АБАЙ СӨЗІ – ҰЛТ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ
Үшарал
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 20:33
Үшарал
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Үшарал
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
02:49 04:25 11:45 16:48 18:58 20:33
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
15 Сафар 1447
Миләди
09 тамыз 2025

Мақалалар

АБАЙ СӨЗІ – ҰЛТ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ

| A | +

Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына биыл 180 жыл толады. Абай қазақ тарихында өзінің өшпес ізін қалдырды. Қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалап, өршіл өлеңдерімен өр биікке көтерілді. Тағылымға толы қарасөздерін қалдырып, композиторлығымен қаншама сыршыл әндерді өмірге әкелді. Абайдың ағартушылығы қазақ қоғамын мәдени, рухани, білім жағынан өркендетуге бағытталды. Сонымен қатар Абай ғұлама, ойшыл ретінде де танылып, ұлттың ұпайын түгендеген дара да дана тұлғаға айналды. Сондай-ақ аудармашы ретінде Крылов, Пушкин, Лермонтовтың шығармаларын қазақша сөйлетті. Сондықтан біз Абайды сан қырынан танимыз. Сан-салалы қызметі үшін бағалаймыз, құрметтейміз.

Алаш қайраткері Міржақып Дулатұлы «Қазақ» газетінің 1914 жылғы санында: «Абайдың өлген күнінен қанша алыстасақ, рухына сонша жақындармыз. Үнемі бұл күйде тұрмас, халық ағарар, өнер-білімге қанар, сол күндерде Абай құрметі күннен күнге артылар. Бірінші ақынымыз деп қабірін халқы жиі-жиі зиярат етер, халық пен Абай арасы күшті махаббатпен жалғасар. Ол күндерді біз көрмеспіз, бірақ біздің рухымыз сезер, қуанар», – деп жазған болатын. Шынында жыл өткен сайын біз Абайдың жақын тұтып келеміз. Оның шығармаларының өміршеңдігі сондай, құнын жоймайтын қазына іспетті. Абайға жүгінген сайын айымыз оңынан туып келеді. Себебі Абай хәкімнің шығармалары – шындықтың шыңы. Себебі оның өлеңдері мен қарасөздерінде қазақтың дүниетанымы мен ұлттың бүкіл болмысы жатыр.

Мемлекет басшысы қадірлі Қасым-Жомарт Кемелұлы «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласында: «Ұлы ойшыл әр сөзімен ұлттың өресін өсіруді көздеді. Сондықтан Абайды терең тануға баса мән бергеніміз жөн. Абайды тану – адамның өзін-өзі тануы. Адамның өзін-өзі тануы және үнемі дамып отыруы, ғылымға, білімге басымдық беруі – кемелдіктің көрінісі. Интеллектуалды ұлт дегеніміз де – осы. Осыған орай, Абай сөзі ұрпақтың бағыт алатын темірқазығына айналуы қажет», – деп жазған болатын. Расында Абайдың сөзі – ұлттың темірқазығы. Абайдың әр сөзінде сом алтынға пара-пар ғақлия бар. Кім сол сөздің сырын түсініп, қажетіне жаратса, асығы алшысынан түскені. Себебі танимын, дамимын деген адамға Абай жеткілікті. Өйткені Абай шығармаларындағы ой-түйіндер – түсіне білген адамға нағыз мотивация.

Сол себепті заңғар жазушы Мұхтар Әуезов: «Поэзияда, музыкада қоғамдық-азаттық ой-пікір саласында өлмес-өшпес шығармалар берген Абай қазақ халқының өткен замандағы өмірін зерттеуші біздің ұрпаққа таңғажайып тұлға болып көрінеді. Ол өз халқының тарихында тау шынарындай биік тұр», – деп жазды.

Абайтанушы ғалым Қайым Мұхамедханов айтқандай, «Абайдың ақындық еңбегі қазақ әдебиетін жаңа бағытта ілгері дамытумен бірге, қазақ қоғамының дамуына да игі әсер етті». Иә, Абай өзінің өлеңдері мен қарасөздері арқылы қазақ халқының рухани-мәдени дүниетанымын жаңа сатыға көтерді, осылайша қазақ қоғамына ықпал етті.

Біріншіден, Абай қоғамның білім-ғылымға деген көзқарасын өзгертті. Ол өз шығармаларында («Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр» т.б) оқу-білімнің маңызына ерекше тоқталып, қазақ халқын надандықтан арылтып, ғылым мен өнерге ұмтылуға шақырды. Білімсіз қоғамның болашағы жоқ екенін айтып, халықты оятуға тырысты.

Екіншіден, этикалық құндылықтарды, яғни ихсанды дәріптеді. Яғни хәкім Абай шығармалары арқылы адамгершілік, адалдық, әділдік, еңбекқорлық секілді қасиеттерді жоғары бағалап, керісінше өсек, өтірік, мақтаншақтық, еріншектік сияқты жаман мінездерді сынады. Сол арқылы адамдардың санасына «қоғамның жаңаруы үшін әр адамның ішкі жан-дүниесі өзгеруі керек» деген ой салды. Абай қоғамды осылайша жаңартуды көздеді.

Үшіншіден, Абай қазақтың тілі мен әдебиетін жаңа деңгейге көтерді. Бұл жайында ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: «Сөз жазатын адам әрі жазушы, әрі сыншы боларға керек. Сөздің шырайлы, ажарлы болуына ойдың шеберлігі керек; ұнамды, орынды, дәмді болуына сыншылық керек; мағыналы, маңызды болуына білім керек. Абайда осы үшеуі де болған. Бұлардың үстіне, Абай көсем, үлгі шығарып, өнеге жайғыш болған. Абайда өлең сөздің неше түрлі үлгісі, өрнегі табылады», – деп жазған болатын. Яки Абайда білім де, шеберлік те, сыншылық та болды. Соның арқасында Абай өлеңдері қазақтың құнарлы да шұрайлы сөздері топтасқан нағыз тағылымға айналды. Ол қазақтың әдеби тілін құнарландырып, қазақ әдебиетін жаңа деңгейге көтерді. Қазақ поэзиясына философиялық тереңдік, психологиялық талдау және жаңа стиль енгізді. Мұны Ахмет Байтұрсынұлы: «Абай көп нәрсені білген, білген нәрселерін жазғанда, «мынау халыққа түсінуге ауыр болар, мынаның сыпайышылыққа кемшілігі болар» деп, таяқтан тартынбаған. Хақиқатты хақиқат қалыбында, тереңді терең қалпында жазған. Хақиқатты тануға, тереңнен сөйлеуге, бойына біткен зеректіктің үстіне, Абай әртүрлі Еуропа білім иесілерінің кітаптарын оқыған», – деп түсіндірген болатын.

Төртіншіден, Абай қоғамдық сана мен ойлау жүйесін жаңартты. Себебі Абай ақын ғана емес, ағартушы-ойшыл болды. Абайдың өзінің қарасөздері арқылы ой түйіп, санаға серпіліс әкелді. Қарасөздері арқылы қоғамның болмысын, адамның табиғатын, тәрбие мен дін мәселелерін терең талдады. Сонымен қатар қазақ халқының өзін-өзі тануына, ұлттық сана-сезімінің қалыптасуына әсер етті. Сол арқылы халықтың тағдырына алаңдаушылығын, ұлтқа деген жанашырлығын білдірді.

Бесіншіден, Шығыс және Батыс әдебиетін үндестірді. Абай қазақ фольклорын терең таразыдан өткізіп қана қоймай, Шығыс пен Батыстың сөз өнерінен де сарқылмас нәр алды. Ақынның өзі «Ғылымды іздеп, Дүниені көздеп, Екі жаққа үңілдім» деп жазғанындай, ғылымға сүйенген Батыстың да, сенімге сүйенген Шығыстың да қазынасын сүзіп, қазаққа керегін ала білді. Мұхтар Әуезов ол жайында: «Абайдың Батысынан Шығысы басым, ол Батысқа барғанда Шығысқа арқа сүйеп, өз ойын сол тұрғыдан айтатын», – деген болатын. Абай Фирдоуси, Низами, Науаи бастаған шығыс шайырларынан алған даналық пен Еуропа һәм орыс әдебиетінен алған сөз асылын терең сүзгіден өткізіп, өз шығармаларына арқау етті. Ол екі өркениеттің ұтымды жақтарын біріктіре отырып, қазақ әдебиеті мен қоғамын жаңа белеске шығарды. Хәкім Абай өз шығармалары арқылы қазақ қоғамының рухани, мәдени және интеллектуалдық жаңаруына сеп болды. Халықтың көзін ашып, жас ұрпаққа жаңа бағыт көрсетті. Қазақ әдебиеті мен мәдениетін дамытып, ұлттық сананың өсуіне жол ашты. Сол себепті Абайдың идеясы өміршең. Біз Абай шығармаларын оқу арқылы ұлттық жаңғыруға жол ашамыз.

Абай шығармаларында дін мәселесіне де айрықша мән берілген. «Алланың өзі де рас, сөзі де рас, Рас сөз ешуақытта жалған болмас» деген Абай иман мәселесін басты орынға қойған. «Мүмин болсаң, әуелі иманды бол, Пендеге иман өзі ашады жол» деп мұсылманның басты қаруы иман деп білсе, «Иман сақтауға қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босамас буын керек» деп, иманды сақтаудың жолы ауыр екенін айшықтайды. Сонымен қатар хәкім Абай адам бойындағы рухани-адамгершілік құндылықтарды білдіретін «Имани гүл» ұғымын енгізген болатын. Бұл ұғымды ақын отыз сегізінші қара сөзінде: «Үш нәрсе адамның көңілін бұзады: нәпсі, ашу, ынданбастық. Осы үшеуін жеңу үшін үш нәрсе керек – махаббат, әділет, хақиқат. Осы үшеуі – имани гүл», – деп түсіндірсе, «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» өлеңінде:

...Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті.
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,
Және хақ жолы осы деп әділетті.
Осы үш сүю болады имани гүл
Иманның асылы тахкиқ біл.
Ойлан дағы, үшеуін таратып бақ,
Басты байла жолына малың түгіл.
Дін де осы, шын ойласаң, тағат та осы
Екі дүние бұл тасдиқ – хақтың досы
, – деп жырға қосады. Көкбай Жанатайұлы: «Абайдың діні мұсылманшылықтың ішіндегі осындай жолмен, үлкен сынмен табылған таза ақылдың діні еді», – десе, Мұхтар Әуезов: «Абайдың діні – сыншыл ақылдың, адамгершіліктің діні», – деген болатын. Бұл пікірлер Абайдың дін мәселесіне өте ыждағатпен қарағанын білдіреді. Мемлекет басшысы қадірлі Қасым-Жомарт Кемелұлы мақаласында: «Абайдың асқан ойшылдығы оның діни талғам-танымынан да айқын көрінеді. Ол отыз сегізінші қарасөзінде Аллаға деген көзқарасын толық білдіреді. Абайдың рухани өресіне баға берген дінтанушы философ ғалымдар оның «кәміл мұсылман» ұғымына ерекше назар аударады. «Кәміл мұсылман» ұғымы тек қазаққа ғана емес, бүкіл мұсылман әлеміне қатысты айтылса керек. Міне, біздің ойшыл Абай, хакім Абай – әлемдік деңгейде осы діни көзқарасы арқылы да биіктей беретін тұлға», – деп жазды.

Абай – біз үшін биік тұлға. Ал Абай мұрасы, Президент айтқандай, «біздің ұлт болып бірлесуімізге, ел болып дамуымызға жол ашатын қастерлі құндылық». Ендеше, осы құндылықты қадірлеуді ешуақытта ұмыт қалдырмауымыз қажет.

  Наурызбай қажы Тағанұлы,
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти

«Мұнара» газеті, №15, 2025 жыл

Авторы ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы

Предыдущий Следующий
Шарапаты мол шағбан айы БЕТТІ ТОЛЫҚ ЖАБУҒА ҚАТЫСТЫ ҚМДБ МӘЛІМДЕМЕСІ

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Қоғам АТА-АНАНЫҢ БАЛА АЛДЫНДАҒЫ МІНДЕТІ
Адамзатты аса ардақтап, әлемнің тіршілігін адамзаттың ыңғайына биімдеп жаратқан Алла Тағалаға барлық мақтау мен мадақ болсын.
Қоғам ЖАСТЫҚ ШАҚТА БІЛІМ АЛ
Жастық шақ - адам өміріндегі ең қуатты әрі ізденіске толы кезең. Бұл уақыт - жүрек жалындап, ақыл айқындалып, өмірдің биік мұраттарына қол созатын шақ. Осы кезеңде ілім үйрену - болашақтың берік іргетасы болмақ. Ислам діні де, қазақ халқының рухани дүниетанымы да білім алудың осы жаста басталғанын қ...
Қоғам ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ ҺӘМ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ
Ұлттың болашағын қа­лыптастыратын ең маңыз­ды құнды­лық­тар­дың бірі – ұрпақ тәрбиесі. Ұлағатты ұрпақ тәрбие­леу – баршамыздың ор­тақ асыл міндетіміз. Өйт­кені өскелең жас буын­ның бойындағы рухани дағдарысты болдыр­мау – бүгінгі күннің өзек­ті мәселесінің бірі. Жуыр­да Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт...
Қоғам ДОСТЫҚТЫҢ КІЛТІ ҚАЙДА БАР?
Қазіргі күні кейбір құндылықтарымыз жойылып, кейбір жақсы әдеттеріміз азайып барады. Бүгінде адамдардың өмірі жұмыс пен шаруаға байланып, отбасы мен жақындарына, құрбы-достарына арналатын уақыттың көлемі қысқаруда. ...
Қоғам КИБЕРБУЛЛИНГ - ҚОҒАМ ДЕРТІ
Кибербуллинг - әлеуметтік желі арқылы біреуді қорқыту, айыбын ашу, қорлау, кемсіту. Бұл дерт өкінішке орай қоғамымызда үлкен дертке айналып отыр. Өйткені аталмыш әрекет жас талғамайтын жағдайға жетті. Қазіргі таңда жасөспірімдердің осындай зиянды әдетпен құмар болуы қатты алаңдатады....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
15 Сафар 1447
Миләди
09 тамыз 2025
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 20:33

Урок 20: Муджизы событий Исра и Мирадж

(+++++)

Амир Холматов
25 шіл. 2025

Урок 19: Хиджра в Таиф

+++++++++++++

Амир Холматов
23 шіл. 2025

Урок 1. Введение.

Прекрасное введение Ма Ша Аллаh. Да благословит Аллаh(سبحانه و تعالى) всех распространяющих благие и

Амир Холматов
12 шіл. 2025

Урок 21: Алиф максура

Почти все вопросы обрабатываются в чате сайта. Поэтому в комментария не высокая активность.

Администратор Azankz
30 мау. 2025

Урок 4: Мустахабы и макрухаты омовения

По этому поводу есть хадис, передаваемый от Маймуны (да будет доволен ею Аллах), что однажды, ко

Администратор Azankz
30 мау. 2025
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi