РАМАЗАН АЙЫНЫҢ ҚАСИЕТІ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 17:46
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:55 07:19 11:54 14:41 16:23 17:46
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024

Мақалалар

РАМАЗАН АЙЫНЫҢ ҚАСИЕТІ

| A | +

Рамазан – жыл он екі айда бір келетін, асыл дінімізде әлемдердің Раббысы, Алланың кәләмі Құрани Кәріммен бекітілген қасиетті ай болып табылады.

Ислам діні үлкен бес үлкен парыздан тұратын болса, Рамазан айында ғана Алланың разылығы үшін ораза ұстап, осы парызымызды отыз күн үзбей өтейміз.

Жаратқан Алла өзінің кітабында бұл айдың ерекшелігін айқындау үшін «Бақара» сүресінің 183-аятында: «Әй, мүміндер! Күнәлардан сақтанып, тақуалыққа жетулерің үшін сендерге бұрынғыларға парыз етілгендей, ораза парыз етілді» деп атап көрсетеді және құдси хадисте: "Адам баласының әр амалы өзі үшін. Ал, ораза ондай емес! (Өйткені мен жемеймін, ішпеймін және бүкіл адамдық сипаттардан пәкпін). Сондықтан оразаның сауабын ерекше түрде көп қылып мен беремін», – дейді ( Бұхари, Саум, 2,9; Мүслим, Сыям,30.).

Бұл айдың ерекшелігін бір мақалада айтып сыйдыра алмаспыз, бірақ бірқыдыру атап өтуге болады.

Мысалы, мұсылман қауым басқа айларда күнәлардан тыйылуы керек болса, Рамазан айының ерекшелігі сол, бұл айда біз адал болған нәрселерден де тыйылуымыз шарт. Ол: ішім-жем мен төсек қатынасы. Басқа айларда осы екі адал дүние Рамазан айында ауыз бекіткен кісіге арам болады, яғни тыйылады.

Рамазан құдды жәрмеңке іспетті. Ол бізге небір сыйын, жемісін тосады, тек бейқам адам ғана оның бұл пайдасынан мақұрым қалмақ.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) көркем жарытылыстың үлгісі әрі көркем мінезді толықтыру үшін жіберілген Елші еді. Ардақты Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мүбарак аузынан жаман сөз шыққан емес. Бірақ бір күні оған Жебірейіл (ғ.с.) келіп үш түрлі нәрсені айтқанда, ол үш ретте де «әмин» деп айтты. Ардақты сахабалар бұл істің мәнісін сұрағанда: «Рамазан айына аман-есен қауыша тұрып, оның сауабынан құр қалған адам оңбасын дегенде, мен әмин дедім», - деп түсіндірді.

Негізінде, бұл үш әмин теріс батаны білдіретін еді. Соның бірі осы қасиетті Рамазанға қатысты болып тұр. Себебі Алла да, Оның Елшісі де бос нәрсе үшін ант ішпейді. Осыдан-ақ біз ораза ұстаудың, Рамазан айында амал етудің қаншалықты ұлы жауапкершілік, қандай ізгі парыз екендігін аңғара аламыз.

Және аса назар аударарлық ерекшелігі, бұл айда басқа айларға қарағанда сауаптар еселенеді. Ал ораза ұстаушының сауабын тіпті періштелер де санай алмайды. Өйткені оның сауабын жалғыз Алла ғана біледі және ол сауапты Алланың өзі беретіндігін дініміз алға тартады.

Рамазан – рухани кемелдік айы. Демек, ол тек ішіп-жеуден ғана тыйылуды мансұқтамайды. Біз бұл айда жүрегімізге, амалдарымызға, айтылған әрбір сөзімізге тіпті түпкі ниетімізге де үңілеміз, өз-өзімізге есеп береміз. Барынша Аллаға жақын болуға, Оның Разылығына қауышуды үміт етеміз. Себебі, ардақты пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үйреткендей, Рамазан үш он күндіктен тұрады. Алғашқы он күнде біз мейлінше Алланың шексіз  мейірімінен үміт етіп, оны ұлықтап, осы сипатымен көбірек еске алуымыз керек болса, ортаңғы он күнде барынша тәубе етіп, рухани тазалыққа жетуге тиіспіз.

Алла Тағала: «Әй, Адам баласы, расында, сен Менен кешірім сұрап, Менен үмітіңді тоқтатпайынша, Мен сенің жасаған күнәларыңа қарамастан, кешіріп отырамын! Әй, Адам баласы, егер сен аспандағы бұлттарға дейін жететін күнәлар жасап, кейін Менен кешірім сұрасаң, Мен сені кешіремін! Әй, Адам баласы, егер сен Маған көлемі бүкіл жерді жауып тұратын күнә жасап, бірақ Менен басқа ешкімге құлшылық етпейтін болсаң, онда Мен саған міндетті түрде, сол күнәләріңнің бәрін жабатын кешірім сыйлаймын!»,- деген.

Алла Тағала қандай ұлық?! Қандай пәк? Қандай Мейірімді?!

Ал Рамазан айының соңғы он күндігі  - Тозақтан құтылу. Алла Тағала баршамыздың амалымызды есепке Мейірім сипатымен алып, Жәннәттің төрін нәсіп етсін! Тозақтан құтылған құлдарынан болуды жазсын!

Қасиетті Ораза айының ерекшелігі, бес уақыт намаздан бөлек 20 ракағаттан тұратын тарауиқ намазын оқимыз. Және осы намазда қасиетті Құран Кәрімді толық оқып шығуды мақсат тұтамыз. Себебі Рамазан Алла Тағаланың өзі айтқандай Құран түсірілген ай. Сондықтан осы айда біз көбінше Алланың кәләмін оқуға ынта қоямыз. Оқылуы, тіпті бетіне жай қарап отырудың өзі құлшылық саналатын Алла Тағала тарапынан түскен ұлық кітап – айлардың сұлтаны болған Рамазан айында түсірілген.

Ол жайлы Алла Тағала: «Рамазан айы адам баласына тура жол және ақиқат пен жалғанды айыратын Құран түсірілген ай» (Бақара сүресі 185 аят) десе, Қадір сүресінің 1-ші аятында: «Расында Құранды Қадір түні түсірдік» - дейді де, бұл айдың тағы бір үлкен ерекшелігіне назар аудартады. Ол басқа ешбір айда кездеспейтін – Қадір түні. Қадір кеші өзіне лайық ерекшеліктермен тағы да ерекшелене түседі. Бұл кеште Алланың әмірімен жер бетіне барлық періштелер түседі. Бұл кештегі сауап 83 жылға татиды. Себебі бұл кештің қадірін Алла Тағала мың айдан қайырлы деп сипаттайды. Ойлаңызшы?! Бір адам 83 жыл өмір сүрмеуі мүмкін. Бірақ ол қасиетті Рамазанның, қасиетті түнінде иман келтіріп, шынайы ықыласпен, сауабынан үміт етіп амал жасар болса, 83 жылдық ғұмырға татитын, бір бүтін мұсылманның бүтін ғұмырына татитын сауап алмақшы?.. Осыдан кейін біз қалай Алланың Мейірімін, Кеңдігін жоққа шығара аламыз?..

Рамазан айының тағы бір ерекшелігі, бұл айда біз мал-жанымыздың садақасы ретінде дініміз бекіткен мөлшерден кемітпей, шартына, үкіміне сай пітір садақасын береміз. Себебі Рамазан айының кереметтілігі, кеңшілігі сол, қоғам бай, кедей деп бөлінбей, Алланың алдында бәріміздің тең екенімізді еске салып, бізді өзінің нағыз рухани тәрбиесіне салады. Таңсәріден кеш қарайғанша күннің аптап ыстығында не қарлы суығында да ораза бекіткен ауқатты адам міскіннің халіне түсіп, нәпсі сабағын алады.

Әлеуметтік теңсіздік көрініс табады. Көрші көршіні, туыс туысты ауызашарға шақырып, ас береді, қатайған жүрегі жібіп, мейірлене түседі, бөлісуді үйренеді, кешірім сұрап, ниеттері жаңалап, қарым-қатынастарын түзейді.

Рамазан айының кереметін толық айтып жеткізу мүмкін емес, бірақ оның бізге берер пайдасынан үміт ету әрбіріміздің қолымыздан келері хақ!

 

Бостандық ауданы

«Бақыткелді» мешітінің бас имамы

Қанлыбаев Бауыржан

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
ҚАЗАҚТЫҢ САЛТ-САНАСЫ ДІНМЕН ҮНДЕСЕДІ ЖҮРЕКТІҢ ДЕРТІ ЖӘНЕ ОДАН АРЫЛУ ЖОЛДАРЫ

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Рамазан ОРАЗА ҚАЗАСЫ ҚАЛАЙ ӨТЕЛЕДІ?
Оразаның қазасын қалай өтеу керектігі жөніндегі сауалдардың ең маңызды дегенін сұрақ-жауап айдарымен беруді жөн көрдік.
Рамазан РАМАЗАННАН КЕЙІНГІ ЖАҒДАЙЫМЫЗ
Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің бір сүйінші хабарында: «Алла Тағала айт күні періштелерінің алдында Өзінің пенделерін мақтаныш етіп: «Періштелерім! Өз ісін атқарған қызметшінің хақы қандай?», - деп сұрағанда, періштелер: «Уа, Раббымыз! Оның хақы – ақысын толық төлеу», ...
Рамазан ЕКІ ҚЫЗДЫҢ ОРАЗАСЫ
Пайғамбарымыз ( оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сахабаларына ораза ұстауды бұйырып, былай дейді: 
Рамазан "Бір жылдық тағдыр жазылатын түн"
"Бір жылдық тағдыр жазылатын түн": Имам Қадір түнін қалай өткізу керек екенін айтып берді
Рамазан ҚАСИЕТТІ ҚАДІР ТҮНІ
Қадір түні – Рамазан айында түсетін мұсылмандар үшін ең қасиетті түн болып есептеледі. Бұл түн аса қадірлі түн, өйткені араб тіліндегі «لَيلَةُ القَدر» сөзі: «қадірлі түн, құдіретті түн, маңызды түн» деген мағыналарды білдіреді. Бұл түн басқа түндерден орны ерекше. Өзге түндерде жасалған ғибадаттар ...
Рамазан ОРАЗАНЫҢ СЫРЫ
Он екі айдың сұлтаны болған Рамазан – Алланың мейірімі төгіліп, жұмақтың есігі айқара ашылатын, сауаптар еселеніп жазылатын шарапаты мен шапағаты мол ай. Рамазан айында ораза ұстау – мұсылманға міндеттелген парыз амалдардың бірі....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:46

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi