Ихсан адамды жамандықтан алыстатады
Ленгер
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 18:14
Ленгер
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Ленгер
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
06:01 07:20 12:11 15:13 16:55 18:14
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
25 қараша 2024

Мақалалар

Ихсан адамды жамандықтан алыстатады

| A | +

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жетекшілігімен жарыққа шыққан «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабы Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Рухани жаңғыру» бағдарламасына үлес қосатын үлкен еңбек дер едік. Сонымен қатар бұл кітап мұсылман жамағаты арасында ынтымақ пен бірлікке шақыратын көрнекті құрал болады деген сенім мол. Себебі кез келген ымырасыздық пен нәпсіқұмарлық шынайылықтан алыстап, екіжүзділік жасаудан шығатыны белгілі.

Ихсан іліміне ден қою Құран кәрімде «тазкия» атауымен келген. Алла Тағала қасиетті Құранда былай дейді: «Расында, Алла мүміндерге өз араларынан бір пайғамбар жіберу арқылы үлкен жақсылық жасады. Пайғамбар оларға Алланың (Құрандағы һәм болмыста көрініс тапқан) аяттарын оқып түсіндіреді, (ой-саналарын теріс ойлар мен қате түсініктерден, жүректерін жалған сенімдерден және өмірлерін күнә атаулыдан) арылтып тазартады, сондай-ақ оларға кітап пен хикметті (яғни кітапты дұрыс түсіну әрі жүзеге асыру жолдарын, ондағы пәрмендер мен тыйымдардың хикметін һәм жаратылыс пен түрлі құбылыстардың мән-мақсатын) үйретеді. Шүбәсіз, бұдан бұрын олар анық адасуда еді» («Әли Имран» сүресі, 164-аят).

Алла Тағаланың адамзатқа берген нығметтері өте көп, оны санап тауыса алмасымыз анық. Сол нығметтің ішіндегі ең ұлығы, теңдесі жоғы – адамдар арасынан (Алланың бұйрықтары мен тыйымдарын жеткізуші) пайғамбардың жіберілуі. Жоғарыдағы аятта жазылғандай, «Расында, Алла мүміндерге өз араларынан бір пайғамбар жіберу арқылы үлкен жақсылық жасады». Алла Тағаланың бір қауымға пайғамбар жіберуі – ол қауымға жақсылық қалағанының белгісі. Себебі Ол пайғамбар бұ дүниеде де, о дүниеде де шынайы бақытқа жету жолдарын үйретеді.

Аталған аят былай жалғасады: «Пайғамбар оларға Алланың (Құрандағы һәм болмыста көрініс тапқан) аяттарын оқып түсіндіреді». Пайғамбардың негізгі міндеті – адамдарға Алла Тағаланың аяттарын жеткізу. Жаратушы Иенің асыл сөздерін есту бір бақыт, оған амал етіп екі дүниенің жақсылығына жету – екінші бақыт.

«(Ой-саналарын теріс ойлар мен қате түсініктерден, жүректерін жалған сенімдерден және өмірлерін күнә атаулыдан) арылтып тазартады» делінген аятта. Демек екінші міндеті пейілін, ниетін, жан-дүниесін «барша лас істердің негізгі бастаушысы болған» жаман ойдан тазарту. Тазарған жан-дүниеге адами қасиеттерді орнықтыру пайғамбарлардың Құран мен сүннетті үйрету міндеттері аясына тапсырылған. Пенде пайғамбарлардан осы екі қасиетті бойына сіңірсе құлшылық ету барысында қалыбында хушуғ пен хузуғды жоғары деңгейде орындып, құлшылығына рух бағыштайды. Ал қарапайым өмірде жүректегі иманын іс-әрекетімен амалға асырып, күпірлік пен екіжүзділіктен, жалпы айтқанда кемшілік атаулыдан аулақ кетуге жол ашады.

Аятта одан әрі былай делінеді: «Сондай-ақ оларға кітап пен хикметті (яғни Кітапты дұрыс түсіну әрі жүзеге асыру жолдарын, ондағы пәрмендер мен тыйымдардың хикметін һәм жаратылыс пен түрлі құбылыстардың мән-мақсатын) үйретеді». Бұл аят түсіп жатқан кезде мұсылмандардың көпшілігі оқу мен жазу білмейтін сауатсыз еді. Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) оларға Құран мен сүннетті үйреткеннен соң олар азғантай уақыттың ішінде бүкіл әлемге ұстаз болды.

Осы аяттан түсінетініміз, Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) негізгі төрт міндеті бар. Олар: Құранды оқып түсіндіру, жан-дүниесін тазарту, Құранды үйрету, сүннетті үйрету. Осы төрт міндет ішіндегі «жан-дүниені тазартуды» араб тілінде «тазкия» деп атайды. Жоғарыдағы аятта «йузаккиһим», яғни «оларды тазкия жасайды» деп қолданған.

Материалды кірден тазартуды «танзиф» деп атаса, рухани тазартуды «тазкия» дейді. Демек пайғамбарлардың негізгі міндетінің бірі рухани тазарту болған. Сондықтан Ихсан іліміне ден қою Құранда «тазкия» деп көрсетілген.

 

 

«Ихсан іліміне ден қою қашан басталды?» деген сұраққа, кейбір зерттеушілер «VIII ғасырда белең ала бастады» деген пікір айтады. Тіпті кейбіреулер басқа діннен кірген бидғат деген пікір айтқан. Алайда шындығына қарасақ, Ихсан іліміне ден қою Құран аяттары мен хадис шәріпке сүйене отырып қолға алынған болатын. Зерттеушілер Алла Тағаланың барша жерде көріп, қадағалап тұрғанын, Оның өз пенделеріне жақын екені, егер пенделер Оны еске алса, Алла Тағала да оларды еске алатыны, сонымен қатар адамдар Алла Тағалаға сүйіспененшілік танытса, Алла Тағала да ол пенделерге сүйіспеншілік танытатыны, сондай-ақ разы болатыны, сонымен қатар нәпсіге қарсы күресу арқылы бойда қалыптасатын көркем мінез арқылы Алла Тағалаға жақындай түсуге болатыны жайлы аяттар мен хадистер адамдардың Ихсан іліміне ден қоюына сеп болғанын анықтаған.

Алла Тағала «Бақара» сүресінің 115-аятында: «Шығыстың да, батыстың да иесі бір Алла. Жүздеріңді қай жаққа қаратсаңдар да, Аллаға бет бұрған боласыңдар», – деген. Сонымен қатар «Бақара» сүресінің 186-аятында: «(Уа, Мұхаммед!) Егер құлдарым сенен Мен туралы сұраса, Мен оларға өте жақынмын. Маған жалбарынып, дұға еткеннің дұғасын жауапсыз қалдырмаймын», – деген. Сондай-ақ Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) құдси хадисте Алла Тағаланың: «Егер пендем Маған бір қарыс жақындаса, Мен оған бір кез жақындаймын, ол Маған бір кез жақындаса, Мен оған қарай жүремін. Ал егер ол Маған қарай жүрсе, Мен оған жүгіремін» дегенін жеткізген.

Сонымен қатар бір хадисте Жебрейіл: «Маған Ихсан туралы баяндап берші», – дегенде Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ихсан дегеніміз – Алла көріп тұрғандай құлшылық жасауың, сен Оны көрмесең де, шын мәнінде Ол сені көріп тұр», – деп жауап қайтарды. Міне, осы аяттар Ихсан іліміне ден қоюшыны әрқашан Алла Тағаланың қарап, қадағалап тұрғанын, «Таһа» сүресінің 7-аятында: «Сөзіңді мейлі әшкере сөйле. Расында Ол сырды да, құпияны да біледі», –дегендей ойым да, бойым да, тіпті сөйлеген сөзім де Алла Тағалаға жағымды болса екен деген ниетте болуға шақырған.

Ихсан іліміне ден қоюшы «Маида» сүресінің 54-аятындағы: «Әй мүміндер! Сендерден кім дінінен шықса, Алла жедел бір қауым әкеледі. Алла оларды жақсы көреді және олар да Алланы жақсы көреді», – деген аятқа зер салып, Алла Тағалаға сүйіспеншілік танытуға баса назар аударады, амалға асырады. Осылайша сүйіспеншілік таныту ықыласпен, хушуғ пен хузуғты орнына қойып құлшылық етуге алып келіп, «Байина» сүресінің 5-аятында: «Олар ғибадатты, нағыз Аллаға шынайы ынтамен бір беткей түрде орындауы, намаз оқуы, зекет беруі үшін әмір етілген. Міне, осы тұп-тура дін», – деген аятты негізге алып, діннен болған негізгі мақсат шынайылық деп біледі. 

Еліміздегі барша мұсылмандар Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасына, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Ихсан ілімі бастамасына ден қою арқылы қолдау көрсете бермек. Алла Тағала келбетімізді қалай көркем еткен болса, жан-дүниемізді де сондай көркем еткей!

 

Әділхан ИМАНӘЛІҰЛЫ,

«Әлжан ана» мешітінің бас имамы

Нұр-Сұлтан қаласы

ДЕРЕККӨЗІ muftyat.kz

ҚМДБ ресми сайты

Предыдущий Следующий
Жақсы сөз – жан азығы ЙОГАМЕН ШҰҒЫЛДАНҒАН ДҰРЫС ПА?

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Ихсан ілімі Ихсан қақпасы
Ихсан. Ихсансыз пенденің көңілі нұқсан. Қазақта «ихсан» сөзі тікелей қолданбаса да «қайырихсан», «ихсансадақа» деп қолданылған ұғымдар баршылық. Осы екі ұғымның өзінде ихсанның бар екені көрініп тұр. Яғни ихсанның түп-тамыры – жақсылық. Қайыр іс те – садақа да ихсанның белгілері. Алланың разылығына,...
Ихсан ілімі «Ихсан» кітабы – насихат жұмысына қажетті құнды құрал
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми қабылдауында болған кезде елімізде мұсылман қауымына халқымыздың жүрегіне жақын ихсан ілімін кеңінен насихаттау туралы бастама көтеріп, игі жобаларымен бөліскен еді....
Ихсан ілімі Серікхан АХМАДИЕВ: Ихсан ілімінің ізгілігі
Қасиетті Құран Кәрімнің ең үлкен нығметі – ұлы Жаратушымызды адамзатқа таныстыруы. Қасиетті Құран Кәрімде Алла Тағала Өзін ұлықтағандай дәрежеде ешкім Оны ұлықтауға шамасы жетпейді....
Ихсан ілімі Кәміл адамның сипаты қандай?
Барша әлем белгілі бір себеппен жаратылғаны мәлім. Адамзат сол әлемнің бір бөлшегі, демек оның да бұ дүниеге келуінде бір себеп бар. Алла Тағала қасиетті Құран кітабында «Ізгі іс жүзінде қайсыларың жақсы екенін сынау үшін өлім мен тіршілікті жаратқан» дей келе, адамның бұл дүниеге сынақтан өту үшін ...
Ихсан ілімі Кемел адам концепциясы һәм толық иман
2020 жылдың 10 қарашасында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын қабылдаған болатын. Бас мүфти Мемлекет басшысына Діни басқарма алдағы уақытта «Ихсан» ілімін, Абайдың кемел адам концепциясын кеңінен дәріптеп, насихаттау ж...
Ихсан ілімі Төрәлі ҚЫДЫР: Діл кетсе, мұсылманшылық жоғалады
Дін деген не, діл деген не? Не үшін қазақ мәдениетінде дінмен бірге діл ұғымы қатар аталады? Жалпы исламдық таным мен түркілік рух қалай тұтастанды? Олар ортағасырлық шығармаларда қалай көрініс тапты. Осы және басқа да сауалдар төңірегінде М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Ежелгі дәуір ә...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
25 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 18:14

Бамдатқа дейін 04:43

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi