Қазақ даласындағы ислам өркениеті
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 17:44
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:34 06:55 11:42 14:41 16:23 17:44
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
25 қараша 2024

Мақалалар

Қазақ даласындағы ислам өркениеті

| A | +

Дәстүрлі діндер белгілі бір жүйені қалыптастыратын кітабы, сол кітап түсірілген пайғамбары болуды талап етеді. Мысалы, Мұса пайғамбарға Таурат, Иса пайғамбарға Інжіл, Мұхаммед пайғамбарға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Құран түсірілген. Бұлардың арасында бейтарап уақыт кезеңі болды. Мысалы, Мұса мен Исаның (оларға Алланың сәлемі болсын) арасында шамамен 1800 жыл кезеңі болса, Иса мен Мұхаммед пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) арасында 610 жыл бейтарап уақыт өтті.

 

Бұған қоса пайғамбар жіберілмеген халықтар да өмір сүрді. Олардың бәрі бір жаратушының бар екенін мойындап, арабтар «Илаһ», еврейлер «Яхуда», парсылар «Худа», түркілер «Тәңір» деп жалбарынып, мінәжат жасаған. Қазақ халқы бір Құдайдың бар екенін мойындаған. Демек тәңіршілдіктің түбінде бір Құдайға табыну жатыр. Бұл Ислам дініндегі ең жоғарғы құндылық болып саналатын Алланы тану, Одан басқа тәңір жоқ екенін мойындауменен ұштасып жатыр.

 

Қазақ халқы «бір Алладан басқа тәңір жоқ» екенін мойындап қана қоймай, Мұхаммед пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)  үмметіне лайық кемел мұсылман болуға ұмтылды. Өйткені, қазақ даласы тек Ислам әлеміне ғана емес, тіпті орта ғасырлардағы бүкіл әлемге аты әйгілі мұсылман ғалымдарын шығарды. Ислам ортағасырларда қазақ даласында бұрын болған қалалар мен қорғандар, камалдар мен кенттердің іргетасын нығайтып қана қоймай, өзге де шаһарлардың ірге тебуіне ықпал етті. Исламды уағыздайтын мешіттер мен медреселер, ғылым-білім ошақтары бой көтерді. Отырардың шығысындағы Сайрам, Манкент, Тараз, Түймекент, Құлан, Меркі, Баласағұн, Шу қалалары ғана емес, Сыр бойындағы Сүткент, Яссы (Түркістан), Қарнақ, Сауран, Иқан, Қауған, Өзкент т.б қалалардың жанданғандығын атап өтуге болады.

 

Тағы бір қаперде ұстанатын жайт – араб тілі бірнеше ғасыр бойы Орта Азияда ғылым мен білімнің тілі болды. Отырарлық Әбу Насыр әл-Фараби, Ысқақ әл-Фараби, Исмаил әл-Жауһарилер Таяу және Орта Шығыс елдерінде білімін молайтып, әлем мәдениетінің алтын қорынан орын алатын классикалық шығармалар қалдырды. Х-ХІІ ғағасырларда тек араб тілі ғана емес, бірте-бірте жергілікті халықтың түркі тілінде де шығармалар дүниеге келе бастады. Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Қожа Ахмет Ясауи салған дәстүрді ХV-ХVІІ ғасырларда Мұхаммед Хайдар Дулати, Қадырғали би Қасымұлы Жалайырилер жалғастырды. Сөйтіп Ислам өркениеті орта ғасырлардан күні кешеге дейін Орта Азия халықтарының әдебиеті мен мәдениетіне, рухани өміріне үлкен әсер етті. Елімізден шыққан араб, парсы, түркі тілді ғалымдардың бір тобы философия, тарих, мәдениет, астрономия, логика, музыка, әдебиет пен тіл, медицина саласындағы еңбектерімен аты шықса, енді бірі қасиетті Құран мен тәпсір, шариғат, мәзһабтар, фиқһқа арналған шығармаларымен ел құрметіне бөленген. Бұл ретте Бұрһан ад-Дин Ахмад әл-Фараби, Имад ад-Дин Әбу-л Қасым әл-Фараби, Қауам ад-Дин әл-Фараби, Молла Ахмет әл-Женди, Хусам ад-Дин әл-Хусейн ас-Сығнақи, Әбу Абд Алла әл-Баласағұни, Әбд әл-Ғафур әл-Кердери, Мұхаммед әл-Кердери, Хафиз ад-Дин әл-Кердерилерді атауға болады. Сайрамдық Ахмад әл-Исфиджаби атты ғұламалар да өзінің терең ойлы туындыларын Ислам ғылымына арнаған. Сайрамнан сондай-ақ, әл-Қади әл-Байдауи, Әбу-л Хасан Әли әл-Байдауи секілді қазылар да шыққан. Соңғы екеуі туған жері Сайрамда көз жұмған. Орта ғасырларда Орта Азия мен Қазақстанға сопылық ілім де тарады. Ол көбіне көшпелі тіршілік кешкен жұртта Ислам дінінің мықтап орнығуына, халықтың тұрмыс-тіршілігіне, әдебиеті мен мәдениетіне әсер етті (Ә.Дербісәлі. Исламның жауһарлары мен жәдігерлері. – Алматы: Атамұра, 2008).

 

 

Қазақ даласынан осыншама ғалымдар шығып, тіпті ішінен «қази» шариғат соты қызметін атқарған ғалымдары бар қоғамға Ислам дінін тұрмыстық деңгейде ғана ұстанған деп баға беру – қазақтың мәдениет тарихына жасалған қиянат.

 

Қазақ хандығы құрылмай тұрып, ХVI ғасырда Өзбек хан Алтын Орда билігіне келді. Сол кезде Өзбек ханның Сарайдағы ордасында әйгілі араб саяхатшысы Ибн Баттута 734 һижра жылының (шамамен 1334 жыл) Рамазан айында қонақта болған. Ол жөнінде саяхатшы: «Сұлтан Мұхамед Өзбек ханның мемлекетінің қарамағына кіретін Қирам деген үлкен, көркем қала бар екен. Өзбек хан оған Түлкітемірді әкім етіп сайлаған. Бұл қалада қазилардың ішіндегі ең ұлығы, ханафилік қази Шамсиддин Сайилиді жолықтырдым. Сондай-ақ, ірі фақиһ (шариғат заңгері) Шейх Салих ел-Абид Мұзаффариддинмен таныстым. Ол Сұлтан Мұхамед Өзбек хазіретке Сарай қаласына бізбен бірге серік болып барды» деп, қазақ даласының діни ахуалына шолу жасап, әрі қарай қазақтың арба үстіне тігілген киіз үйін суреттейді. Ибн Баттута Қазақтың жылқының етін жеп, сүтін ішетінін, оны «қымыз» деп атайтынына дейін атай келіп, қазақ даласын мекендеген халықтың Исламға берік екеніне кітабында тоқталған. Өзбек ханның жұма намазын халықпен бірге оқитынын, оның төрт әйелі болғанын, қазақтың табиғатын, физиономиясын, діни ұстанымын, аманатқа беріктігін жоғары бағалаған.

 

Ибн Баттутаның жоғарыда айтылған сөзіне сүйенсек, Алтын орданың жоғарғы соты ханафи мазһабының қазиы Шамсиддин Сайили болған. Оны «қазилардың ішіндегі ең ұлығы» деп жалпы Ислам әлеміндегі қазилардың арасынан жарық жұлдыздай орын алатынын атап отыр. Бұл Өзбек ханның Алтын орданы шариғат заңымен басқарғанына бұлтартпас дәлел болмақ. Оған қоса кез келген мемлекеттің қаржы бірлігі (валютасы) сол мемлекеттің рәмізі, стратегиялық объектісі болып саналады. Ал Өзбек ханның тұсында Алтын орданың теңгесі һижри жыл санауымен мерзімделгенін көреміз. Мысалы, 737 һижри жылы (1337 жыл) басылған теңгеде (суретте) «Ас-Сұлтан әл-Ағзам Өзбек хан» деп сұлтанның өз аты жазылған (Хакимов Рафаиль. История татар и народов Евразии. – Казань, 2005).

 

XV ғасырда Қазақ хандығы құрылып, Ислам әлемінің ажырамас бір бөлігіне айналды. Сонымен қатар І мыңжылдықтың аяғы мен ІІ мыңжылдықтың басындағы әлемдік діндер мен Ұлы Даланың ахуалы, қазақтың киелі даласындағы Исламның дамуы территориалдық шекара арқылы көрсетілген (картада).

 

 

Тарихымызға терең үңілсек, халқымыздың Ислам дінін, оның құндылықтары мен қағидаларын, дидактикасын берік ұстанғанына көз жеткіземіз. Дін мен имандылық қазақ халқының мызғымас біртұтастығының кепілі болды және алдағы уақытта мемлекетіміздің болашақ табысты дамуына үлес қосар тәрбие кілті ретінде маңызы зор.

 

Ершат қажы АҒЫБАЙҰЛЫ,

ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти

«Мұнара» газеті, №10, 2020 жыл

Предыдущий Следующий
Ұлы тұлғалардың ұрпағына насихаты Мұғжизалардың кереметі – Құран

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Ислам тарихы Алтын Орда дәуіріндегі Ислам дінінің дамуы
Алтын Орданың негізін салушы Бату хан (1242-1256) өз билігі кезінде, Жошы Ұлысын Шыңғыс ханның Яса заңдарына сәйкес басқарды. Сондықтан, ол өз ұлысындағы барлық діндерге ерік беріп, олардың кеңінен таралуына мүмкіндік жасады. Әртүрлі халықтар, діндер мекендеген Дешті Қыпшақ даласын Жошы әулетінің бі...
Ислам тарихы САДУМ шығарған ислам журналы
САДУМ 1943 жылы құрылғаннан кейін діни білім беру ісін жан-жақты қарастыра бастады. Кеңес үкіметі жүргізген 1930-жылдардағы репрессия кезінде Орталық Азиядағы мешіттер мен медреселер түгелдей жабылған еді. Жүздеген дін ғұламалары мырышқа түйреліп, оққа байланды. Дінге қатысы бар талай адам итжеккенг...
Ислам тарихы Қағбаның қандай құпиясы бар?
Кейде мұсылмандар «Қағбаны не үшін айналасыңдар?», «Неге дәл сол жер соншалықты қасиетті?» деген және осыған ұқсас сұрақтарды жиі естиді. Жасыратыны жоқ, мұсылмандардың өздері де осы сұрақ жөнінде ойланып қалады....
Ислам тарихы Шамшәдин КЕРІМ: Мүфтилік үшін күрес тарихы тереңде
Қазақ жерінде мұсылмандардың діни өмірін үйлестіретін басқару институты орта ғасыр, Қазақ хандығы кезінде болған жоқ. Бұл институтты Патша үкіметі өзінің жүргізіп отырған саясатының бір тармағы ретінде қалыптастырды. Осылайша Ресей қоластындағы мұсылмандарды бақылауға алуға тырысты. Сол мақсатта бір...
Ислам тарихы Меккедегі «Қазақ тақиясы»
Керекулік молда атамыз Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің ертеде жазған «Қазақ шежіресі» атты еңбегі бар. Онда қазақтардың қажылық сапарға қай кезден бастап барғаны жайлы мәлімет келтіреді....
Ислам тарихы XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы қазақ медреселері
Оқу-ағарту жұмысы Қазақ жерінде ерте заманнан басталған. Әсіресе, отырықшыланған аймақтарда орта ғасырлардың өзінде-ақ (VII-VIII ғ.ғ.) көптеген оқу орындары мен медреселер жұмыс істеген. Атақты Әбу Наср әл-Фараби Отырар медресесінде, Махмұт Қашқари, Жүсіп Баласағұни, Ахмет Иүгінеки, Қожа Ахмет Ясауи...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
25 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:44

Бамдатқа дейін 02:25

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi