ОРАЗАҒА НИЕТ ЕТУ ЖӨНІНДЕ ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Аср 14:41

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:55 07:19 11:54 14:41 16:23 17:46
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024

Мақалалар

ОРАЗАҒА НИЕТ ЕТУ ЖӨНІНДЕ ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР

| A | +

Алла қаласа сағындырған Рамазан айының келуіне төрт аптадай ғана уақыт қалды. Құлшылық қабыл болуы үшін оның дұрыс орындалуы да өте маңызды. Осыған орай muftyat.kz сайты ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі дайындаған «Рамазан оразасына қатысты пәтуалар» кітабынан оразаға қатысты пәтуалар мен сұрақ-жауаптарды жариялап отырмақ.  

Бүгін назарларыңызға оразаға ниет ету жөнінде жамағат тарапынан жиі қойылатын сұрақтардың жауабын ұсынамыз.

1. Сұрақ: Оразаға ниет етудің үкімі қандай?

Жауап: Пәлен күні Алла үшін ораза тұтамын деп жүрегімен шешім қабылдауды – ниет деп атайды. Ниет ету – оразаның дұрыс болуының басты шарты[1]. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде:

 إنَّما الأعمالُ بالنِّيَّاتِ

 «Амалдар ниетке байланысты»[2], – деген. 

Ниетті тілмен айту шарт емес. Сәресіне тұру немесе тұрамын деп ниеттеніп жатудың өзі ниет еткен болып саналады. Рамазан оразасына күн батқаннан бастап, таң атқанға дейінгі уақыттарда ниет ету абзал.

Егер бір жағдаймен таң атқанға дейін ниет ете алмай қалса, яки ұйықтап қалса, онда сәске уақытқа дейін, яғни бесін намазына бір сағат уақыт қалғанға шейін ниет етуіне болады. Одан кейін ниет етсе, сол күннің оразасы дұрыс болмай қалады[3].

Оразаға ниет еткенде диета ұстау, арықтау мақсатында емес, оразаның сауабын үміт етіп, бір ғана Алланың разылығы үшін ұстау керек.

2. Сұрақ: Ниет қалай болуы тиіс?

Жауап: Оразаның өзі бірнеше түрге бөлінеді:

  • Парыз ораза – Рамазан айының оразасы.
  • Уақытын белгілеп, серт етіп ұстайтын ораза.
  • Уақытын белгілемей, серт етіп ұстайтын ораза.
  • Рамазан айының қазасы.
  • Бұзылған нәпіл оразаның уәжіп болған қазасы.
  • Кәффарат (жаза) оразасы.
  • Нәпіл ораза.

Рамазан айы және уақыты белгіленген серт оразасы мен ерікті оразаларға түннен бастап ниет етуге болады. Бірақ шарт емес. Түске дейін ниет етсе болады. Ал, рамазан оразасының қазасы, уақытын белгілемей, серт етіп ұстайтын ораза, кәффарат, бұзылған нәпіл оразаның қазасы сияқты ораза түрлеріне түннен ниет ету қажет[4].

3. Сұрақ: Рамазанның әр күніне ниет ету шарт па?

Жауап: Рамазан айының әр күні өз алдына жеке құлшылық болғандықтан әр күнге жеке-жеке ниет ету қажет[5]. Рамазан айының басында бір рет ниет ету жеткіліксіз болады. Егер рамазанның барлық күндері оразаға да, ауыз ашуға да ешқандай ниет етпесе, оразаның қазасын өтейді[6].

4. Сұрақ: Күн батпай жатып ертеңгі оразаға ниет етсе, дұрыс бола ма?

Жауап: Күн батпай жатып келесі күні ораза ұстауға ниет етсе, оразасы дұрыс болмайды. Тіпті күн батпай жатып есінен талып қалып, келесі күні бесіннің уақытына дейін жалғасса немесе осы аралықта ұйықтап қалса, ол күні ораза ұстаған болып саналмайды. Ал күн батқаннан кейін ниет етсе, оразасы дұрыс болады[7].

5. Сұрақ: Оразада «аузымды аштым» деп, ештеңе ішіп-жемесе, ораза бұзыла ма?

Жауап: Ораза ұстаушы ауыз ашуға тек ниет етсе, оразасы бұзылмайды. Тамақ пен мұрыннан ішке ас-су кірсе ғана ораза бұзылады.

«Әл-Фәтауа әл-Һиндия» кітабында: «Ораза ұстаушы ауыз ашуға ниет етсе, алайда ауыз ашатын ешбір жағдай орын алмаса, оның оразасы толық болады»[8] делінген.

[1] «Әл-Фәтәуа әт-Татархания», 2/97.

[2] Бұхари, №54. Муслим, №1907. 

[3] «Әл-Муфассал фи әл-фиқһи әл-ханафи», 1/272.

[4] «Әл-Лубаб фи шархи әл-китаб», 1/162-163.

[5] «Әл-Фәтәуа әл-Һиндия»: 1/215. «Әл-Фәтәуа әт-Татархания», 2/97.

[6] «Әл-Фәтәуа әт-Татархания», 2/98.

[7] «Әл-Фәтәуә әт-Татархания», 2/97-98.

[8] «Әл-Фәтауа әл-Һиндия», 1/215.

ДЕРЕККӨЗІ muftyat.kz

ҚМДБ ресми сайты

Предыдущий Следующий
СУДЫҢ ДА СҰРАУЫ БАР ОТБАСЫЛЫҚ ӨМІРІҢ ҚҰЛПЫНАЙДАЙ БОЛСЫН ДЕСЕҢ...

Тақырып аясындағы мақалалар

Жұма уағызы БАЛА ТӘРБИЕСІНІҢ ОТБАСЫНДАҒЫ РӨЛІ
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға, оның отбасы мен барлық сахабаларына салауаттар мен сәлемдер болсын!  
Рамазан РАМАЗАН - РУХАНИ ТАЗАРУ АЙЫ
Қасиетті рамазан айына аман-сау жеткізген Алла Тағалаға сансыз мадақ-мақтаулар болсын. Мұхаммед Пайғамбарымызға, отбасына, сахабаларына салауаттар мен сәлем болғай. Жаратқан Ие баршамызға осы айда өзінің қалағанындай, ақыретте шапағатшы болатындай түрде ораза ұстауға жәрдем етсін....
Рамазан РАМАЗАН БЕРЕКЕ МЕН РАҚЫМ АЙЫ
Адамзатқа тура жолдың нұрын төккен Алланың ұлы сөздері «Құран Кәрім түскен қасиетті Рамазан айы сағындырып, қуандырып бізге жетті. Он бір ай бойы шөлдеп, шаршаған рухымызға азық, нәпсімізге тыю болатын тәрбие айын әрбір мұсылман асыға күтуде. Алла Тағала қасиетті Құранда: «Ей, иман келтіргендер! Тақ...
Дін мен дәстүр ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҒЫН ДӘРІПТЕУГЕ БАСЫМДЫҚ БЕРЕМІЗ
Аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға, оның отбасы мен барлық сахабаларына салауаттар мен сәлемдер болсын!...
Жұма уағызы ИСЛАМДА САУДА-САТТЫҚТЫҢ ОРНЫ МЕН ӘДЕБІ
Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға, оның отбасы мен барлық сахабаларына салауаттар мен сәлемдер болсын!
Ислам күнтізбесі БАРААТ ТҮНІНІҢ БЕРЕКЕСІ
Шындығында пенделердің өзіне берілген уақытты тиімді пайдалана бермейтіні анық. Денсаулық пен уақыттың қадірін білу керек екендігі туралы естіп, біліп жүрміз. Алайда амалымыз қаншалықты соған сай? ...

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Сұрақ-жауап КЕШБЭКТІ ЖӘНЕ ДИСКОНТ КАРТАЛАРДЫ ҚОЛДАНУҒА РҰҚСАТ ПА?
Кешбэк (ағыл. Cashback – ақша қайтару) – бұл тауарды сатып алудан немесе қызметтер ақысын төлеуден түсетін бонустық пайыздар.
Сұрақ-жауап P2P САУДАСЫНЫҢ (КРИПТА АРБИТРАЖ) ҮКІМІ ҚАНДАЙ?
P2P (ағыл. peer-to-peer «тең-теңімен» немесе person-to-person «адамнан адамға») саудасы – бұл делдардардың қатысуынсыз тікелей пайдаланушылар арасында арнайы веб және мобильді қосымшалар арқылы криптавалюта сатып алу-сату....
Сұрақ-жауап АҚША ҚҰНСЫЗДАНҒАНДА ҚАРЫЗ ҚАЛАЙ ҚАЙТАРЫЛАДЫ?
Қарыз – екі тарап арасында мал-мүлікті үстемесіз қайтару шартымен жасалатын келісімшарт («Радду әл-мухтар», 5/161). Бүгінгі таңда қаржылық инфляцияға байланысты қарызды өтеу өзекті мәселелердің біріне айналды. Ғалымдар қарыз нысаны әртүрлі болуына қарай оның үкімін төмендегідей бөліп қарастырады. ...
Сұрақ-жауап ҚАЖЫЛЫҚ ВИЗАСЫНСЫЗ ЖӘНЕ ЗАҢСЫЗ ЖОЛМЕН ҚАЖЫЛЫҚҚА БАРУҒА БОЛА МА?
Қажылық визасы – заманның талабына сай әрі көпшіліктің мүддесі мен қажеттіліктеріне орай Сауд Арабия Королдігінің қойған талабы және заңы.
Сұрақ-жауап ИНТЕРНЕТ ДҮКЕН АРҚЫЛЫ САУДА ЖАСАУҒА БОЛА МА?
Интернет дүкен – толық сипаттамасы бар тауарды сататын және сатып алатын веб сайт. Негізі тараптардың интернет немесе телефон секілді электрондық құрылғылар арқылы онлайн келісім жасауы бетпе-бет сауда жасағанмен тең. Ал пошта, факс, телеграф, т.б. жазу құрылғылары арқылы келісімшарт жасағанда хатты...
Сұрақ-жауап МЕДИТАЦИЯ ЖАСАУҒА БОЛА МА?
Медитация (meditatio) латын тілінен аударғанда «терең, ұзақ ойлау», «пікір қылу» деген мағынаны білдіреді. Медитация туралы сөз қозғалғанда көз алдымызға ең алдымен лотос позициясында отырған монахтар елестейді. Алайда оның көрінісіне қарамай тілдік мағынасымен қарар болсақ, жалпы пікір ету, зікір е...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Аср 14:41

Ақшамға дейін 00:03

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi