Алтын Орда дәуіріндегі Ислам дінінің дамуы
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Ақшам 16:26
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:30 06:50 11:41 14:44 16:26 17:46
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
19 Джумада-авваль 1446
Миләди
21 қараша 2024

Мақалалар

Алтын Орда дәуіріндегі Ислам дінінің дамуы

| A | +

Алтын Орданың негізін салушы Бату хан (1242-1256) өз билігі кезінде, Жошы Ұлысын Шыңғыс ханның Яса заңдарына сәйкес басқарды. Сондықтан, ол өз ұлысындағы барлық діндерге ерік беріп, олардың кеңінен таралуына мүмкіндік жасады. Әртүрлі халықтар, діндер мекендеген Дешті Қыпшақ даласын Жошы әулетінің бір мемлекетке біріктіруі және ондағы қауіпсіздік пен тыныштық, дамыған канондары мен идеологиялары бар әлемдік монотеистік діндердің осы жерде тамыр жаюына мүмкіндік берді. Бату хан өлімінен кейін, оның орнына христиан дінін ұстанушы Сартақтың келуі, Ордадағы мұсылмандардың абыржуына себеп болды. Өйткені Сартақ ханның мұсылмандарға деген өшпенділігі бүкіл Ұлысқа белгілі еді. Оның үстіне ол Исламды ұстанушы өзінің немере ағасы Беркені "сен мұсылмансың, ал мен христианмын, сондықтан мен үшін сенің жүзіңді көрудің өзі жиіркенішті»[1] - деп қабылдамай тастауы және Бату хан кезінде маңызды мемлекеттік лауазымда отырған мұсылмандарды шеттетуге тырысуы, сондай-ақ үлкен жеңілдіктерге ие болып отырған мұсылман саудагерлерін қудалауы және осы істердің бәрінде оның Орыс князі Александр Невскийге және басқа да харистиандарға иек артуы, көпшіліктің Берке ханды қолдауына себеп болды. Әсіресе, бақуатты мұсылман саудагерлері мен Сартақтың тым христианшылдығына наразы ақсүйектердің қолдауына ие болған Берке, қысқа уақытта билікке ие болады. Осылайша Жошы Ұлысының хан тағына Шыңғыс әулетінен шыққан алғашқы мұсылман отырды.

 

Билікке шамамен 1256-1257 жылдары келген Берке(Береке) жайлы әртүрлі деректер мен аңыздар бар.[2] Белгілі ғалым Джуджани оның мұсылман болғандығы жайлы: «Берке туылғанда, оның әкесі(Жошы): «бұл баламды мен мұсылман әйелге ғана емізуге беремін, себебі ол мұсылман болып туылды және ол тек мұсылман әйелдің сүтін ішеді» ..... Ал білім алатын жасқа жеткенде ол елдегі ең білгір деген имам-факыхтардан білім алды. Ходжентте білімін аяқтағаннан кейін, Ұлыстағы бүкіл мұсылман әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды».[3] Көпшілік ғалымдар Беркені шамамен 1240 жылдары Исламды қабылдағанын айтады.[4] Себебі 1246 жылы Бүкілмонғолдық құрылтайға ағасының орнына барған Беркенің, өз отауында асты мұсылманша сойғандығы айтылады.[5] Ал 1253 жылы Батыйдың ордасында болған саяхатшы, Гийом де Рубрук Беркенің өз ордасында шошқа етіне тыйым салғандығын жеткізеді.[6] Жалпы, мұсылман деректерінің барлығы оның өте діндар болғандығын, бес уақытын қаза қылмағандығын жеткізеді. Кейіннен Бұхара қаласындағы белгілі сопы, шейх Сайф-ад-Дин Бохарзидың ықпалымен, оған мүрид болып, ханафи мәзһабын ұстана бастайды.[7]

 

Оның кезінде мұсылмандар Бату ханның уақытында ие болған, бүкіл лауазымды мемлекеттік орындарды сақтап қалды. Осыдан бастап, бұл жағдай Алтын Орданың соңғы күндеріне дейін жалғасын тапты. Мемлекет қазынасының негізін құрайтын сауда ісінде де, Берке толықтай мұсылман саудагерлеріне еркіндік беріп қойды. Сыртқы саясатта да, Исламдық бағытты ұстанған ол, 1260/61 жылдары Хулагу мен соғысып жатқан Мәмлүк сұлтаны Бейбарысқа елші жіберіп, онымен Хулагидтерге және олардың одақтасы Византияға қарсы әскери одақ құрды.[8] Сол жылы үлкен әскермен Кавказға басып кіріп, Кура өзенінің маңында Хулагилердің армиясын толықтай дерлік жойып жіберді.[9] Бұл әрекет өз кезегінде Хулагудың бүкіл күшін Египетке жұмылдыруына мүмкіндік бермей, оның екі майданда а соғысуына алып келді. Осылайша ол өзін халықаралық аренада Ислам әлемін қорғаушы ретінде көрсете бастады. Берке ханның мұндай мұсылмандық саясаты тез арада өз нәтижесін көрсете бастады. Жошы Ұлысындағы қалаларда мешіттер мен медреселер салынып, олардың бейнесі Ортаазиялық стильдегі мұсылмандық қалаларға айнала бастады. Беркенің жақын туыстары мен оны қолдаушы ақсүйектер және жеке әскері түгелдей дерлік мұсылмандыққа өтті. Өзінің ұстазы сопы Бохарзиге және басқа да сопыларға, бүкіл Жошы Ұлысының аумағында, дін уағыздауға еркіндік беріп, олардың қауіпсіздігін өз мойнына алды. Сөйтіп, Берке ханның хан тағына отыруы, Алтын Ордадағы Исламның тез арада таралуына ықпал еткен негізгі факторлардың біріне айналды.

 

Берке ханнан кейін таққа келген Меңгу-Темір (1266-1280) мұсылман болмаса да, Берке салып кеткен, мемлекет саясатында ешқандай өзгерістер енгізген жоқ. Мұсылмандар биліктегі өз орындарын сақтап қалды, бірақ сонда да Берке хан кезіндегідей қолдау болмағандықтан, Исламның таралуы біраз бәсеңдеп қалды. Ал осыдан кейін таққа келген Туда-Меңгу (1280-1287) мұсылман болды және ол өзінің асқан діндарлығымен ерекшеленді. Өзінің айналасына сопылар мен дін адамдарын жинап алған ол, мемлекет ісін толықтай беделді түменбасы, Алтын Орданың батыс бөлігінің билеушісі Ноғайға беріп қойды. Ал соңында тіпті хан тағынан өз еркімен бас тартып, сопылық жолға түсіп кетті. Оның орнына хан болған інісі Төле-Бұқа(1287-1292) Ноғайдың және беделді ақсүйектердің қуыршағы болғысы келмей, оған қарсы соғыс бастайды. Бірақ бұл соғыста Ноғай жеңіске жетіп, хан тағына Тоқтаны(1292-1312) отырғызады.[10] Осылайша XIII ғасырдың соңында, билікті түменбасы Ноғай толықтай өз қолына алды.[11]Оның бұлайша елдегі ең ықпалды адамға айналуының бірнеше себептері болды. Бұған дейінгі хандардың мемлекеттік билікті толықтай өз қолдарына алып, елді орталықтандыруға тырысып, көшпелі тайпа ақсүйектерінің құқығын шектей бастауы, әрі бұл жолда Ұлыстағы мұсылмандарға иек артуы, сондай-ақ мұсылмандық саясатты ұстанып, билікте де мұсылмандардың көп болуы, әлі де болса ықпалы үлкен, тәңіршілдіктен бас тарта қоймаған, дәстүршіл топтардың ашу-ызасын тудырды. Олар Ноғайдың айналасына жиналып, хандық билікті әлсіретуге тырысты және бұл олардың қолынан келді. Алайда Ноғай басшылығындағы феодалдардың билігі, ұзаққа созылмады.Бұл орын алған жағдаятқа билік уысынан шығып бара жатқан мұсылмандар да, Исламды қабылдаған ақсүйектер де, біреудің қуыршағына айналған Бату ұрпақтары да наразы болды.Сөйтіп, олардың бәрі Тоқта ханның айналасына жиналып, Ноғайға қарсы ашық күрес бастады. Бұл соғыс 1299-1302 жылдары аралығында болып, нәтижесінде Тоқта толықтай жеңіп шықты.[12]

 

Тоқта ханның дініне келсек ол алғашында тәңіршілдікті ұстанғанымен хандыққа құрғанға дейін, Исламға өткені анық. 1293 жылы соғылған тиында оның аты Насир-ад-Дин Аллах (Алланың досы) деп беріледі.[13] Тоқта хан өз билігі кезінде әлсіреп қалған хандық билікті күшейтіп, Алтын Орданы әртүрлі ұлыстарға бөлініп кетуден сақтап қалды. Осылайша ол өзінен кейін билікке келетін, Өзбек ханға мықты іргетас құрып береді. Жалпы, мұсылмандықты ашық қолдаған Беркеден кейін келген бұл хандар, Исламды ашық түрде қолдамағанымен, оның таралуына барынша жағдай жасап берді. Ел билеуде олар әрқашан мұсылмандарға иек артты. Сыртқы саясатта да әрқашан Мамлүктік Египетпен достық қарым-қатынаста болып, өзін Исламды қорғаушы ретінде танытты. Сондықтан болар, сол кездегі мұсылман авторларының ешқайсысы, Жошы Ұлысын «дар-ул Харб»(кәпір мемлекеті)-қа жатқызбаған.

 

Жалпы, Ислам діні Алтын Орда аумағында алғашқы кездері, тек Хорезм мен Бұлғарияда және Сырдың төменгі ағысында толықтай үстемдік еткенімен, қалған көшпелілер жайлаған далалы аймақтарда тәңіршілдік пен шаманизм ықпалы, ал Қара теңіз жағалауларында христиандықтың ықпалы басымырақ болды. Тәңіршілдік деп аталатын түркілер мен моңғолдардың дәстүрлі діндері бұл кезеңде Дешті Қыпшақ даласын жайлаған көшпелілердің негізгі діні болды. Айналасында дамыған қалалық мәдениеті бар мұсылмандық және христиандық мемлекеттер болғанымен, қыпшақ тайпалары олардың ықпалына түсе қоймады. Жошының бұл аумақты жаулап алуымен, онымен бірге еріп келген дәстүрлі дінді ұстанатын көшпелі түркі және моңғол тайпалары да әлсірей бастаған тәңіршілдікке жаңа бір күш әкелгендей болды. Ал батыс өлкелерде Православиенің алғашқы кездері ықпалының зор болғаны сонша, 1263 жылы Берке хан оларға Сарайда епархия құруына мүмкіндік беріп,[14] оларды мемлекет қорғауына алып, салықтан босатады.Ал орыс княздеріне шіркеу иелігіне тиісуге қатаң түрде тиым салып тастайды. Сондай-ақ Жошы билігінің алғашқы кезінде Моңғолиядан келген ақсүйектер арасында буддистер де кездесті. Осындай жағдаяттарға қарамастан Жошы Ұлысында Ислам діні бұл әлемдік және жергілікті сенімдердің арасынан суырылып шығып, үстемдікке ие болды және мемлекеттік деңгейге дейін көтеріле алды. Бұл дінінің аз уақыттың мұндай ықпалды күшке айналуына бірнеше факторлар әсер етті. Соған тоқталып кетсем:

 

Біріншіден, Алтын Орда пайда болған аумақта, Ислам діні бұрыннан қалыптасқан екі өңір – Хорезм мен Бұлғария болды. Бірі Жошы Ұлысының қиыр түстігінде, ал бірі қиыр теріскейінде орналасқан бұл аймақтар, өздерінің айналасындағы көшпелі тайпаларға діни және мәдени тұрғыдан қуатты түрде ықпал ете бастайды. Ал, екінші фактор – сопылық пен ханафи мәзһабы. Қаншама ғасыр бойы Исламды қабылдамай келген Дешті Қыпшақтың көшпелі тайпалары, сопылардың еңбегінің нәтижесінде, айналдырған жарты ғасыр ішінде, мұсылмандықты қабылдап шыға келді. Сондай-ақ шариғат мектептерінің ішіндегі ең жұмсағы, әрі жергілікті дәстүрлерге бейімделе алатын, ханафи мәзһабы да мұнда аз рөл ойнамады. Үшіншіден, мұсылман дінбасылары мен саудагерлері әрқашан, қай ханның тұсында болмасын, олардың орталықтандыру саясатын қолдап отырды. Ал сепаратизмге бейім көшпелі ақсүйектер өз күресінде әрқашан дәстүршілдікке (Тәңіршілдік) иек артты. Сондықтан хандар өз билігін нығайту үшін, әрқашан да Ислам дінін және оны таратушыларды қолдап-қуаттап отырды.Төртіншіден, сол кезде сыртқы саясатта болып жатқан оқиғалар да, Алтын Орданың Ислам елдерімен достасып, Христиандықты ұстанатын елдермен соғысуға итермеледі. Бұл да өз кезегінде Жошы Ұлысын мекендейтін халықтардың Исламға деген жылы ойдың қалыптасуына себеп болғанын және Ислам елдерімен мәдени және рухани қарым-қатынастың жандануына негіз болғаны анық.

 

Сонымен, Тоқтаның өлімінен кейін, оның билігі кезінде қатты әлсіреп қалған даланың көшпелі феодалдары, соңғы қалған қуаттарымен, өздерінің қан арқылы берілген құқықтарын қайтарып алғысы келіп, тағы да тәңіршілдікті ту етіп, Елбасмышты хан етуге тырысты. Хан тағында мұсылманды көргісі келген, бұл уақытта біраз күш жинап алған мұсылмандарда, әсіресе, Хорезм әмірі Темір-Құтлық, хан тағынан үміткер Өзбекті қолдап шықты. Қысқа мерзімге созылған бұл араздықта Өзбекті жақтаушылар жеңіске жетіп, оны хан көтерді. Оның таққа келуімен, яғни 1312 жылы Ислам мемлекеттік дәрежеге көтерілді. [15] Бұл кезде Исламның ықпалды дінге айналғаны соншалық, Өзбек хан ашық түрде тәңіршілдік және шаманизм қалдықтарымен күресе бастады. Бұл әрекетке себеп бір жағынан әлі мұсылмандықты мойындамайтын көшпелі тайпаларға Ислам дінін қабылдату болса, екіншіден үнемі сепаратизмге ұмтылыс жасайтын дала феодалдарының иек артар күшін жою болды. Әрине, бұл әрекетке қарсы Ұлыстың түкпір-түкпірінде қуатты көтеріліс басталғанымен, Өзбек хан оларды оңай әрі қысқа уақытта басып тастады.

 

Хан тағына ие болған Өзбек хан Алтын Орданы түбірімен өзгерте бастады. Бұл өзгерісті ол алдымен мемлекеттік басқару мен сот ісінде енгізді. Мемлекетті ұлыстарға бөліп, оны мұрагерлікпен қалдыруға рұқсат берді. Мемлекеттік мәселелерді алдыңғы хандар сияқты бүкіл әулеттік құрылтайларда емес, өзі тағайындаған адамдардан тұратын Диван да қарай бастайды. Сот істерінде де Яса заңдарымен емес, шариғат үкімдерімен жүргізуге бұйрық берді. Шариғат заңдары бойынша елдегі сот ісі жүргізілгендіктен, оның маңыздылығының артқаны сонша, Өзбек хан тіпті Египет сұлтанына арнайы елші жіберіп, одан фикһ жайлы кітаптар жіберіуін сұрайды. Осылайша Өзбек ханның тұсында Алтын Орда бюрократиялық басқару жүйесі бар,нағыз мұсылман мемлекетіне айналды.

 

Енді «Алтын Орда мемлекетінде Ислам қандай жолмен таралды?» - деген сауалға кеңірек тоқталсақ. Жалпы, Алтын Орда аумағында Исламның бірнеше тармақтары мен мәзһабтары таралды. Кавказда Шафии мәзһабы кең таралса, ал Орта Азияның кей жерлерінде шииттердің ықпалы болды. Ал Хорезм мен Бұлғарияда ханафиттік мәзһаб үстемдік құрды. Дегенмен бұлардың арасынан, Жошы Ұлысында Исламның орнығуы мен Алтын Орда мәдениетінің қалыптасуында ханафиттік мәзһаб үлкен рөл атқарды. Әсіресе, сол кездегі білім мен ғылымның орталығы болып табылатын Хорезм өңірінен шыққан ханафиттік ғалымдар мұнда үлкен рөл ойнады. Олардың арқасында бүкіл Дещті Қыпшақта ханафиттік мәзһабтың ұстанымдары мен дәстүрлері кең тарап, Беркенің кезінен бастап мемлекеттік қолдауға ие болды. Осылайша Ұлыстың астанасы Сарайда ханафиттік мәзһабтың өзіндік бір мектебі қалыптаса бастады.

 

Белгілі орыс ғалымы Бартольд Исламның Дешті Қыпшақ даласындағы таралу себебін, біріншіден сопылардың белсенді іс-әрекетімен, ал екіншіден мұсылмандық отырықшы аудандардың барынша көршілес көшпелі тайпаларға ықпал етуінен деп түсіндіреді. [16] Шынында да, Дешті Қыпшақ өлкесіне мұсылмандықтың жайылуында, Исламдағы сопылық ағымының алатын орны ерекше. Сопылық- бұл Исламдағы мистикалық-аскеттік ағым болып табылады. Сопылардың кітаппен жүретін және онымен сөйлейтін факыхтардан айырмашылығы, бекітілген бір діни нормалардың болмауы. Яғни әрбір сопының ақиқатқа жететін өз жолы болады. Әрбір сопының міндетті түрде шәкірттері(мүридттері) болды және ол мүридтер міндетті түрде барлық істе сопыларға бағынуы тиіс еді. Атақты сопылардың мүридтерінің саны бірнеше мыңға жетіп отырған. Сондықтан өзіне толықтай бағынған мүридтері бар сопылар өте үлкен саяси және рухани ықпалға ие болды.

 

Дешті Қыпшақтың көшпелі түркілерінің арасында негізінен Орта Азиялық сопылары маңызды орын алды. Әсіресе, Әзірет Сұлтан атымен танымал түркістандық Қожа Ахмет Яссауи негізін салған Яссауия тариқаты, бұхаралық Баха-ад Дин Нақшбанди негізін салған нақшбандия тариқаты және хорезмдік Нәжім-ад Дин Кубра негізін салған кубравия тариқаттары кең таралды.[17] Осы үш тариқаттың сопыларының арқасында Дешті Қыпшақ даласында Исламды қабылдамаған бір-де бір түркі тайпасы қалмады. Бұхара мен Самарқандта және Хорезмде дін үйренген сопылардың көпшілігі, өз өмірін көшпелі түркілер арасында Исламды насихаттауға арнады. Әсіресе, сопылардың дүниені тәрк етіп өмір сүруі, олардың тозақ жайлы әңгімелері көшпелілерге қатты әсер етті. Көптеген тарихи деректерде және өзіміздің халық ауыз әдебиетімізде, бір ғана сопының бүтіндей бір руды Исламға кіргізгендігі жайлы мәліметтер көптеп кездеседі. Мұндай ақпараттар мұсылман жазба деректерінен де табылады. Мысалы, Түркмения жерінен шыққан Яссауи тариқатының өкілі Хусейн бек атты сопы, Башқұрт тайпаларының толықтай Исламды қабылдауына себепші болды.[18] Бұл сопының беделінің жоғары болғаны сонша, оның өлімінен кейін Жәнібек ханның өзі оған арнап қазіргі Уфаның маңынан үлкен кесене салады. Мұндай әулиелер жерленген кесенелер көп ұзамай көшпенділер арасында Исламның таралуының орталықтарына айналды. Сопылар қарапайым халықпен қатар, Алтын Орданың хандарына да үлкен ықпал етіп отырды. Берке ханның Саиф-ад Дин Бохарзиге мүрид болуы, Өзбек ханның барлық істерде өзінің ұстазы, шейх Эль-Мискаридің кеңестеріне құлақ түруі көп нәрсені аңғартса керек. Сөйтіп, сопылық біртіндеп Ұлы Даладағы көшпенділердің бір бөлшегіне айнала бастады. Жалпы сопылық дүниетанымның бір ерекшелігі діндегі негізгі сенімдерге қайшы келмейтін, жергілікті дәстүрлерді трансформациялай алуында еді. Осының нәтижесіде бұрын әртүрлі тау-тастан, ағаштардан және т.б нәрселерден көмек сұрайтын халық, енді Исламды таратқан әулиелерден барып көмек сұрайтын болды. Ал шамандар болса, енді өз ритуалдарында Құран аяттарын оқу арқылы, әруақтарын шақырып, адамдарды емдей бастайды. Осылайша Ислам діні, тәңіршілдіктің қалдықтарын ақырындап болса да, ығыстырып, аяғынан нық тұра бастады. XIV ғасырдың ортасынан бастап Ислам діні Алтын Орда халықтары үшін жаңадан келген дін түсінігін жоғалтып, мәдениетіні мен тұрмысының бір бөлшегіне айналды.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

Табакат и-Насири // Сборник материалов, относящихся к истории Золотой Орды.— М.: Наука, 1941

Лаврентьевская летопись. (Полное собрание русских летописей).— Л., 1926—1928.— Т. 1.

Тизенгаузен В.Г. Сборник материалов... Т.2. М.-Л., 1941. С. 17

Греков Б. Д., Якубовский А. Ю. Часть I. Образование и развитие Золотой Орды в XIII— XIV вв. // Золотая Орда и её падение.— М.-Л., 1950.

Рашид ад-Дин. Сборник летописей.— М., Л.: Издательство АН СССР, 1960.— Т. 2.— С. 133.

Путешествие в Восточные страны … С. 102-106

Тизенгаузен В.Г. Сборник материалов... Т.1. СПб., 1884. С. 379-380

Закиров С. Дипломатические отношения Золотой Орды с Египтом.— М., 1966.— С. 39.

Рашид ад-Дин. Рассказ о происшествии разногласий между Хулагу-ханом и Беркеем... // Сборник летописей.— М., Л.: Издательство Академии Наук СССР, 1946.— Т. 3.— С. 58—60.

Ж.М. Сабитов. Генеалогия Джучидов в 13-18 веках.. Генеалогия и Хронология правителей Золотой Орды

Веселовский Н. И. Хан из темников Золотой Орды Ногай и его время.— С. 3.

Ж.М. Сабитов. Генеалогия Джучидов в 13-18 веках.. Генеалогия и Хронология правителей Золотой Орды.

Мухамадиев А.Г. Булгаро-татарская монетная система в XII-XV вв. М., 1983. С. 46-49

Гумилёв Л. Н. Поиски вымышленного царства.— М.: Айрис-пресс, 2002.— С. 208.— 432 с.

Родословие тюрков. Шаджарат ал-атрак

Бартольд В.В. Двадцать лекций по истории турецких народов Средней Азии // Соч. Т. 5. М., 1968. С. 118-120

Бартольд В.В. Ислам // Соч. Т.4. М.: 1966. С. 117

Малов Н.М., Малышев А.Б., Ракушин А.И. Религия в Золотой Орде. Саратов, 1998

Васильев Д.В. Ислам в Золотой Орде(историко-археологические исследование)

Ислам и власть в Золотой Орде. Сборник статей / Под ред. И.М.Миргалеева, Э.Т. Сайфетдиновой.

 

Жарас Ахан, тарих ғылымынң магистрі

Предыдущий Следующий
Берекелі Бараат түні Хакім Абай індетпен қалай күресті?

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Ислам тарихы САДУМ шығарған ислам журналы
САДУМ 1943 жылы құрылғаннан кейін діни білім беру ісін жан-жақты қарастыра бастады. Кеңес үкіметі жүргізген 1930-жылдардағы репрессия кезінде Орталық Азиядағы мешіттер мен медреселер түгелдей жабылған еді. Жүздеген дін ғұламалары мырышқа түйреліп, оққа байланды. Дінге қатысы бар талай адам итжеккенг...
Ислам тарихы Қағбаның қандай құпиясы бар?
Кейде мұсылмандар «Қағбаны не үшін айналасыңдар?», «Неге дәл сол жер соншалықты қасиетті?» деген және осыған ұқсас сұрақтарды жиі естиді. Жасыратыны жоқ, мұсылмандардың өздері де осы сұрақ жөнінде ойланып қалады....
Ислам тарихы Шамшәдин КЕРІМ: Мүфтилік үшін күрес тарихы тереңде
Қазақ жерінде мұсылмандардың діни өмірін үйлестіретін басқару институты орта ғасыр, Қазақ хандығы кезінде болған жоқ. Бұл институтты Патша үкіметі өзінің жүргізіп отырған саясатының бір тармағы ретінде қалыптастырды. Осылайша Ресей қоластындағы мұсылмандарды бақылауға алуға тырысты. Сол мақсатта бір...
Ислам тарихы Меккедегі «Қазақ тақиясы»
Керекулік молда атамыз Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің ертеде жазған «Қазақ шежіресі» атты еңбегі бар. Онда қазақтардың қажылық сапарға қай кезден бастап барғаны жайлы мәлімет келтіреді....
Ислам тарихы XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы қазақ медреселері
Оқу-ағарту жұмысы Қазақ жерінде ерте заманнан басталған. Әсіресе, отырықшыланған аймақтарда орта ғасырлардың өзінде-ақ (VII-VIII ғ.ғ.) көптеген оқу орындары мен медреселер жұмыс істеген. Атақты Әбу Наср әл-Фараби Отырар медресесінде, Махмұт Қашқари, Жүсіп Баласағұни, Ахмет Иүгінеки, Қожа Ахмет Ясауи...
Ислам тарихы САДУМ қалай құрылды?
Болашақ бағдарын анықтауда түп-тұқиянымыздан тартып, ұлтымыздың өткен өмір өткелдеріне көз жүгіртіп, қазіргі кейіп-кеспірімізді ой-електен өткізе келіп, келер күннің бет-алысын долбарлау кәдуілгі табиғи ой-өріс екені белгілі. Алайда жасампаздық пен ілкімді адымға тұздық болатын идеялар өткеннің қайн...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
19 Джумада-авваль 1446
Миләди
21 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Ақшам 16:26

Құптанға дейін 00:51

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi