ИСЛАМ ТАРИХЫНДАҒЫ «БІРЛІК ЖЫЛЫ»
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 17:47
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:56 07:19 11:54 14:42 16:24 17:47
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024

Мақалалар

ИСЛАМ ТАРИХЫНДАҒЫ «БІРЛІК ЖЫЛЫ»

| A | +

Ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ғибратты ғұмырында мұсылмандар ауызбіршілігі жайлы көптеген ғажайып оқиғалар кездеседі. Алла елшісі әр кез мұсылмандардың бірлігі мен ынтымағына жіті көңіл бөлген. Алауыздық тудыратын, адамдардың қарым-қатынасына сызат түсіретін әрбір әрекетті дер кезінде тыйып отырған. Соған қатысты екі оқиғаға қысқаша тоқталып өтсек...

 

Құранның «Хұжырат» сүресінің 10-аятында «Шын мәнінде мүміндер бір-біріне бауыр...», - делінгендей Ислам мұсылмандар арасында бауырластық қарым-қатынас қалыптастырады. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Меккеден Мәдинаға хижрет етіп келген уақытта үш мәселеге ерекше көңіл аударды. Соның бірі жергілікті мұсылмандар мен көшіп келген сахабалар арасында бауырластық байланыс орнату еді. Меккелік сахабалар Мәдинаға үй-жайын, дүние-мүлкін тастап келгені мәлім. Бұл жағдай мұсылмандар арасында әлеуметтік, экономикалық қиындықтар тудырды. Әрине, екі қаланың тыныс-тіршілігі екі бөлек еді. Мекке халқы сауда-саттыққа бейім болса, Мәдина жұрты егіншілік және қолөнермен айналысты. Меккелік сахабаларға сауда-саттық бастау үшін капитал керек еді. Сындарлы шақта ансар сахабалар бауырластық танытып, барын бөлісті. Бұл тарихта мұхажир және ансар сахабаларының бауырласу оқиғасы деп аталды.

Осындай қиын кезеңде ансар сахабалар Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) келіп, меккелік бауырларына құрма бауларын бөлісуге дайын екенін жеткізді. Мұндай жақсылық бір әке-шешеден туған бауырлар арасында да сирек кездесетіні белгілі. Ансарлардың бауырмашылдығына тәнті болған Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) құрма бауын өздеріне қалдырып, жемісін ғана бөлісуді ұсынды. Мәдиналық бауырларының кеңпейілділігіне риза болған мұхажирлер: «Уа, Алланың елшісі! Азымен бөлісе алатын, көбі болса жомарттық ететін мұндай елді бұрын-соңды көрмедік. Тіпті бар сауапты алып кетер деп қорықтық», – деп айтқаны бар. Ансарлардың бұл әрекеті кедейліктен қорықпайтын жомарттың ісі еді. Міне, бұл – ауызбіршілік пен бауырластықтың асқақ көрінісі. Осылайша олардың «Сендер өздерің қалағанды мұсылман бауырыңа да лайық көрмейінше кемел иманды болмайсыңдар» деген Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өсиетін өмірлік ұстаным еткенін көруге болады.

Енді екінші оқиғаға ойыссақ. Ислам тарихында «Бірлік жылы» деп аталған жыл бар. Бұл – хижреттің қырқыншы жылы. Осы жылы Осман бин Аффан (Алла одан разы болсын) халифаның өлтірілуімен басталған бүлік біржола тоқтаған еді. Халифа Осман (Алла одан разы болсын) шейіт болып, мұсылман әлемі ауыр кезеңді бастан өткерді. Билік тізгіні халифа Әли бин Әбу Талипте (Алла одан разы болсын) еді. Ол қайтыс болған соң, Ирак жұрты түгелдей Хасан Әлиұлын (Алла одан разы болсын) халифа деп танып, байғат жасады.

Бұл оқиғаны Ибн Касир «Бидая уа Нихая» кітабында былайша баяндайды: «Хасан Әлиұлы халифа болған соң, Ирак әскерін бастап Шамға аттанды. Мұны естіген Шам әкімі Мұғауия (Алла одан разы болсын) өзінің кеңесшісі, сахаба Амр бин Аспен (Алла одан разы болсын) бірге оларды қала сыртында күтіп алды. Қос тарапты да жойқын соғыс күтіп тұрған-ды. Егер соғыс оты тұтанса, майдан алаңында қаншама бейкүнә адамның қаны төгіліп, марқұмдардың соңынан қаншама жетім мен жесір еңіреп қалар еді. Алайда бұл шайқас болған жоқ. Өйткені халифа Хасан Әлиұлы өз еркімен билік тізгінін Мұғауияға табыстады. Ол Пайғамбар атасы сияқты тұтас мұсылман үмбетінің мүддесін жеке басының мүддесінен жоғары қоя білді. Осылайша елдің тыныштығы мен халықтың амандығын көздеді. Мұғауия жіберген екі елшімен келіссөз жүргізген сахаба, Пайғамбардың немересі Хасан Әлиұлы мынадай бір ғажайып хадисті әңгімелейді. Мен сахаба Әбу Бәкрәдан былай дегенін естідім: «Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мінберде еді. Жанында кішкентай бала Әлидің ұлы Хасан отырған. Сонда Пайғамбарымыз: «Менің мына балам – төре. Алла Тағала осының қолымен мұсылмандардың екі үлкен тобын келісімге алып келеді» (Бұхари). Осы сөздерді айтқан Хасан әскер алдында ниетін айтып, өз еркімен халифалықты Мұғауия бин Әбу Суфиянға тапсырды. Екі жақтың әскери қолбасшылары да Мұғауияны халифа деп қабылдап, мойындайды. Осылайша екіге бөлініп кеткен мұсылмандар бірікті. Мұсылмандар осы жылды «Бірлік жылы» деп атады.

Осы оқиғадан соң Хасан Әлиұлы (Алла одан разы болсын) көп ұзамай дүниеден өтті. Қайтыс болар алданда Айша (Алла одан разы болсын) анамызға кісі жіберіп, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жанына жерлеуді өтінген еді. Алайда бір түсініспеушілік және бүлік тудыратын болса, мұсылмандар зиратына жерлеуді өсиет етті. Әрине, Айша анамыз Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жанына немересінің жерлеуіне келісімін берді. Алайда бұған Маруан бин Хакам мен бір топ Бәну Үмайа адамдары наразылық танытты. Марқұмның інісі Хусейн бұған да қарамай жерлемек болғанда, жиналған жұрт «бүлік шығаратындай жағдай болса, мұсылмандар зиратына қойыңдар» деп өсиет еткен деп Хасан Әлиұлының сөзін еске түсіреді. Осы сөзге Хусейн де тоқтайды. Хасан Әлиұлы тірі кезінде мұсылмандардың ауызбіршілігін сақтауға тырысқаны секілді дүниеден өткен соң да, мұсылмандар арасына алауыздық түспеуін жан-тәнімен қалаған еді.

 

Төлеби ОСПАН,

Алматы қаласының бас имамы

 

Мұнара газеті

№03 (57)

 

Авторы Төлеби Оспан

Алматы қаласының бас имамы

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
ХАДИС ФАҚИҺ ҒАЛЫМНАН БАСҚАНЫ АДАСТЫРАДЫ БАХАРИДИН АБЛАЗИМОВ: АЗАЛЫ КҮНДЕ АМАЛСЫЗ ОТЫРУ – АЗАМАТТЫҒЫМЫЗҒА СЫН

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Ислам тарихы АСТАНАДАҒЫ АЛҒАШҚЫ МЕШІТ
Ол тұста қазіргі Нұр-Сұлтан қаласының Ақмола атанып тұрған шағы. Сонау қиын кезеңде қазақ даласында іргесі қаланған алғашқы мешіттердің бірі бейнеленген ескі сурет көзімізге оттай басылды. XIX ғасырдың мұғдарында мұсылманның рухани өміріне шырақшы болған қасиетті ғимарат ұзақ жылдар бойы ұлттың игіл...
Ислам тарихы ӘЛЕМДІК ӨРКЕНИЕТТЕГІ ИСЛАМ ДІНІНІҢ ОРНЫ
«VIII-XІІ ғаcырларда мұсылмандар ғылым салаларын қарқынды дамытқан. Бұл тұрғыда мұcылмандарға жетер ешкім болмаған. Еуропа мәдениетінің қалыптаcуына қайта өрлеу мен реформалық қозғалыcтарға Иcлам мәдениеті зор үлеc қоcты. Мұcылмандар тафсир, қирағат, фықыһ, кәлам, xадиc cияқты иcламдық білім салалар...
Ислам тарихы Құрбандық қиссасының ғибраты
Қасиетті құрбан айт туралы айтылғанда, біз Ибраһим мен ұлы Исмаилдың қиссасын еске аламыз. Бұл әлемдердің Жаратушысы Алла Тағаланың қасиетті Құранда баян еткен оқиғалардан болғандықтан, онда адамзатқа үлгі боларлық көптеген өнеге мен ғибраттар бар. Қасиетті Құранның  «Ағраф» сүресінің  176-аятында А...
Ислам тарихы Кеңес үкіметі медреселерді қалай құртты?
Кеңес үкіметі алғашқы екі онжылдықта Исламның дамуын тежеу үшін аянып қалмады. Осы бағытта 1920-1930 жылдары мұсылмандық білім беру мекемелері, діни ұйымдар мен Ислам негіздерін қорғап келген мұсылмандық басқармасын жоюға тырысты. Алайда еліміздің дінбасылары мұсылман дәстүрлерін сақтап қалу үшін жа...
Ислам тарихы Хақ дін қазақ топырағына қалай тарады?
751 жылы Талас өзені бойындағы Атлах шайқасында қытай басқыншыларына қарсы соғыста түркештерге арабтар көмек қолын созып, нәтижесінде араб-түркеш біріккен қосыны жеңіске жетті. Тарихи деректерде осы Атлах шайқасынан соң түркілердің біртіндеп Ислам дінін қабылдай бастағаны айтылады (В.Бартольд, «Турк...
Ислам тарихы Қазақ даласындағы ислам өркениеті
Дәстүрлі діндер белгілі бір жүйені қалыптастыратын кітабы, сол кітап түсірілген пайғамбары болуды талап етеді. Мысалы, Мұса пайғамбарға Таурат, Иса пайғамбарға Інжіл, Мұхаммед пайғамбарға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Құран түсірілген. Бұлардың арасында бейтарап уақыт кезеңі болды. Мысал...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:47

Бамдатқа дейін 02:43

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi