РАМАЗАН НҰР ШАШҚАН АЙ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 17:46
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:55 07:19 11:54 14:41 16:23 17:46
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024

Мақалалар

РАМАЗАН НҰР ШАШҚАН АЙ

| A | +

Жыл сайын мұсылман үмбетін шын қуанышқа бөлеп, иманның ләззатын сезіндіріп, ғибадаттың мәнін ұқтыратын рамазан айы да жақындап келеді. Ол Бақара сүресінің 185 -ші аятында айтылғандай «адамдарға тура жол нұсқаушы, бекем тұтынатын жолбасшы...ретінде түсірілген ай».

Рамазан айы кіргенде  әрбір балиғатқа толған мұсылман ауыз бекітіп, парызын өтеуі тиіс.  Алла Тағала рамазан оразасының сыйын ерекше уәде етіп, ораза ұстаған мұсылмандарға телегей теңіз сауап барын айтты. Сахих Муслимде келетін  хадисте  «Адам баласының барлық амалы өзі үшін. Тек ораза Мен үшін және оның сыйын Өзім беремін» делінген.

Рамазан оразасы тақуалықтың шыңына көтерер, өрекпіген көңілді басып,  аштық пен шөлдің қадірін ұқтырар, сабырлықтың сырын шын  жеткізер нағыз тәрбиенің үздік мектебі. Жан мен тәнді қатар тәрбиелейтін оразаның адам баласына беретін ұшан теңіз пайдасы көп. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деген екен: «Береке айы болған рамазан жақындап қалды. Бұл айда Хақ тағала сендерге назарын салады, әрі рахметін түсіріп, күнәларды кешіріп, дұғаларды қабыл етеді. Алла Тағала сендердің игілік істеуде жарысқандарыңды көріп, оны періштелерінің алдында мақтаныш етеді. Ондай болса Хақ тағалаға жақсы амалдарыңды көрсетіңдер.Тіпті осы айдың өзінде Алла Тағаланың рахметінен мақұрым қалған пенде ақиқатында бақытсыз». (Хадисті Ьубада ибн әс Сомиттен имам Табарони риуаят етті)

Алла Тағала бізге оразаны ол арқылы Өзіне құлшылық жасауымыз үшін парыз еткен. Адам баласы ораза ұстау арқылы рухани тұрғыда өзін жетілдіреді. Яғни, жақсы мінез -құлықтарды бойына сіңіріп, кішіпейілділік, сабырлық секілді асыл қасиеттерді үйренеді. Шынайы ықыласпен ораза ұстауға ден қойған мұсылман өзін рухани тұрғыда тазартып, әрі  денсаулығын да сауықтыра алады. Рамазан айында әрбір ораза ұстаушы мына нәрселерге көңіл бөлу керек.

1. Алдымен намазына ұқыпты болу. Намаз діннің тірегі болғандықтан, оған немқұрайлы қарамай,тәрк етпей, көркем дәрежеде оқуы тиіс.

2. Көркем мінез құлықты ұстану. Күпірліктен, дінге тіл тигізуден және ораза екенімізді міндет қылып, адамдармен жаман қарым-қатынас жасаудан сақтану керек. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деген екен: «Қайсыбірің ораза болса онда бұзықтық істемесін, айқай шу шығармасын, ал егер оны біреу балағаттаса «Мен ораза тұтқан адаммын» десін».

3. Қалжыңдап болса да жаман сөздер айтпау. Алла елшісі (оған алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Кімде-кім өтірік сөз бен оған амал қылудан тыйылмаса, Аллаға оның жеп-ішуден тыйылуының қажеті жоқ» деп айтқан (әл Бухари)

4. Туған туыстар мен мұқтаждарға садақа беруді көбейту, ағайыннан хабар алу, араздасқанмен татуласу. Ардақты пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір сөзінде: «Алла Тағала өзгелерге рақымды пенделерін Өз рахметіне бөлейді» деген.

5. Алланы жиі еске алып, Құран оқу, тыңдау, мағынасына ой жүгірту, оған амал қылу, пайдалы дәрістер тыңдау үшін мешітке бару және Алла елшісінің сүннеті бойынша рамазанның соңғы он күнінде мешітте иғтикафта отыру.

6. Міндетті түрде сәресін  ішу. "Сәресін ішіңдер, сәресінде береке бар" деген асыл Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)

7. Кез-келген жақсылық түрін аз болса да жасау. «Ораза тозақ отынан қалқан» деген хадисті еске алсақ, рамазан айында жасалатын жақсылықтар, шынайы ықылас пен адалдық танытып, Жаратушының тыйғанынан тыйылып, жақсылық істеуге тырысу - Алла Тағаланың жарылқауына қол жеткізудің бірден бір себебі.

Міне, осы қағидаларды әрбір ораза ұстаушы көңіліне түйіп, көкейіне қондырса,  Жаратушысының кәміл ризалығы мен қамқорлығына лайық болады.

Алла Тағала қасиетті Құранда және Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінде айтылғандай оразаға байланысты кейбір үкімдер бар.

1. Ауру немесе сапарда болған адамға оразасын бұзып, оның қазасын рамазан айынан кейін өтеуге рұқсат.

2. Хайыз және нифас әйелдер ораза ұстамайды. Бірақ тазарып болған соң оразаның қаза болған күндерін өтейді.

3. Сондай ақ, жүкті және бала емізетін әйелдер балалары үшін қорықса, ауыздарын ашуға рұқсат, кейін қазасын тұтады.

4. Егер мұсылман адам өзінің ораза екенін ұмытып ішіп жеп қойып, кейін есіне түсірсе, ұстаған оразасы бұзылмайды. Алайда ол аузында қалған нәрсесін шығарып тастауы керек. Себебі Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім ораза кезінде ұмытып тамақтанып қойса, оразасын жалғастырсын. Өйткені оны Алла Тағала ішіп жегізген» деген. (әл Бухари)

Ырыс, береке мен жақсылықтардың есігі ашылатын рамазан айы - адамдарға ізгі амал жасауға мүмкіндік беретін қасиетті ай. Жүректерге нұр беретін, иманды нығайтып, Алланың сансыз нығметіне шүкіршілік құлшылығы жасалатын ай. Рамазанның алғашқы он күні - мейірімділік, ортасы- кешірімділік, соңы - тозақтан босатылу.

Бұл айдың артықшылығы туралы көптеп айта беруге болады. Өйткені сонау Ислам келген ғасырдан бастап, рамазан жайлы бізге жеткен хабарлар көп. Сахабалар мен табиғиндер, ізгі жандар, тақуалар осы қадірлі айға алты ай бұрын дайындалатын болған. Рамазан келгенін асыға күтіп, бұл айдағы бір жақсылықтың сауабы жеті жүз есеге дейін артатынын біліп, салиқалы амалдар жасаған. Абу Хурайрадан жеткен хадисте ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): "Рамазан айы кіргенде жәннат есіктері ашылып, тозақ есіктері жабылып, шайтандар кісенделеді" деген. Өйткені бұл ай - мейірімділікке жетектеп, кешірімділікке шақырып, тозақтан босатылуға мүмкіндік берілген ай.

Алла Тағала ешқашан пайдасыз, бос нәрсе жаратпаған. Алланың бұйырғандары мен тыйғандарында адамдар үшін зор пайда мен ғибрат бар. Соның бірі рамазан айының оразасының адамның жеке басына пайдасы мен оны қоршаған орта, қоғам, айналасындағы тіршілік атаулысына да пайдасы орасан. Алайда адамзат баласы жекелеген пайданы көздеп емес, Алла үшін ықыласқа сай, Алланың әмірі деп ұстануы қажет. Пайда үшін ұстаса, дүниедегі сол пайдасын ғана көреді де, Алланың сауабынан құр қалуы кәдік. Бұл дүние егін егу, ақырет өнім жинау орны.  Сондықтан жалғыз Алла Тағаланың беретін сауабынан үміт етіп, ықылас пен бойұсынушылықта ораза тұтқан жанға оразаның жетпіс, бәлкім жетпіс мың пайдасы болуы мүмкін. Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үмбеті қиямет күнінде қатты шаттанып қуанғанына өзге пайғамбарлар:  «Бұлар қандай амал істегендер?» деп таң қалысып сұрайды. Сонда періштелер: «Бұлар рамазан оразасын қадірлеп, Алла разылығы үшін ұстағандар» деседі.

Ораза ұстаған әрбір жан иесі Алла Тағаланың бұйрығын орындау үшін ерік жігерін өзінің әртүрлі қалауларынан тыюға жұмсайды. Сабыр етіп, нәпсісіне ие болып, бір ай бойы әдепсіздік, лас істерден бойын аулақ ұстайды.  Зынданға салынған нәпсіден жүректегі иманның гүл бағы ашылады. Осылайша адам жаны ақиқат пен жалғанның айырмасын түсініп, кемел адам дәрежесіне көтеріледі. Өйткені нәпсі мен жүректің иманы бір-біріне қарама қарсы, жүрек нұрланған сайын нәпсінің сағы сынып, оты өшеді. Тоқ жүрген нәпсі адамды құмарлық пен күнәларға бастай береді. Ашыққан нәпсі ол қалаулардан бас тартып, жүректің дегеніне көнеді. Осыған байланысты сахих Бухариде пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) айтқан мынадай хадис бар. «Кімде-кім нәпсі қалаулары мен құмарлығынан қорықса, ораза ұстасын, өйткені ораза құмарлықты басады».  Сондай-ақ, «Аштық адамның ақылын қуаттандырып, көңілін оятады» дейді, тағы бір хадисте яғни ораза рух пен жүректі нұрландырып, қуаттандырады.

Лұқпан хәкім ұлына былай деп насихат айтқан: «Ұлым, егер сен асқазаныңды әрдайым толтырып жүрсең, ақыл ойың ұйқыға кетіп, хикмет сөнеді, жалқаулық басып, көңілдің тазалығы жоғалады, дұға мен жалбарынудың рахаты кетіп, жүрек қатаяды». 

Тізбектей берсек, рамазанның қадір қасиеті мен ораза ұстаудың көл көсір пайдасын айта беруге болады. Адамдар рухани өсудің, сана сезімінің кеңейіп, жүректің көзі ашылуының түрлі жолдарын іздейді. Асылында Алла Тағала адамдар үшін ең оңай да, қысқа, нақты да түсінікті ғибадаттарды беріп қойған. Соның бірі рамазан оразасы рух пен нәпсіні тәрбиелеп, мінезді түзетіп, кіршіксіз сезімдерге жетуіне жол ашады. Мейрімділік, рақымдылық секілді ұлы қасиеттер рамазанда сан қырынан ашылады. Ораза құлшылығы адамның бойындағы жамандыққа кедергі болып, нәпсісін сындырып, адамды мейірімді, арлы, ұятты етеді.  Пендешілік төмен тұрып, періштелік қасиеттер ояна бастайды. Мейірімнің көзі ашылып, адам баласы ізгі істер істеуге құлшынып тұрады. Осылайша иманның күшеюі, адамның жақсылық істермен кемеледенуі орын алады. Ал адамдағы иман байлығы мен кемел болуы – Алланың құдіреті мен ұлылығына бас игені болып саналады. Осылайша рамазан өзінің нұрымен адамзатты нұрландырады.  Сондықтан аса ұлы Раббымыз Алла Тағаланың парыз еткен рамазан оразасы баршамызға құт болып келгей! Жетімсіреген жүректер Алласын танығай,  исламға деген махаббат игіліктерге бағытталғай! 

                                                                              Тыныштықбай ЯХИЯҰЛЫ

«Абдулла» мешітінің бас имамы

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
ТАҚУАЛЫҚҚА ҚАЛАЙ ҚОЛ ЖЕТКІЗЕМІЗ? ҚАЗАҚТЫҢ САЛТ-САНАСЫ ДІНМЕН ҮНДЕСЕДІ

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Рамазан ҚАЗАҚТЫҢ САЛТ-САНАСЫ ДІНМЕН ҮНДЕСЕДІ
Шамалы күннен соң Ұлыстың ұлы күні әз-Наурыз мейрамымен қатарласа барша мұсылман жамағаты үшін қасиетті саналатын Рамазан айы басталады. Осы киелі ай қарсаңында халықтың оразаға дайындығы, елдегі діни ахуал, дін мен дәстүрдің сабақтастығы турасында Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан мен сұхбатт...
Рамазан РАМАЗАН АЙЫНЫҢ ҚАСИЕТІ
Рамазан – жыл он екі айда бір келетін, асыл дінімізде әлемдердің Раббысы, Алланың кәләмі Құрани Кәріммен бекітілген қасиетті ай болып табылады.
Рамазан ОРАЗА ҚАЗАСЫ ҚАЛАЙ ӨТЕЛЕДІ?
Оразаның қазасын қалай өтеу керектігі жөніндегі сауалдардың ең маңызды дегенін сұрақ-жауап айдарымен беруді жөн көрдік.
Рамазан РАМАЗАННАН КЕЙІНГІ ЖАҒДАЙЫМЫЗ
Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің бір сүйінші хабарында: «Алла Тағала айт күні періштелерінің алдында Өзінің пенделерін мақтаныш етіп: «Періштелерім! Өз ісін атқарған қызметшінің хақы қандай?», - деп сұрағанда, періштелер: «Уа, Раббымыз! Оның хақы – ақысын толық төлеу», ...
Рамазан ЕКІ ҚЫЗДЫҢ ОРАЗАСЫ
Пайғамбарымыз ( оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сахабаларына ораза ұстауды бұйырып, былай дейді: 
Рамазан "Бір жылдық тағдыр жазылатын түн"
"Бір жылдық тағдыр жазылатын түн": Имам Қадір түнін қалай өткізу керек екенін айтып берді
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:46

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi