БАРААТ ТҮНІНІҢ БЕРЕКЕСІ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Ақшам 16:23
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:55 07:19 11:54 14:41 16:23 17:46
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024

Мақалалар

БАРААТ ТҮНІНІҢ БЕРЕКЕСІ

| A | +

Аса қамқор, Ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын. Аллаға сансыз шүкір, уақыт өткен сайын халқымыздың ислам діні туралы сауаттылығы артып, ненің дұрыс, ненің бұрыс екендігін білгісі келетін көзқарастары артып, дінімізді насихаттау бағыты кеңінен етек алған. Әрине, Ислам дінінің тарам-тарам тармақтары, халық үшін білуі тиіс қарапайым қағидалары, мұсылманға қажетті ережелері де бар. Мұны айтуымыздың себебі неде?

Мұсылман халқымыз діндегі қасиетті күндерге аса мән берген. Әсіресе, жұма күнінің қасиетін жақсы түсініп, жұма намазынан қалмай құлшылығын жасауға тырысады. Сол секілді қасиетті Рамазан айындағы Қадір түні де мұсылмандар арасында зор ықыласпен аталып өтіледі. Аллаға жалбарынып, қасиетті айдағы қасиетті күнді жіберіп алмай дұғаларын жасайды. Осы секілді, дінімізде басқа да қасиетті түндер бар екенін халқымыз, мұсылман бауырларымыз білуі тиіс.

Асыл дініміз исламда қасиетті саналатын үш ай бар. Олар Ережеп, Шағбан, Рамазан. Бұл үш ай басқа айларға қарағанда жоғары тұрады, құлшылықты арттыруға себеп болады. Ережеп айында Рағайып түні, Шағбан айында Бараат түні, Рамазан айында Қадір түні бар.

Осы қасиетті үш ай келіп жеткенде «Алла Тағалам, Ережеп пен Шағбан айларын берекелі ете гөр. Бізді Рамазанға аман-есен жеткіз» деп дұға жасаған жөн.

Біздің мақаламызға арқау болар қасиетті түн – Бараат түні. Шағбан айында қасиетті Бараат кеші бар. Яғни қасиетті шағбан айының 15-і - Бараат түні. Бұл түн – періштелер жер бетіне түсетін, дұғалар қабыл болатын, кері қайтарылмайтын берекелі түн.

Сол себепті бұл түнде Пайғамбарымызға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) көп салауат айтып, Алладан біліп-білмей істеген күналарымыздың кешірілуін тілеп дұға жасап құлшылықпен өткізген абзал. 

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Бұл түні көктердің есіктері ашылады, періштелер мұсылмандарға сүйінші айтады, ғибадатқа шақырады. Бараат түнінде көп ғибадат жасаңдар! Әйтпесе, Қияметте өкінесіңдер», – деген. Қарыздардан, күнәларынан, жазадан құтылу деген мағынаны білдіретін Бәраат – тазару кеші. Бұл түн – Алланың өзінен кешірім сұраған пенделерін кешіріп, күнәдан арылу түні. Бұл түні барынша құлшылық етіп, Алла Тағаладан кешірім сұрауымызды қалаған Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Шағбан айының он бесінші түні болғанда тек қана ғибадатпен өткізіңдер, ал күндіз ораза ұстаңдар. Өйткені, Алла Тағала сол түні күн шыққанға дейін әлемге мейірімін төге тұрып, былай дейді:

– Кешіруімді қалайтын адам бар ма, кешейін?

– Рызық талап етушілер бар ма, берейін?

– Дертке шалдыққандар бар ма, шипа берейін?

– Тағы кім не тілесе тілесін, берейін!»

Ендеше, Раббымыздың сүйінші хабарына құлақ асып, берілген мүмкіндіктерден пайдаланып, Алладан кешірім сұрап, қол жайып көп дұға жасағанымыз жөн.

Бәраат түнін дұрыс қарсы алу үшін, бұл түнді ұйқысыз және құлшылықпен өткізген абзал. Алайда кімнің бұған шамасы жетпесе, ол адам осы түннің кез келген бөлігін құлшылыққа арнай алады. Осы орайда халық тарапынан қандай құлшылықтарды жасасақ екен деген сауалдар болып жатады. Олардың қатарына нәпіл намаздар оқу, көптеп зікір айту, дұға жасау, қасиетті Құранды оқу, салауат айту, Алладан кешірім тілеу, шағбан айының 15-ші күні ораза ұстауды атасақ болады. Бұл қасиетті түн – кешірім түні деп те аталғандықтан Алладан кешірім сұрап, истиғфар айтуды көбейткеніміз абзал.

Шындығында пенделердің өзіне берілген уақытты тиімді пайдалана бермейтіні анық. Денсаулық пен уақыттың қадірін білу керек екендігі туралы естіп, біліп жүрміз. Алайда амалымыз қаншалықты соған сай? Осындай қасиетті кешті пайдаланып, алтын уақытымызды құлшылыққа арнауға ерінбеуіміз керек. Қашанда Алланы зікір етіп, дұға жасауға кеткен уақыт өзің үшін хайырлы болмақ.

«Егер кімде-кім менің насихатыма теріс қараса, онда оның өмірі тарлыққа түседі, қияметте Біз оларды көрсоқыр қалпында жинаймыз. Сонда ол: «Ей, Раббым! Мені не үшін қабірден соқыр етіп тұрғыздың? Менің (дүниеде) көзім болып еді ғой?» - дейді. «Саған Біздің айқын аяттарымыз келді, сен оларды ескерген де жоқсың. Ал, бүгін сен де еске алынбайсың», – дейді Алла».

Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) осы қасиетті түнді қалай өткізгені жөнінде мысал келтірсек. Мұсылмандардың анасы болған Айша анамыз (оған Алла разы болсын) былай дейді: «Бірде Алланың Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) түнгі намазында сәждеде ұзақ уақыт жатып қалды. Сәждеде ұзақ болғаны соншалық, мен тіпті қайтыс болып кетті ме деп қорықтым. Осы оймен төсегімнен тұрдым да бас бармағын қозғап көрдім. Саусағы қимылдаған соң өз орныма қайта келдім. Осыдан соң мен оның сәждеде жатып, былай дегенін естідім: «Я Раббым, Сенің азабыңнан, мейіріміңе жүгініп, үміт етемін. Мен Сенен пана тілеймін. Сені Өзің лайық болған дәрежеде мадақтай алмаймын. Сен Өзіңді сипаттағандайсың».  Осыдан соң ол маңдайын сәждеден көтеріп, намазын аяқтады. Және маған былай деді: «Ей Айша, Пайғамбар сені қалдырып кетті деп ойлап қалдың ба?» Мен оған: «Жоқ, Алланың Елшісі, мен тек қана сенің жаныңды осы өмірден алып кетті ме деп қорықтым, өйткені сенің сәждең өте ұзаққа созылды ғой».  Осыдан соң Ол: «Бұл түннің қандай түн екенін білесің бе?», -  деп сұрады. Мен: «Алла мен Оның Пайғамбары жақсы біледі» - деп жауап бердім. «Бұл Шағбан айының жартысы толған түн.  Бұл түнде Алла Тағала құлдарына мейірімін жаудырып, кешірім тілегенді кешіріп, мейірім тілегендерге мейірімін жаудыратын түн. Тек қана жүрегінде мұсылман бауырына деген кегі бар адамға ол райынан қайтпағанша назар аудармайды», - деп жауап берген.

Осы жоғарыда айтылған маңызды мәліметтерден-ақ қасиетті Бараат түнінің қандай берекелі, мұсылмандар үшін пайдалы, ақыретіне сауап жинайтын түн екендігін ұғамыз. Олай болса, Алла қаласа биылғы жылдың күнтізбесі бойынша 24 ақпаннан 25 ақпанға қараған түнге сәйкес келіп тұрған қасиетті Бараат түні құлшылығымызды арттырайық. Алла тағала күнәларымызды кешіріп, дұғаларымызды қабыл еткей.

 

Аманқұлов Жеңісхан

«Ақсай» мешітінің қызметкері

 

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
ИСЛАМДА САУДА-САТТЫҚТЫҢ ОРНЫ МЕН ӘДЕБІ АЛЛАНЫҢ ЖАРАТЫЛЫСЫНА МЕЙІРІМДІЛІК КӨРСЕТУ

Тақырып аясындағы мақалалар

Жұма уағызы БАЛА ТӘРБИЕСІНІҢ ОТБАСЫНДАҒЫ РӨЛІ
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға, оның отбасы мен барлық сахабаларына салауаттар мен сәлемдер болсын!  
Рамазан РАМАЗАН - РУХАНИ ТАЗАРУ АЙЫ
Қасиетті рамазан айына аман-сау жеткізген Алла Тағалаға сансыз мадақ-мақтаулар болсын. Мұхаммед Пайғамбарымызға, отбасына, сахабаларына салауаттар мен сәлем болғай. Жаратқан Ие баршамызға осы айда өзінің қалағанындай, ақыретте шапағатшы болатындай түрде ораза ұстауға жәрдем етсін....
Рамазан РАМАЗАН БЕРЕКЕ МЕН РАҚЫМ АЙЫ
Адамзатқа тура жолдың нұрын төккен Алланың ұлы сөздері «Құран Кәрім түскен қасиетті Рамазан айы сағындырып, қуандырып бізге жетті. Он бір ай бойы шөлдеп, шаршаған рухымызға азық, нәпсімізге тыю болатын тәрбие айын әрбір мұсылман асыға күтуде. Алла Тағала қасиетті Құранда: «Ей, иман келтіргендер! Тақ...
Дін мен дәстүр ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҒЫН ДӘРІПТЕУГЕ БАСЫМДЫҚ БЕРЕМІЗ
Аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға, оның отбасы мен барлық сахабаларына салауаттар мен сәлемдер болсын!...
Жұма уағызы ИСЛАМДА САУДА-САТТЫҚТЫҢ ОРНЫ МЕН ӘДЕБІ
Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға, оның отбасы мен барлық сахабаларына салауаттар мен сәлемдер болсын!
Сұрақ-жауап ОРАЗАҒА НИЕТ ЕТУ ЖӨНІНДЕ ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР
Алла қаласа сағындырған Рамазан айының келуіне төрт аптадай ғана уақыт қалды. Құлшылық қабыл болуы үшін оның дұрыс орындалуы да өте маңызды. Осыған орай muftyat.kz сайты ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі дайындаған «Рамазан оразасына қатысты пәтуалар» кітабынан оразаға қатысты пәтуалар мен сұрақ-жауапт...

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Ислам күнтізбесі МҰХАРРАМ АЙЫ – ЖЫЛ БАСЫ
Биыл, 19 шілде – һижра күнтізбесі бойынша 1445 жыл, мұхаррам айының бірінші күні.
Ислам күнтізбесі ОРАЗА АЙТ ҚҰТТЫ БОЛСЫН, АҒАЙЫН!
Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ,  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти
Ислам күнтізбесі ҚАСИЕТТІ ҮШ АЙДЫҢ БІРІ – ШАРАПАТТЫ ШАҒБАН
Мұсылмандар үшін қасиетті саналатын үш айдың бірі Шағбан айы. Шағбан айының берекеті мол болып табылады. Сөздікте «таралу, топ-топқа бөліну» деген мағынаны білдіретін «шағб» түбірінен шыққан Шағбан – жылдың Ережептен кейінгі, Рамазаннан бұрынғы айының атауы....
Ислам күнтізбесі ЕРЕЖЕП ​​– БЕРЕКЕЛІ АЙ
Наурызбай қажы Тағанұлы, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти
Ислам күнтізбесі АШУРА КҮНІНДЕГІ АМАЛ
Ерте заманда арабтардың жыл санау жүйесі болмады. Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Меккеден Мадинаға қоныс аударған уақытынан бастап «һижра жыл санауы», яғни мұсылман жыл санауы басталады. Алла Тағала осы  жыл санауының  ішінде төрт айды аса құрметті етті. Олар -Зулқағда,Зу...
Ислам күнтізбесі ҚАСИЕТТІ АШУРА КҮНІ
Мұхаррам айында келетін Ашура күні - мұсылман тарихында айтулы күндердің бірі. Бұл айда мұсылмандар Меккеден Мәдина қаласына қоныс аударған.
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Ақшам 16:23

Құптанға дейін 01:00

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi