге жасасып келе жатқаны жалпақ жұртқа аян. Алайда, қазіргі кезде тың тұрпатта ойланатындар мен жат көзқарасты тықпалайтын мысалдар қоғам а...
Пайым-парасат Сәресінің 7 берекеті
Қасиетті Рамазан айының бір берекеті – сәресі ас ішуде. Тілімізге еніп кеткен сәресі сөзі араб тілінде «сухур» деп аталады. Ол түннің үшінші бөлігі. Бұл кездегі уақыттың өзінде үлкен мән жатыр. Өйткені дұғалар қабыл болып, Алла Тағаланың ерекше кешірімі түсетін мезгіл. Сәресі уақытында қандай береке...
Пайым-парасат Оразадағы ықылас
Ислам дінінде адал ниет, шын ықылас, қажырлы ыждағат-ынтаның орны ерекше. Бөтен пиғылды ысырып қойып, түзу ниетпен орындалған істің сауабы мол. Керісінше, ықылассыз, құлықсыз жасалған іс-амалдың сауабы да кемшін. Кейде нақты ниетсіз жасалған көп істен гөрі ықылас қойып орындалған аз істің сауап салм...
Пайым-парасат Төрәлі Қыдыр: «Егер мұсылман елдері өзін таныса…»
Қай ел болса да, дін мәселесі – ең өзекті тақырып. Өткенін танымаған, ата дәстүрін, тарихын, діни танымын жете түсінбеген ұрпақ адасқақ. Жаңбыр суы жердің қай қыртысы жыра болса, көбіне сол жерге жиналады. Мына бір тәмсілге назар салыңыз: әр адам идеал емес, кемшіліксіз пенде болмақ емес. Ал денедег...
Пайым-парасат Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ: Имамдар тек шариғи емес, дүнияуи де білімге ие болуы тиіс
Имамдар сауатты болу керектігі, теріс ағыммен күресетін білікті мамандар дайындау қажеттілігі – бүгінгі талап. Ағартушылық жұмыстарын жүргізу мәселесі де аса маңызды. Осы ретте біздің «Жеті рухани қазық» құжаттамамыз бар. Соның аясында имандылық, отансүйгіштік, еңбекқорлық, мәдениеттілік, ауызбіршіл...
Пайым-парасат Білімге құштарлық
Білімге құштарлық – адамның жаратылыстық қасиеті. Биыл ел болып 175 жылдығын атап өткелі отырған қазақтың данасы Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы өзінің жетінші қара сөзінде: «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар - тәннің құмары... Біреуі – б...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:47

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi