ӨЗГЕ ДІН ӨКІЛІМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Ақшам 16:23
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:55 07:19 11:54 14:41 16:23 17:46
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024

Мақалалар

ӨЗГЕ ДІН ӨКІЛІМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС

| A | +

Дін –  Алла Тағаланың пендесіне берген ұлы нығметі. Сонау ежелгі замандардан бері діннің адам өмірінде шешуші рөл ойнап келе жатқан маңызды феномен екені және бүгінгі күнде де еш маңызын жоймағандығына куәміз. Күллі адамзат үшін қазіргі таңдағы басты міндет – ұлтаралық және дінаралық татулықты сақтау болып отыр. Себебі татулық пен бірлік орнықпаған жерде берекелі бейбіт өмірдің болуы неғайбыл.

Дінаралық келісімнің міндеті – түрлі дін өкілдері арасындағы өзара келісім мен ынтымақтастықты, толерантты ара-қатынасты орнықтыру. Өз кезегімізде біз дінаралық келісім сақтау арқылы діни саладағы түрлі шиеленістердің алдын алып, берекелі бейбіт өмірге қол жеткізе аламыз.

Ізгіліктен тамыр жаятын Ислам дінінің мән-мағынасына  назар аударатын болсақ, оның ауқымы барлық адамзатты қамтитындығын байқауға болады. Сонымен бірге ислам ақидасынан түсінетініміз, жер бетінде ислам дінінен өзге басқа сенімді ұстанып, басқа шариғатты қолданып, басқа саясаттағы бағыттардың бар екендігін аңғартады. Ислам діні сенімінің өзгелерден  басты айырмашылығы ақидалық негізде. Адамзаттың әрқайсысы әр түрлі дінді ұстануы тек Алла Тағаланың қалауымен және Оның даналығымен орын алды. Егер олай болмағанда, Алла егер қаласа, барлығын бір дінде, бір бағытты ұстанушылардан қылатын еді. Алайда, Алла Тағала адам баласына ақыл-сана беріп, ақ пен қараны ажыратып, діни және діни емес тұрғыда қалаған бағыт-бағдарын таңдауына мүмкіндік берді. Осыған байланысты Құран Кәрімде Алла Тағала: «(Мұхаммед) егер Раббың қаласа, адамдарды бір-ақ үммет қылар еді. Олар үнемі қайшылықта тұруда. Бірақ Раббыңның мәрхамет еткені басқа. Оларды сол үшін жаратты»[1], – дейді. Тәпсіршілердің айтуынша, жоғарыдағы «Оларды сол үшін жаратты» деген аятта Алла Тағаланың адамзатты әр түрлі дінді ұстанатын етіп осы дүниеге жаратқаны туралы айтылады. Қандай да бір дін өкілі болмасын, өзінікін ақиқат санап, қалғандарын адасуда деп есептейтіні белгілі. Ислам дінінің өзге дін өкіліне қатысты ұстанымы ол – діни төзімділік. Яғни, бір адамның басқа бір дінді ұстануы, ол тек қана Алла Тағаланың қалауымен болды. Өйткені, «(Мұхаммед) егер Раббың қаласа еді, әрине жер жүзіндегілердің барлығы түгелдей иман келтірер еді»[2].

Осыған орай, жер бетінде тура жолда жүргендер бар, адасушылар бар, ізгі адамдар бар, күнәһарлар, екіжүзділер мен дінге сенбейтін кәпірлер бар. Бірақ есеп алушы адам емес, есеп алушы Алла Тағала, әр адам өзі үшін Алланың алдында ақыретте жауап береді. Алла Тағала Құран Кәрімде былай деген: «Расында сондай иман келтіргендер, Яһудилер, Христиандар және Сабилар болып, кім Аллаға, ақырет күніне сенсе, Раббыларының қасында сыйлық бар. Оларға қорқыныш жоқ. Әрі олар қайғырмайды»[3]. Тағы басқа бір аятта: «Алла, қиямет күні, араларыңдағы қайшылыққа түскен нәрселер жайында үкім береді»[4], – делінген. Сондай-ақ мұсылмандардың өзге дін өкілдерімен қарым-қатынас барысындағы ұстанымы қандай болу керектігін айқындайтын келесі бір аятта көңіл бөліп қарасақ: «(Мұхаммед) міне сол үшін ақиқатқа шақыр да бұйырылғаныңдай мықты тұр. Олардың ойларына ілеспе және оларға: «Алла түсірген Кітапқа иман келтірдім. Сондай-ақ араларыңда әділдік қылуға бұйырылдым. Алла, біздің де Раббымыз, сендердің де Раббыларың. Біздің ісіміз бізге, сендердің істерің сендерге тән. Сендер мен біздің арамызда тартыс жоқ. Алла арамызды қосады. Және қайтар орын сол жақ» де»[5], – деп келтірілген.

Ақиқатында Алла Тағала адам баласын құрметті етіп жаратты[6]. Сондықтан ислам діні әр адам баласына дініне, нәсіліне, терісінің түсіне, ұлт-ұлысына қарамастан қашан да құрметпен қарайды. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) алдында қандай адам тұрмасын, адамгершілік тұрғысынан бәріне құрметпен қарап, ислам дінінің жарқын тұсын көрсете отырып, адамзатқа үлгі бола білген. Соның нәтижесінде өзге дін өкілдері, тіпті дінсіздердің өзі пайғамбарымыздан (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) үлгі алып, Ислам дінін қабылдаған еді. Бірде Алла Елшісі (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) яһуди дінін ұстанған қайтыс болған адамның жерлеу рәсімі өтіп жатқанда тоқтап, бір орында тұра қалады. Сонда сахабалар Пайғамбарымыздың (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) бұл ісіне таңырқап: «Ол мұсылман емес, яһуди ғой», – деп сұрайды. Сонда Алла Елшісі (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) сахабалардың сұрағына: «Яһуди тірі жан иесі (адам баласы) емес па?», –  деп жауап береді[7]. Сонымен қатар ислам діні, мәселен яһудилер мен христиандарға қатысты «Әһлі кітап» яғни кітап иелерінен деп қарайды. Олардың қыздарына үйленуге рұқсат береді. Тіпті олардың тамақтарын да (Ислам діні бойынша анық арам етілген тамақтардан басқа) жеуге болады. Бұл туралы Құран Кәрімде Алла Тағала: «Бүгін сендерге жақсы нәрселер халал етілді. Кітап берілгендердің (христиан, яһуди) тамағы (бауыздағандары) халал етілді. Сендердің тамақтарың оларға да халал етілді. Және мүміндерден абыройлы әйелдермен әрі сендерден бұрын Кітап берілгендерден (христиан, яһуди) де абыройлы әйелдермен мәһерлерін беріп, бой суытушы, астыртын көңілдес болмай үйленулерің халал етілді»[8], –  деген.

Қазіргі таңда мұсылмандар саны басым саналатын көптеген мемлекетте өзге дін өкілдері еш қысымдық, зорлық-зомбылық көрместен осы уақытқа дейін тату өмір сүріп жатқандығына куәміз. Осының өзі Ислам дінінің, соның ішінде мұсылмандардың толеранттылығы мен діни төзімділігінің жоғары үлгісін көрсететіндігін аңғартады. Татулық пен ізгілік жолында Ұлы Жаратушымыз бізге имандылық пен тақуалықты, береке-бірлік пен өркендеуді нәсіп етсін. Әумин!

 

Ермаханов Кенжебай Әділбекұлы

Ақсай мешітінің наиб имамы

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
ТІЛГЕ ТОҚТАМ БОЛСА... ЖАС ШЫБЫҚ ИІЛГІШ КЕЛЕДІ...

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Ислам әдебі КӨРКЕМ МІНЕЗ КЕШІРІМДІ КЕЛЕДІ
Жоқтан барды жаратқан құдіретті Алла Тағала аса қамқор, ерекше мейірімді, кешіруші. Мінсіздікке талпыну адамды кейде тәкаппарлыққа душар етіп жатады. Сүрінбейтін тұяқ, жаңылмайтын жақ болмайды. Қателеспей тұрмаймыз....
Ислам әдебі ҚҰДАЙ СҮЙЕТІН ҚОС ҚАСИЕТ
Ардақты пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): إِنَّ فِيكَ خَصْلَتَيْنِ يُحِبُّهُمَا اللهُ: الْحِلْمُ، وَالأَنَاةُ «Сенің бойыңда Алла сүйетін екі қасиет бар: ақыл (жұмсақтық) мен байсалдылық (сабырлық)», - деген екен. Бұл сөзді Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі бо...
Ислам әдебі МІН ІЗДЕУ МҰСЫЛМАНҒА ЖАТ
Өкінішке орай, бүгінде әлеуметтік желі қолданушыларының арасында бір-бірінің ар-намысына тиіп, бөтен біреуді ғайбаттап-балағаттаушылар көбейіп барады. Кейбірі мәселенің байыбына бармай, естіген өсегін өрнектеп, сол оқиғаның куәсі болғандай майын тамызып тұрып жазады. Енді бірі жағымсыз пікір жазып о...
Ислам әдебі Кешіре білу – Алла Тағала сипатының бірі
 Кешіру – жазалауға күші жете тұрып кінәліні кеше білу. Бұл тұрғыдан алып қарасақ, нәпсінің дегеніне көнбей кешіру жолын таңдай білу. Алла Тағала құлдарының кешірімшіл болуын қалайды. Алла Тағала былай дейді: «Кімде-кім сабырлық танытып, кешірімшіл болса дау жоқ істердің ең маңыздысы осы» (Шура сүре...
Ислам әдебі #12 Ата-ананы құрметтеу әдебі
Ата-анаңыздың жанында болғанда, әдебіңізге қатты көңіл бөліңіз. Себебі олар құрмет көруге ең лайықты тұлғалар. Сөзімізге дәлел ретінде мына хадисті келтіруімізге болады:...
Ислам әдебі #11 Үлкенді сыйлау әдебі
​​​​​​​Өзіңізден жасы үлкен кісілерді құрметтеңіз әрі оларды қадірлей біліңіз. Олармен бірге болғанда, оң жақтарында және бір-екі қадам артта жүріңіз. Үйге кірерде не шығарда оларға жол беріңіз. Кездескенде сәлем беріп, ілтипат көрсетіңіз. Сөзді бірінші үлкенге беріңіз, оны құрметпен тыңдап, сыйлаңы...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Ақшам 16:23

Құптанға дейін 00:33

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi