РАМАЗАН - РУХАНИ ТАЗАРУ АЙЫ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Аср 14:41
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:55 07:19 11:54 14:41 16:23 17:46
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024

Мақалалар

РАМАЗАН - РУХАНИ ТАЗАРУ АЙЫ

| A | +

Қасиетті рамазан айына аман-сау жеткізген Алла Тағалаға сансыз мадақ-мақтаулар болсын. Мұхаммед Пайғамбарымызға, отбасына, сахабаларына салауаттар мен сәлем болғай. Жаратқан Ие баршамызға осы айда өзінің қалағанындай, ақыретте шапағатшы болатындай түрде ораза ұстауға жәрдем етсін.

Ата-бабаларымыз осынау мүбәрак аймен қимай қоштасып, келесі жылы құшақ жая қарсы алады екен. Өйткені бұл ай әрбір жанға Алланың нығметтері  есепсіз берілетін сауабы мол маусым. Рамазан – сансыз нығметтерге толы мүбарак ай. Мұсылман баласы өзіне беріліп жатқан шексіз нығметтердің қадір-қасиетін түсіне отырып, қамшының сабындай қысқа өмірдің алдамшы ләззаттардан бет бұрып, ақыреттің таусылмас ігіліктеріне бөленуге аянбай тер төгеді.

Ораза – Исламдағы негізгі парыздардың бірі. Бізден бұрынғыларға да міндет болған қадим заманнан жалғасып келе жатқан құлшылықтың түрі. Бұл оразаның адамның рухына, денесіне, денсаулығына тигізер пайдасы орасан көп. Қасиетті Құран Кәрімде Бақара сүресі 183,184-аяттарында: «Уа! Иман келтіргендер! ораза сендерден бұрынғыларға парыз болғаны сияқты сендерге де парыз етілді. Бәлкім тақуалықты ұстанып, сақтанарсыңдар» «Парыз ораза санаулы әрі белгілі күндерде ғана өтеледі. Араларыңнан әлдекім ауырып қалып немесе сапарда жүріп ораза ұстамаса, (қаза болған күндерін) басқа уақытта ұстасын. Ораза ұстауға шамасы әзер жететіндер (яғни, қарттар және созылмалы дертке шалдыққан науқастар қаза болған әр күнге) підия ретінде бір жарлының (бір күндік екі мезгіл) тамағын (немесе соның құнын ақшалай) беруі керек. Ал енді кімде-кім қайырымдылық жасап (аталмыш мөлшерден) асырып берсе, онысы өзі үшін қайырлы әрі жақсы болмақ. Біле білсеңдер, ораза ұстағандарың өздеріңе жақсы» деген.

Исламда парыз етілген ғибадаттарды, түрлі рухани ауруларға дәрі деп түсіну керек. Расында ораза дене ағзалары мен рухани ауруға дәрі ретінде «санаулы күндер» - де парыз етілген. Өйткені кісі бір дәріні үнемі ішіп жүретін болса, денесі оған үйреніп кетеді де, дәрінің пайдасы шамалы болады. Сол сияқты рухани тұрғыдан дәрі секілді рөл атқаратын оразаның жағдайы да осындай. Егер ораза ұстауда орта жол ұсталмаса оның заттық һәм рухани өмірге деген пайдасы кәміл дәрежеде болмайды. Сондықтан, Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Мен бұдан кейінгі өмірімді үнемі ораза ұстап жүрумен өткіземін!» - деген сахабасына ескерту жасаған.

Рамазан айы оразасын күллі мұсылмандар бір айда, бір уақытта ұстауы, дініміз исламның бірлік пен ынтымаққа берген маңыздылығын көрсетеді. Ораза ұстаған қанағатшыл болған күйде сабырлылық танытып, жақсы мінез-құлыққа тәрбиеленіп, аштықты сезіне отырып қолындағы игіліктердің қадірін еске түсіреді. Мал-дүниесі жоқ кісілердің қал-жағдайлары туралы ойланып, оларға деген мейірімділігі оянып, көзқарасы өзгеріп жан дүниесімен сезінетін күйге жетеді. Әрі Раббысына шүкіршілік білдіреді. Сондай-ақ ораза қоғамдағы қызғаншақтықтың алдын алуға күшті ықпалын тигізеді. Сондықтан ораза тек осы үмметке ғана емес, бұрынғы үмметтерге де парыз етілген ғибадат болады.

Қасиетті Рамазан айының барлық маусымдарды айналып шығуы да өзгеше хикметті баяндайды. Бір жылдың ішінде орын алған маусымдарда яғни қыс-көктем, жаз-күз сияқты мезгілдер, күндердің ұзарып қысқаруына байланысты уақыттарда рамазан айы үнемі өзгеруімен мұсылмандарға ерекше көңіл күй сыйлайды. Ораза ұстағандарды табиғаттың түрлі қиыншылықтарына төтеп беруге, әр қиыншылықтан кейін жеңілдіктің болатындығын рухани  сезінуді үйретеді.

Адамзат негізгі рухани азығын ұмытып, тәнін ғана азықтандырудың соңына түсіп кеткендігінен бұзылады. Өзі тойғанымен көзі тоймайды, қанағаттың не екенін білмейді. Нәпсінің құлы болғандықтан тіршілік азығы мен мәңгілік ақыреттің азығын ажырата алмайтын дәрежеге жетеді.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) оразаның пайдаларын баян еткенде былай деген: «Ораза ұстаңдар денсаулықтарың жақсы болады!».

Алла Тағала пайғамбарларын уахи алуға тәрбиелегенде оларды ораза ұстауға шақырған. Адам материалдық тұрғыдан ораза ұстау арқылы денсаулығын емдесе, рухани тұрғыдан мол азық жинап кемелдене түседі. Сондықтан пайғамбарлар, пайғамбарлыққа жетуді оразамен бастаған екен.

Ораза тұтқан мұсылмандарды рухани танымы мен тақуалығына қарай үш топқа бөлуге болады. Бірінші, жай халықтың тұтқан оразасы. Яғни, ештеңе ішіп-жемей, жұбайымен жыныстық қатынас жасамайтын адамның ауыз бекітуі. Бұл оразаның ең төменгі дәрежесі саналады.

Екінші, таңдаулы тұлғалардың тұтқан оразасы. Яғни, тамақтан ғана тартынып қоймай, ораза тұтуға жан-дүниесімен бет бұрып, сыртқы пішінін түзеумен бірге, ішкі танымына да селкеу түсірмейтін тақуалық.

Үшінші, таңдаулылардың таңдаулысының тұтқан оразасы. Бұл дәрежедегілердің жүрегі Алладан басқаны ойына алмайды. Бүкіл болмысын Аллаға арнап, зәредей бір жаңсақ кетудің өзін ораза бұзушылыққа балайды. Тіпті, шариғат құптаған дүние қызықшылығын да жүрегі мүлде қаламайды.

 Рамазан айында ораза ұстау деген таңертеңнен кешке дейін аш жүру деген сөз емес, ораза – бұл рухани тазару құлшылығы. Адам өз-өзін тәрбиелейді. Оразада ауыз бекітіп қана қоймай, күнәдан тазарады. Көзін, құлағын, тілін, қолын, аяғын бүкіл ағзасын күнәдан тияды. Яғни, адам отыз күн бойы жаман істерден тыю арқылы өзін тәрбиелейді. Адам бір ай бойы бір нәрсемен шынықса, кейін басқа уақытта да сол әдеті қалады ғой. Сол сияқты Оразадан кейін да адам жақсы ой мен ізгі істерге ұмтылады.

Рамазанда рухани тазару үшін парыз намаздарға аса мән беріп, түнде оқылатын тарауық және таһажжуд намаздарына көңіл бөлген жөн. Құран түскен ай болғандықтан мүмкіндік болса қасиетті кітабымызды арабшасынан оқып үйренуге талпынуымыз керек. Бұл айда Құранды қаншалықты көп оқысақ (мағынасын түсінген отырып) соншалықты рухани кемелденетінімізді ұмытпаған абзал. Негізінде Құран Кәрім жүрекпен оқылады. Көздің міндеті жүрекке көзілдірік болу міндетін атқару ғана. Бұл айда әрбір жасалған жақсылыққа еселеп сауап жазылатындығын білеміз. Сол үшін дініміздің парыз еткен зекетті де осы айда бересек нұр үстіне нұр болады. Пітір садақасы, қайырымдылық көмектер, жетім-жесірге, мұқтаж жандарға осы айда көмек қолын созсақ материалдық және рухани тұрғыдан тазарып ішкі жан дүниеміз рахатқа қауышып, рухани серпіліп қалатынымызға ешкімнің күмәні болмау керек.

Құдси хадисте былай делінген:

«Адам баласының әр амалы өзі үшін. Ал оразаның жөні бөлек! Өйткені құл менің ризашылығымды көздеп ораза тұтты. Сондықтан оразаның сауабын тек қана еселеп көп қылып мен беремін». Алла Тағала Құранда: «... Ораза ұстаған еркектер мен ораза ұстаған әйелдерге арын сақтап, абиырларын күнәдан тыйған ерлермен арын сақтан, абиырларын әйелдерге, Алланы көп зікір еткен еркектер мен Алланы көп зікір еткен әйелдер бар ғой! Алла Тағала оларға үлкен сыйлық дайындады» делінген. (Ахзаб сүресі 35-аят)

Ауыз ашар қарын аш болғандықтан көбінесе уақытында орындалады, ал сәресі тәтті ұйқыдан тұру қиын болғандықтан немқұрайлылық көрсетіліп жатады. Сәресіге тұрып бір кесе сумен болса да ауызымызды бекіткеніміз сауабы мол. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деген: «Сәресіде жеңіздер, өйткені сәресіде берекет бар». Сәресі уақытында оқылған дұғалар, айытылған зікірлердің өзіндік орны бар. Яғни дұғалардың қабыл болу ықтималдығы өте жоғары уақыт болып табылады. Сондықтан рамазанда рухани тазаруды қалаған, ақырет күнінде амал дәптерінде сауаптарының көп болуын үміт еткен мұсылман баласы рамазан айының әрбір уақытын ерекше тебреніс пен ғибадатпен өткізу керек. Өйткені рамазан айының әрбір секундты баға жетпес рухани құндылықтармен көмкерілген.

Рамазан оразасын, он бір ай бойы адамның тәні мен жанына жабысқан кірлерден арылтатын рухани жаңғыру деп түсінген жөн. Оразаның мәні мен маңызын түсініп тұтуды Алла тағала баршамызға нәсіп етсін! Барша мүмін мұсылмандардың оразаларын қабыл етсін!

 

Бостандық ауданы

        «Байкен» мешітінің

        бас имамы Болатбек Абу 

 

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
ОРАЗАНЫҢ СЫРЫ МЕН САУАБЫ РАМАЗАН ШУАҒЫ

Тақырып аясындағы мақалалар

Жұма уағызы БАЛА ТӘРБИЕСІНІҢ ОТБАСЫНДАҒЫ РӨЛІ
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға, оның отбасы мен барлық сахабаларына салауаттар мен сәлемдер болсын!  
Ислам күнтізбесі ҚАДІР КЕШІНДЕГІ ДҰҒАЛАР ҚАБЫЛ БОЛСЫН!
Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти
Ислам күнтізбесі ҚАДІР ТҮНІНІҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ НЕДЕ?
Қадір түні – қасиетті, тағдыр, тарылу деген мағыналарды білдіреді. Қадір түні – Алла Тағала періштелерге әмір етуімен Құран Кәрімді Лаухул Махфуздан (барлық жаратылыстың тағдыры жазылған кітап) Байтул Ғиззаға (дүние аспаны) түсірген қасиетті түн. ...
Зекет САДАҚА - ІЗГІЛЕРДЕН БОЛУҒА СЕБЕПКЕР
Садақа сөзінің мағынасы «Алла Тағалаға жақындау мақсатында берілетін нәрсе» дегенді білдіреді. Бұл мағынаның ішіне зекет, пітір, ықтиярымен берілген садақалар да кіреді. Парыз садақа дегеніміз - зекет беруді айтады.Тіпті әрбір жасалған жақсылықтың өзі де садақа делінген екен....
Рамазан ЖАҚСЫЛЫҚТА ЖАРЫСАТЫН АЙ
Он екі айдың сұлтаны Рамазан – жақсылықта жарысатын қайырымдылық айы. Бұл айда басқа уақытқа қарағанда анағұрлым көбірек ізгілік пен жақсылық жасауға ұмтылған жөн....
Жұма уағызы ЗЕКЕТТІҢ ҚОҒАМҒА ПАЙДАСЫ
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға көптеген салауат пен сәлем жолдаймыз.

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Рамазан РАМАЗАН ШУАҒЫ
Күні бойы аузын астан, шөлден тыйған адам ауызашар сәтте жүрегі дүрсілдеп,  көңілі қуанышқа кенеледі. Дәл осы сияқты он бір ай бойы біздің рухымыз да шөлдеп, ашығып, рамазан айының келуін асыға күтеді. ...
Рамазан РАМАЗАН БЕРЕКЕ МЕН РАҚЫМ АЙЫ
Адамзатқа тура жолдың нұрын төккен Алланың ұлы сөздері «Құран Кәрім түскен қасиетті Рамазан айы сағындырып, қуандырып бізге жетті. Он бір ай бойы шөлдеп, шаршаған рухымызға азық, нәпсімізге тыю болатын тәрбие айын әрбір мұсылман асыға күтуде. Алла Тағала қасиетті Құранда: «Ей, иман келтіргендер! Тақ...
Рамазан ҚИСАПСЫЗ САУАПҚА КЕНЕЛТЕТІН ҚҰЛШЫЛЫҚ
Қырық жасқа келген шағы. Әдеттегідей Хира үңгірінде бір-екі жұма қылуетте отыратын. Кенет ақ киімді бейтаныс кісі пайда болды. Әй-шай жоқ: "Оқы", - деді. "Мен оқуды білмеймін", - деді....
Рамазан ҚАДІР ТҮНІ ҰЙЫҚТАМАУ ШАРТ ПА?
Қадір түнін барынша құлшылықпен өткізген дұрыс. Бірақ ұйықтамай өткізу шарт емес.
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Аср 14:41

Ақшамға дейін 01:18

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi